«Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу»



бет1/4
Дата25.02.2016
өлшемі0.66 Mb.
#22999
  1   2   3   4


Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің

201__ жылғы «____» ________ №______ бұйрығымен

бекітілген

«Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу»

  мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты



  1. Жалпы ережелер




  1. «Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын (бұдан әрі – стандарт) Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.

  3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті «Мемлекеттік техникалық қызмет» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.

Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:

    1. көрсетілетін қызметті беруші;

    2. Министрліктің «Халыққа қызмет көрсету орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі – ХҚКО);

    3. www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.

Бұл ретте көрсетілетін қызметті алушы бірінші рет жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚКО арқылы көрсетіледі.

Қайталап алған жағдайда мемлекеттік қызмет порталда көрсетілуі мүмкін.




  1. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі




  1. Мемлекеттiк қызметтi көрсету мерзiмi:

  1. көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге немесе ХҚКО-ға құжаттар пакетін тапсырған сәттен бастап:

Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығының тіркеу куәлігін беру және кері қайтарып алу 1 (бір) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

Көрсетілетін қызметті алушы-жеке тұлға ХҚКО-ға жеке куәлігін беру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға жүгінген жағдайда, оның қалауы бойынша жеке куәлігін алу үшін ұсынылатын құжаттармен бірге осы стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттар беріледі. Тіркеу куәлігін беру бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызмет бұл ретте дайындалған жеке куәлік ХҚКО-ға түскен сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде көрсетіледі;

құжаттар пакетін тапсыру үшін кезекте күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 20 (жиырма) минут;

жүгінген күні көрсетілетін қызметті алушыға қызмет көрсетудің рұқсат етілген ең көп уақыты жеке тұлғалар үшін – 20 (жиырма) минуттан аспайды, заңды тұлғалар үшін – 20 (жиырма) минут;



  1. көрсетілетін қызметті алушы порталға қайталап жүгінгенде – 1 (бір) жұмыс күні.

  1. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны-электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.

  2. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі:

    1. осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес құрылымы бар электрондық құжат нысанында тіркеу куәлігін беру;

    2. кері қайтарып алынған тіркеу куәліктерінің тізімінде сериялық нөмірін орналастырып, тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу.

Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық.
      Көрсетілетін қызметті алушы ХҚКО-ға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда, тіркеу куәліктері ақпаратты электрондық тасығышта (чип) қамтылған жеке куәлікке және (немесе) ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын қамтитын sim-картаға жазылады.

Көрсетілетін қызметті алушы портал арқылы жүгінген жағдайда, тіркеу куәліктері көрсетілетін қызметті алушының есептеу техникасы құралдарына жазылады.



  1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін көрсетіледі.

  2. Жұмыс кестесі:

  1. көрсетілетін қызметті берушінің – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.

Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;

  1. ХҚКО – Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа күндері, дүйсенбіден бастап сенбіні қоса алғанда, жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 09.00-ден 20.00-ге дейін.

Қабылдау және нәтижелерді беру алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз «электрондық» кезек тәртібімен жүзеге асырылады, электрондық кезекті портал арқылы брондауға болады;

  1. порталдың – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).

  1. Көрсетілетін қызметті алушы (немесе сенімхат бойынша оның өкілі) ХҚКО-ға немесе көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген кезде мемлекеттік қызметті көрсетуге қажетті құжаттардың тізбесі:

тіркеу куәліктерін беру үшін:

  1. жеке тұлғалар:

порталдан алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы стандартқа 
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш.
Жеке тұлға – Көрсетілетін қызметті алушы-ХҚКО-ға жеке куәлік алуға мемлекеттік қызмет алу және (немесе) тіркеу куәліктерін ақпаратты криптографиялық қорғау құралдарын қамтитын sim-картаға жазу үшін жүгінген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш ұсынылады;

көрсетілетін қызметті алушы – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

үшінші тұлға көрсетілетін қызметті алушының мүддесін білдірген кезде – осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес мәліметтер енгізіледі.


  1. «Е-нотариат» ақпараттық жүйесіне қатысушылар:

порталдан алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы стандартқа 
4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;

көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

өкілетті тұлғаның мөрімен және қолымен расталған жұмыс орнынан анықтама (нотариустар үшін – аумақтық нотариаттық палата берген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің, аумақтық әділет органдарының, Республикалық нотариаттық палатаның, аумақтық нотариаттық палаталардың қызметкерлері үшін лауазымы көрсетілген жұмыс орнынан);

үшінші тұлға көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдірген кезде – осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушыға (жеке тұлғаға) нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес мәліметтер енгізіледі;



  1. қызметін бiрлескен кәсiпкерлiктер түрiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер:

порталдан алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы стандартқа 
5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;

көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға және бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкер өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

үшінші тұлға көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдірген кезде осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы (және бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкердің) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес мәліметтер енгізіледі;

осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (заңды тұлғаның) өкіліне сенімхат;

заңды тұлға үшін – көрсетілетін қызметті алушыны заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік (бар болса);

бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн - жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлік.

Заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам үшін сенімхаттың орнына жұмыс орнынан анықтама не заңды тұлғаның мөрімен расталған бірінші басшыны немесе оның міндетін атқарушы адамды лауазымға тағайындау туралы бұйрықтың (шешімнің, хаттаманың) көшірмесі беріледі;


  1. интернет-ресурстың домендік атауының иесі (жеке тұлғалар):

порталдан алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы стандартқа 
7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;

көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғанының жеке басын куәландыратын құжат;

көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде – осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес мәліметтер енгізіледі;

төменде келтірілген интернет-ресурстың домендік атауын иелену құқығын растайтын құжаттардың біреуінің көшірмесі:

домендік атауын иелену туралы сертификат;

доменді тіркеушіден анықтама;

домендік атауын тіркеу туралы шарт;

домендік атауын тіркеу туралы жария офертасы;

басқа да растайтын құжат;


  1. интернет-ресурстың домендік атауының иесі (заңды тұлғалар):

порталдан алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы стандартқа 
8-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;

көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (заңды тұлғаның) өкіліне сенімхат;

төменде көрсетілген интернет-ресурстың домендік атауын иелену құқығын растайтын құжаттардың біреуінің көшірмесі:

домендік атауын иелену туралы сертификат;

доменді тіркеушіден анықтама;

домендік атауды тіркеу туралы шарт;

домендік атауды тіркеу туралы жария офертасы;

басқа да растайтын құжат;


  1. «Қазынашылық - Клиент» ақпараттық жүйесіне қатысушылар:

порталдан алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы стандартқа 
9-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;

көрсетілетін қызметті алушы – заңды тұлға өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (заңды тұлғаның) өкіліне сенімхат;

Қазақстан Республикасының Қазынашылық комитеті мен клиенттің арасындағы ЭЦҚ пайдалану туралы қағаз тасығыштағы келісім немесе қосымша келісім (келісімге қол қою күні мен келісімді немесе қосымша келісімді ҚР ҰКО ұсыну күні келісімге (қосымша келісімге) қол қою күнін қоспағанда, 3 жұмыс күнінен артық болса, аталған келісім қабылданбайды);



  1. резидент емес жеке тұлғалар:

порталдан алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы стандартқа 
2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;

көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде – осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес мәліметтер енгізіледі;

төменде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірін қамтитын және аталған резидент емес тұлғаның Қазақстан Республикасының аумағында тіркелгенін растайтын құжаттардың бірі:

Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктерге тұруға ыхтиярхат;

азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

шетел азаматтарына арналған тіркеу куәлігі;


  1. резидент емес заңды тұлғалар:

порталдан алынған және бірегей нөмірді қамтитын осы стандартқа 
5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін беруге өтініш;

көрсетілетін қызметті алушы – заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (заңды тұлғаның) өкіліне сенімхат;

төменде көрсетілген жеке сәйкестендіру нөмірін қамтитын және аталған резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттардың бірі:

Қазақстан Республикасында тұратын шетелдіктерге тұруға ыхтиярхат;

азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

шетел азаматтарына арналған тіркеу куәлігі.

Төменде көрсетілген бизнес-сәйкестендіру нөмірін қамтитын және аталған резидент емес заңды тұлғаның Қазақстан Республикасы аумағында тіркелгенін растайтын құжаттардың бірі:

филиалдар мен өкілдіктер арқылы (тұрақты мекеме құрып) Қазақстан Республикасында қызметін жүзеге асыратын резидент емес заңды тұлғаларға арналған филиалды, өкілдікті есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік;

мына:


«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 197-бабы 5-тармағына сәйкес салық агенті болып табылатын;

Қазақстан Республикасында салық салу объектілеріне иелік ететін;

Қазақстан Республикасында аккредиттелген шетел мемлекетінің дипломатиялық және оған теңестірілген өкілдіктері болып табылатын;

«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 191-бабы 8-тармағына сәйкес оның тұрақты мекемесі ретінде қарастырылатын тәуелді агент арқылы қызметін жүзеге асыратын;

филиал, өкілдік ашпай, тұрақты мекеме арқылы қызметін жүзеге асыратын;

резидент банктерде ағымдағы шоттарды ашатын резидент емес заңды тұлғаларға арналған тіркеу куәлігі.

Заңды тұлғаның бірінші басшысы немесе оның міндетін атқарушы адам үшін сенімхаттың орнына жұмыс орнынан анықтама немесе заңды тұлғаның мөрімен расталған бірінші басшыны немесе оның міндетін атқарушы адамды лауазымына тағайындау туралы бұйрықтың (шешімнің, хаттаманың) көшірмесі беріледі.

Тіркеу куәліктерін кері қайтарып алу үшін:


  1. жеке тұлғалар:

порталдан алынған, осы стандартқа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;

көрсетілетін қызметті алушы – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде – осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес мәліметтер енгізіледі;


  1. «Е-нотариат» ақпараттық жүйесіне қатысушылар:

порталдан алынған, осы стандартқа 11-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;

көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде – осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес мәліметтер енгізіледі;


  1. қызметін бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсiпкерлер:

порталдан алынған, заңды тұлғаның мөрімен расталған осы стандартқа 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш, не көрсетілетін қызметті алушының жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтан үзінді. Жұмыстан босату туралы бұйрықтан үзіндіні берген жағдайда, басшының қолы және ұйымның мөрі талап етілмейді;

көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлға және бiрлескен кәсiпкерлiктер түрiнде қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкер өкілінің жеке басын куәландыратын құжат;

үшінші тұлға көрсетілетін қызметті алушының мүдделерін білдірген кезде – осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушы (және бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкердің) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес мәліметтер енгізіледі;

осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (заңды тұлғаның) өкіліне сенімхат.



  1. интернет-ресурстың домендік атауының иесі (жеке тұлғалар):

порталдан алынған, осы стандартқа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;

көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде – осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес мәліметтер енгізіледі;


  1. интернет-ресурстың домендік атауының иесі (заңды тұлғалар):

порталдан алынған, заңды тұлғаның мөрімен расталған, осы стандартқа 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;

көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;



  1. «Қазынашылық – клиент» ақпараттық жүйесіне қатысушылар:

порталдан алынған, заңды тұлғаның мөрімен расталған осы стандартқа 13-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш, не көрсетілетін қызметті алушының жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтан үзінді. Жұмыстан босату туралы бұйрықтан үзіндіні берген жағдайда, басшының қолы және ұйымның мөрі талап етілмейді;

көрсетілетін қызметті алушы – заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;



  1. резидент емес жеке тұлғалар:

порталдан алынған, осы стандартқа 10-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш;

көрсетілетін қызметті алушы жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;

көрсетілетін қызметті алушының мүддесін үшінші тұлға білдірген кезде – осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша көрсетілетін қызметті алушының (жеке тұлғаның) өкіліне нотариалды куәландырылған сенімхат. Сенімхаттың мәтініне қосымша нотариалдық іс жүргізу туралы заңнамаға сәйкес мәліметтер енгізіледі;


  1. резидент емес заңды тұлғалар:

порталдан алынған, заңды тұлғаның мөрімен расталған осы стандартқа 12-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тіркеу куәліктерін кері қайтарып алуға өтініш, не көрсетілетін қызметті алушының жұмыстан босатылуы туралы бұйрықтан үзінді. Жұмыстан босату туралы бұйрықтан үзіндіні берген жағдайда, басшының қолы және ұйымның мөрі талап етілмейді;

көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат.

Көрсетілетін қызметті алушы бірінші рет жүгінген кезде, порталда мемлекеттік қызметті алу үшін сұрау салу нысанын толтыруы және ХҚКО-ға немесе көрсетілетін қызметті берушіге осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес құжаттар тізбесін ұсынуы тиіс.

Мемлекеттік қызметті екінші рет алған кезде көрсетілетін қызметті алушы («Қазынашылық-клиент» ақпараттық жүйесінің қатысушыларын қоспағанда) порталда ашық кілті (кілттері) бар электронды құжат түрінде және көрсетілетін қызметті алушының қолданыстағы электрондық цифрлық қолтаңбасымен расталған сұрау жібере алады.

Құжаттар пакетін қабылдау кезінде ХҚКО-ның немесе көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушы берген құжаттардың толықтығын тексереді, «Жеке тұлғалар» немесе «Заңды тұлғалар» мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесіндегі деректерді көрсетілетін қызметті алушы құжаттарының түпнұсқаларымен тексеріп салыстырады және түпнұсқаларын көрсетілетін қызметті алушыға қайтарады.

Құжаттарда тазартып өшірулердің, қосып жазулардың, сызылған сөздер мен өзге де айтылмаған түзетулердің болуына рұқсат етілмейді.

Жеке басын куәландыратын, көрсетілетін қызметті алушы заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы құжаттардағы мәліметтерді көрсетілетін қызметті беруші мен ХҚКО-ның қызметкері «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.

Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгесі көзделмесе, көрсетілетін қызметті беруші немесе ХҚКО қызметкері мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелердегі заңмен қорғалатын құпияларды құрайтын деректерді қолдануға жазбаша келісім алады.

Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін барлық қажетті құжаттарды ХҚКО арқылы тапсырған кезде ХҚКО қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға мыналарды:


  1. сұрау салу қабылданған күнін және нөмірін;

  2. сұрау салынған мемлекеттік көрсетілетін қызметтің түрін;

  3. қоса берілген құжаттардың саны мен атауын;

  4. құжаттарды беру күні (уақыты) мен орнын;

  5. құжатты ресімдеуге сұрау салуды қабылдаған ХҚКО қызметкерінің тегін, атын, әкесінің атын және оның байланыс телефонын көрсете отырып, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат береді.

Көрсетілетін қызметті алушыға өтініште көрсетілген электрондық пошта мекенжайына мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы хабарла–есеп жіберіледі.

  1. Көрсетілетін қызметті алушы ұсынатын құжаттар пакеті стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес толық болмаған жағдайда, ХҚКО қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және стандартына 14-қосымшаға сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.



3. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша
көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың
лауазымды адамдарының, ХҚКО-ның және (немесе) олардың
қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне)
шағымдану тәртібі



  1. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, ХҚКО-ның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 13-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚКО басшысының атына беріледі.

Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе электрондық түрде не көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚКО-ның кеңсесі арқылы қолма-қол беріледі.

Шағымды қабылдауды растау шағымды қабылдаған адамның тегін және аты-жөнін, берілген шағымға жауапты алу мерзімін және орнын көрсете отырып, шағымды көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚКО-ның кеңсесінде тіркеу (мөртабан, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады. Тіркелгеннен кейін шағым жауапты орындаушыны айқындау және тиісті шаралар қабылдау үшін көрсетілетін қызметті берушінің немесе ХҚКО-ның басшысына жіберіледі.

Көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап
5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Шағымда:


  1. жеке тұлғаның – тегі, аты, сондай-ақ қалауы бойынша әкесінің аты, пошталық мекенжайы;

  2. заңды тұлғаның – атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Өтінішке көрсетілетін қызметті алушы қол қоюы тиіс.

  1. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте сотқа жүгінуге құқығы бар.



4. Мемлекеттік қызметті көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып
қойылатын өзге де талаптар



  1. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары Министрліктің немесе ХҚКО-ның: www.mid.gov.kz, www.con.gov.kz интернет-ресурстарында орналастырылған.

  2. Заңнамамен белгіленген тәртіпте өзіне өзі қызмет көрсету, өзбетінше қозғалу, бейімделу қабілеттілігін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды ХҚКО қызметкері 1414 Бірыңғай байланыс орталығы бойынша жүгіну арқылы мекенжайына барып жүргізеді.

  3. Мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі туралы ақпаратты қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады.

  4. Мемлекеттік қызметті көрсету мәселелері бойынша анықтама қызметтерінің байланыс телефондарын 1414 телефон нөмірі бойынша мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы алуға болады, сондай-ақ олар www.mid.gov.kz интернет-ресурсының «Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер» бөлімінде көрсетілген.


«Қазақстан Республикасы Ұлттық

куәландырушы орталығының тіркеу

куәлігін беру және кері қайтарып

алу» мемлекеттік көрсетілетін

қызмет стандартына 1-қосымша

 



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет