Сабақтаң тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту.
Сабақтың мақсаты: а) Оқушыларды зерек, алғыр, ұқыпты болуға тәрбиелеу.
б) Оқушылармен ондық бөлшектерді қосу, азайту тақырыптарын
қайталап, бекіту.
в) Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, өз беттерінше
есептер шығаруға, ауызша есептер шығаруға ынталандыру.
Сабақтың барысы:
-
Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу. Сыныптың сабаққа дайындығын тексеру.
-
Сабақтың эпиграфы: «Математиканы көршінің жұмыс жасағанына қарап, үйрену мүмкін емес.» /Слайд 1,2,3/
-
Өткенді қайталау: 1) Ондық бөлшектер қайдан пайда болды?
2) Жай бөлшекті немесе аралас сандарды ондық бөлшек түрінде
жазу үшін не істеу керек?
3) Ондық бөлшекті жай бөлшекке қалай айналдырамыз?
4) Ондық бөлшектерді қалай салыстырамыз?
5) Ондық бөлшектерді қалай қосамыз, азайтамыз?
4. Ауызша жұмыс: Амалдар тізбегін орында. /Слайд 4/
5. Дәптерде жұмыс. Есептерде қандай қателер жіберілген? /Слайд 5/
6. Ауызша, жұппен жұмыс. /Слайд 6/
7.Өз беттерінше жұмыс. /Слайд 7,8/
8.Тақтада жұмыс: Сәйкестікті көрсету/Слайд 9/
Теңдеуді шешу. /Слайд 10/
Жұмбақ: Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді,
Көңілге армандаған қона бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсеткен
Қандай сан бар, достарым, пікір демейді.
(Бөлшек сан)
9. Флипчарт пен жұмыс
1) Теңдіктер тепе-тең шығу үшін «+» немесе «-» таңбаларын қой.
2)Теңдеуді шешіңдер.
3) Өрнекті ықшамда.
4) Өрнек құрастырып, мәнің табыңдар.
10.Қорытынды: Тест
Жауаптары/Слайд 11/
Оқушылар бір-бірін тексеріп, баға қояды.
Таран қазақ орта мектебі
Өткізген: Сапабекова Ә.С.
2010ж.
Достарыңызбен бөлісу: |