Қазақстан Республикасы «Оңалту және банкрот туралы» заңына өзгерту мен қосымша енгізу туралы



Дата05.07.2016
өлшемі44.5 Kb.
#180835








Қазақстан Республикасы «Оңалту және банкрот туралы»

заңына өзгерту мен қосымша енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 13 қарашадағы «Оңалту және банкрот мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы актілерінің кейбір заңнамаларына өзгерту және қосымша енгізу туралы» № 399 заңымен Қазақстан Республикасы «Оңалту және банкрот туралы» заңына өзгерту мен қосымша енгізілді.

Заң оңалту және банкрот рәсімдерін жетілдіруге және бес институция реформасын іске асыру бойынша 100 нақты қадам – Ұлт жоспарын іске асыруға бағытталған.

Түзетулер оңалту және банкрот рәсімдерін жүргізу мерзімдерін қысқартуға, салық салынатын базалар және жұмыс орындары, бизнесті максималды сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Жекелегенде өзгертудің ішінде бизнесті сақтауға бағытталған, оңалту рәсімдерін қолдану және борышкерді банкрот деп танылуға дейін төлем қабілеттілігін реттеу рәсімдерін енгізу көзделген.

Сонымен қатар, банкрот деп тану туралы сот шешімін орындауды тоқтатумен жай қызметті немесе оңалтуға банкрот рәсімдерінен көшу көзделген.

Бұлан басқа, банкрот рәсімдерін қандай да бір сатыда бейбітшілік келісімді жасау мүмкіндігі туады, кәсіпорынды жаңа меншік иесіне сату.

Заңмен «бейбітшілік келісім –сотпен бекіткен қарызгерлер (банкротшылар) арасында жасаған келісім жолдарын тоқтату мақсатында банкрот рәсімдерін қандай да бір сатыда қолдану рәсімі» түсінігін енгізді.

Заңның 5 бабы 1 тармағы 1), 2) және 3) тармақшаларымен бекіткен бір немесе одан да көп жағдайдың туындауы кезінде қарызгермен көзделген «төлем қабілеттілігін реттеу рәсімдері» тарауы көзделді, борышкерді банкрот деп тану және (немес) оңалту рәсімдерін қолдану туралы өтінішпен сотқа борышкерлер мен (немесе) несие берушілердің жүгінуіне дейін өзінің төлем қабілеттілігін реттеу жөніндегі шешім қабылдауға құқылы.

Борышкер төлем қабілетін растайтын құжаттың қосымшасымен төлем қаблеттілігін реттеу жөніндегі өтінішпен сотқа жүгінеді.

Сот төлем қабілеттілігін реттеу жөніндегі өтінішті қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мынадай шешімдердің бірін шығарады:

1) төлем қабілеттілігін реттеу рәсімдерін қолдану туралы;

2) төлем қабілеттілігін реттеу рәсімдерін қолданудан бас тарту жөніндегі.

Төлем қабілеттілігін реттеу рәсімдерін қолдану туралы сот шешімі жедел орындалуға тиіс.

Төлем қабілеттілігін реттеу рәсімдерін борышкерге қатысты қолдану туралы сот шешімі заңды күшіне кірген күннен бастап енеді, мынадай жағдайдың туындауындай:

1) борышкердің қарызының барлық түрі бойынша тұрақсыздық (айыппұл, өсімпұл) есептеу тоқтатылады;

2) несие беру (несие беруші) төлем қабілеттілігін реттеу жөніндегі келісім жасау кезеңінде банкрот борышкері деп тану туралы өтінішті сотқа беруге тыйым салынады;

3) борышкерге мүлікті (активтерді) айыру бойынша қандай да бір мәміле жасауға тыйым салынады.

Борышкер екі ай бойы төлем қаблеттілігін реттеу рәсімдерін қолдану туралы сот шешімі заң күшіне енген күннен бастап төлем қаблеттілігін реттеу жөніндегі барлық несие берушілермен шарт жасаған міндетті.

Төлем қаблеттілігін реттеу жөніндегі келісім мынадай жағдайда жасалуы мүмкін:

1) борышкердің міндеттін орындауды кейінге қалдыру және (немесе) бөліп төлеу;

2) борышкердің талап ету құқығына мүмкіндік жасау;

3) қарызды толық немесе бөлшектеп кешіру;

4) тұрақсыздықты (айыппұл, өсімпұлды) жабу;

5) алынған несиелер (қарыз) бойынша сыйақы көлемін азайту;

6) несие берушінің (несие беруші) талаптарын қанағаттарын Қазақстан Республикасының заңына қайшы келмейтін басқа да тәсілдер.

Төлем қабілеттілігін реттеу жөніндегі келісімді бекіту жөніндегі сот анықтамасы заңды күшіне енген күннен бастап сынадай жағдайлар болады:

1) борышкердің барлық түріндегі қарызы бойынша тұрақсыздықты (өсімпұл, айыппұл) және сыйақы (мүддесі) есептеу тоқтатылады;

2) салық салған органның тиісті шешімінсіз борышкердің шоты бойынша мемлекеттік органның барлық қойған шектеулері алынады;

3) борышкер, азамат төлемдерінен басқа сот, ертеректе билер соты шешімімен қабылданған орындалуылар тоқтатылады, моральды зияннның орнын толтыру туралы талап есебінсіз, төлем қабілеттілігін реттеу жөніндегі келісімді жасағаннан кейінгі төлем мерзімі денсаулығына немесе өміріне келтірілген залал үшін жауапкершілікте болады;

4) борышкердің мүлкіне жаңа тыйым салу және оның мүлкінің иеленуіне басқа да шектеулер тек борышкерге ұсынылған басқаның мүлкін заңсыз иелену талабы немесе жарамсыз мәмілесін тану туралы талап бойынша жіберіледі.

Бұдан басқа, Заң 95-1 баптарымен толықты. Оңалту рәсімдеріне банкроттық рәсімдерінен көшу. Борышкерге қатысты оңалту рәсімдері қолданылмаған жағдайда, банкрот рәсімдері барысында мүлік менші иесі немесе құрылтайшы (қатысушы) осы Заңның 73 бабының 1,4 және 5 тармақтарының талаптарына сәйкес оңалту жоспары әзірленді, мүлік менші иесі немесе құрылтайшы (қатысушы), немесе оның уәкілетті тұлғасы оңалту рәсімдеріне банкроттық рәсімдерінен көшу мүмкіндігі және оңалту әзірленген жоспарын қарау үшін несие берушілердің жиналысын жүргізу туралы қолдаухатымен банкрот басқарушысына жүгінуге құқылы.

Оңалту рәсімдеріне банкрот рәсімдерінен көшу және ұсынылған оңалту жоспарын несие берушілер жиналысында келісілген жағдайда уәкілетті органмен тіркелген тұлға ішінен оңалту басқарушысы кандидатурасын таңдау не борышкердің істерімен және мүлкін басқару бойынша мүлік иесінің немесе құрылтайшының (қатысушының) құқығын қалпына келтіру туралы мәселені бір уақытта шешуге міндетті.



Қандай сатыда болмасын банкрот рәсімдерін жүргізу борышкер мен несие беруші бейбітшілік келісім жасауға құқылы. Несие берушілер тарапынан бейбітшілік келісім жасау туралы шешім несие берушілер жиналысымен қабылданады. Бейбітшіліктік келісім сотпен бекітіледі.
Борыштармен жұмыс басқармасының

басшысы Мұсаибов А.Т.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет