Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы 2013 жылғы 20 қараша №912 Астана қаласы



Дата17.07.2016
өлшемі206.27 Kb.
#206082





Қазақстан Республикасы

Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығы
2013 жылғы 20 қараша №912 Астана қаласы
«Жердегі қызмет көрсету» кәсіби стандартын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 138-5-бабының 3-тармағына сәйкес бұйырамын:

1. Қоса беріліп отырған «Жердегі қызмет көрсету» кәсіптік стандарты бекітілсін.

2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Кадр және әкімшілік жұмыс департаменті (Е.Е. Хасенов):

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, бұқаралық ақпараттар құралдарында ресми жариялануын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының интранет-порталында орналастыруды;

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы «Әділет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға көшірмесін жіберуді;

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік тіркеу туралы және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауға жіберу туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.



Министр А.ЖҰМАҒАЛИЕВ.

«КЕЛІСІЛДІ»

Қазақстан Республикасының

Еңбек және халықты

әлеуметтік қорғау министрінің

міндетін атқарушы

_____________ Қ. ӘБСАТТАРОВ

2013 жылғы 4 қараша

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 20 қарашадағы №912 бұйрығымен бекітілген


«Жерде қызмет көрсету» кәсіби стандарты
1. Жалпы бөлім
1. «Жерде қызмет көрсету» кәсіби стандарты (бұдан әрі – КС) «Жерде қызмет көрсету» кәсіби қызмет саласындағы біліктілік деңгейіне, құзыретіне, мазмұнына, сапасына және еңбек жағдайларына қойылатын талаптарды анықтайды және:

1) еңбек саласы мен кәсіби білім беру саласының өзара қарым-қатынасын реттеуге;

2) даярлау, біліктілікті арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламаларын әзірлеу талаптарын регламенттеуге;

3) персоналды аттестаттау және сертификаттау кезінде жұмысшылардың құзыреттерін бағалау талаптарын регламенттеуге арналған.

2. КС негізгі пайдаланушылары:

1) білім беру ұйымдарының түлектері, қызметкерлер;

2) ұйымдардың басшылары, ұйымдардың персоналын басқару бөлімшелерінің басшылары мен мамандары;

3) білім берудің мемлекеттік бағдарламаларын әзірлейтін мамандар;

4) мамандардың кәсіби даярлығын бағалау және біліктілігіне сәйкестігін растау саласындағы мамандар болып табылады.

3. КС негізінде біліктілік сипаттамалары, лауазымдық нұсқаулықтар, ұйымдардың үлгілік оқыту бағдарламалары, үлгілік оқыту жоспарлары, ұжымдық стандарттар әзірленеді.

4. Осы КС мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:

1) біліктілік – қызметкердің еңбек қызметінің белгілі бір түрі шеңберінде нақты функцияларды сапалы орындауға дайындығы;

2) біліктілік деңгейі – күрделілігі, еңбек қызметтерінің стандартты еместігі, жауапкершілігі және дербестілігі параметрлері бойынша жүктелетін қызметкерлердің құзыретіне қойылатын талаптар жиынтығы;

3) еңбек заттары – белгілі бір еңбек құралдарының көмегімен өнім жасау мақсатында қызметкердің іс-қимылы бағытталған зат;

4) еңбек құралдары – жұмысшының еңбек заттарын бастапқы күйден өнімге айналдыру үшін пайдаланатын құралдар;

5) еңбек қызметінің түрі – еңбек функциялары мен оларды орындауға қажетті құзыреттіктердің тұтас жиынымен құралған кәсіби қызмет саласының құрамдас бөлігі;

6) еңбек функциясы – бизнес-үдеріспен анықталатын және оларды орындауға қажетті құзыреттердің болуын болжамайтын еңбек қызметінің біріктірілген және дербес жиынтығын көрсететін еңбек қызметі түрлерінің бір бөлігі;

7) кәсіби қызмет саласы – жалпы интеграциялық негізі (міндеті, нысандары, технологиялары, соның ішінде еңбек құралдары ұқсас немесе жақын) бар және ұқсас еңбек функциялары мен оларды орындайтын құзыреттіліктерінің болжалды жиынынан тұратын саланың еңбек қызметі түрлерінің жиынтығы;

8) кәсіби стандарттың бірлігі – осы қызмет түрі үшін тұтас, аяқталған, қатысымды дербес және маңызды болып табылатын нақты еңбек функциясының ашық сипаттамасы тұратын кәсіби стандарттың құрылымдық элементі;

9) кәсіп – арнайы дайындықтың, жұмыс тәжірибесінің нәтижесінде пайда болған арнайы теориялық білім мен практикалық дағдылар кешенін білуді талап ететін еңбек қызметінің түрі;

10) құзыреттілік – еңбек қызметінде білімін, білігі және тәжірибесін қолдану қабілеті;

11) лауазым – лауазымдық уәкілеттіктер және лауазымдық міндеттер шеңберін жүктейтін жұмыс берушінің құрылымдық бірлігі;

12) міндет – нақты бір еңбек заттары мен құралдарын пайдалана отырып еңбек функциясын іске асырумен және нәтижеге қол жеткізумен байланысты іс-қимыл жиынтығы;

13) сала – өндіретін өнім, өндіріс технологиясы, негізгі қорлар мен жұмыс жасаушылардың кәсіби біліктері ортақ ұйымдар жиынтығы;

14) салалық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - СБШ) – салада танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

15) ұлттық біліктілік шеңбері (бұдан әрі - ҰБШ) – еңбек нарығында танылатын біліктілік деңгейлерінің құрылымдық сипаттамасы;

16) функционалдық карта – сол немесе өзге де кәсіби қызмет саласы шеңберінде белгілі бір қызмет түрін орындайтын жұмысшының еңбек функциялары мен міндеттерінің құрылымдық сипаттамасы.
2. КС паспорты
5. КС паспорты мынаны анықтайды:

1) экономикалық қызмет түрі (кәсіптік қызмет саласы):

Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуші (бұдан әрі – 03-2007 ҚР МЖ) «52.23 Әуе көлігі саласындағы қызметтер»;

2) экономикалық қызмет түрінің (кәсіптік қызмет саласының) негізгі мақсаты:

әуе көлігімен тасымалдауға жататын қызметті қамтамасыз ету, әуеайлақтарда жерүсті қызмет көрсетуге байланысты қызметті қамтамасыз ету;

3) осы КС 1-қосымшасына сәйкес біліктілік деңгейлері бойынша еңбек қызметінің (кәсіптің) түрлері.


3. Еңбек қызметі түрлерінің (кәсіптің) карточкалары
1-параграф «Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша маман»
6. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МЖ): 4221 «Жолаушылар әуе тасымалдауларына қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша агент»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: жолаушылар авиа тасымалдауларына қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша агент, билеттерге тапсырыстар қабылдау бойынша агент;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - жолаушыларға сервистік қызмет көрсету үрдісін жүзеге асыру;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша маманның еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 1-кестесінде келтірілген.


2-параграф «Әуе кемесіне жерде қызмет көрсету бойынша маман»
7. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 4, СБШ бойынша – 4;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МЖ): 3145 «Әуеайлақ қызметінің технигі»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: әуеайлақ қызметінің технигі;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - әуе кемесіне сервистік қызмет көрсету үрдісін жүзеге асыру;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе кемесіне жерде қызмет көрсету бойынша маманның еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 2-кестесінде келтірілген.


3-параграф «Әуе кемесіне жерде қызмет көрсету бойынша ауысым бастығы»
8. Еңбек қызмет түрінің (кәсіптің) карточкасы мынадан тұрады:

1) біліктілік деңгейі: ҰБШ бойынша – 5, СБШ бойынша – 5;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыныптаушы базалық тобы бойынша (бұдан әрі – 01-2005 ҚР МЖ): 3145 «Әуеайлақ қызметінің технигі»;

3) лауазымның (кәсіптің) ықтимал атаулары: менеджер, басқарушы;

4) атқарылатын еңбек қызметінің жиынтық сипаттамасы - әуе кемесіне сервистік қызмет көрсету үрдісін жүзеге асыру;

5) ықтимал жұмыс орындары, жұмысшының кәсіптік білімі мен оқуына қойылатын талаптар, біліктілікті растайтын сертификаттардың қажеттілігі, практикалық жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар, жұмысқа рұқсат берудің ерекше талаптары осы КС 2-қосымшасының «Кәсіп бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе кемесіне жерде қызмет көрсету бойынша ауысым бастығының еңбек жағдайына, білімі және жұмыс тәжірибесіне қойылатын талаптар» деген 3-кестесінде келтірілген.


4. КС бірліктерінің тізбесі
9. КС бірліктерінің тізбесі осы КС 3-қосымшасының 1 - 3-кестелерінде келтірілген және шифр мен КС бірліктері атауларынан тұрады.
5. КС бірліктерінің сипаттамасы
10. КС бірліктерінің сипаттамасы осы КС 4-қосымшасының 1 – 3-кестелерінде келтірілген.
6. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері
11. Осы КС негізінде мамандардың кәсіптік дайындығын бағалау және біліктілік сәйкестігін растау саласындағы ұйымдармен сертификаттар беріледі.

12. Осы КС негізінде берілетін сертификаттардың түрлері сертификат алу үшін игеру қажет болатын осы КС 3-қосымшасында көзделген КС бірліктерінің тізбесіне сәйкес анықталады.


7. КС әзірлеушілері, келісу парағы, сараптамасы және тіркелуі
13. КС әзірлеушісі Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі болып табылады.

18. КС келісу парағы осы КС 5-қосымшасында келтірілген.


«Жерде қызмет көрсету» кәсіби стандартына 1-қосымша
Біліктілік деңгейлері бойынша

еңбек қызметінің (кәсібінің) түрлері


№ р/с

Қызмет түрінің атауы

Еңбек нарығының тенденцияларын ескерумен кәсіптің атауы

01-2005 ҚР МЖ сәйкес кәсіптің атауы

ҰБШ біліктілік деңгейі

БТБА бойынша разряды

1.

ӘК жерде қызмет көрсету

Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша маман

4221 Жолаушыларды әуе тасымалдауға қызмет көрсетуді ұйымдастыру бойынша агент;

4221 Билеттерге тапсырыстарды қабылдау бойынша агент;



4

-

2.

ӘК жерде қызмет көрсету бойынша маман

3145 Әуеайлақ қызметінің технигі

4

-

3.

ӘК жерде қызмет көрсету бойынша ауысым бастығы

1226 Менеджер (басқарушы) (көлікте, байланыста, материалдық-техникалық жабдықтауда және өткізуде)

1226 Ауысым бастығы (көлікте және байланыста).



5

-

Ескертпе: БТБА – жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;

ӘК – әуе кемесі.


«Жерде қызмет көрсету» кәсіби стандартына 2-қосымша
1-кесте
1. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша маманның еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар


Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Авиациялық сала ұйымдары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Ауа райы жағдайлары (экстремалдық суық және ыстық, қатты жел, жаңбыр, қар және мұз);

Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

жасы – 18 жастан үлкен;

қолданыстағы медициналық қорытындының болуы



СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Техникалық және кәсіби білім

Авиациядағы жұмыс өтілі 3 айдан кем емес

2-кесте
2. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе кемесіне қызмет көрсету бойынша маманның еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар

Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Авиациялық сала ұйымдары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Авиациялық қозғалтқыштардың шектік-рұқсат етілетін деңгейлерден асатын шуылдар;

Ауа райы жағдайлары (қоршаған орта температурасының экстремалдық төмен және жоғары температураларын, желді, жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашынды, ӘК үстінің және әуеайлақтың мұздануын қоса алғанда, суық және ыстық);

Жер үстіндегі радиолокациялық жабдықта және ұшақтық борттық жабдықта орнатылған АЖЖ сәулелендіру көздерінен қуаттанатын электромагнитті өрістің жоғары деңгейі жағдайларында жұмыс істеу;

208 Вольт кернеудегі, 400 Гц жиіліктегі ауыспалы тоқтың жердегі және ұшақтық борттық көздерімен, желілерімен және тұтынушылармен жұмыс істеу;

ӘК дер кезінде шығару туралы шұғыл шешім қабылдау жағдайларындағы еңбек процесіндегі қарбаластық;

Жоғары орналасқан платформаларда жұмыс істеу (басқыштар, сатылар).



Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Жасы – 18-ден жоғары.

Қолданыстағы медициналық қорытындының болуы.

Бекітілген бағдарлама бойынша дайындықтан өту.

ӘК сервистік қызмет көрсетуді орындау үшін:

Міндеттерді оқу және оларды орындау технологиялары;

Практикалық оқу нәтижелері бойынша құжаттамамен расталған міндеттерді орындау машықтарының болуы.

Пилоттармен тиісті түрде байланыс жүргізу тәртібінде базалық ағылшын тілін білуі.

1-ескертпе. Орындауға рұқсат етілген міндеттердің саны жеке таңдалады және орындаушының жұмыс тәжірибесіне әрі оның жеке сапаларына байланысты болады.

2-ескертпе. Мұзданудан тазалау / ӘК сыртын мұзданудан өңдеуге бақылау жасау / ӘК сыртын мұзданудан қорғау бойынша («Шеберлігі және дағдыларының» 16, 17, 18 - тт. қараңыз) міндеттерді орындау барысында – мамандандырылған курстан өтуі және тиісті дербес сертификаты болуы.

3-ескертпе. Сервистік жұмыстар ӘК пайдалануға жіберуге сертификат беруді талап тепейді.

4-есткертпе. Сервистік жұмыстарды орындау бойынша «Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бойынша санатсыз маманның (механик)» функциялары жер үсті персоналына («Әуе кемесіне жерде қызмет көрсету бойынша агент») және /немесе ӘК пайдаланушысының (операторының) шешімі бойынша ұшу экипажының мүшелеріне (пилот), аталмыш қызметкерлер санатсыз механиктерге қойылатын талаптарға сай болған жағдайда, жүктеледі. ӘК пайдаланушысының (операторының) ӘК сервистік жұмыстар орындаудағы шешімі маманға жеке берілген рұқсатпен расталуы тиіс


СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

4

Техникалық және кәсіби білім

Авиациядағы жұмыс өтілі 3 айдан кем емес

3-кесте
3. Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары. Әуе кемесіне жерүсті қызмет көрсету бойынша ауысым бастығының еңбек жағдайларына, біліміне және тәжірибесіне қойылатын талаптар




Кәсібі бойынша ықтимал жұмыс орындары (ұйымдар)

Авиациялық сала кәсіпорындары

Зиянды және қауіпті еңбек жағдайлары

Қосылып тұрған авиақозғалтқыштардың шектік рұқсат етілген деңгейлерден асатын шуылдары;

Ауа райы жағдайлары (қоршаған орта температурасының экстремалдық төмен және жоғары температураларын, желді, жаңбыр және қар түріндегі жауын-шашынды, ӘК үстінің және әуеайлақтың мұздануын қоса алғанда, суық және ыстық);

Жер үстіндегі радиолокациялық жабдықта және ұшақтық борттық жабдықта орнатылған АЖЖ сәулелендіру көздерінен қуаттанатын электромагнитті өрістің жоғары деңгейі жағдайларында жұмыс істеу;

208 Вольт кернеудегі, 400 Гц жиіліктегі ауыспалы тоқтың жердегі және ұшақтық борттық көздерімен, желілерімен және тұтынушылармен жұмыс істеу;

ӘК дер кезінде шығару туралы мәселені жедел шешу жағдайларындағы еңбек процесінің қарбаластығы;

Жоғары орналасқан платформаларда жұмыс істеу (сатылар, басқыштар).



Жұмысқа рұқсат берудің ерекше жағдайлары

Жасы 18-ден жоғары;

Қолданыстағы медициналық қорытындының болуы;

Бекітілген бағдарлама бойынша дайындықтан өтуі;

ӘК сервистік қызмет көрсетуді орындау үшін:

Міндеттерді оқу және оларды орындау технологиялары;

Практикалық оқу нәтижелері бойынша құжаттамамен расталған міндеттерді орындау машықтарының болуы.

Пилоттармен тиісті түрде байланыс жүргізу тәртібінде базалық ағылшын тілін білуі.

1-ескертпе. Орындауға рұқсат етілген міндеттердің саны жеке таңдалады және орындаушының жұмыс тәжірибесіне әрі оның жеке сапаларына байланысты болады.

2-ескертпе. Мұзданудан тазалау / ӘК сыртын мұзданудан өңдеуге бақылау жасау / ӘК сыртын мұзданудан қорғау бойынша («Шеберлігі және дағдыларының» 16, 17, 18 - тт. қараңыз) міндеттерді орындау барысында – мамандандырылған курстан өтуі және тиісті дербес сертификаты болуы.

3-ескертпе. Сервистік жұмыстар ӘК пайдалануға жіберуге сертификат беруді талап тепейді.

4-ескертпе. Сервистік жұмыстарды орындау бойынша «Әуе кемесіне техникалық қызмет көрсету бойынша санатсыз маманның (механик)» функциялары жер үсті персоналына («Әуе кемесіне жерде қызмет көрсету бойынша агент») және /немесе ӘК пайдаланушысының (операторының) шешімі бойынша ұшу экипажының мүшелеріне (пилот), аталмыш қызметкерлер санатсыз механиктерге қойылатын талаптарға сай болған жағдайда, жүктеледі. ӘК пайдаланушысының (операторының) ӘК сервистік жұмыстар орындаудағы шешімі маманға жеке берілген рұқсатпен расталуы тиіс.


СБШ біліктілік деңгейі

Кәсіби білім алу және оқыту деңгейі

Талап етілетін жұмыс тәжірибесі

5

Техникалық және кәсіби білім

ҰБШ 4-деңгейінде (әуе акемесіне жерде қызмет көрсету бойынша маман) кемінде 3 жыл жұмыс өтілі

«Жерде қызмет көрсету» кәсіби стандартына 3-қосымша



КС бірліктерінің тізімі

1-кесте


1. «Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша маман» еңбек қызметінің (кәсіптің) түрі


Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

Ф 1

Сервис ұсыну

2-кесте
2. «Әуе кемесіне жерүсті қызмет көрсету бойынша маман» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі


Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

Ф 1

ӘК жерүсті қызмет көрсету

3-кесте
3. Еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі



«Әуе кемесіне жерүсті қызмет көрсету бойынша ауысым бастығы»


Шифр

Еңбек функциясының (кәсіби стандарт бірлігінің) атауы

Ф 1

ӘК жерүсті қызмет көрсету

Ескертпе: Ф – функция.

«Жерде қызмет көрсету» кәсіби стандартына 4-қосымша



КС бірліктерінің сипаты

1-кесте
1. «Жолаушыларға қызмет көрсету бойынша маман» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі




Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және

дағдылары



Білімі

Ф 1

Ақпараттық бағдарламалық қамтамасыз ету, брондаудың электрондық жүйелері

Қазақстан Республика-сы Үкіметінің 2010 жылдың 31 желтоқсан-дағы № 1512 «Қазақстан Республика-сының әуежайларында жолаушыларға қызмет көрсетуді ұйымдастыру ережелерін бекіту туралы» Қаулысымен бекітілген Жолаушы-ларға қызмет көрсету ережелері» және құжаттармен жұмыс

М 1-1 Әуе кемесіне сервистік қызмет көрсету

Жолаушыларды тіркеу машықтары;

Электрондық брондау жүйелерімен жұмыс істеу машықтары;

Жолаушыларды қарсы алу, шығару, шығарып салу машықтары;

Трансферттік, транзиттік жолаушыларға қызмет көрсету машықтары;

Құжаттармен және визалармен жұмыс істеу машықтары.


Авиациялық сала бойынша жерде қызмет көрсетуге қатысты нормативтік-құқықтық базаны білу;

Авиакомпаниялардың жерде қызмет көрсету саласындағы қағидаларды білу;

Жолаушыларды тасымалдау ережелері бойынша халықаралық стандарттарды білу;

Ішкі және халықаралық рейстердің жолаушылары мен жүктерін тасымалдау ережелерін білу;

Тасымалдау құжаттамасының негізгі нысандары және оларды толтыру ережелерін білу


2-кесте
2. «Әуе кемесіне жерүсті қызмет көрсету бойынша маман» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі




Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және дағдылары

Білімі

Ф1

ӘК

ӘК қызмет көрсету барысындағы арнайы техника, жабдықтар, тетіктер, құралдар.

М 1-1 Әуе кемесіне сервистік қызмет көрсету

ӘК сервистік қызмет көрсету

ӘК тұрақ орнына қою барысында оны жүргізу кезінде экипажға сигналдар беру машықтары;

ӘК тірек қалыптарын орнату/жинау машықтары;

Жерүсті электр қуаты көзінің ажыратқышын ӘК-не/-нен қосу/ сөндіру машықтары;

ӘК есіктерін және ӘК сервистік панельдеріне қол жеткізу есікшелерін ашу/жабу машықтары;

ӘК-ге жанармай толтыруға, ӘК-нен жанармайды ағызуға бақылау жасау машықтары;

ӘК-ге су құюға, ӘК-нің су жүйесінен суды ағызуға бақылау жасау машықтары; ӘК-нің шығарылымдарын кетіру жүйесін өңдеуге бақылау жасау;

ӘК және оның қозғалтқыштардың винттерін арқандап байлау машықтары. ӘК қозғалтқыштары-ның іске қосылуын қадағалау машықтары;

Орнатылған терминология бойынша


Авиациялық сала бойынша жерде қызмет көрсетуге қатысты нормативтік-құқықтық базаны білу;

Авиакомпаниялардың жерде қызмет көрсету саласындағы қағидаларын білу;

Әуе қызметіне жерде қызмет көрсету бойынша халықаралық стандарттарды білу;

Әуе кемесіне қызмет көрсету жосықтарын білу;

ӘК жерде қызмет көрсету бойынша технологиялық нұсқауды білу;

Әуе кемелерін жерүсті өңдеуге арналған мұздануға қарсы сұйықтықтар (МҚС),

физикалық-химиялық сипаттамалары, жанармай құю және ағызу жосықтарын білу.














экипаж кабинасымен байланыс жасауды жүргізу машықтары;

ӘК-нің ұшуының алдында бортта жолаушылары бар ӘК-ді жетекке алу, жетекке алу басшысының немесе бақылаушының функцияларымен, бортта жолаушылары жоқ ӘК-нің орнын ауыстыру немесе ӘК-іне ары қарай ТҚ мақсатында жетекке алу машықтары





3-кесте
3. «Әуе кемесіне жерде қызмет көрсету бойынша ауысым бастығы» еңбек қызметінің (кәсібінің) түрі




Шифр

Еңбек заттары

Еңбек құралдары

Міндеттер

Шеберлігі және

дағдылары



Білімі

Ф 1

ӘК

Әуе компаниясының жерде қызмет көрсету саласындағы ережелері;

М 1-1 ӘК қызмет көрсету

Жерүсті электр қуаты көзінің ажыратқышын ӘК-не/-нен қосу/сөндіру машықтары;

ӘК есіктерін және ӘК сервистік панельдеріне қол жеткізу есікшелерін ашу/жабу машықтары;

ӘК-ге жанармай толтыруға,

ӘК-нен жанармайды ағызуға бақылау жасау машықтары;

ӘК-ге су құюға, ӘК-нің су

жүйесінен суды ағызуға бақылау



Авиациялық сала бойынша жерде қызмет көрсетуге қатысты нормативтік-құқықтық базаны білу;

Авиакомпаниялардың жерде қызмет көрсету саласындағы қағидаларды білу; Әуе қызметіне жерде қызмет көрсету бойынша халықаралық стандарттарды білу









ӘК-іне сервистік қызмет көрсету барысындағы арнайы техника, жабдықтар, тетіктер, құралдар




жасау машықтары;

ӘК-нің шығарылымдарын кетіру жүйесін өңдеуге бақылау жасау машықтары;

ӘК және оның қозғалтқыштардың винттерін арқандап байлау машықтары;

ӘК қозғалтқыштарының іске қосылуын қадағалау;

Орнатылған терминология бойынша экипаж кабинасымен байланыс жасауды жүргізу машықтары;

ӘК-нің ұшуының алдында бортта жолаушылары бар ӘК-ді жетекке алу, жетекке алу басшысының немесе бақылаушының функцияларымен, бортта жолаушылары жоқ ӘК-нің орнын ауыстыру немесе ӘК-іне ары қарай ТҚ мақсатында жетекке алу;

ӘК ұшу алдындағы инспекция жасау.

ӘК-де жұмысты орындау және ӘК-ге сервистік қызмет көрсету барысында ӘК-нің ықтимал зақымдануының алдын алу мақсатында ӘК-нің күйін жалпы бақылау машықтары



Әуе кемесіне қызмет көрсету жосықтарын білу;

ӘК жерде қызмет көрсету бойынша технологиялық нұсқауды білу;

Әуе кемелерін жерүсті өңдеуге арналған мұздануға қарсы сұйықтықтар (МҚС), физикалық-химиялық сипаттамалары, жанармай құю және ағызу жосықтарын білу


Ескертпе: М – міндет.

«Жерде қызмет көрсету» кәсіби стандартына 5-қосымша


Келісу парағы


Ұйым атауы

Келісу күні

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі




Осы КС ____________________________________________________ тіркелді.

Кәсіптік стандарттардың реестріне № ___________________________тіркелді.

Хат (хаттама) № ___________ Күні ______________________________


Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылғы 19 желтоқсанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №8990 болып енгізілді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет