«МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ БАСҚАРУ» ПӘНІНЕН
ГЛОССАРИЙ
1. ҚР мемлекеттік қызмет жөніндегі агенттік – мемлекеттік қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын ҚР Президентіне тікелей бағынышты және есепті мемлекеттік қызмет мәселелері жөніндегі уәкілетті орган.
2. Әкімшілік мемлекеттік қызметші– мемлекеттік органда қызметтік өкілеттіктерін тұрақты кәсіби негізде жүзеге асыратын саяси мемлекеттік қызметшілер қатарына кірмейтін мемлекеттік қызметші
3. Әкімшілік құқықсубъектілік– мемлекеттік қызметшінің лауазымдық құқықтарды иеленіп, құқықтық міндеттер атқаруына мүмкіндігі, яғни мемлекеттік қызметтік қатынастардың қатысушысы болу қабілеттілігі (мүмкіндігі).
4. Әкімшілік жауапкершілік– әкімшілік заңнамамен қарастырылған тәртіпте әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін құқықбұзушыға қатысты (жеке немесе заңды тұлғаға) өкілетті органның (лауазымды тұлғаның) әкімшілік жаза қолдану арқылы көрініс табатын құқықтық жауапкершіліктің түрі.
5. Әкімшілік рәсімдер дегеніміз – 1.Мемлекеттік органдардың және лауазымды тұлғалардың мемлекеттік функцияларды және қызметтік өкілеттіктерді жүзеге асыру кезіндегі шешімдер қабылдау, орындау және оларды рәсімдеу тәртібі;2.Мемлекеттік аппарат жұмысын ұйымдастыру рәсімі;3.Олардың құқықтарын жүзеге асыру бойынша азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін әкімшілік қорғау рәсімдері;4.Экономика саласында шешімдер қабылдау рәсімдерінің негізгі бастаулары.
6. Әкімшілік сыбайлас жемқорлық (немесе ұсақ көлемде пара алу)биліктік өкілеттіктер қолында шоғырланған төмен жалақы алатын қызметшілерге тән әрекет.
7. Әкімшілік мемлекеттік қызметшілердің аттестациясы –ол мемлекеттік қызметшілердің кәсіби даярлығын, құқықтық мәдениетін және азаматтармен жұмыс істеу қабілеттігін анықтау бойынша бекітілген рәсім.
8. Мемлекеттік қызмет дегеніміз бағыныштылыққа негізделген және мазмұны бойынша мемлекеттің атынан атқарылатын және мемлекеттің нақты міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған қызметшінің мемлекетке бұқаралық құқықтық қатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: |