Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің



Дата25.02.2016
өлшемі57.84 Kb.
#24900


Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің

2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарының

іске асырылуы туралы 2013 жылдың қорытындысы бойынша

есепке талдамалық жазба
Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің 2011 – 2015 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында (бұдан әрі – СЖ) 2013 жылы жетістік қарастырылған:

- 31 нысаналы индикаторға (бұдан әрі - индикаторлар);

- 57 тікелей нәтижелер көрсеткішіне (бұдан әрі - көрсеткіштер) қол жеткізу көзделген.

Жүргізілген мониторингтің қорытындысы бойынша мыналар байқалды:

1. Жаһандық бәсекелестік индексінің 15 индикатор бойынша есеп 2014 жылдың 3-тоқсанында жарияланады.

2. Жоспарлы мәнге 6 индикатор және 38 көрсеткіш бойынша қол жеткізілген.

3. 2 индикатор және 8 көрсеткіш бойынша жылдық мәндер кейіннен қалыптастырылады.

4. 5 индикатор және 2 көрсеткіш бойынша жоспарлы мәнге қол жеткізілмеді, объективті себептер бар.

5. 3 индикатор және 9 көрсеткіш бойынша артығымен орындау 20% асты, объективті себептер бар.

Жоспарлы мәндерге қол жеткізуге қатысты

«Жолаушылар тасымалдары» индикаторы бойынша (жоспар – 20 950,3 млн. адам, факт – 20 001,5 млн. адам).

«Жолаушылар айналымы» индикаторы бойынша (жоспар – 237,7 млрд. пкм, факт –233,7 млрд. пкм).

Қол жеткізілмеу халықтың жылжымалық қарқының төмендеуіне байланысты. Алайда, жолаушылар тасымалдауы саласында барлық көлік түрлері бойынша тасымалдаулар көлемдері индикаторлардың төмендеуіне қарамастан тасымалдау көлемінің жолаушы айналымының 2012 жылға қарағанда орташа 9 % оң серпіні бар.



«Теміржол және су көліктерінде көлiктік оқиғаларды азайту» индикаторы бойынша (жоспар – 2%, факт – «+» 6,5%).

2013 жылдың қорытындысы бойынша көліктік апаттардың саны 280 құрады, яғни 2012 жылмен салыстырғанда 6,5%-ға ұлғайды (2012 жылда көліктік апаттардың саны 263 құрады).

Темір жол көлігінде саласында 259, су көлігінде 21 оқиға.

Темір жол көлігінде көлік оқиғалары санының өсу себептері:

тыйым салынған белгіге өту, жылжымалы құрамның кетуі, вагонның ағытылуы, локомотивті бүлдіру, жүк вагондары арбасының бүйірлік рамасының сынуы және т.б. болып табылады.



(Анықтамалық: 2013 жылы қирау - 4 оқиға (2012 жылда - 0), 2013 жылы авариялар- 2 оқиға (2012 жылда - 0), 2013 жылы брактың ерекше жағдайы - 56 оқиға (2012 жылда - 48)).

«Транзиттік бағыттағы жүк тасымалдарының көлемін ұлғайту» индикаторы бойынша (жоспар – 19,0 млн. тонна, факт – 17,7 млн. тонна).

- темір жол көлігі (жоспар – 17,2 млн. тонна, факт – 16,01 млн. тонна);



- автомобиль көлігі (жоспар – 1,60 млн. тонна, факт – 1,56 млн. тонна);

- су көлігі (жоспар – 0,2 млн. тонна, факт – 0,12 млн. тонна).



«Транзиттік тасымалдардан түсетін кірістің ұлғаюы» индикаторы бойынша (жоспар – 170,0 млрд. теңге, факт – 157,8 млрд. теңге).

Жүктердің транзиттік тасымалдары бойынша көрсеткіштерге қол жеткізбеу Ресей және Орталық Азия елдерінің арасында 1 071 мың тонна мөлшерде мұнай өнімдерін тасымалдау көлемдерінің төмендеуінен туындаған. («ҚТЖ» ҰК» АҚ тәуелді емес себептерден – Ресей мен Тәжікстанның арасындағы тарифтемеу Мұнай өнімдерінің бажсыз жеткізу туралы келісімді, сондай-ақ НАТО әскерлерін шығарудан мұнай өнімдерінің Ауғаныстанға жеткізуінің төмендеуі).



«Транзиттік темір жол учаскелері бойынша жүк поездары қозғалысының орташа жылдамдығын арттыру» көрсеткіші бойынша (жоспар – 50,57 км/сағ., факт – 50,22 км/сағ.).

Транзиттік ратификацияламау көліктік дәліздер бойынша жылдамдықтың төмендеуі күрделі жөндеу жұмыстарын жүзеге асыруымен және поездарды қалыптасу жоспары бойынша техникалық терезе ұсынумен байланысты байқалады.



«АКТ саласындағы әзірленуші мемлекеттік стандарттардың саны» көрсеткіші бойынша (жоспар – 16 бірл., факт – 15 бірл.).

Көрсеткішке қол жеткізбеу жабдықтаушының шарттық міндеттерін толық орындамауына байланысты, 2013 жылдың қорытындысы бойынша қаражат бюджетке қайтарылды. Осыған байланысты Министрлік жабдықтаушының шарттық міндеттемелерін толық орындамағаны үшін сотқа талап арыз өтінішін жолдаған.

Жоспарлық мәндерді асыра орындау бойынша:

«Мемлекеттік бақылау субъектілерінің жоспарлы тексерулер санын қысқарту (жыл сайынғы тексеру жүргізу жоспарына сәйкес)» индикаторы бойынша (жоспар - 10%, нақты – 27,6%)

Асыра орындау тәуекелдерді басқару жүйесін енгізуімен байланысты, тексеру нәтижесінде тексерілген субъектілердің бір бөлігі болмашы тәуекел дәрежесіне ауыстырылды. Тиісінше бұл субъектілер тек 5 жылдан кейін ғана тексерілетін болады. Осыған байланысты субъектілерді жоспарлы тексеру саны азайды.



«Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын қызметтердің жалпы санынан электрондық форматқа ауыстырылған мемлекеттік қызметтердің үлесі» индикаторы бойынша (жоспар - 60%, нақты – 76,2%)

2013 жылғы 23 қыркүйекте қабылданған № 991 ҚР ҮҚ сәйкес 442 мемлекеттік қызмет ескеретін, оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметтердің тізбесі бекітілген. Бұл өз тарапынан негізгі көрсеткіштің ұлғаюына әсер етті.



«Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың функцияларының (үдерістерінің) автоматтандырылуының орташа деңгейі» индикаторы бойынша (жоспар – 65 %, нақты – 82 %).

Асыра орындау ағымдағы жылы меморгандар бар Ақпараттық жүйелерді пысықтау арқылы функцияларды автоматтандыру бойынша жұмыстар жүргізуіне, жаңа Ақпараттық жүйелер енгізілуіне, сондай-ақ ведомствоаралық Ақпараттық жүйелер қосылуына байланысты.



«Белгіленген талаптарға жауап беретін автомобильдік жолаушылар тасымалдары инфрақұрылымының үлесі» көрсеткіші бойынша (жоспар – 60 %, факт – 100 %).

Асыра орындау Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасына сәйкес, барлық қолданыстағы 34 автовокзал мен 138 автостанция тізілімге енгізілгеніне байланысты.



«Көлік құралдарын міндетті техникалық тексеріп қараумен қамтуды ұлғайту» көрсеткіші бойынша (жоспар – 420 техникалық байқау желі %, факт – 767 техникалық байқау желі).

Асыра орындау «Жол қозғалысы қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңына аудандық маңызы бар елді мекендерде Техникалық байқау орталықтарын (бұдан әрі – ТБО) ашу кезінде ұтқыр желілерді міндетті алудан кәсіпкерлерді босату бөлігінде түзетулер енгізілуіне байланысты, яғни кәсіпкерлердің ТБО ашуға қаржы шығындары едәуір азайтылды.

Бұдан басқа, ТБО тізіліміне енгізу тәртібін оңайлатуға байланысты қажетті құжаттардың тізбесі қысқарды.

«Ақпараттандыру және байланыс саласындағы субьектілердің қысқартылған жоспарлы тексерулердің (бір жылғы тексеру жоспарына сәйкес) жалпы санынан (өткен жылға) үлесі» көрсеткіші бойынша (жоспар –5 %, факт – 12 %).

«Лицензиялау туралы» ҚР Заңынан байланыс және ақпараттандыру саласындағы кейбір лицензияланатын қызметті алып тастауына байланысты асыра орындау соның нәтижесінде бақыланатын субъектілер саны қысқарды.

2013 жылғы жоспарлы тексерулердің 2012 жылға қатынасы 88 % құрайды (2012 жылға 313, 2013 жылға 276 құрайды) (12 % қысқарды).

«Оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын қызметтердің жалпы санынан электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің үлесі» көрсеткіші бойынша (жоспар – 10 %, факт – 37,6 %).

«ХҚО-да көрсетілген электронды мемлекеттік қызметтер түрлерінің саны» көрсеткіші бойынша (жоспар – 10 бірлік, факт – 16 бірлік).

2013 жылғы 23 қыркүйекте қабылданған № 991 ҚР ҮҚ сәйкес, 442 мемлекеттік қызмет ескеретін, оңтайландыруға және автоматтандыруға жататын мемлекеттік қызметтердің тізбесі бекітілген. Бұл өз тарапынан негізгі көрсеткіштің ұлғаюына әсер етті.



«Көрсетілген электрондық қызметтер санының жыл сайынғы өсуі» көрсеткіші бойынша (план – 2,0 млн.ед., факт – 14,5 млн.ед.).

«ХҚО жалпы көрсетілген қызметтерінен электрондық форматта көрсетілген қызметтер үлесі» көрсеткіші бойынша (жоспар – 40 %, факт –80 %).

Асыра орындау барлық «ХҚО» РМК облыстық филиалдарында, Алматы, Қарағанды, Ақтау, Астана қалаларындағы Мамандандырылған ХҚО өзіне-өзі қызмет көрсету пункттерінің «Connection point» іске асырылуының нәтижесінде болды. 2013 жылы ХҚО-нда 1 млн-нан астам қеңес берілді, 413 мыңнан астам электрондық цифрлік қолтаңба берілді. Республиканың барлық өңірлерінде ХҚО-да, Шоу-румдарда, салық басқарламаларында және әкімшілік полиция басқарламаларында орналасқан egov бұрыштарының жұмыстары ұйымдастырылды.



«ЭҮШ әзірленген сервистерінің саны» көрсеткіші бойынша (жоспар – 15 дана, факт –44 дана).

«ЭҮШ арқылы мемлекеттік органдардың ықпалдастырылған мемлекеттік дерекқорлары мен ақпараттық жүйелерінің саны» көрсеткіші бойынша (жоспар –5 дана, факт –9 дана).

Асыра орындау 2013 жылы әзірленген және оңтайландырылған қызметтердің толық жұмыс қабілеті үшін 44 жаңа прокси сервистер әзірленуіне байланысты, оның ішінде 9 сервис мемлекеттік дерек қорларының және ақпараттық жүйелерінің ЭҮШ арқылы ықпалдастыруына арналған.



Жауапты хатшы Ж.Қасымбек



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет