Қазақстан республикасы мәдениет және спорт министрлігі дін істері комитеті мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығЫ



Дата10.06.2016
өлшемі131.81 Kb.
#126837


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРЛІГІ

ДІН ІСТЕРІ КОМИТЕТІ

МӘДЕНИЕТТЕР МЕН ДІНДЕРДІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОРТАЛЫҒЫ

Әлемдік ЖӘНЕ дәстүрлі ДІНДЕР

лидерлерінің сЪЕЗі:

тарихы, ХРОНИКАсы

АСТАНА – 2015

Баспаға Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы

Ғылыми-әдістемелік кеңесі ұсынған

ӘОЖ 2 (063)

КБЖ 86

Ә 52
Жауапты редактор:

Е.Б. Мұратбеков,

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық

орталығының директоры, з.ғ.к.


Құрастырушылар:

Қ.Т. Қалилаханова,

Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығы директорының бірінші орынбасары, п.ғ.к., доцент, ХПБҒА-ның корр.-мүшесі (РФ)



С.А. Дуанаева,

Конфессияаралық ынтымақтастық бөлімінің бас сарапшысы, фил.ғ.к.



С. Булатқызы,

Бұқаралық ақпарат құралдарына мониторинг бөлімінің

жетекші ғылыми қызметкері

Ә 52 Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі: тарихы, хроникасы. – Астана: ҚР МСМ ДІК МДХО, 2015. – 11 б.
ISBN 978-601-7812-10-2
Басылымда 2003, 2006, 2009, 2012, 2015 жылдары Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүлі діндер лидерлері Съездерінің қысқаша экскурсы ұсынылады.

Басылым өркениетаралық және дінаралық сұхбатты дамытуда маңызды орын алатын Әлемдік және дәстүлі діндер лидерлері Съезіне қызығушылық танытатын оқырмандарға ұсынылады.


ӘОЖ 2 (063)

КБЖ 86

ISBN 978-601-7812-10-2 © Мәдениеттер мен діндердің

халықаралық орталығы, 2015




Егер әлемде бір нәрсе тек бір ғана мәрте жүзеге асса, онда оны әдетте тарихи кездейсоқтық деп санайды. Екі немесе үш рет болса – бұл тарихи заңдылық. Ал егер көптеген мәрте жүрсе – Ұлы Тарих дегеніміз.

Астана Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезіне қатысушылар мен меймандарын бесінші рет қабылдап отыр! Біз І Съездің шешімі бойынша салынған әлемдегі жалғыз Бейбітшілік және келісім сарайы шаңырағының астында толеранттылықтың, мәдениеттер мен діндердің жаһандық үнқатысуының Ұлы Тарихын қалыптастырудамыз.

Біз, тіпті, осы күрделі дәуірдің өзінде де оның парақтарын бірінен кейін бірін жазып, толтырудамыз. Және біздің бәрімізді – саясаткерлер мен конфессиялар қызметшілерін – адамдар мен халықтардың тағдыры, Ұлы Жаратушы жаратқан біздің бүкіл бірегей планетамыздағы бейбітшілік пен тыныштық үшін ортақ бір жауапкершілік сезімі біріктіреді. Олар әлемге дінаралық қарым-қатынастар туралы ғасырлар бойы қалыптасқан таптаурындарды еңсеруге, ХХІ ғасырда жаһандық толеранттылық пен өзара түсіністіктің іс-қимыл таныта алатын формуласын жасауға мүмкіндік береді.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының V Съезінде сөйлеген сөзінен, 10 маусым 2015 ж.

СЪЕЗД БАСТАМАСЫ
Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың бастамасы бойынша Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезі алғаш рет 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде шақырылды.

2003 жылы 13 ақпанда мұсылман, христиан және еврей ұйымдары қатысқан діндердің, мәдениеттер мен халықтардың жақындасуында маңызды рөл атқарған бейбітшілік пен келісімнің Халықаралық конференциясында сөйлеген сөзінде Мемлекет Басшысы барлық конфессия өкілдеріне Қазақстанда Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін өткізу туралы бастамасын айтты.

Қазақстан Республикасы Президентінің Ватиканға сапары барысында католик шіркеуінің өкілдері Съезд өткізу идеясын алғашқылардың қатарында қолдады.
СЪЕЗД МАҚСАТЫ:
– әлемдік және дәстүрлі діндерден жалпыадамзаттық бағдарды іздестіру;

– дінаралық сұхбаттастық пен келісілген шешімдерді жүзеге асыру мақсатында тұрақты негізде қызмет атқаратын халықаралық конфессияаралық институттың жұмыс істеуін қамтамасыз ету.


СЪЕЗДІҢ БАСТЫ БАСЫМДЫҚТАРЫ:
– бейбітшілікті, келісім мен төзімділікті адамзат өмірінің айнымас қағидаттары ретінде бекіту;

– діндер, конфессиялар, ұлттар мен этностар арасында өзара құрмет пен төзімділікке қол жеткізу;

– адамдардың діни сезімдерін қақтығыстар мен әскери әрекеттерді өршіту мақсатында пайдалануға жол бермеу.
СЪЕЗД МІНДЕТТЕРІ:


  • конфессияаралық және дінаралық сұхбаттастық дәстүрлерін дінаралық съезд түрінде нығайту;

  • съездердің болашақта өтетін отырыстарының идеологиялары мен концепцияларын келісілген, шынайы және білікті түрде әзірлеу үшін Съездің тұрақты қызмет ететін ұйымын құру;




  • діндер, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы сұхбаттастықты ілгерілету мақсатын көздейтін барлық халықаралық ұйымдармен, институттармен ынтымақтасу және өзара әрекеттесу;

  • зайырлы және діни БАҚ-тарды, жастар бірлестіктерін, ғылыми және шығармашылық зиялы қауым өкілдерін тарта отырып әртүрлі мәдениеттер мен діндер өкілдерінің сұхбаттастығын кеңейту;

  • діни қауымдастықтар арасында сыйластық пен өзара түсіністікті орнықтыру және тереңдету;

  • жеккөрушілік пен экстремизм идеологиясына қарсы толеранттылық пен өзара құрмет мәдениетін дамыту;

  • діндерді бір-біріне өзара қарсы қоюдан және теологиялық дауларды одан әрі саясиландырудан көрініс табатын «өркениеттер қақтығысы» туралы пікірлердің таралуына, сондай-ақ бір діннің басқа діннің беделін түсіруге ұмтылатын әрекеттеріне жол бермеу;

  • өркениеттер, мәдениеттер мен діндер арасындағы жаһандық сұхбаттастықты ілгерілету.


Съезд Хронологиясы

2003, 2006, 2009 және 2012 жылдары Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің төрт съезіне ислам, христиан, иудаизм, буддизм, синтоизм, даосизм және өзге де дәстүрлі діндердің басшылары мен көрнекті өкілдері қатысты.

Съездің диалогтық алаңдарында діни қауымдастықтарды рухани жақындастыруға бағытталған мәнді әңгімелер айтылып, нәтижесінде азаматтарға, халықтар мен үкіметтерге жолданған декларациялар мен үндеулер қабылданды.
2003 жылы 23-24 қыркүйекте Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Бірінші Съезі өтті.

Форум жұмысына Еуропа, Азия, Африка және Таяу Шығыстың 13 елінен келген дін көшбасшылары мен құрметті қонақтар қатысты.

Бірінші Съезд барысында оған қатысушылар дінаралық саммитті жүйелі түрде өткізу жөнінде және Съездің жұмысшы ұйымын – Съезд хатшылығын құру туралы шешім қабылдады.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаев Съезд өткізетін арнайы ғимарат салу жоспарын жариялап, келесі кездесуді жаңадан салынатын Бейбітшілік және келісім сарайында өткізу туралы шешімін хабарлады.

Дінаралық саммит жұмысының қорытындысы бойынша Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Бірінші Съезіне қатысушылардың Декларациясы қабылданды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Бірінші Съезі аяқталған соң «Бәйтерек» монументінде дінаралық саммиттің барлық делегаттары мен қонақтары қатысқан құлшылық рәсімі өтті.


2006 жылғы 12-13 қыркүйекте Астанада Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Екінші Съезі өтті.

Съезд форум өткізу үшін арнайы салынған жаңа «Бейбітшілік және келісім сарайы» ғимаратында өтті.

Дінаралық саммит жұмысына Европа, Азия, Африка және Американың 20-ға жуық елінен келген аса қадірлі қонақтар мен Әлемдік және дәстүрлі діндердің өкілдерінен құралған 43 делегация қатысты.

Екінші Съездің басты тақырыбы «Дін, қоғам және халықаралық қауіпсіздік» деп белгіленді.


Екінші Съездің бастамалары:

  • елдің басты телеарналарының бірінен «дін сағатын» өткізу;

  • Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерін Бейбітшілік және келісім сарайында дәріс оқуға шақыру;

  • Съезд аясында Мәдениеттер мен діндердің халықаралық орталығын құру.

Астаналық дінаралық саммиттің алғашқы күні «Дінаралық диалог қағидаттары» атты құжат қабылданды.

Съезд қорытындысы бойынша «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Екінші Съезі қатысушыларының декларациясы» атты қорытынды құжат қабылданды.


2009 жылдың 1-2 шілдесінде Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Үшінші Съезі өтті.

Съезд жұмысына әлемнің 35 елінен келген 77 делегация қатысты.

Үшінші Съезд «Төзімділікке, өзара сыйластық пен ынтымақтастыққа негізделген бейбітшілікті құрудағы дін лидерлерінің рөлі» тақырыбымен өтті.

2008 жылдың 13 қарашасында қабылданған Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының қарарына сәйкес, Съезд БҰҰ жүйесінің қатысуымен және техникалық көмек көрсетуімен өтті.

Бұл – Астаналық дінаралық саммиттің халықаралық қауымдастық тарапынан мойындалғанының дәлелі еді.

Президент Н.Ә. Назарбаевтың осы саммит барысында Дін лидерлері Кеңесін құру туралы ұсынысы Съездің барлық қатысушылары тарапынан бірауыздан қолдау тапты.

Съезд Хатшылығына съезаралық кезеңде диалогты нығайтуға және басқа да беделді форумдармен, халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық орнатуға бағытталатын Дін лидерлері кеңесінің Тұжырымдамасын әзірлеу тапсырылды.

Съезд қорытындысы бойынша Әлемдік және дәстүрлі дін лидерлерінің Үшінші Съезіне қатысушылардың Үндеуі қабылданды.


2012 жылдың 30-31 мамырында Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Төртінші Съезі өтті.

Съезд жұмысына әлемдік және дәстүрлі діндердің, сондай-ақ беделді діни және халықаралық ұйымдардың атынан әлемнің 40 елінен 85 делегация қатысты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Төртінші Съезі «Бейбітшілік және келісім – адамзат таңдауы» тақырыбында өтті.

Дінаралық саммит аясында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Үшінші Съездегі ұсынысымен құрылған Дін лидерлері кеңесінің Бірінші отырысы өткізілді.

Аталған саммитте 2011 жылғы маусымда Астана қаласында өткен Съездің Х Хатшылығында бекітілген «Дін лидерлері кеңесінің Тұжырымдамасы» қабылданды.

Дін лидерлері кеңесі – Астаналық дінаралық саммиттің бірден-бір басты институты, оның басқарушы органына айналды.

Дін лидерлері кеңесінің құрамына әлемдік діндердің 14 өкілі енді.
Кеңес қызметінің негізгі бағыттары:


  • әртүрлі дін өкілдерінің арасындағы өзара келісім мен ынтымақтастықты ары қарай дамыту;

  • Съездің сұхбаттастық алаңының тұжырымдық негіздерін нығайту;

  • Съезд қызметіне қатысты түбегейлі мәселелер бойынша шешімдер қабылдау, сонымен қатар басқа да халықаралық ұйымдармен және форумдармен ынтымақтасу.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің IV съезінің пленарлық отырысында Қазақстан Президенті оның миссиясы жаһандық толеранттылықты нығайтуға және қоғамдар мен мемлекеттердің сенімдерін қалыптастыруға бағытталатын G-GLOBAL – ҰЛЫ ӘЛЕМ порталының құрамдас бөлігі болуы тиіс ғаламтор ресурсын құру туралы ұсыныс енгізді.

Осынау ауқымды бастама шеңберінде Дін лидерлері кеңесінің және Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі Хатшылығының интерактивті отырыстарын өткізу көзделді.

Дінаралық саммит жұмысының қорытындысы бойынша Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Төртінші Съезіне қатысушылардың қорытынды құжаты – Үндеу қабылданды.

Съезд қатысушылары саммит жұмыстары аясында жоспарланған шараларға белсенді түрде атсалысты.

Дін лидерлері кеңесінің мүшелері мен Съезд қатысушылары «Рухани жарасым» Аллеясының ашылуына қатысты.

Олар, сонымен қатар, Астана қаласында 1932-33 жылдардағы ашаршылық құрбандарына арналған «Ашаршылық құрбандарына ескерткіш» Монументінің ашылуына қатысты.

Съездің барлық қатысушылары қуғын-сүргін құрбандарына арналған «АЛЖИР» мұражай-кешеніне барып, бірлесіп ғибадат етті.
2015 жылдың 10-11 маусымында Астана қаласында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Бесінші Съезі өтті.

Съезге әлемнің жетекші мемлекеттерінен беделді дін лидерлері мен саяси қайраткерлерінен құралған 49 елден 72 делегация қатысты.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Бесінші Съезі «Бейбітшілік пен даму жолындағы діни және саяси қайраткерлердің үнқатысуы» тақырыбында өтті.

Астана дінаралық саммиті аясында Қазақстан Республикасының Президентінің бастамасымен 2012 жылы Төртінші Съезде құрылған, Съездің жетекші ұйымы – Діни лидерлер Кеңесінің Екінші отырысы өтті.

Съезд шеңберінде келесідей тақырыптар бойынша секциялар жұмыс істейді:

№1 секциялық отырыс. «Діни және саяси көшбасшылар: адамзат алдындағы жауапкершілік»;

№2 секциялық отырыс. «Діннің жастарға әсері: білім, ғылым, мәдениет және бұқаралық ақпарат құралдары»;

№3 секциялық отырыс. Дін және саясат: жаңа үрдістер және келешегі»;

№4 секциялық отырыс. «Бейбітшілік, қауіпсіздік пен үйлесімділік үшін әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары арасындағы өзара сыйластық пен түсіністік диалогы».

Танымал саяси лидерлер мен беделді қоғамдық қайраткерлер алғашқы рет Астаналық дінаралық саммит аясында кездесті Иордания Королі Абдалла II, Финляндия Президенті Саули Ниинистё, БҰҰ Бас хатшысы Пан Ги Мун, ЕҚЫҰ Бас Хатшысы Ламберто Заньер, БҰҰ-ның өркениеттер Альянсының Жоғары өкілі Насир Абдель Азиз ан-Насер, ИЫҰ-ның Бас Хатшысы Ияд Амин Мадани, ИСЕСКО-ның Бас директоры Абдулазиз Осман ат-Туэйджри, христиан және басқа да сенімдегілерге қысым көрсетуге қарсы ЕҚЫҰ-ның атқарушы Төрағасының өкілі Алексей Автономов, қатысты.

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Бесінші Съезінің жабылуында сөйлеген сөзінде Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында Бейбітшілік және келісім мұражайын құруды және «Рухани келісім мен бейбітшілікті нығайтуға және дамытуға қосқан үлесі үшін» сыйақысы мен Құрмет белгісін тағайындауды ұсынды.

Астана дінаралық саммитінің қатысушылары мен қонақтары Ұлт көшбасшысының бастамасын бірауыздан қолдады.

Съезд жұмысының нәтижесінде тарихи маңызы жоғары Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Бесінші Съезіне қатысушыларының қорытынды құжаты – «Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Бесінші Съезіне қатысушылардың Декларациясы» қабылданды.

СЪЕЗД ЖЕТІСТІКТЕРІ

Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Төртінші Съезінде сөйлеген сөзінде Съездер әлемнің «өркениеттер қақтығысы» тұңғиығына түсіп кетпеуіне белгілі бір дәрежеде септігін тигізетіні туралы айтып кеткен болатын.

Шын мәнінде, 2003, 2006, 2009, 2012 және 2015 жылдары өткен Съездер адамзатты үйлесімді әлеуметтік-рухани тәжірибесімен байытып, әртүрлі діндер мен мәдениеттерден тұратын өркениеттер мен қоғамдардың қақтығысы идеясының дәрменсіз екендігін дәлелдеді.

Рухани көшбасшылар – Астаналық дінаралық төрт форумның қатысушылары – Бірінші Съезд шақырылғаннан бергі он жылдан астам уақыт аралығында сұхбаттастық, өзара түсіністік пен сыйластық жер бетіндегі үйлесімділік пен қауіпсіздікті, барлық мәдени-діни қауымдар мен халықтардың бейбіт қатар өмір сүруін қамтамасыз ететін қуатты күш екенін айқын дәлелдеді.

Астаналық форум заманауи қауіп-қатерлердің жаһандануы жағдайында діндер мен өркениеттер арасындағы ғаламдық сұхбаттасты ілгерілетуші көшбасшыға айналды.

Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі әлем мемлекеттері мен қоғамдарында өзара сыйластық пен түсіністік мәдениетінің қалыптасуына маңызды үлес қосты.

Біріккен Ұлттар Ұйымының 2004 жылғы 11 қазандағы A/RES/59/23 қарары және БҰҰ-ның басқа да қарарларында діндердің, мәдениеттер мен өркениеттер арасындағы жаһандық сұхбатты ілгерілете түсудегі Астаналық дінаралық саммиттің құнды үлесіне баса назар аударады.

Қазақстанның бастамасымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің бастамаларын жүзеге асыру мақсатында БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-сессиясында 2010 жылды «Мәдениеттердің жақындасуының халықаралық жылы» деп жариялаған Қарар (№ 62/90 17.12.2007 ж.) қабылдады.

Астана қаласында өтетін дін көшбасшыларының Съезі он екі жыл ішінде өркениеттер сұхбаттастығын орнату мен дамыту бағытында жұмыс істейтін басқа да ірі халықаралық форумдар тарапынан кеңінен мойындалды.

Съезд Хатшылығының Басшысы мен өкілдері Неапольдағы Дінаралық бейбітшілік үшін кездесуге, «Шығыс-Батыс диалогы» Конференциясына, Өркениеттер альянсы форумдарына, сондай-ақ басқа да халықаралық конференциялар мен семинарларға қатысты.


Съезд ИНСТИТУттары

Дін лидерлерінің Кеңесі

Төртінші Съезд аясында осынай іргелі форумның институциялануы жалғасын тауып, әлемдік және дәстүрлі діндердің жетекшілері мен көрнекті өкілдерінен құрылған үйлестіруші орган – Діндер лидерлерінің кеңесі құрылды.

2015 жылдың 10 маусымында Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Бесінші Съезіне бастау болған Діни лидерлер Кеңесінің Екінші отырысы өтті.

Съезд Хатшылығы

Дінаралық саммиттің 2003 жылдың 23-24 қыркүйегінде Астанада өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Бірінші Съезінің шешіміне сәйкес осы органның негізі қаланды.

Съезд Хатшылығының жетекшісі – Қазақстан Республикасы Парламентінің Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.

Хатшылық құрамына Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің уәкілетті мүшелері кіреді.

2003–2015 жылдар аралығында Съезд Хатшылығының 14 отырысы өткізілді.

Съездің 15-ші Хатшылығы 2016 жылдың 1-2 маусымында өтеді.

Съезд Хатшылығы аясында әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің өкілдерінен құралған Жұмыс Тобы белсенді қызмет атқарады.
СЪЕЗДІҢ ӨЗАРА ӘРЕКЕТТЕСТІГІ

Қазіргі күнде Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің қызметіне Әлемдік Ислам Лигасы (Сауд Арабиясы Королдігі), Қасиетті Эджидио Қауымдастығы (Италия), Азия үйі (Испания), Тони Блэр Қоры (Ұлыбритания), «Кордоба бастамасы» Ұйымы (АҚШ), сонымен қатар ТМД Дінаралық Кеңесі, «Діндер бейбітшілік үшін» конференциясы, Венадағы Сауд Арабиясының Королі Абдалла атындағы Дінаралық және мәдениетаралық сұхбаттастықтың Халықаралық орталығы, Әлемдік шіркеулер Кеңесі, Дохадағы Дінаралық сұхбаттастық бойынша халықаралық орталық тәрізді беделді халықаралық ұйымдар қызығушылық танытып отыр.



Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері туралы қосымша ақпарат мына сайттарда орналасқан:

http://www.religions-congress.org/

http://www.group-global.org/



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет