Конец формы
Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Бөлісу…
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы
Мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік сапаларына талапты арттыру мақсатында қаулы етемін:
1. «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы №1567 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., №19, 225-құжат; 2007 ж., №43, 499-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасы ережелері) осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ.
Астана, Ақорда, 2011 жылғы сәуірдің 1-і. №1180.
—————————————————————
Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 1 сәуірдегі № 1180 Жарлығына қосымша
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы№ 1567 Жарлығымен бекітілген
Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары)
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық-этикалық бейнесіне жоғары талаптар қояды.
Қоғам мемлекеттік қызметші өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін атқаратын кәсіби қызметіне жұмсайды, өзінің Отаны – Қазақстан Республикасына адал да қалтқысыз қызмет етеді деп сенім білдіреді.
2. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің осы ар-намыс кодексі (Мемлекеттік қызметшілер қызмет этикасының қағидалары) (бұдан әрі – Кодекс) «Мемлекеттік қызмет туралы» 1999 жылғы 23 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына, «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» 1998 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына және жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларға сәйкес Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілері мінез-құлқының негізгі стандарттарын белгілейді.
Мемлекеттік органдардың басшылары, орталық атқарушы органдарда -орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе белгіленген тәртіппен орталық атқарушы органдардың жауапты хатшыларының өкілеттіктері жүктелген лауазымды тұлғалар, ал орталық атқарушы органдардың жауапты хатшылары немесе көрсетілген лауазымды тұлғалар болмаған жағдайда – орталық атқарушы органдардың басшылары осы Кодекс талаптарының орындалуын, осы Кодекстің мәтінің мемлекеттік органдардың ғимараттарында баршаға көрінетіндей жерлерде орналастыруды қамтамасыз етеді.
4. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік қызметке тұрғаннан кейін бір ай ішінде осы Кодекспен жазбаша түрде таныстырылуы тиіс.
2. Мемлекеттік қызметшілер мінез-құлкының жалпы қағидалары
5. Мемлекеттік қызметшілер:
1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын жақтауға және оны дәйекті түрде жүзеге асыруға, өзінің іс-әрекетімен мемлекеттік биліктің беделін нығайтуға, мемлекет институттарының беделін түсіруге ықпал ететін іс-әрекеттер жасауға жол бермеуге;
2) заңдылық қағидаттарын, Қазақстан Республикасы Конституцияның, заңдары мен өзге де нормативтік құқықтық актілерінің талаптарын басшылыққа алуға;
3) қоғам мен мемлекеттің игілігіне қызмет етуге;
4) мемлекеттің мүддесіне залалын тигізетін, мемлекеттік органдардың тиімді жұмыс істеуіне бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
5) сеніп тапсырылған мемлекеттік мүлікке ұқыпты қарап, оны ұтымды әрі тиімді пайдалануға;
6) жеке және заңды тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін сақтау мен қорғауды қамтамасыз етуге, олардың өтініштерін қарау кезінде төрешілдік пен сөзбұйдаға салу көріністеріне жол бермеуге, өтініштер бойынша белгіленген мерзімде қажетті шаралар қолдануға;
7) мемлекеттік қызметке және мемлекет институттарына қоғамның сенімін сақтауға және нығайтуға;
8) өзінің іс-әрекеттерімен коғам тарапынан негізді сынға себепкер болмауға, сынағаны үшін қудалауға жол бермеуге, оң сын-ескертпелерді кемшіліктерді жою мен өзінің қызметін жақсарту үшін пайдалануға;
9) адал, әділ, қарапайым да сыпайы болуға, жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормаларды сақтауға;
10) Қазақстан халқының бірлігі мен елдегі ұлтаралық келісімді нығайтуға ыкпал етуге, мемлекеттік тілге және басқа тілдерге, Қазақстан халқьның салттары мен дәстүрлеріне құрметпен қарауға;
11) мемлекеттік және еңбек тәртібін бұлжытпай сақтауга, берілген өкілеттіктерді тиімді иеленуге; өзінің қызметтік міндеттерін адал, туралықпен және сапалы аткаруға; жұмыс уакытын тиімді пайдалануға;
12) жоғары кәсіби жұмыс үшін қажетті күш-жігерін салуга, қойылган міндеттерді шешудің оңтайлы да үнемді әдістерін қолдануға;
13) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік міндеттерін тиісінше орындауына бөгет болатын іс-әрекеттерге қарсы тұруға;
14) кадрларды туысқандық, жерлестік және жеке өзіне берілгендік белгілері бойынша іріктеу мен орналастыру жағдайларына жол бермеуге;
15) бағынысты қызметкерлердің міндеттері мен қызметтік өкілеттіктерінің көлемін дәл айқындауға, анық орындай алмайтын өкімдер бермеуге, бағынысты қызметкерлерден олардың қызметтік міндеттерінің шеңберінен тыс тапсырмалар орындауды талап етпеуге;
16) бағынысты қызметкерлерге қатысты негізсіз айыптауларға, дөрекілік, адамдық қадір-қасиетін кемсіту, жөнсіздік фактілеріне жол бермеуге;
17) бағынысты қызметкерлерді құқыққа қайшы теріс қылықтар немесе жалпы қабылданған моральдық-этикалық нормалармен үйлеспейтін іс-әрекеттер жасауға мәжбүр етпеуге;
18) кәсіби дайындықтың, оның ішінде орындалуы бағынысты қызметкерлердің функционалдық міндеттеріне жаткызылған мәселелер бойынша, қажетті деңгейіне ие болуға;
19) басқа мемлекеттік қызметшілердің тарапынан қызметтік этика нормаларын бұзу фактілерін болдырмауға және жолын кесуге;
20) өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдің іскерлік стилін ұстануға тиіс.
6. Мемлекеттік қызметшілер іскерлік этикетті сақтауға, ресми мінез-құлық қағидаларын құрметтеуге тиіс.
7. Мемлекеттік қызметшілер қызметтік жағдайларын және онымен байланысты мүмкіндіктерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың мүдделеріне, оның ішінде өзінің оларға көзқарасын насихаттау үшін пайдаланбауға тиіс.
Басшы лауазымдар атқаратын мемлекеттік қызметшілер бағынысты қызметкерлерді қоғамдық және діни бірлестіктердің, басқа да коммерциялық емес ұйымдардың қызметіне катысуға мәжбүрлей алмайды.
3. Мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлқы
8. Мемлекеттік қызметшілер сыбайлас жемкорлық көріністеріне қарсы тұруға, сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылыктарға не сыбайлас жемқорлықпен жымдасқан немесе сыбайлас жемқорлық үшін жағдай туғызатын әрекеттерге жол бермеуі тиіс.
Мемлекеттік қызметшілер басқа мемлекеттік қызметшілер тарапынан болатын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық фактілерінің жолын кесуі тиіс.
9. Егер мемлекеттік қызметшінің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық туралы дәйекті ақпараты болса, ол мұндай құқық бұзушылықтың алдын-алуға және жолын кесу жөнінде қажетті шаралар қолдануы тиіс.
Қажетті шараларға уәкілетті мемлекеттік органдарды хабардар ету және жоғары тұрған басшыны, мемлекеттік орган басшылығын хабардар ету жатады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар туралы ақпарат алғаннан кейін мемлекеттік органның басшылығы олар бойынша, оның ішінде, егер оның іс-әрекеттерінде мемлекеттік қызметшінің қызметін одан әрі жалғастыруға теріс ықпал ететін заңнама бұзушылықтар болмаса, мемлекеттік қызметшіні заңсыз қудалаудан, оның құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау жөнінде тиісті шаралар қабылдайды.
10. Мемлекеттік қызметшілер өз іс-әрекеттерімен және шешімдерімен жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыруды қиындататын әкімшілік және өзге де кедергілерге жол бермеулері тиіс. Мұндай фактілер анықталған жағдайда мемлекеттік қызметшілер оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға тиісті.
11. Мемлекеттік қызметшілер мемлекетке экономикалық залалдың алдын-алу жөнінде барлық мүмкіндіктерді пайдалануы, жеке мүдделеріне және үшінші тұлғалардың мүдделеріне орай тексерулерге бастамашылыққа жол бермеуі тиіс.
12. Мемлекеттік қызметшілер жеке мүліктік және мүліктік емес пайдалар алу үшін өзінің лауазымдық өкілеттіктерін және онымен байланысты мүмкіндіктерді қолданбауға тиіс.
13. Мемлекеттік қызметшілер мүдделер қақтығысын болғызбау үшін шаралар қолдануы тиіс.
14. Мүдделер қақтығысы туындаған ретте, яғни мемлекеттік қызметшінің жеке басының мүдделілігі және оның өз лауазымдық өкілеттіктерін тиісінше атқаруының немесе жеке заңды тұлғалардың, мемлекеттің заңды мүдделерінің арасында осы заңды мүдделерге зиян тигізетіндей қайшылық туындайтын жағдайда, мемлекеттік қызметші оның жолын кесу және реттеу жөнінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасында көзделген шараларды қабылдауға міндетті.
4. Көпшілік алдында сөйлеу
15. Мемлекеттік орган қызметінің мәселелері бойынша көпшілік алдында сөйлеуді оның басшысы немесе мемлекеттік органның бұған уәкілеттік берілген лауазымды тұлғалары жүзеге асырады.
Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік қызметтің беделіне нұқсан келтірмей, пікірсайысты әдепті түрде жүргізуі тиіс.
16. Мемлекеттік қызметшілер мемлекеттік саясат және қызметтік ісінің мәселелері жөніндегі өз пікірін, егер ол:
1) мемлекет саясатының негізгі бағыттарына сәйкес келмесе;
2) жариялауға рұқсат етілмеген қызметтік ақпаратты ашатын болса;
3) мемлекеттің лауазымды тұлғаларының, мемлекеттік басқару органдарының, басқа да мемлекеттік қызметшілердің атына әдепке сай емес сөздер айтудан тұрса, көпшілік алдында білдіруіне болмайды.
17. Мемлекеттік саясатты жүргізумен, мемлекеттік органның және мемлекеттік қызметшілердің қызметтерімен байланысты емес мәселелер бойынша мемлекеттік қызметшілердің мемлекеттік органның атынан жариялымдарына жол берілмейді. Педагогикалық, ғылыми және өзге де шығармашылық қызмет бойынша материалдар жариялауды мемлекеттік қызметші жеке тұлға ретінде тек өз атынан жүзеге асырады.
18. Мемлекеттік қызметшіге сыбайлас жемқорлық жасаған, оның ішінде кәсіпкерлік қызметпен айналысқан, біреулердің мүдделерін қолдаған, сондай-ақ мемлекеттік қызметшінің табысымен сәйкеспейтін заңсыз табыс пен мүлік алған деп негізсіз көпшілік алдында айып тағылған жағдайда, ол осындай айыптауды анықтаған күннен бастап бір ай мерзім ішінде оны теріске шығару, оның ішінде сот арқылы теріске шығару жөнінде шаралар қабылдауы тиіс.
5. Мемлекеттік қызметшілердің қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлқы
19. Мемлекеттік қызметшілер қызметтен тыс уакытта жалпы қабылдаған этикалық нормаларды ұстанулары, қоғамға жат мінез-құлық жағдайларына жол бермеуі тиіс.
20. Мемлекеттік қызметшілер қарапайымдылық танытуға, көлік, сервистік және өзге де қызметтерді алу кезінде мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық жағдайын баса көрсетпеуге және пайдаланбауға, өзінің іс-әрекеттерімен қоғам тарапынан негізді сынға себеп туғызбауға тиіс
Достарыңызбен бөлісу: |