2015 жылғы қаңтар-қыркүйектегі Ақтөбе облысындағы
демографиялық ахуал
Ағымдағы деректер бойынша 2015 жылдың 1 қазанына облыс халқының саны 831,3 мың адамды құрады, соның ішінде қалалық жерде – 519,2 мың (62,4%), ауылдық жерде – 312,1 мың адам (37,6%).
2015 жылдың басымен салыстырғанда халық саны 8,8 мың адамға немесе 1,07%-ға көбейген.
Халықтың табиғи өсімі
2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыс халқының табиғи өсімі 10,7 мың адамды құрады, туылған балалар саны 14,9 мыңға жетті. 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда табиғи өсім 0,2%, туылғандар саны 0,8 %, өлгендер саны 2,4%-ға көбейді. Некелер саны 10,9%-ға, ажырасулар саны 1,4%-ға азайды.
адам
|
2014 жылғы
қаңтар-қыркүйек
|
2015 жылғы
қаңтар-қыркүйек
|
2015 жылғы қаңтар-қыркүйек
2014 жылғы қаңтар-қыркүйекке
|
(+,-)
|
%
|
Туылғандар саны
|
14 753
|
14 876
|
123
|
100,8
|
Өлгендер саны
|
4 095
|
4 192
|
97
|
102,4
|
Табиғи өсім
|
10 658
|
10 684
|
26
|
100,2
|
Некелер саны
|
5 913
|
5 268
|
-645
|
89,1
|
Ажырасулар саны
|
1 816
|
1 790
|
-26
|
98,6
|
2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте халық санын 1000 адамға шаққанда:
– туылғандар саны – 24,01 сәби (2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 24,17);
– өлгендер саны – 6,77 адам (2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте—6,71);
– табиғи өсім коэффициенті 17,24 промилле құрады (2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте – 17,46 промилле).
Халықтың көші-қоны
Облыс ішінде тұрғындардың көшуін қосқанда, келгендердің жалпы саны 9452 адамды құрады, кеткендер саны – 11360 адам (2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте 14639 адам келген, 14766 адам кеткен). Көші-қон сальдосы 2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте - -1908 адамды, 2014 жылы – -127 адамды құрады.
Республикадан тыс жерлерден облысқа 179 адам келген, ал 539 адам кеткен. (2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте Ақтөбе облысына келгендер саны 306 адам, ал облыстан кеткендер саны – 371 адам).
2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте шетелден Ақтөбе облысына 111 қазақ, 29 орыс, 13 украин. Осы кезеңде облыстан Қазақстаннан кеткендер саны – 44 қазақтар, 317 орыстар, 79 украиндер.
Өңіраралық көші-қонда есеп беру кезеңінде келгендер саны 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекпен салыстырғанда 26,5% азайды (2015ж. - 2946 адам, 2014ж. – 4005 адам), кеткендер саны 12,2 % көбейді (2015. – 4494 адам, 2014ж. – 4067 адам), көші-қонның сальдосы - -1548 адамға құрады (2014ж. - -62 адам).
2015 жылғы қаңтар-қыркүйекте облыс шегінде мекен-жайын өзгерткендер саны 6327 адамды құрады, 2014 жылғы қаңтар-қыркүйекте - 10328 адам, немесе 38,7 % аз.
Орындаған:
|
Департамент басшысы
|
Мекен-жайы:
|
Жаналина Л..
|
Жекеев Қ.С.
|
030020, Ақтөбе қ.
|
Тел. (7132) 542907
|
Тел. 544221
|
Әбілқайыр хан д. 25
|
|
|
|
© Ақтөбе облысының Статистика департаменті
Достарыңызбен бөлісу: |