«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
Р/
с
N
|
Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі
|
Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты
|
1
|
Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган
|
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
|
2
|
Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі
|
«Мемлекеттік басқару деңгейлер арасында құзыреттерді ажырату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырылулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңың, «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875, Қазақстан Республикасы Президентінің «Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасы туралы» 2013 жылғы 28 тамыздағы № 625 Жарлықтарың іске асыру және Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңына сәкестендіру мақсатында
|
3
|
Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі
|
Осы жобаны қабылдау Қазақстан Республикасы Президенті Жарлығының жобасын Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізуге мүмкіндік береді
|
4
|
Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар
|
Талап етілмейді
|
5
|
Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі
|
Мемлекеттік басқарудың белгіленген құрылымына мемлекеттік органдардың құзыреттерін сәйкестендіру, тиімді мемлекеттік басқарудың элементтерін әру қарай енгізу
|
6
|
Жобада қаралатын мәселелер бойынша Президенттің және/немесе Үкіметтің бұрын қабылданған актілері және олардың іске асырылу нәтижелерітуралы мәліметтер
|
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы
№ 931 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президенті Жарлықтары
|
7
|
Заңнаманы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі
|
Талап етілмейді
|
8
|
Премьер-Министрдің тапсырмасы бойынша басқа ұйымдарда қосымша (құқықтық, сыбайлас жемқорлыққа қарсы, лингвистикалық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа да) сараптама жүргізілген жағдайда оның нәтижелері.
|
|
9
|
Өзге де мәліметтер
|
Жоқ
|
10*
|
Материалдарды (үзінді көшірмелерді) Үкімет мүшелерінің мобильдік құрылғыларына "Қазақстан Республикасы Үкіметінің мобильдік кеңсесі" ақпараттық жүйесі арқылы беруге рұқсат етіледі
|
Рұқсат етіледі
|
11
|
Қаулы жобасын мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтта, интранет-порталда немесе басқа ақпараттық жүйеде) орналастыру туралы ақпарат
|
|
12
|
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында (веб-сайтында) әлеуметтік мәні бар қаулы жобасына баспасөз релизін орналастыру туралы ақпарат (баспасөз релизінің атауы, күні)
|
Талап етілмейді
|
Министр Е. Досаев
2014 жылғы «___»___________
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Масимов
Қазақстан Республикасы
Президенті
Н.А. Назарбаевқа
.
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасына
ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА
«Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығының жобасы (бұдан әрі - Жарлықтың жобасы) «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесінің реформасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 6 тамыздағы № 875 Жарлығын (бұдан әрі - № 875 Жарлық) және бір қатар нормативтік құқықтық актілерді іске асыру мақсатында әзірленді.
Жарлықтың жобасында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу көзделеді.
№ 875 Жарлықты іске асыру шеңберінде жарлықтың жобасында мыналар көзделеді:
Өңірліқ даму уәкілетті оргнның Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы мониторингтеу бойынша, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақьы дамыту бағдарламаларды қарау және келісу құзыреттерін алып тастау;
Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы мониторингтеу, Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібі мен мерзімдерін айқындау бойынша құзыреттерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық органга беру.
«Мемлекеттік басқару деңгейлер арасында құзыреттерді ажырату мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырылулар енгізу туралы» 2014 жылғы 29 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Заңың іске асыру мақсатында Жарлықтың жобасында мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орталық органдармен келісім бойынша стратегиялық жоспарын бекіту құзыретін мемлекеттік әзірлеуіш-органға беру көзделген.
Бұдан басқа, Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 28 тамыздағы № 625 Жарлығымен бекітілген Нәтижелерге бағдарланған мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасын іске мақсатында Жарлықтың жобасында мыналар көзделген:
облыстық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын іске асырылуына бағалау жасау тексеру комиссяларының құзыреттерін, Бюджет кодексінің 142-бабымен сәйкестендіру мақсатында, онда олардың құзыреттері 2015 жылғы 1 қаңтарға дейін шектелген, алып тастау;
мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының құрылымын өзгерту;
тұжырымдаманы бекіту құзыретін нақтылау және оны іске асыру тетігін айқындау;
Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын әзірлеу уақытылық мерзімін айқындау;
стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асырылуына бағалау жүргізу кезде үкіметтік емес ұймдармен өзара іс-қимыл тетегін айқындау;
Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын және Қазақстан Республикасы даму стратегиялық жоспарын бағалау мерзімдерін синхрондау;
Индикаторлардың бырыңғай базасын әзірлеу.
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 550-IV «Ұлттық әл-ауқат қоры туралы» Заңына сәйкес, Ұлттық әл-ауқат қорында қопоративтік басқару жүйесін жетілдіру және әрі қарай дамыту, келісу кезде оларды келісу кезде қайталануды алып тастау жолымен Ұлттық әл-ауқат қорының құжаттарын қабылдау процессін қысқарту мақсатында Жарлықтың жобасында мыналарр көзделеді:
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын ескере отырып әзірленуі;
Ұлттық әл-ауқат қорының даму стратегиясын оныңн жалғыз акционері бекітуі;
Ұлттық әл-ауқат қорының даму жоспардың мазмұнына, оның мазмұнына мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық орган бекіткен ен төмен талаптар негізінде, Ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесі талаптарды айқындау;
Сондай-ақ, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы заңының 184-бабының 4-тармағына, Ұлттық әл-ауқат қорының даму стратегиясын және жоспарын мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орталық органдармен келісу керектігін алып тастау бөлігінде, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Ұлттық әл-ауқат қоры қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 1 ақпандағы № 551-IV Заңымен енгізілген өзгерістеріне сәйкес Жарлықтың жобасында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесін сйкестендіруге бағытталған нормалар көзделген.
Жоғарыда көрсетілген өзгерістер Ұлттық әл-ауқат қорын Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік жоспарлау жүйесіне ріріу көзғалмайды.
Жарлықтың жобасын іске асыру республикалық бюджеттен қосымша қаржылық қаражатты талап етпейді және теріс әлеуметтік-экономикалық және құқықтық салдарға әкеп соқтырмайды .
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министр К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы Президентінің «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 және «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
2014 жылғы 6 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің № 875 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару жүйесін реформалау туралы», сондай-ақ 2013 жылғы 28 тамызда Қазақстан Республикасы Президентінің № 625 Жарлығымен бекітілген Нәтижелерге бағытталған Мемлекеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру тұжырымдамасының Нәтижелерге бағдарланған Мемлекеттік жоспарлау жүйесің жетілдіру тұжырымдамасын іске асыру мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Қазақстан Республикасы Президентінің мынадай жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 18 маусымдағы № 827 Жарлығына(Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 30, 259-құжат; 2010 ж., № 20-21, 150-құжат; 2012 ж., № 13, 231-құжат; № 68, 976-құжат; 2013 ж., № 36, 529-құжат; 2014 ж., № 40-41, 374-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінде:
7-тармақта:
үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«Тұжырымдаманы Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.»;
мынадай редакциядағы төртінші абзацпен толықтырылсын:
«Тұжырымдаманы іске асыру үшін мемлекеттік орган-әзірлеуіш іске асыру кезеніне немесе әрбір ортамерзімді кезеніне кезен-кезенімен ұжырымдаманы іске асыру бойынша іс-шаралар жоспары әзірлейді. Іс-шаралар мүдделі мемлекеттік органдармен келісу бойынша тұжырымдама бекітілген күннен бір ай мерзімде немесе кезекті кезен-кезені болуына бір айына дейін мемлекеттік орган-әзірлеуіштің бұйрығымен бекітіледі.»;
14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық орган тиісті кезеңге арналған Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлейді. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасы - бұл елдің тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін өңірлер бөлінісіндегі өндірістік күштерді, көліктік-коммуникациялық, әлеуметтік және басқа инфрақұрылымды ұтымды орналастыру және ел халқын жайластыру жүйесі.
Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының іске асырылуына мониторинг және бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық орган жүргізеді.
Мониторинг пен бағалау негізінде Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын түзету жүзеге асырылуы мүмкін.
Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының іске асырылуын бақылауды Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі жүзеге асырады.
Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау жүргізу және іске асырылуын бақылау тәртібі мен мерзімдерін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды.»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы Қазақстанның 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын, Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру мақсатында әзірленеді және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы негізгі проблемалар мен қауіп-қатерлерді, стратегиялық мақсаттар мен нысаналы индикаторларды, міндеттер мен нәтижелер көрсеткіштерін, сондай-ақ ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету критерийлерін айқындайды.
Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясы алдынғы Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын іске асыруының сонғы жылынан кеш емес әзірленеді.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Әлеуметтік-экономикалық даму болжамын әзірлеу тәртібі мен мерзімдерін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық орган айқындайды.»;
26-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Мемлекеттік бағдарламаларды тиісті мемлекеттік орган әзірлейді және ол мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі.»;
30-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Мемлекеттік бағдарламаның іске асырылуын мониторингтеуді әзірлеуші мемлекеттік орган не Қазақстан Республикасының Президенті немесе Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы уәкілеттік берген өзге мемлекеттік орган.»;
мынадай мазмұндағы 35-1-тармақпен толықтырылсын:
«35-1. Салалық бағдарламаларына жүргізілген мониторинг нәтижелерінің дұрыстығы мен толықтығы үшін жауапкершілік құжаттарды әзірлеуші мемлекеттік органдарға жүктеледі.
Бірлесіп орындаушы мемлекеттік органдар салалық бағдарламаларын мониторингтеу процесінде пайдалану үшін өз құзыреті шегінде Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің құжаттарын әзірлеуші мемлекеттік органдарға беретін ақпараттың толықтығына, сапасына және дұрыстығына жауапты болады.»;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«37. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспары мемлекеттік орган қызметінің стратегиялық және бағдарлы бағыттарын, оның мақсаттарын, бюджеттік және стратегиялық жоспарлау өзара байланысын қамтиды.»;
40-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымына кіретін мемлекеттік органның стратегиялық жоспарын Қазақстан Республикасының мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орталық органдармен келісім бойынша мемлекеттік орган бекітеді.»;
41-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«41. Стратегиялық жоспарды іске асыру үшін мемлекеттік орган жыл сайын операциялық жоспар әзірлейді.
Операциялық жоспар мемлекеттік органның ағымдағы қаржы жылындағы стратегиялық жоспардың мақсаттарына, бюджеттік бағдарламалардың міңдеттеріне және көрсеткіштеріне қол жеткізу жөніндегі іс шаралардың мерзімдерін, жауапты орындаушыларын және жүзеге асыру нақты іс-қимылын қамтитын құжат болып табылады.»;
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті жүргізетін бағалаудан басқа, орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуын бағалау Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 19 наурыздағы № 954 Жарлығымен бекітілген орталық мемлекеттік органдар мен облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органдары қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау жүйесі шеңберінде жүзеге асырылады.»;
44-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«44. Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті орталық мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларының іске асырылуына бағалауды өзінің жұмыс жоспарына сәйкес жүргізетін бақылау іс-шаралары шеңберінде жүзеге асырады.»;
48-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті тиісті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және орталық мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен, мүдделі орталық мемлекеттік органдармен келісіледі.»;
50-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«50. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыру үшін жергілікті атқарушы орган орталық мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша оны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекітеді.»;
56-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«56. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарын ескере отырып 10 жылға әзірленеді.
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары алдынғы Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыруының сонғы жылынан кеш емес әзірленеді.
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегиялары олардың стратегиялық бағыттарын, мақсаттары мен қызметі нәтижелерінің көрсеткіштерін айқындайды және акциялары (қатысу үлестері) ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға осы заңды тұлғалар қабылдайтын шешімдерді айқындауға құқық беретін заңды тұлғалардың даму стратегиялары ескеріле отырып әзірленеді.
Ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорынаң басқа), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының жобалары Мемлекеттік жоспарлау жүйесінің жоғары тұрған құжаттарында баяндалған мақсаттарға, міндеттерге және бюджеттік параметрлерге сәйкестігі тұрғысынан мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органмен келісіледі және оларды Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Ұлттық әл-ауқат қорының даму стратегиясын Ұлттық әл-ауқат қорының директорлар кеңесі маұүлдаған кейін жалғыз акционері бекітеді.
Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларын іске асыру мақсатында ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың 5 жыл мерзімге арналған даму жоспарлары әзірленеді.
Ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға арналған даму стратегияларын әзірлеу мен бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.»;
57-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«57. Ұлттық басқарушы холдингтердің (Ұлттық әл-ауқат қорынан басқа), ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуына мониторингті Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен тиісті саланың уәкілетті органы немесе жергілікті атқарушы орган (жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган) жүзеге асырады.
Ұлттық әл-ауқат қорының даму стратегиясын бағалауды оның директорлар кеңесі жүзеге асырады.»;
58-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«58. Ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың даму стратегияларының іске асырылуын бағалауды аудиттелген қаржылық есептілік бекітілгеннен 3 ай кейін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық орган жүзеге асырады.»;
61-тармақтың бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Бақылау – қойылған мақсаттарға және міңдеттерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асыру барысын қарау және реттеу процессі. ».
2) «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 20-21, 150-құжат; 2012 ж., № 68, 976-құжат; 2013 ж., № 36, 529-құжат; 2014 ж., № 40-41, 374-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу қағидаларында:
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Құжаттарды іске асырылуына мониторингтеу нәтижелері құжаттарды әзірлеуші мемлекеттік органдар жасайтын іске асыру туралы есепті қалыптастыру жолымен мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын нысанда және тәртіппен жүзеге ресімделеді.»;
16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлігімен толықтырылсын:
«Құжаттың іске асырылуы бюджеттік инвестицияларды іске асырылуына байланысты жағдайларда мемлекеттік орган-әзірлеуіш іске асыру туралы есептілікте құжатты іске асыру бойынша іс-шаралардың деңгейің айқындау бойынша көшпелі іс-шараларының нәтижелері туралы ақпарат көрсетіледі.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Құжаттарды бағалау: барлық бағалау кезеңіндегі, осы Қағидалардың 15-17-тармақтарына сәйкес жасалатын іске асыру туралы есептің, статистикалық ақпараттың; бақылау тексерістерінің; үкіметтік емес ұйымдардың, ғылыми институттардың, халықаралық сарапшылардың және басқалардың бағалауы негізінде жүргізіледі.
Стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды бағалау кестесіне сәйкес бағалауды жүргізуге жауапты мемлекеттік органның веб-сайтында, жыл сайын жыл басында ағымдағы жылда бағалауға жататың құжаттар тізбесі туралы ақпарат жарияланады.
Үкіметтік емес ұйымдар, ғылыми институттар, шет елдік сарапшылар өздерінің тәуелсіз бағалауды жүргізеді және кейін стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды іске асырылуына бағалау бойынша түпкілікті қорытындыларды қалыптастыру кезінде ескерілетін өзінің ақпаратың бағалауды жүргізуге жауапты мемлекеттік органға жолдайды.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Бақылау – қойылған мақсаттарға және міңдеттерге қол жеткізуді қамтамасыз ету үшін Мемлекеттік жоспарлау жүйесі құжаттарының іске асыру барысын қарау және реттеу процессі.
Басқару шешім қабылдану бақылау деректер негізінде жүзеге асырылады.»;
47-тармақ мынадай мазмұндағы 8) тармақшасымен толықтырылсын:
«8) мемлекеттік жоспарлау жүйесінің төмен турған құжаттарына декомпозициялау немесе каскадтау мүмкіндік.»;
мынадай мазмұндағы 48-1-тармақпен толықтырылсын:
«48-1. Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде онда индикаторлардың тізбесі, олардың мәні, олар көрсетілу тиісті құжаттардың деңгейі, мерзімдер мен оларға қол жеткізілуін бірізділікігі, оларға қол жеткізілуіне жауапты мемлекеттік органдар бар Индикаторлардың бырыңғай базасы бекітіледі.
Индикаторлардың бырыңғай базасын әзірлеуді Жұмыс топтарын құру және мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орталық органның веб-сайтында оны әзірлеу барысы туралы ақпаратты жариялау жолымен мүдделі мемлекеттік органдармен, үкіметтік емес ұйымдармен, қоғаммен бірлесіп Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын әзірлеумен қатар мемлекеттік жоспарлау бойынша уәкілетті орталық орган жүзеге асырады.»;
53-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«53. Орталық мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган мемлекеттік органдар ұсынатын Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын іске асыру туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есеп пен қорытынды жобасын қалыптастырады.
Орталық мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 10 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарының мониторингі бойынша іске асыру туралы есепті және қорытындының жобасын ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.»;
54-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«54. После рассмотрения отчета о реализации и проекта заключения по мониторингу Правительство Республики Казахстан при необходимости дорабатывает проект заключения и представляет заключение вместе с отчетом о реализации в Администрацию Президента Республики Казахстан до 20 июля года, следующего за отчетным периодом.»;
60-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«60. Алдағы онжылдық кезеңге арналған Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының жобасын әзірлеуді, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, жарғылық капиталына мемлекет қатысатын ұлттық компаниялардың, қоғамдық және ғылыми-зерттеу ұйымдарының қатысуымен орталық мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
67-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Орталық мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асыру үшін кезең-кезеңімен әрбір орта мерзімді кезеңге арналған Іс-шаралар жоспарын әзірлейді.»;
68-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«68. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының мониторингін орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын іске асырылу барысы туралы ақпарат негізінде іске асыру туралы есепті қалыптастыру арқылы мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық орган жүргізеді.»;
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«70. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының мониторингін жүргізу үшін мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге жауапты орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар өз құзыреті шегінде, есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 маусымына дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық органға Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асырылу барысы туралы ақпарат береді.»;
70-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«71. Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық орган орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар ұсынатын Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын іске асырылу барысы туралы ақпараттың негізінде іске асыру туралы есеп пен қорытындының жобасын қалыптастырады.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық орган есепті кезеңнен кейінгі жылдың 1 шілдесіне дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне іске асыру туралы есепті және мониторинг бойынша қорытындының жобасын ұсынады, сондай-ақ бірінші басшының қолы қойылған іске асыру туралы есепті веб-порталда (құпия сипаттағы және қызмет бабында пайдалануға арналған ақпаратты қоспағанда) орналастырады.»;
73-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«73. Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасын бағалауды мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық орган осы Қағидалардың 24-тармағында көрсетілген құжаттар негізінде бағалау бойынша қорытындының жобасын қалыптастыру арқылы Қазақстан Республикасының Стратегиялық даму жоспарын бағалау жүргізген жылда жүргізеді.»;
99-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«99. Мемлекеттік бағдарламаның мақсаттары мен міндеттері анық, нақты, бақыланатын және тексерілетін болуы тиіс. Нысаналы индикаторлар мен және нәтижелер көрсеткіштері кешендік сипатта, аяаралық және ведомствоаралық сипатты мәселередін шешуін деңгейін көрсету керек.»;
121-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«121. Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының құрылымы мынадай бөлімдерден тұрады:
1) миссиясы және пайымы;
2) ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару;
3) яа/саланы дамыту бағдарлы бағыттар;
4) стратегиялық және бюджеттік жоспарлау өзара байланысының сәулеті;
5) стратегиялық мақсаттар мен индикаторлар;
6) ресурстар.»;
125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «125. «Ағымдағы ахуалды талдау және тәуекелдерді басқару» бөлімінде жазылады:
«Ағымдағы ахуалды талдау» бөлімшесінде:
1) статистикалық деректерді не қызмет саласының немесе аясының жай-күйін сипаттайтын басқа да көрсеткіштерді келтіре отырып, оның ішінде басқа елдермен салыстырғанда мемлекеттік орган қызметінің реттелетін саласын немесе аясын дамытудың негізгі параметрлері;
2) экономика мен қоғамның алдында тұрған, шешілуіне стратегиялық жоспар бағытталған негізгі проблемаларды талдау;
3) саланы немесе қызмет аясын дамытуға әсер ететін негізгі сыртқы және ішкі факторларды бағалау баяндалады.
«Тәуекелдерді басқару» бөлімшесінде:
1) мемлекеттік органның қызметіне әсер ететін ықтимал тәуекелдер тізбесі және мемлекеттік органның стратегиялық жоспарының іске асырылу барысына әсер ететін және жоспарлаған нәтижелерге қол жеткізуге кедергі келтіретін тәуекелдерді басқару жөніндегі іс-шаралар баяндала отырып, олардың алдын алу және (немесе) еңсеру бойынша болжамды іс-қимылдар келтіріледі;
2) объективті немесе субъективті сипаттағы ішкі немесе сыртқы себептер бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізбеу тәуекелі күшейген жағдайда, мемлекеттік органның көзделген нақты баламалы іс-шаралары баяндалады.
3) объектік немесе субъективтік сипаттағы сыртқы және ішкі себептер үшін жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізуіне тәуекелді алдына алу үшін негізгі жолдар көрсетліледі, ол күшейген жағдайда.
Жете қаржыландырылмау тәуекелі мемлекеттік органның көрсеткіштеріне қол жеткізбеудің ықтимал тәуекелі ретінде таныла алмайды.»;
129-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «129. «Ая/саланы дамыту бағдарлы бағыттар» бөлімде мыналар болады:
осы бағыттарды бағдарлы бағыттар санына кіргізуге негізін (Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайыңғы үндеу, әлеуметтік-экономикалық, саясаттық жағдайын өзгері және тағы басқалар) көрсетіп ая/саланы дамыту бағдарлы бағыттардың қысқаша сипаты;
ая/саланы дамыту бағдарлы бағыттарың іске асыру бойынша негізгі жолдар.
Ая/саланы дамыту бағдарлы бағыттар мемлекеттік орган қызметінің бар стратегиялық бағыттарына интеграциялады немесе мемлекеттік орган қызметінің жаңа стратегиялық бағыттар қалыптастырылады.
Стратегиялық бағыттар өзгерістері стратегиялық және бағдарламалық құжаттарда белгіленген мақсаттар мен басымдықтарға қол жеткізу үшін неғұрлым маңызды болып табылатын экономиканың реттелетін салаларын, секторларын немесе қызмет аяларын талдау негізінде қалыптастырылады.»;
130-137-тармақтар алып тасталсын;
138-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«138. «Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау өзара байланысының сәулеті» бөлім 2050 жылға дейін Қахақстанның даму стратегиясымен, 2020 жылға дейін Қазақстан Республикасының даму стратегиялық жоспарымен айқындалған жалпыұлттік мақсаттарымен және бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің стратегиялық бағыттарымен, мақсаттарымен және бюжеттік қаражатымен өзара байланысын көрсетуге арналған.
«Стратегиялық және бюджеттік жоспарлау өзара байланысының сәулеті» бөлімде схема турінде, мемлекеттік органдардың стратегиялық бағыттары бөлінісінде осы стратегиялық бағытының анау немесе басқа мақсатына қол жеткізу барлық бюджеттік бағдарламалардың кодтары мен атаулары көрсетіліп мемлекеттік органның стратегиялық бағыты анау немесе басқа жалпыұлттық мақсатқа, нысаналы индикаторға бағытталғаны көрсетіледі.»;
139 -тармақ алып тасталсын;
140-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«140. «Стратегиялық бағыттар мен индикаторлар» бөлімінде тек қана мемлекеттік органның қызметіне тәуелді және оның әсер ететін облысында болатын мемлекеттік органның стратегиялық мақсаттары мен нысаналы индикаторлары айқындалады.
Мемлекеттік органның мақсаты осы мемлекеттік органның қызметінде немесе ол реттейтін аяда нысаналы индикаторларда көрініс тапқан белгілі бір нақты өзгерістерге қол жеткізу болып табылады.
Мақсаттарды айқындау кезінде мемлекеттік орган мынадай талаптарды ұстануы қажет:
1) мақсаттың белгіленген проблемалармен нақты себеп-салдарлық байланысының болуы;
2) мақсатқа қол жеткізуді сандық көрсеткіштердің көмегімен көрсету мүмкіндігі;
3) Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарының, Елді аумақтық-кеңістікте дамытудың болжамды схемасының, мемлекеттік бағдарламалардың, аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсаттарына сәйкестігі;
4) мақсаттардың қысқа және нақты баяндалуы, оларды тұжырымдау кезінде мыналарға:
ауызекі немесе әртүрлі түсінуге болатын терминдерді, ұғымдар мен сөздерді пайдалануға;
мақсаттың өзіне қол жеткізудің салдары болып табылатын өзге де мақсаттарды, міндеттерді немесе нәтижелерді көрсетуге жол берілмейді.
Мемлекеттік органның стратегиялық жоспарында әрбір мақсат үшін нысаналы индикаторлар айқындалады және мақсатқа қол жеткізудің жолдары, құралдары мен әдістері сипатталады.
Әрбір нысаналы индикатор бойынша есепті және бесжылдық кезеңнің жылдары бойынша нысаналы индикатордың аралық мәнін айқындай отырып, оның жоспарланған мәніне қол жеткізудің түпкілікті мерзімі (кезеңі) айқындалады.»;
141-146-тармақтар алып тасталсын;
147-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«147. «Бюджеттік бағдарламалар» бөлімінде есепті және бесжылдық жоспарлық кезеңнің жыл бөлігінде бюджеттік бағдарламалар бойынша бөліксіз бюджет шығыстарының жиынтығы, соңдай-ақ адами ресурстар (стратегиялық жоспарды іске асыруға жүмсалған адам саны.»;
148-тармақ алып тасталсын;
166-тармақ алып тасталсын;
«166. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын әзірлеуді облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың тисті жергілікті мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы жүзеге асырады және мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық орган, өзге де мүдделі мемлекеттік органдармен келісіледі.
Мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық орган, өзге де мүдделі мемлекеттік органдар аумақтарды дамыту бағдарламаларының жобаларын келіп түскен күнінен бастап бір айдан аспайтын мерзімде қарайды.»;
174-тармағының 2) тармақшасын мынадай редакцияда жазылсын:
«2) экономикалық даму, әлеуметтік сала, инфрақұрылымдық кешен, аумақтық (кеңістікте) дамыту, өңіраралық ынтымақтастық, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесі бағыттары бойынша аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау;»;
176-тармағының 1) тармақшасын мынадай редакцияда жазылсын:
«1) тұтастай алғанда өңірдің экономикасын, әлеуметтік саланы, инфрақұрылымдық кешенді, аумақтық (кеңістіктік) құрылымды, өңіраралық ынтымақтастық, мемлекеттік жергілікті басқару және өзін-өзі басқару жүйесін дамыту бөлігінде өңірді дамытудың негізгі бағыттары;»;
181-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«181. Аумақты дамыту бағдарламасының мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары мен іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері оларға қол жеткізуге жауапты мемлекеттік органдар мен ұйымдар көрсетіле отырып келтіріледі.
Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштері мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орган әзірлеген және бекіткен Базалық көрсеткіштер тізбесі арқылы белгіленеді.
Ауданды (облыстық маңызы бар қаланы) дамыту бағдарламаларының нысаналы индикаторлары мен нәтижелер көрсеткіштерін облыстың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органы әзірлейді және бекітеді.»;
189-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«189. Облысты, республикалық маңызы бар қаланы, астананы дамыту бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын тиісті аумақтың мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті органы әзірлейді және оны тиісті аумақтың әкімі мемлекеттік жоспарлау жөніндегі уәкілетті орталық органмен келісім бойынша аумақтарды дамыту бағдарламасы бекітілгеннен кейін бір ай мерзімде бекітеді.».
2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Акорда, 2014 года
№
Достарыңызбен бөлісу: |