Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы
2013 жылғы 20 қараша №904 Астана қаласы
«Автомобиль көлігімен тасымалдау процессінде
қауіпсіздікті қамтамасыз ету» кәсіби стандартын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:
-
Қоса беріліп отырған «Автомобиль көлігімен тасымалдау процесінде қауіпсіздікті қамтамасыз ету» кәсіби стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;
3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» Шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік мекемесінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жолдауды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А.ЖҰМАҒАЛИЕВ.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрі
_____________ Т.ДҮЙСЕНОВА
2013 жылғы 26 қараша
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы № 904 бұйрығымен бекітілген
«Автомобиль көлігінде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» кәсіби стандарты
1. Жалпы бөлім
1. «Автомобиль көлігінде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Басқа санаттарға енгізілмеген басқа да кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет» кәсіптік қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:
1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;
2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;
3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде қызметкерлердің құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.
2. КС негізгі пайдаланушылары:
1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;
2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;
3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;
4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.
3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.
4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;
2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі мен дербестігі параметрлері бойынша жіктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы
3) еңбек мәні – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталатын зат;
4) еңбек құралдары – қызметкердің еңбек мәнін бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдары;
5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажеттi құзыреттiлiктердiң тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;
6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауга қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;
7) кәсіби қызмет саласы – ортақ интеграциялық негiзi (мiндетi, нысандары, технологиялары, соның iшiнде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттiлiктерiнiң болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметi түрлерiнiң жиынтығы;
8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;
9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;
10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;
11) лауазым –қызметтік өкілеттіктер және қызметтік міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;
12) міндет – нақты бір еңбек мәндері мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;
13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс істейтіндердің кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;
14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ)– салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ)– еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;
16) функционалдық карта – бiр немесе өзге де кәсiби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрiн орындайтын қызметкердің еңбек функциялары мен мiндеттерiнiң құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. КС паспорты мынаны анықтайды:
1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):
Экономикалық қызметтің түрін жалпы сыныптауышы (бұдан әрі - 03-2007 ҚР МС) «4.90 Басқа санаттарға енгізілмеген басқа да кәсіби, ғылыми және техникалық қызмет»
2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:
автомобиль көлігінде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;
3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.
3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары
1-параграф «Қозғалыс қауіпсіздігі инженері»
6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:
1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;
2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптауышы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – ҚР МС 01-2005): 2145 «Машина жасаушы технологтар, инженер-механиктер»;
3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: жол қозғалыс қауіпсіздігі инженері, автокөлік қауіпсіздігі инженері;
4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - субъектімен автокөлік құралдарын қауіпсіздік және апатсыз пайдалануды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды ұйымдастыру және іске асыру;
5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Қозғалыс қауіпсіздігі инженерінің еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.
4 КС бірліктерінің тізбесі
7. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасында келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
8. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасында келтірілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
9. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.
10. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.
7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі
11. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.
12. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.
«Автомобиль көлігінде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету»
кәсіби стандартына 1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері
р/с №
|
Қызмет түрінің атауы
|
Еңбек нарығының процестерін ескерумен кәсіптің атауы
|
ҚР 01-2005 МС сәйкес кәсіп атауы
|
СБШ біліктілік деңгейі
|
БТБА бойынша разряды
|
|
Автокөлік құралдарын қауіпсіз және авариясыз пайдалануды қамтамасыз ету
|
Қозғалыс қауіпсіздігі инженері
|
Қозғалыс қауіпсіздігі инженері
|
5
|
-
|
Ескертпе: БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы.
«Автомобиль көлігінде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету»
кәсіби стандартына 2-қосымша
1-кесте
Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Қозғалыс қауіпсіздігі инженерінің еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар
Кәсібі бойынша болуы мүмкін жұмыс орындары ( ұйымдар)
|
Жолаушылар және жүктерді тасымалдау бойынша автокөлік ұйымдары
|
Зиянды және қауіпті еңбек жағдайы
|
-
|
Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары
|
-
|
СБШ біліктілік деңгейі
|
Кәсіби білім алу және оқыту деңгейі
|
Талап етілетін жұмыс тәжірибесі
|
5
(Қозғалыс қауіпсіздігі инженері)
|
Тиісті мамандығы бойынша техникалық білімі (орта арнайы немесе орта кәсіби) және практикалық жұмыс тәжірибесі
|
І санатты қозғалыс қауіпсіздігі технигі лауазымында жұмыс өтілі кемінде 3 жыл
|
Тиісті мамандығы бойынша техникалық білімі (жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
|
Жұмыс тәжірибесіз
|
5
(II санатты қозғалыс қауіпсіздігі инженері)
|
Тиісті мамандығы бойынша техникалық білімі (жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі)
|
Санатсыз қозғалыс қауіпсіздігі инженері лауазымында жұмыс өтілі кемiнде 3 жыл
|
5
(I санатты қозғалыс қауіпсіздігі инженері)
|
Тиісті мамандығы бойынша техникалық білімі (жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) және практикалық жұмыс тәжірибесі
|
II санатты қозғалыс қауіпсіздігі инженері лауазымында жұмыс өтілі кемiнде 2 жыл
|
«Автомобиль көлігінде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету»
кәсіби стандартына 3-қосымша
КС бірліктерінің тізімі
1-кесте
«Қозғалыс қауіпсіздігі инженері» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі
Шифрі
|
Еңбек функцияларының атауы
|
Ф 1
|
Ұйымның барлық қызметкерлерінің «Автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережесін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2008 жылғы 28 ақпандағы №203 қаулысымен бекітілген автокөлік құралдарын техникалық пайдалану ережелерін, «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген Жол қозғалысы ережелерін және жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша басқа да басқарушы құжаттардың орындалуына жүйелі бақылауды жүзеге асыру
|
Ф 2
|
Жүргізушілердің рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қараудан өтуін, медициналық қайта куәландырудың белгіленген мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру
|
Ф 3
|
Автокөлік ұйымында жол-көліктік оқиғаларын жою үшін алдын алу жұмыстарын ұйымдастыру
|
Ф 4
|
Біліктілік классын беру және төмендету бойынша ұйымның аттестациялық коммисия жұмысына қатысу
|
Ф 5
|
Қызметті автокөлік құралдарын пайдалануымен байланысты жүргізушілер мен басқа жұмысшылардың кәсіби шеберлігін арттыру бойынша шараларды ұйымдастыру
|
Ф 6
|
Жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етуімен байланысты мәселелер бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полиция комитетінің аумақтық органдарымен қарым-қатынас
|
Ф 7
|
Автокөлік құралдарын жолға шығару кезінде және олардың гаражға қайту кезіндегі бақылау посттарының жұмыс сапасын тексеру
|
Ф 8
|
Жол қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша бар бұйрықтарды және үкімдерді қайта қарау немесе күшін жою, жаңасын әзірлеу
|
Ф 9
|
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көліктік оқиғаларды ескертуге қатысты ұйымның барлық қызметтері мен бөлімшелерінің жұмысын тексеру және ұйымның басшылығына анықталған бұзушылықтар мен кемшіліктерді жоюға нақты шараларды қолдану үшін ұсыныстар беру
|
Ескертпе: Ф – функция.
«Автомобиль көлігінде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» кәсіби стандартына 4-қосымша
КС бірліктерінің сипаты
1-кесте
«Қозғалыс қауіпсіздігі инженері» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі
Шифрі
|
Еңбек заттары
|
Еңбек құралдары
|
Міндеттер
|
Шеберлігі және дағдылары
|
Білімі
|
Ф 1
|
Ұйымның жарамды автокөлік құралдарын және өндірістік қызметке білікті персоналды жіберуді ұйымдастыру
|
Маршруттық парақтар, техникалық құжаттама, қозғалыс қауіпсіздігі бойынша есептілік, жолға шығатын автокөлік құралдарының техникалық күйі бойынша есептілік
|
М 1-1 Жүргізушілердің тәртіпті сақтауын және олардың жолдағы жұмыс сапасын бақылау
|
Персонал жұмысының тәртібі мен сапасын бақылау бойынша дағдылары
|
Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген жол қозғалысы ережелерін, Автокөлік құралдарының қауіпсіздігіне қойылатын талаптар» техникалық регламентін, еңбекті қорғау нормаларын, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғанысты білу
|
М 1-2 Тасымал түрлеріне және жүргізушілердің біліктілігіне сәйкес келетін жолға шығарылатын автокөлік құралдарының тиісті техникалық күйін бақылау
|
Автокөлік құралдарының техникалық күйін бақылау бойынша, нақты тасымал түрі үшін автокөлік құралдарының түрін рационалды таңдау бойынша дағдылары
|
Автокөлік құралдарының құрылысын, қызметін және конструктивтік ерекшеліктерін білу, автокөлік құралдарының техникалық пайдалануын білу
|
М 1-3 Басқару құқығы жүргізуші куәлігіне сәйкес қана берілген көлік құралдарын басқаруға жүргізушілерді жіберуді бақылау
|
Нормативтік құқықтық құжаттамаға сәйкес ұйым персоналына автокөлік құралдары мен жабдыққа кіруіне рұқсат беруді ұйымдастыру дағдылары
|
Еңбек заңнамасының негіздерін, автомобиль көлігі саласындағы салалық және ұлттық стандарттарды білу
|
М 1-4 Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша есепке алуды және белгіленген есеп беруді жүргізу
|
Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша құжаттаманы жүргізу дағдылары
|
Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша есепке алу мен есептілікті жүргізу тәртібін, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын білу
|
Ф 2
|
Жауапты жұмысты атқаратын персонал денсаулығының жағдайы
|
Ұйымның жүргізушілерін медициналық қарау және медициналық қайта куәландыру өткізуіне есеп беру
|
М 2-1 Жүргізушілердің рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексерістен өтуін бақылау
|
Жүргізушілердің рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық тексерудің өткізуі мен нәтижелері туралы есеп беруді өңдеу және талдау дағдылары
|
Жүргізушілердің рейс алдындағы және рейстен кейінгі медициналық қаралудан өткізу әдістемесін, еңбекті қорғау нормаларын, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғанысты білу
|
М 2-2 Медициналық қайта куәландырудың өткізу кезеңділігін бақылау
|
Ұйым персоналының медициналық қайта куәландыру өткізуінің есеп беруін өңдеу және талдау дағдылары
|
Ұйым персоналын медициналық қайта куәландыру саласындағы нормативтік құқықтық құжаттаманы, оны өткізу кезеңділігін білу
|
Ф 3
|
Тасымалдау процесін орындау барысында жол-көліктік оқиғалардың алдын алу
|
Маршруттық парақтар, жол-көліктік оқиғалар және бойынша есептілік «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген жол қозғалысы ережелерінің бұзылуы бойынша есептілік
|
М 3-1 Жол-көліктік оқиғаларды және жүргізушілердің «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын есепке алуды жүргізу
|
Жол-көлік оқиғаларын есепке алу нысандарын жүргізу дағдылары
|
Нормативтік-құқықтық құжаттаманы, жол-көлік оқиғаларын тіркеу және есепке алудың бекітілген тәртібін білу
|
М 3-2 Жол-көлік оқиғаларының пайда болу жағдайы мен себептерін талдау, жол-көлік оқиғаларының пайда болу себебін жою бойынша нақты шараларды талдау негізінде әзірлеу
|
Жол-көлік оқиғаларының себептері мен жағдайларын талдау, оларды жою бойынша шараларды талдау мен әзірлеу дағдылары
|
Жол-көлік оқиғалардың пайда болу себептердің алдын алу және жою тәсілдерін білу
|
Ұйымның автокөлік құралдары паркінің авариялық күйі туралы есептілік
|
М 3-3 Жүргізушілер құрамын авариялық күй туралы жүйелі түрде хабарлау
|
Персоналды автокөлік құралдарының техникалық жай-күйі туралы уақытында хабарлануын ұйымдастыру дағдылары
|
Автокөлік құралдарын дұрыстығына әсер ететін көрсеткіштерді және нормативтік техникалық құжаттамаға сәйкес олардың нормативтік мәндерін білу
|
Көрнекілік құралдар, есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары
|
М 3-4 Жол-көлік оқиғаларының пайда болу себептерін жою жөніндегі шараларды іске асыруды ұйымдастыру
|
Жол-көлік оқиғаларының пайда болу себептерін жою бойынша шараларды ұйымдастыру дағдылары
|
Жол-көлік оқиғаларын пайда болу себептерін жою бойынша қолданыстағы шараларды және ұйымда оларды өткізу әдістемесін білу
|
Ф 4
|
Қызметі автокөлік құралдарын пайдалануға байланысты жүргізушілердің және басқа да қызметкерлердің біліктілік деңгейі
|
Жүргізушілердің тағылымдамадан өту бойынша есеп беру, тағылымдама процесін қадағалау
|
М 4-1 Жұмысқа қайта қабылданған жүргізушілердің және жүргізушілердің басқа маркілі автокөлік құралдарына ауысуына байланысты тағылымдама процесін тексеруді жүргізу
|
Ұйымда белгіленген жүргізушілерді тағылымдамадан өткізу тәртібінің сақталуын бақылау дағдылары
|
Жаңадан жұмысқа алынған және басқа маркалы автокөлік құралдарына өтуіне байланысты жүргізушілерді ұйымда белгіленген тағылымдамадан өткізу тәртібін ұйымдастыру процесін білу
|
Персоналды бағалау бойынша әдістемелік материалдар және білімдерін тексеру құралдары
|
М 4-2 Жол қозғалыс қауіпсіздігі бойынша білімін тексеруді жүргізу
|
Персонал білімін тексеруді ұйымдастыру және өткізу бойынша дағдылары
|
Персонал білімін бағалаудың қолданыстағы тиімді әдістемесін білу
|
Ф 5
|
Қызметі автокөлік құралдарын пайдалануға байланысты жүргізушілердің және басқа да қызметкерлердің кәсіби шеберлігі
|
Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша әдістемелік материалдар және көрнекілік құралдар, есептеу техникасы
|
М 5-1 Қозғалыс қауіпсіздігінің кабинетін қажетті әдістемелік материалдармен және көрнекілік құралдармен қамтамасыз ету
|
Қозғалыс қауіпсіздігі кабинетін жабдықтау үшін қажетті әдістемелік материалдар мен көрнекі құралдарын таңдау дағдылары
|
Қозғалыс қауіпсіздігі бойынша ақпаратты жариялау және насихаттау әдістері мен түрлерін білу
|
Көрнекілік құралдар, материалдарды көрсетудің мультимедиялық құралдары
|
М 5-2 Әңгімелесулер, сөйлесулер, дәрістер, баяндамалар жүргізуді ұйымдастыру және ұйым жүргізушілерінің, бригадаларының, топтарының (жасақтарының) авариясыз жұмысы тәжірибесін тарату
|
Дәрістерді, сабақтарды, әңгімелесулерді ұйымдастыру және жүргізу дағдылары
|
Жүргізушілердің авариясыз жұмысының оңды тәжірибесін жариялау әдістері мен түрлерін білу
|
Жүргізушілердің нұсқаулықтан өтуі туралы есептілік
|
М 5-3 Жол және климаттық жағдайларды ескере отырып көлік құралдарын пайдалану ерекшеліктері туралы жүргізушілерге нұсқаулық өткізуін ұйымдастыруды бақылау
|
Ұйымда нұсқау беруді жүргізу және олардың мерзімділігін сақтауды бақылау дағдылары
|
Ұйымда нұсқау беруді жүргізу әдістері мен түрлерін, еңбек заңнамасының негіздерін білу
|
|
Ұйымда уәкілетті мемлекеттік органдармен қарым-қатынас кезіндегі жол қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру
|
Ұйым жүргізушілерінің «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген жол қозғалысы ережелерін жіберген бұзушылықтары туралы әкімшілік материалдар
|
М 6-1 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Жол полициясы комитетіндегі ұйым жүргізушілерінің жіберген бұзушылықтары туралы әкімшілік материалдарды қарау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу
|
Мемлекеттік органдармен бірге комиссия жұмысына қатысу дағдылары
|
Қазақстан Республикасының әкімшілік және қылмыстық заңнамаларының негіздерін білу
|
Ұйымның автокөлік паркінің сапалық және сандық құрамы туралы есеп беру, автокөлік құралдарының мемлекеттік есебін регламенттейтін нормативтік-құқықтық құжаттама
|
М 6-2 Ұйымның автокөлік құралдарын есепке қою және есептен алу мәселесі бойынша Жол полиция комитетімен қарым-қатынас
|
Ұйым автокөлік құралдарын белгіленген тәртіпте мемлекеттік есепке тіркеу және есептен шығару бойынша жұмысты ұйымдастыру дағдылары
|
Автокөлік құралдарының мемлекеттік есепке алынуын регламенттейтін нормативтік құқықтық құжаттаманы білу
|
Ұйымның қызметімен байланысты жол-көлік оқиғалары бойынша есеп беру және Жол полиция комитетінің ресми деректері
|
М 6-3 Жол полиция комитетінің деректерімен ұйымның автокөлік құралдары қатысқан жол-қөлік оқиға деректерін жүйелі түрде салыстыруды жүзеге асыру
|
Ұйым жұмысы бойынша деректерді мемлекеттік органдар ұсынатын ресми деректермен салыстыру дағдылары
|
Ұйым автокөлік құралдарының қатысуымен жол-көліктік оқиғалар туралы деректерді
Жол полициясы комитетінің ресми деректерімен салыстыру әдістемесін, нысандарын және тәсілдерін білу
|
Жол көлік оқиғаларын зерттеу бойынша әдістемелік құжаттама, жол-көлік оқиғалары туралы ресми ақпарат, есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары
|
М 6-4 Ұйымның автокөлік құралымен болған жол-көліктік оқиғаларды, апат болған жерге бару арқылы қызметтік зерттеу жүргізуге қатысу
|
Жол-көлік оқиғаларының пайда болу орындарына барумен қызметтік тергеуді өткізу дағдылары
|
Жол-көлік оқиғаларын тергеу жұмыстарына байланысты әдістемелік және нормативтік құқықтық құжаттаманы білу
|
Жол-көліктік оқиғалары туралы ресми ақпараттар және олардың себептерін зерттеу қорытындылары, коммуникация және байланыс құралдары
|
М 6-5 Ұйым ұжымында жол-көлік оқиғаларды және жүргізушілердің «Қазақстан Республикасы Жол қозғалысының ережелерiн, Көлiк құралдарын пайдалануға жiберу жөнiндегi негiзгi ережелер мен жол қозғалысының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету бойынша лауазымды адамдар мен жол қозғалысына қатысушылардың мiндеттерiн және Арнайы түстiк-графикалық схемалар бойынша арнайы түстiк және дыбыстық белгiлермен жабдықталуға және боялуға жататын жедел және арнайы қызметтердiң, көлiктiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 25 қарашадағы № 1650 қаулысымен бекітілген жол қозғалысы ережелерінің бұзушылықтарын талдауды ұйымдастыруға қатысу
|
Ұйым ұжымында жол-көлік оқиғаларын талдауды ұйымдастыру дағдылары
|
Ұйым ұжымында жол-көліктік оқиғаларды талдауының әдістемесін, нысандарын және тәсілдерін білу
|
Ф 7
|
Жолға автокөлік құралдарын шығару бойынша бақылау посттарның жұмыс процесі
|
Жолға автокөлік құралдарын шығару бойынша бақылау посттарының жұмысы туралы есептілік, бақылау посттарының жұмысын қадағалау
|
М 7-1 Жолға автокөлік құралдарын шығару бойынша бақылау посттарының сапасыз жұмысы себебін анықтау
|
Автокөлік құралын жолға шығару бойынша бақылау посттарының сапасыз жұмысын және сапасыз жұмысының себептерін анықтау дағдылары
|
Бақылау посттарының жұмыс тәртібін және жолға автокөлік құралдарын шығару принциптерін, еңбекті қорғау нормаларын, қауіпсіздік техникасын, өндірістік санитария және өртке қарсы қорғанысты жетік білу
|
Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары
|
М 7-2 Жолға автокөлік құралдарын шығару бойынша бақылау посттарының сапасыз жұмысын жою бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру
|
Бақылау посттарының сапасыз жұмысын жою бойынша шараларды дайындау дағдылары
|
Экономика негіздерін, өндіріс пен еңбек ұйымдастырылуын, қолданыстағы технологиялар мен жабдықтарды жаңғырту түрлері мен тәсілдерін білу
|
Ф 8
|
Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұйымдағы бұйрықтар мен үкімдер
|
Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласындағы нормативтік-құқықтық құжаттама
|
М 8-1 Жол қозғалыс қауіпсіздігі мәселесі бойынша ұйымдағы қазіргі бұйрықтар мен үкімдерді әзірлеу мен өзектендіру
|
Ұйымда әрекет ететін қозғалыс қауіпсіздігі мәселелері бойынша бұйрықтар мен нұсқауларды әзірлеу және өзектендіру дағдылары
|
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және ұйымның ішкі құжаттарын әзірлеу бойынша жоғары тұрған ұйымдардың қаулыларын, өкімдерін, бұйрықтарын, нормативтік құжаттарын және білу
|
М 8-2 Ұйым басшылығына ж қозғалыс қауіпсіздігі мәселесі бойынша қазіргі бұйрықтар мен үкімдерді қайта қарау немесе жою, жаңаларды қабылдау туралы ұсыныстар беру
|
Ұйымның ішкі құжаттарын ресімдеу, ұсыну және қолданысқа енгізуін бақылау дағдылары
|
Іс жүргізу негіздерін білу
|
Ф 9
|
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға қатысты бөлігінде ұйымдардың бөлімшелері мен қызметтерінің жұмысы
|
Ұйым бөлімшелері мен қызметтерінің жұмысы туралы есеп, қадағалау, коммуникация және байланыс құралдары
|
М 9-1 Қозғалыс қауіп-сіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғала-рының алдын алуға қатысты бөлігінде ұйымдардың бөлімше-лері мен қызметтері жұмысының жетіспеу-шіліктерін анықтау
|
Ұйым қызметтері мен бөлімшелерінің жұмысын жүйелі түрде бақылауды ұйымдастыру бақылау дағдылары
|
Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғалардың алдын алу бөлігінде ұйым қызметтері мен бөлімшелерінің жұмыс процесін жетік білу
|
Есептеу техникасы, коммуникация және байланыс құралдары
|
М 9-2 Қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол-көлік оқиғаларының алдын алуға қатысты бөлігінде ұйымдардың бөлімше-лері мен қызметтері жұмысының жетіспеу-шіліктерін жою бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру
|
Ұйым бөлімшелері мен қызметтері жұмысын жетілдіру бойынша шараларды әзірлеу және іске асыру дағдылары
|
Ұйым бөлімшелері мен қызметтері жұмысын жаңғырту және жетілдіру бойынша шараларды әзірлеу және енгізудің әдістемесін, тәсілдері мен түрлерін білу
|
Ескертпе: М – міндет.
«Автомобиль көлігінде тасымалдау процесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету» кәсіби стандартына 5-қосымша
Келісу парағы
Ұйым атауы
|
Келісу күні
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
|
|
Осы КС ___________________________________________________ тіркелді.
Кәсіптік стандарттардың реестріне №__________________________тіркелді.
Хат (хаттама) № ___________ Күні__________________
Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 19 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8967 болып енгізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |