Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Соты Төрағасының
2012 жылғы «02» қарашада
№326 өкімімен
БЕКІТІЛГЕН
Судьялар мен сот жүйесі қызметкерлеріне арналған тақырыптық семинарлар өткізу жөніндегі
ұсынымдар
Осы ұсынымдар сот оқуы саласында қызметін жүзеге асыратын соттарға және басқа да ұйымдарға нұсқаулық ретінде әзірленді.
Сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты тар шеңберде арнайы құқықтың бағыты бар, сот практикасының негізінде заңдарды қолданудың жекелеген құқықтық проблемаларын қарастыратын семинарлар судьялардың біліктілігін арттыру нысандарының бірі болып табылады.
Семинарлар, бірінші кезекте, судьяларды ең соңғы әзірленген әрі материалдық және іс жүргізу құқығы саласындағы өзгерістермен танысуға бағытталуы тиіс.
Семинардың мақсаты: материалдық және іс жүргізу құқығының теориялық және практикалық проблемаларын тереңірек зерделеу арқылы сот төрелігін жүзеге асыру сапасын жақсарту үшін судьялардың құқықтық білімі мен біліктілігін арттыру.
Семинардың міндеттері: қолданыстағы заңнаманың және сот практикасының теориялық білімін одан әрі тереңдету, сондай-ақ судьяларда іс жүргізу құжаттарын даярлаудың, сот процесін жүргізудің, азаматтарды қабылдаудың практикалық дағдыларын қалыптастыру және т.б.
Семинарды жоспарлау және өткізу
Семинарды өткізу жоспары
Семинарды өткізу үшін, бірінші кезекте, жауапты тұлғалардың не құрылымдық бөлімшелердің функционалдық міндеттері мен міндеттерді орындау мерзімдері бөлінетін семинарға дайындық және оны өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын жасау қажет.
Құрылған жұмыс тобы семинардың тақырыбын (бірнеше өзекті мәселелерді), мақсатын, семинарға қатысатын адамдар тобын, қажет жағдайда сессия (секция) саны мен мазмұнын айқындайды.
Бұдан әрі семинар бағдарламасының жобасы мен қатысушылардың тізімі дайындалады. Іс-шараның тақырыбына сәйкес семинардың өтетін орнын анықтау қажет.
Семинарды ұйымдастыру және өткізу жоспары мынадай бөлімдерден тұруы мүмкін:
-
семинарды өткізу қажеттігін анықтау;
-
семинардың тақырыбы мен мақсатын, семинардың күнін, орны мен ұзақтығын анықтау;
-
жұмыс тобын құру;
-
семинарға қатысушылардың құрамын анықтау;
-
семинарға қатысушыларды шақыру;
-
семинардың бағдарламасын дайындау;
-
семинарды өткізу жөніндегі шығыстардың экономикалық негіздемесін даярлау, семинар бюджетін бекіту;
-
семинарға қатысушыларды орналастыруға байланысты мәселелер;
-
көлік беруге байланысты мәселелер;
-
семинарды өткізу жоспарланған үй-жайды (бұдан әрі – үй-жай) рәсімдеу;
-
үлестіру материалдарын дайындау: семинар бағдарламасы, қатысушылар тізімі, қажетті әдебиеттер, сауалнама парақтары, блокноттар, қаламдар сатып алу және т.б.;
-
бейдждер мен куверткаларды жасау;
-
семинарға қатысушылардың бос уақытын ұйымдастыру;
-
семинардың жұмысын жария ету үшін БАҚ-ты шақыру;
-
семинарды аяқтау, ұсынымдар дайындау, материалдарды жинау, жинақ шығару;
-
бағалау
-
есеп беру.
Семинарды дайындау және өткізу барысындағы ықтимал шығыстар:
-
үй-жай жалдау;
-
жабдықтар қолдану (аудио-бейне аппаратура, микрофондар және басқалары);
-
басқа өңірден шақырылған семинарға қатысушылардың тұратын жерін қаржыландыру;
-
көлік шығыстары;
-
шығыс материалдары: блокноттар, қаламдар сатып алу;
-
бейдждерды жасау;
-
типографиялық қызметтер;
-
бос уақытты ұйымдастыру;
-
салқындатылған сусындар сатып алу;
-
кофе-брейк ұйымдастыру (ланч);
-
семинардың жұмысы туралы бейнеролик, фотосуреттер жасау;
-
семинардың материалдарынан жинақ шығару.
Семинардың бағдарламасы
Бағдарлама баяндамалармен қатысуға өтінімдердің түсуіне (немесе шақырылған баяндаушылардың сөз сөйлеуге келісуіне) қарай жасалады. Әрине, ол жоба ретінде болады және әр түрлі мән-жайларға байланысты көп рет өзгереді, алайда бағдарламаны барынша ерте жасау қажет.
Бағдарламада іс-шараның салтанатты ашылу рәсімін ескеру қажет. Әдетте іс-шараны қабылдаушы ұйымның басшысына және іс-шараның ең маңызды қонақтарын қарсы алу сөздерін беретін модератор ашады.
Бағдарламада семинарға қатысушылардың сөз сөйлеу тәртібі және тақырыбы, кофе-брейкке және түскі асқа үзілістер, бос уақытты ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар көрсетіледі.
Шақыруды алдын-ала дайындаған және әлеуетті қатысушыларға алдағы шара туралы хабарлаған өте маңызды. Өйткені қатысушыларға өз кестелеріне өзгерістер енгізу үшін, сондай-ақ басқа қалалардан келетіндерге жолға кететін уақытты есептеу үшін уақыт керек. Шақыруда күні, уақыты және өткізілетін орны, ұйымдастырушының мәліметті. Сонымен қатар семинардың әлеуетті қатысушыларына алдын ала жұмыс тобына баяндамалардың жобасын жіберуді, семинардың тақырыбы бойынша құқық қолдану тәжірибесінде туындайтын өзекті мәселелерді атап өтуді ұсынуға болады.
Үй-жайды рәсімдеу – бұл бөлмені семинар өткізуге дайындау, залды рәсімдеу.
Кез келген іс-шарада салтанатты жағдай болуы керек, демек тиісінше рәсімделуі тиіс. Зал таза болуы, желдетілуі тиіс, үстелдерде микрофондар, куверткалар, үлестіру материалдары, жартылай ашылған су (сапасы жақсы, мүмкіндігінше газсыз, көлемі 0,5 л) және арнайы майлықта түп жағы жоғары қойылған стакандар тұру қажет. Гүлдермен рәсімдеуге болады. Гүлдерді әр жерде қоюға болады, бірақ көп болмауы керек. Өйткені іскерлік ахуалда, көрініс ұқыпты, сонымен бірге бір мезгілде сәнді болуға тиіс.
Қатысушыларды отырғызу. Халықаралық және мемлекетшілік шаралар өткізу кезінде отырғызу мемлекеттік Протоколға сәйкес жүзеге асырылады және қатаң сақтау талап етіледі. Дипломаттар арасында жоғары тұру дипломатиялық ранг бойынша анықталады.
Дипломатиялық тәжірибеде дөңгелек үстел жиі қолданылады., барлық қатысушылардың дәрежесі азды-көпті бірдей болатындықтан ол қолайлы болып табылады әрі қатысушылардың тең дәрежеде, бейресми әңгімелесуіне, пікірлерімен және көзқарастарымен еркін алмасуға итермелейді.
Мынадай отырғызу түрлері болады:
Банкеттік отырғызу
Дөңгелек үстел
Сыныптық отырғызу
Театрлық отырғызу
Куверткалар – іс-шараға қатысушылардың аты-жөні жазылған арнайы тақтайшалар. Кувертканың биіктігі 85 мм және ені 210 мм болуы тиіс. Қаріптің өлшемі 70 кегль. Кувертканың екі жағынан үлкен әріптермен тегі, аты әдеттегідей жазылады. Шетелдіктер қатысқанда бір жағынан ағылшын тілінде жазылады және қонаққа қаратылып қойылады, екінші жағынан орыс немесе қазақ тілдерінде жазылады.
Үлгі:
Аударма жабдықтары – егер синхрондық аударма қажет болса, бұл жабдық болуы қажет, өйткені бұл конференц–жүйенің ең маңызды компоненті болып табылады.
Дыбыстық күшейту және жазу - конференц-залды жарақтандырудың ең маңызды элементі дыбыстандыру жүйесі болып табылады. Тіпті кішігірім бөлмелерде микрофонсыз, күшейту және динамиктерсіз қиындау болады. Іс-шара басталар алдында міндетті түрде қанша микрофон саны қажеттігін анықтап алу қажет. Кем дегенде отырыстың модераторы мен баяндамашыны микрофонмен қамтамасыз ету керек.
Экран – құрастырылған суреттерді көрсету үшін міндетті түрде экран қажет болады. Олар стационарлық және мобильдік болып келеді.
Баннер – мүмкіндігіне қарай іс-шара өткізу барысында конференц-залда конференцияның немесе семинардың тақырыбы және жәрдем көрсеткен ұйымның логотипі көрсетілген баннер орнатылады. Көлемі бөлменің шамасына қарай өзгеруі мүмкін.
Үлестіру материалы – жұмыс тобының мүшесі іс-шараның анықтамалық материалдар топтамасын ертерек дайындауды жүзеге асырады. Қатысушыларға арналған үлестірме материалдар: қатысушылардың тізімінен, анықтамалық материалдан, папкалардан, блокноттардан, бейдждерден тұрады.
Қатысушылардың келу және кету, күтіп алу және әуежайға шығарып салуды ұйымдастыру кестесі жасалады. Қонақтардың жайлы орналасуы қабылдаушы тараптың ұйымдастыру-қаржылық мүмкіндігіне байланысты болады. Сонымен бірге қонақ үйлерде нөмірлерді алдын-ала брондап, бөлмелердің дайындығын тексеру қажет.
Қатысушыларды тіркеу – бұл қатысушылардың келгендігі туралы тізімде белгілеу. Бұл орайда іссапар куәлігін белгілеген жөн.
Кофе-брейктер – іс-шаралардағы үзілістер, қатысушылар бұл уақытта демалуға мүмкіндігі бар және бейресми әңгімелеседі. Кофе-брейкті мұқият ойластыру керек.
Кейбір мән-жайлар
Қажеттіліктерді анықтау
Судьяларды оқыту тиімді болуы және қойылған мақсаттарға жету үшін, бірінші кезекте, оқуға қажеттілікті зерттеу, яғни соттардың құқық қолдану практикасында туындайтын мәселелерді анықтаудың негізінде оқыту үшін қандай тақырып қажеттігін белгілеу керек. Зерттеу облыстық және оған теңестірілген соттардың оқу бағдарламаларын үйлестірушілердің тікелей талдау өткізуі және оқуға деген қажеттілікті бағалауы арқылы жүргізіледі.
Оқу орталықтары (оқу бағдарламаларының үйлестірушілері), сондай-ақ соттардың тиісті құрылымдық бөлімшелері оқуға деген қажеттілікті анықтауға, тақырыптарды таңдауға және семинар бағдарламаларын жасауға көмек көрсетуі тиіс.
Сот оқуына қажеттілік әр санаттағы судьялар үшін мамандануы жұмыс өтіліне қарай (алғаш рет тағайындалған судья, үш жыл және одан көп жұмыс өтілі бар судья, соттардың төрағалары, алқа төрағалары, өтілі бар облыстық соттың судьялары және т.б,), мамандануы ескеріліп, немесе құқық қолдану қызметіндегі қателіктері - жұмыс сапасы ескеріліп анықталады. Оқу бағдарламалары әр топқа сәйкес әзірленуі тиіс.
Судьялардың қажеттілігін зерделеу үшін келесі элементтерді пайдалануға болады:
-
қорытуларды, сот практикасына шолуларды, судьялардың жеке ұсыныстарын зерделеу;
-
судьяларда қателіктері бар немесе ең көп күші жойылған немесе өзгертілген сот актілері бар істердің санатын айқындайтын статистикалық деректер;
-
сауалнама нәтижелері;
-
соттардың жұмысы туралы деректерді талдау;
-
алдын-ала ақпаратты талдау;
-
сот жұмысын клиникалық бақылау;
-
басты мүдделі адамдармен бетпе-бет әңгімелесу;
-
судьялардың мамандануы;
-
басқа да қайнар көздер.
Тақырыпты анықтау
Семинардың тақырыбы судьялардың қажеттілігін талдау және бағалау негізінде айқындалады. Ұйымдастырушы тараптың жауапты адамы оқу бағдарламаларын үйлестірушінің (не соңғысы жергілікті соттардың қажеттілігін зерттеу және жергілікті семинарларды өткізу кезінде) ұсынған ұсыныстарына (тақырыптарына) талдау жасайды, олар судьялар арасында ерекше қызығушылық тудырған немесе сот төрелігін жүзеге асыру процесінде судьяларда қиындық тудырған өзекті сипатта болуы тиіс. Перспективалық оқу жоспарына енгізілген, таңдап алынған тақырып семинар өтетін тиісті соттың басшылығына келісуге және бекітуге ұсынылады.
Семинардың тақырыбына байланысты сарапшылар ретінде академиялық ортадан мамандар, заңгерлер, судьялар немесе прокурорлар мен адвокаттар шақырылады. Тақырыпқа және соңғылардың қызығушылығына байланысты талқыланып отырған мәселені толық және егжей-тегжейлі таныстыра алатын, соттардың қызметін жетілдіру, сот практикасының бірлігін қамтамасыз ету жөнінде өз ұсыныстарын айта алатын басқа да сөз сөйлеушілер шақырылуы мүмкін.
Судьяларға ұсынылған семинардың тақырыбы сот практикасы тұрғысынан практикалық қызметте білім алу маңыздылығын, сондай-ақ қатар сот төрелігін жүзеге асыруға байланысты жекелеген мәселелер ескеріліп айқындалуы тиіс.
Бұдан басқа, біліктілікті арттыруға арналған семинарлар сот төрелігіне қолжетімділік, сот істерінің ағынын басқару, әділ сот ісін жүргізу, құқықтық нормалардың коллизиясы, судья этикасы, дауларды баламалы шешу және т.б. сияқты жалпы пәндік тақырыптар енгізілуі мүмкін.
Тақырып қарапайым түрде «Бала құқығы» деп аталуы мүмкін – бұл салада негізінен заңнаманың дамуына және практикадағы ең күрделі мысалдарды назарға алу қажет.
Бірнеше пәндерді қамтитын семинарға мысал ретінде «Қаржы және құқық» тақырыбындағы семинарды атауға болады. Қаржы саласындағы күрделі мәселелерді қарастырғанда, осы семинарға қаржы саласының мамандары қатыса алады. Кәсіби білім деңгейін көтеру және судьялардың ой-өрісін кеңейту үшін пайдалы тақырып судьялардың салалар бойынша біліктілігіне арналған семинарлар болып табылады. Мысалы, (сот риторикасы, психология, БАҚ-пен өзара іс-қимыл заңгерлер ғана емес, сонымен қатар риторика және психология саласындағы мамандар да ) сарапшылар бола алады.
Әрбір белгілі бір тақырып бойынша ең қолайлы оқыту әдісі, оқытушылар құрамы және басқа да техникалық оқыту құралдары таңдалады. Көпшілік үлкен аудитория материалдар мен әдістерді жақсы ұғынады, сондықтан да оларды қолданғанда, семинардың тақырыбы өзекті және қатысушыларды қызықтырып отыруы тиіс.
Семинар тақырыбы жаңа бастап жүрген судьялардың теориялық білімі мен іс жүргізу құжаттарын жасау тәжірибесіндегі олқылықтарды толықтыруға көмектесуі және т.б., оларға заңнамадағы өзгерістер туралы ақпарат беру және арнайы білімдерін тереңдету мақсатында тәжірибелі судьяларды одан әрі кәсіби дамытуға ықпал етуі тиіс.
Негізгі мәселелерді анықтау
Ұйымдастырушы тарап облыстық және оған теңестірілген соттарға (оқу бағдарламаларын үйлестірушілеріне, не жергілікті соттар үшін жергілікті соттармен семинар өткізу кезінде соңғылары) семинарды өткізу және тақырыбы туралы ақпаратты, сондай-ақ олардың өңіріндегі ерекшелікті ескеріп, тақырып бойынша ұсыныстар беру туралы сауал жолдайды.
Облыстық және оған теңестірілген соттардың оқу бағдарламаларының үйлестірушісі ұйымдастырушы тарапқа, не жергілікті соттар оқу орталықтарына семинардың тақырыбы бойынша судьялардың қызығушылығын және сот төрелігін жүзеге асыруда қиындық тудыратын немесе жиі қателіктер жасалатын мәселелерді ұсынады. Құқықтық жалпы оқыту, мәселелерді тереңірек зерттеу мақсатында семинарды тиімді өткізу, үлкен аудиторияны қамту үшін осындай сауалды басқа да мүдделі ұйымдарға жолдауға болады.
Ұсынылған мәселелер бойынша жауапты қызметкер ұсынылған ақпаратқа талдау жүргізеді және қорытындылайды.
Таңдап алынған тақырыпты бірнеше өзекті тақырыпшаларға немесе мәселелерге бөлуге болады. Семинарды ұйымдастырушылар судьялардың ерекше дағдылары мен шеберлігін дамыту үшін семинарды нақты мәселелер мен тақырыптар қарастырылатын сессияларға, секцияларға, топтарға бөле алады. Осыған сәйкес оны жүргізуді жүзеге асыратын адамдар – модераторлар, сондай-ақ секцияның хатшылары іріктеледі.
Талқыланып отырған тақырыптың негізгі тұстары баяндамаларда қозғалуы тиіс, мазмұнын «жалпыдан жеке» қағидасы бойынша жазу керек. Баяндамалардың арасында бір тақырыптан екіншісіне байыппен өту қажет, осының негізінде ақпарат көлемі едәуір болған кезде сессияларда немесе секцияларда жұмыс істеу қажеттігін айқындау керек.
Жұмыс тобын құру
Жұмыс тобы жоспар бекітілгеннен кейін құрылады, оған семинарды бірлесіп өткізгенде басқа ұйымдардың өкілдері кіре алады. Жұмыс тобы семинардың жұмыс немесе түпкілікті атауын, өткізу мақсатын, тақырыбын (бірнеше өзекті мәселелер), сессия (секция) санын, семинарда қатысатын адамдар тобын, орнын, күнін және семинардың ұзақтылығын анықтайды. Оның қорытындысы бойынша семинар бағдарламасы және қатысушылар тізімінің жобалары дайындалады.
Семинардың ұйымдастырушылары әртүрлі мекемелерге семинарға қатысу туралы ұсыныстар жолдауы мүмкін. Мүдделі ұйымдар бірлескен іс-шаралар өткізілген кезде семинарды ұйымдастыру және өткізу бойынша жұмыс тобының құрамына енгізу үшін өз өкілдерін жіберу туралы ұсыныстарын енгізеді.
Жұмыс тобын қалыптастыру процесінде бағдарлама мен аудиторияға қарай, онда жергілікті соттардың жекелеген төрағаларының немесе олардың уәкілетті тұлғаларының, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдар, соның ішінде халықаралық ұйымдар өкілдерінің қатысуын көздеу ұсынылады.
Семинардың құрамы және қатысушылары
Семинардың қатысушылар құрамы судьялардың сот төрелігін жүзеге асыруда қиындық тудыратын ұсынылған мәселелерге; таңдап алынған тақырыпшалар, сауалнама бойынша құқық қолдану қызметінде жиі қателіктерге жол берілетін апелляциялық және қадағалау сатысындағы соттардағы судьяларды көрсететін статистикалық деректерге байланысты, сондай-ақ судьялардың мамандануы ескеріле отырып, қалыптастырылуы мүмкін.
Семинардың қатысушылары ретінде әр облыстан (егер семинар республикалық болса) немесе өңірден (егер семинар өңіраралық болса) аудандық және облыстық соттардың судьялары, ғалым-құқықтанушылар, Жоғарғы Сот судьялары, мемлекеттік органдардың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жұртшылық болуы мүмкін.
Семинарлар жаңадан бастаған судьялар үшін де, жұмыс тәжірибесі бар судьялар үшін де жеке немесе бірлесіп өткізілуі мүмкін.
Семинар өткізу кезінде үйренушілердің деңгейін ескеру қажет. Егер семинар жаңадан тағайындалған судьяларды оқыту үшін арналса, онда мән-жайлары жағынан айырмашылығы болады. Жаңадан бастаған жас судьялар үшін семинар бір аптаға есептелуі мүмкін. Мұндай семинарларда қандай да бір құқық саласы бойынша талқыланатын негізгі тақырыппен қатар сот процесінде іс тыңдаудың қалай жоспарланатына және жүргізілетініне қатысты ұсынымдар беріледі, талқыланатын тақырып бойынша іс жүргізу құжаттарын дайындаудың практикалық дағдыларын пысықтауға бағытталған бағдарлама ұсынылады немесе тақырыпқа қарамастан, этикалық сипаттағы, судья мәдениеті қатысты мәселелер және т.б. талқыланады.
Жұмыс тәжірибесі бар судьялар үшін шешімдерді қабылдау процесі, фактілерді сотта іздестіру сияқты мәселелер және т.б. қарастырылуы мүмкін.
Жекелеген семинарларға түрлі деңгейдегі және сот жүйесінің түрлі буындарындағы (облыстық және аудандық буын судьясына) судьяларға бір тақырып бойынша баяндамашы ретінде семинарға дайындалуды ұсынып, оларды қатыстырған өте пайдалы болады. Бұл олардың тәжірибе алмасуына мүмкіндік береді.
Басқа да қатысушылардың (мысалы, прокуратура, адвокатура, мемлекеттік органдар немесе өзге де ұйымдар өкілдерінің) семинарға қатысу мүмкіндігі туралы судьялардың пікірін зерделеу арқылы аралас құрамға арналған кеңейтілген семинарды осы тақырып бойынша ортақ күрделі мәселелер болған кезде өткізуге болады.
Сарапшыларды (негізгі баяндамашыларды)анықтау
Сарапшылар (негізгі баяндамашылар) ретінде жоғарғы буындағы сот жүйесінен тәжірибелі судьяларды тарту қажет. Сонымен бірге прокурорлар, адвокаттар, ғалымдар, психология және психиатрия сияқты заң саласынан тыс сарапшылар, қаржы сарапшылары және басқалар негізгі баяндамашылар немесе қосымша баяндамашы ретінде сөз сөйлей алады, бұл семинардың тақырыбына байланысты болады. Мысалы, «Процестегі жарыспалылық қағидатын сақтау» тақырыбындағы мәселелерді талқылау кезінде негізгі баяндамаларды процестің қатысушылары – прокурорлар, адвокаттар көрсете алады.
Семинардың бағдарламасына дәстүрлі түрде мемлекеттік органдар және басқа да ұйымдар өкілдерінің сөз сөйлейтін тақырыбы қосылады. Шақырылған сарапшылар (баяндамашылар) оқу материалындағы өз ойын осы тақырыпқа қатысты құжаттармен (мысалы, келісім – тараптардың атымен немесе онсыз, заңнама, бланкілер, құжаттардың үлгілері, сауалнамалар) толықтыра алады. Осы, сондай-ақ кез келген басқа негізгі құжаттар (практикалық жаттығулардың материалдары, библиография) әрі қарай оқылу үшін осы семинардың материалдар жинағына енгізілуі тиіс. Материалдарды семинардың басында әр қатысушыға таратып беруге болады, өйткені материалдар жинағы (үлестіру, анықтамалық материалдар) алдын ала даярлануы тиіс. Әр сарапшының (баяндамашының) өз материалдарын семинарға дейін үш апта бұрын ұсыну өте маңызды.
Семинарда интерактивті әдістерді қолдануды анықтау
Үйренушілердің мұқтаждылығы және қызығушылығына сәйкес ересек аудитория мен кәсіби дайындықты өткізу үшін шешуші кез оқыту бойынша ұйымдастырушылық қызметтің шыққан жері болып табылады. Сондықтан семинар бағдарламасы тыңдаушылардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету және оларға өз білімдерін, дағдыларын және әдеттерін тексеруге мүмкіндік беру, сонымен қатар қызығушылық тудыратындай құрылуы қажет. Оқу жағдайы барлық қатысушыларға ашық, оқыту әдеті әр түрлі, әсерлі және пікірлі болу қажет. Ұйымдастырушылар семинардың үлкен аудиторияға арналғанын ескере отырып, оқу әдістерді тәжірибелік дағдыларды иеленуге бағыттау керек. Тиімді құралдың бірі кіші баяндаманы материалдардан мазмұндау болып табылады, топтық талқылау және мысалдармен алып жүру.
Оқу материалын мазмұндау барысында баяндаманы көрнекі құралдармен немесе басқа әдістермен тіркестіруді қолдана отырып, алып жүруге болады.
Негізгі баяндамалардан кейін (қатардан екеуден кем емес) міндетті түрде талқылау болу қажет. Модератор пікірсайысқа қызығушылық таныту керек және талқылауға қандай әдісті таңдау, семинардың табыстылығына байланысты болады. Қандай жағдай болса да, баяндамадан кейін болатын аудиторияның шиеленістігін жеңу үшін, баяндаманың мазмұнынан екі-үш сұрақ дайындау қажет. Оқыту семинарларында аудитория үшін жауаптарымен тестік сұрақтар ойлап табу мүмкіндігі қарастырылғаны дұрыс. Осындай әдістемеде міндетті түрде пікірталас, талқылау болады.
Қатысушылар жеке немесе кіші топтарда семинарда көрсетілген үлгі бойынша жұмыс істейді. Семинарда топтық қарауға және талдауға белгілі жағдайдағы талдауды алдын ала әзірлеп ұсынуға болады. Кейбір семинарлар толығымен мысалдарға жүгінуі мүмкін, осылайша құрылу, барлық теориялық жағдайларды қозғайды.
Сот шешімін жазу бойынша курстар қатысушылардың белсенді тәртібінің басқа мысалы болып табылады. Мұндай семинарларда қатысушылар нақты оқиғаны мысалға ала отырып шешім жазу керек. Сарапшылармен шешім бағаланып және түсінік беріледі. Осындай оқыту түрі қатысушылардың өздерінің белсенді жұмыс арқылы тиімді болып табылады.
Кіші топтағы семинарлар оқытуға судьялардың қатысуымен құрылады (рөлдік ойындар), мәселелердің шешімі бойынша нақты оқиғаны зерттеу, істердің сценариясы мен жаңғырту, сонымен қатар кәсіби машықтар мен шешімдерді қабылдауды дамыту үшін жалпы талқылау. Сарапшылармен дәріс оқу уақытында техникалық құралдар (аудио-бейне) қолданылуы мүмкін немесе проекторды пайдалану Power Point бағдарламасымен презентация жасалуы мүмкін. Мұндай жабдықтар қатысушыларға ақпаратты есіту ғана емес, баяндаманың мазмұнын ұмытпау және соған дағдылану арқылы тез түсінуге көмек бола алады.
Семинардың белсенді өтуі үшін судьяларға заңнама нормаларын түсіндіру, даулы сұрақтарын қозғайтын алдын ала сауалнамаларды беруге болады. Бұл сауалнамалар, ұсынылған құжаттар семинардың өтуін жеңілдетеді, себебі пікірталасты алдын ала әзірлеуге болады.
Семинардың тақырыбы жай білім беру туралы ғана емес, сонымен бірге проблемалық мәселелерді арнайы зерттеу туралы, онда түрлі ұйымдарға қатысып оқу нысандарын енгізу мүмкіндігі (түрме, милиция бөлімі, соттар, адвокаттық конторалар және т.б.) қамтылады. Семинарды бірлескен талқылаумен аяқтаған жөн болады.
Жоғарыда көрсетілген интерактивті әдістерді қолдану аудиториямен байланысты үнемі қамтамасыз етіп отырады, материалдың меңгерілуінің тиімділігін арттырады, әдіснаманың бағытын дұрыстауға мүмкіндік береді, егер дәріс оқушы, баяндамашы немесе модератор материалдардың таныстырылуы толық білмесе, тыңдаушылар міндеттерін орындай алмайды. Бұл тыңдаушылардың емес, ең алдымен дәріс оқушының, баяндаушының немесе модератордың кемшілігі. Тыңдаушылардың қатысуымен қанағаттандыру, тұрақты түрде өз біліктілігін арттыру үшін, осындай жағдайларды оқу бағдарламалары үшін қамтамасыз ету керек.
БАҚ-тың қатысуы
Әрбір өзгеріс, соның ішінде әртүрлі шаралардың түрін өткізу (семинарлар, конференциялар және т.б.) сот-құқықтық саласында, ақпараттық қамтамасыз ету және баспасөз жағынан қолдауды қажет етеді. Осыған байланысты сот жүйесінің қызметкерлері сотпен өткізілетін әрбір шараға ақпараттық қамтамасыз ету жөнінде БАҚ-ты қатысу үшін шақыру қажет.
Ұйымдастыру жаққа бұл ретте келесідей ережелерді басшылыққа алу керек:
-
сот ақпаратына, жазу тәртібін жүргізуге, шараның өткізу залында сурет және бейнетүсірілімге журналисттерге қолжетімділігі қамтамасыз етуге жан-жақты жәрдемдесу;
-
БАҚ-қа шараны өткізу туралы алдын-ала анонс жасау;
-
БАҚ үшін қызығушылық танытып отырған, өткізіліп жатқан шараның қозғалатын мәселелер ауқымын анықтау;
-
баспасөз парақшасын дайындап, айрықша мәселеге назарды акцентеу талқыланатын тақырыптар туралы ақпараттау;
-
ұсыныс кезінде немесе іс-шараның үзілісінде алдын ала анықталған сұрақтар бойынша журналистерге түсініктеме беру үшін білікті адамды анықтау;
-
бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін іс-шараға және оның аккредитациясына шақыру;
-
журналистер мен операторлардың жұмысына ыңғайлылығына отырыс залын әзірлеу (аудио және бейнежазу дауыс зорайтқышы үшін динамиктерді орнату).
Семинардың тиімділігін сараптау
Семинардың сәтті өтуі үшін қатысушыларға сараптау сауалнамаларын толтыру ұсынылады, олардың көмегімен қойылған мақсаттың қай деңгейіне жетуін анықтауға болады. Олардың семинар уақытында қандай білім алғаны, сонымен қатар өткен ісшараның (материалдарды беру, мазмұны және ұзақтылығы) жеке моментеріне және оқу курсының уақытындағы міндеттердің қай дәрежеге жеткендігіне қатысты өз ескертулерін айтады. Осы мақсаттар үшін семинардың сапасы тиімділігін сараптау және үлестірмелі материалдардың папкасына сауалнамаларды салуға болады немесе сауалнамалар семинардың қорытынды кезеңінде ұсынылуы мүмкін.
Сараптаудың мақсаты:
-
семинардың өткізу әдісін дұрыс таңдалғанын растау (дәріс оқушылар, әдістер және т.б.);
-
тыңдаушылар қойылған міндеттерді меңгерді ма, соны тексеру;
-
заң практикасында жаңа мұқтаждылықтарды әрі қарай сабақтарға икемдету;
-
ұқсас семинарларды өткізу бойынша сараптама және талдау негізінде әрі қарай жетілдіру жұмыстарын жүргізу;
Сараптама мынадай көмекпен жүргізіледі:
-
семинардың қорытындысы бойынша семинардың жауапты адамымен әзірленген сауалнамалар талданады;
-
семинарды жүргізуші (сабаққа жауапты) мен қатысушылар арасындағы ерікті пікірталас.
Семинардың қорытындысы
Семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар семинардың мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асыруға бағытталған ұсыныстар қабылдап немесе ұсынымнамаларды әзірлейді.
Модератор сарапшылар мен қатысушыларына семинардың жүрісі мен ұйымдастырушылық сұрақтары жөніндегі пікірлерін айту мүмкіндігі ұсынылады, себебі судьялардың сапалы және толық білім алғаны оның әзірлену деңгейі және өткізілуіне байланысты болады. Ең бастысы сот оқу саласындағы жұмыстарды әрі қарай жетілдіру үшін объективтілік керек.
Қорытынды сөзінде қабылдаушы жақтың басшысы семинардағы ұсыныстардың оң жақтарын белгілей отырып, барлық семинар қатысушыларына алғыс білдіреді.
Қажетті ұсыныстарды судьялармен іс жүзіндегі ситуацияларда өз жұмыстарында пайдаланып және қолданылуы мүмкін.
_______________________
Достарыңызбен бөлісу: |