Жылдарға арналған стратегиялық жоспары 1 тарау. Миссиясы және пайымы Миссиясы



бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі424.5 Kb.
#7897
  1   2   3   4
Алматы қаласы әкімдігінің

2011 ж. «___»__________

№ _____қаулысымен

бекітілді



АЛМАТЫ ҚАЛАЛЫҚ ЖҰМЫЛДЫРУ ДАЙЫНДЫҒЫ, АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАНЫС, АВАРИЯЛАР МЕН ДҮЛЕЙ ЗІЛЗАЛАЛАРДЫҢ АЛДЫН АЛУДЫ ЖӘНЕ ЖОЮДЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

2011-2015 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН
СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ

1 тарау. Миссиясы және пайымы

Миссиясы

Жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру және дамыту, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою.



Пайымы

Жұмылдыру дайындығының, аумақтық және азаматтық қорғаныстың, халықты қазіргі заманғы қырып жою құралдарынан, лаңкестік әрекет салдарынан, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғаудың тиімді жүйесі, өңірдің экономикалық әлеуетін сақтау.



2 тарау. Қызметтің тиісті салаларының даму үрдісінің ағымдағы жағдайын талдау

1. 1 стратегиялық бағыт. Алматы қаласының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жүйесін дамыту.

1.1) Қызмет саласының немесе реттеуші сала дамуының негізгі параметрлері

Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласында ҚР заңнамаларында белгіленген жұмылдыру дайындығы және жұмылдырудың талаптары мен нормативтеріне мемлекеттік органдар мен ұйымдардың тиісті дайындық деңгейін қамтамасыз ету.



1.2) Негізгі түйткілді мәселелерді талдау

Саланың ағымдағы және күтілетін түйткілді мәселелерінің ішінде:

- мемлекеттік билік органдарының, сондай-ақ жұмылдыру тапсырыстары бар кәсіпорындар мен ұйымдардың жұмылдыру дайындығы жүйелерінің тиімді жұмыс істеуін;

- соғыс жағдайында және соғыс уақыты жағдайындағы жұмысқа ауыстыру кезеңінде экономиканың тұрақты жұмыс істеуін басқаруды анықтайтын және реттейтін, ұйымдастырушылық және нормативтік құқықтық актілердің жетілмеуі;

- Еліміздің зардап шеккен азаматтарының мәселелерін шешу уақыты бойынша жедел және көлемі бойынша пара-пар келуге мүмкіндік бермейтін ТЖ зардаптарын жоюға көзделген материалдық резерв;

- Ұжымдық қорғану құралдарын күтіп-ұстау, техникалық қызмет көрсету, уақтылы жөндеу, жеке қорғану құралдарын жаңарту бойынша кәсіпорындардың және ұйымдардың жеткіліксіз жұмысы баяндалады.


1.3) Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Сала инфрақұрылымының жағдайы. Алматы қаласының жұмылдыру дайындығы Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 маусымдағы № 127-1 «Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру туралы» Заңына, соғыс уақытында және жұмылдыру кезеңінде қала экономикасын үздіксіз жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында халықты, ұйымдарды, мемлекеттік органдарды алдын-ала дайындайтын, бейбіт уақытта өткізілетін жалпы мемлекеттік іс-шаралар көлемінде Алматы қаласының Жұмылдыру жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.

Саланың жетістіктері мен табыстары. Жұмылдыру тапсырмалары мен тапсырыстары бар ұйымдарда, жергілікті атқарушы органдарда бақылау тобы құрылған. Қызметкерлерді жұмыс уақытында және жұмыстан тыс уақытта жинау үшін хабарлау жоспары дайындалған. Алматы қаласының барлық департаменттері мен басқармалары соғыс уақытының штатын әзірледі.

Жұмылдыру дайындығының жағдайын талдау негізінде, жұмылдыру дайындығы жағдайында Қарулы Күштер және өзге де әскери құрылымдардың қажеттілігі үшін өнім өндірісі, адам ресурстарын, техникалар мен арнайы құрылымдарды жеткізу бойынша қала кәсіпорындары мен ұйымдарының мүмкіндіктері анықталды.

Қала экономикасы қажеттілігін және қала халқының шұғыл қажеттілігін қамтамасыз ету үшін Жұмылдыру жоспарымен қатар есепті жылға арналған өнім өндірісі мен қызмет көрсетудің қалалық жоспары әзірленді.

Айрықша кезеңде халықты қорғауды қамтамасыз ету үшін «Азаматтық қорғаныстың арнайы мүліктері қоймасында ұзақ сақтау жөніндегі Нұсқаулыққа» сәйкес Алматы қаласы әкімдігінің қоймасында сақталатын жеке және медициналық қорғау құралдарының, радиациялық және химиялық барлау құралдарының, мөлшерлеу құралдарының жұмылдыру резерві құрылды.

Радиациялық және химиялық барлау құралдарына тексеру жүргізілді.

Азаматтық қорғаныс қызметтері мен басқару органдары үшін аварияларды, дүлей апаттарды және төтенше жағдайларды, сондай-ақ лаңкестік актіден туындаған жайттарды жою кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын қамтамасыз етудің компьютерлік бағдарламалары дайындалып, енгізілді.



Қаржыландыру: Алматы қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландыру көлемі 2007 жылы 219 332,0 мың теңгені; 2008 жылы 281 422,0 мың теңгені; 2009 жылы 17591,0 мың теңгені, 2010 жылы 17591,0 мың теңгені құрады.
2. 2 стратегиялық бағыт. Алматы қаласының аумақтық қорғанысын дайындау.

2.1) Қызмет саласының немесе реттеуші сала дамуының негізгі параметрлері
Алматы қаласының халқын, нысандарын және байланысын қарсыластардың әрекетінен, диверсиялық немесе лаңкестік актілерден қорғауды қамтамасыз ету, сондай-ақ төтенше немесе соғыс жағдай режимдерімен қамтамасыз ету және енгізу;

Айрықша кезеңде міндетті қорғау мен қорғанысқа жататын материалдық және мәдени құндылықтарды, нысандар мен байланысты қорғауға Алматы қаласы аумақтық қорғаныс жүйесінің дайындығын қамтамасыз ету.


2.2) Негізгі мәселелерді талдау

Саланың ағымдағы және күтілетін түйткілді мәселелерінің ішінде:

- аумақтық қорғаныс аясында ұйымдастыру және нормативтік құқықтық актілердің жетілдірілмеуі;

- халықтың өмір сүруін және қала шаруашылығы қызметін қамтамасыз етуге қажетті нысандардың және кәсіпорындардың соғыс уақытында тұрақты жұмыс істеуін арттыру бойынша уәкілетті органдардың жеткіліксіз жұмысы атап көрсетіледі.


2.3) Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Сала инфрақұрылымының жағдайы. Алматы қаласы әкімінің 2002 жылғы 15 қаңтардағы № 01-7с шешімімен аумақтық қорғаныс міндеттерін шешу үшін қала 6 қорғаныс ауданына бөлінген. Аумақтық қорғаныстың құрылымы анықталды.

Қазақстан Республикасы Қарулы күштері Бас штабы бастығы бекіткен аумақтық қорғанысы бригадасының ұйымдастыру-штаттық құрылымына сәйкес құрамында басқару бригадасы, аумақтық қорғаныстың батальондары мен қамтамасыз ету бөлімшелері бар аумақтық қорғаныс бригадасы құрылды.



Саланың жетістіктері мен табыстары. Жергілікті атқарушы органдардың аумақтық қорғанысты ұйымдастыруда әскери басқару органдарымен өзара іс-әрекет жасау мәселелерін пысықтау мақсатында «Қорғау», «Жалын», «Қуат» арнайы-тактикалық оқу-жаттығулары өткізілді. Оқу-жаттығуға жергілікті атқарушы органдар, жергілікті әскери басқару органдары, қаланың АҚ және ТЖ қызметтері мен басқару органдары, Құрлық әскерлерінің Әскери институты және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің 16194 әскери бөлімі қатысты.

ҚР ҰҚКД Лаңкестікке қарсы орталығының Үйлестіру тобының жұмыс жоспарына сәйкес Алатау елді мекеніндегі ҚР БҒМ Ядролық физика институтының базасында «Атом-Антитеррор-2008» жедел-тактикалық оқу-жаттығуы және адам көп жиналатын нысандарда тұтқындарды босату және лаңкестік фактілерін болдырмау мәселелерін реттеу бойынша «Семсер-2007» арнайы оқу-жаттығуы өткізілді.

Оқу-жаттығуды өткізу кезеңінде Алматы қаласы аумақтық қорғанысының бөлімшелері Құрлық әскерлерінің Әскери институтының оқу орталығында 192 адам негізгі мамандықтар бойынша қайта даярлаудан өтті, байланыс қызметі бойынша 60 адам, медицина қызметі бойынша 34 адам, химиялық қорғану қызметі бойынша 24 адам даярланды. Соғыс уақытында жұмыстарын жалғастыратын ұйымдарда жұмылдыру кезеңінде және соғыс уақытында жұмыс күшінің қажеттілігі, жұмылдыру бойынша әскери қызметке шақырылатын әскери міндеттілерді ауыстыру, өндіріс құрылымы мен көлемін ескере отырып, оларды қамтамасыз етудің жайы белгіленді.

Аудандық әскерге шақыру бөлімдері үшін дәрі-дәрмектер, жиһаз, оргтехника, кеңсе жабдықтары, ЖММ (ГСМ) сатып алынды.

Басқару нүктелерін құру және жабдықтау бойынша жұмыстар орындалды, аудандық әскерге шақыру бөлімдерін қажетті жабдықтармен жабдықтау үшін АҚ және АҚ мүліктерін сақтауға арналған қойма үлгісіндегі ангар, екі құтқарушы ұтқыр контейнер, заттай мүліктер және аумақтық қорғаныс бригадасы үшін арнайы киім-кешектер сатып алынды.

Қаржыландыру: Алматы қаласының жергілікті бюджетінен қаржыландыру көлемі 2007 жылы 59 278,0 мың теңгені; 2008 жылы 80 000,0 мың теңгені; 2009 жылы 86 348,0 мың теңгені; 2010 жылы 102 035,0 мың теңгені құрады.

3. 3 стратегиялық бағыт. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан, зақымдану құралдары факторларынан Алматы қаласының халқын, аумағын және шаруашылық нысандарын қорғауды қамтамасыз ету.
3.1) Қызмет саласының немесе реттеуші сала дамуының негізгі параметрлері
Төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, залал мен материалдық шығындар мөлшерін төмендету.
3.2) Негізгі түйткілді мәселелерді талдау

1. Сейсмикалық қауіпсіздіктің жалпы мәселесінде жер сілкінісін қысқа мерзімді болжау мәселесі бірден-бір маңызды орын алады. Осы тұрғыда мақсатты және ұйымдасқан жүйе жоқ. Сейсмология саласында жұмыс істеп тұрған ғылыми және зерттеу мекемелері көбінесе іргелі ғылыммен және сейсмологиялық жағдайды бақылаумен айналысады. Өз жұмысында қысқа мерзімді болжамның түрлі әдіс-тәсілдерін қолданатын және жаңасын дайындайтын өңірлік сейсмикалық орталық құру қажет.

2. Қаланың сейсмикалық шағын аудандастыру картасының тозуы салдарынан қала аумағының сейсмикалық сипаттамасын, тектоникалық опырылулардың ені мен орналасуын анықтау мәселелері шешілмей тұр. Қаланың басқа аумағымен салыстырғанда әлдеқайда сейсмоқауіпті болып табылатын опырылу орындарының аймағында түрлі мақсаттағы ғимараттар салынуда. Опырылу аймағында 20-дан аса жанармай құю бекеті орналасқан. Бұл факторды ескермей-ақ, тұрғын үйлер де салынуда. Сейсмикалық шағын аудандастырудың жаңа картасын жасау жөніндегі шешім орындалған жоқ.

3. Жойқын жер сілкінісі кезінде қаланың күші мен құралдарының есебінен толық көлемде құтқару жұмыстарын ұйымдастыру мүмкін емес, өйткені құрамалар бойынша да шығын болады. Зардап шеккен халыққа арналған барлық пункттерді жабдықтау және ұйымдастыруда қаланың мүмкіншілігі жоқ. Осы мәселелерді шешу тек өзге аудандар мен республика орталықтарының көмегімен орындалуы мүмкін. Республиканың өзге аймақтарынан күш пен құралдарды әкелу қажет. Республикалық деңгейде осы мәселе бойынша нормативтік құқықтық шешім жоқ.

4. Сейсмикалық қауіпті аймақтардағы биік құрылыстар және салынған ғимараттар мен құрылыстарды сейсмикалық күшейту саласында да түйткілді мәселелер бар. Сейсмология институтының мәліметтері бойынша, қалада 8-9 балдық жер сілкінісіне төзімді 40 % жуық тұрғын үйлер салынған. Қалада тұрғын үйлерді сейсмикалық күшейту және сейсмикалық зерттеу бағдарламасы жоқ. Денсаулық сақтау және білім нысандарының 2004-2010 жылдарға арналған сейсмикалық күшейту бағдарламасы тек 40 %-ға орындалған. Құрылыстардың сейсмикалық тұрақтылығына бақылауды ұйымдастыру қажет, ережелерді, талаптарды және нормаларды күшейту керек.

5. Жойқын жер сілкінісі кезіндегі болжамды бағалау бойынша 200 мың адамды көшіру қажет. Оларды қабылдау орындары (елді мекендер, ұйымдар, зардап шеккендер үшін ғимараттар тізімі, зардап шеккендерді қабылдау және орналастыру мүмкіндігі) Алматы және Жамбыл облыстарында белгіленбеген.

6. Су басулардан және селдерден Алматы қаласын қорғаудың қолданыстағы жүйесі қауіп деңгейімен сәйкес келмейді және жаңарту мен жетілдіруді қажет етеді. Осы мәселелерді кешенді шешу «Қауіпті геологиялық және гидрогеологиялық құбылыстардан, экзогендік сипаттағы төтенше жағдайлардан Алматы қаласының экономика нысандары мен халқын қорғау», «Алматы қаласының өзендері мен су айдындары» қалалық бағдарламаларына енгізілген. Осы бағдарламаларды жүзеге асыру жұмыс жоспарынан артта қала отырып орындалуда. Опырылмалы құбылыстардың алдын алу және болжау бойынша ғылымға негізделген бағдарлама жоқ, сондықтан қалада алдын-ала іс-шаралар өткізу мүмкін емес. Осы тұрғыда шаралар тек опырылу болғанда немесе оны қалыптастыруға айқын себептер көрініс тапқанда ғана қабылданады.

7. Қалада жыл сайын тіркелетін төтенше жағдайлардың жалпы санының 85-90%-ын өрт құрайды.

Басқару органдары және өрт сөндіру бөлімдері өртті сөндіру бойынша шараларды жедел қабылдайды. Аумаққа өрт сөндіру бөлімдері арқылы қызмет көрсетудің нормативті радиусі 3 шақырымды құрайды. Қалада 13 өрт сөндіру бөлімі бар. Өртке қарсы қауіпсіздік нормасы бойынша, олар қаланың тек 50 %-ын қамтамасыз етеді. Нормативтік талаптарды орындау үшін он бір өрт сөндіру депосын салу қажет. Өрт сөндіру қызметтерін толықтыру үшін негізгі және арнайы техникаларды, оның ішінде 30 м және одан да биік көлік сатысын алу қажет. Көп қабатты бірнеше ғимараттардың түтінге қарсы қорғау жүйесі қанағаттанарлықтай жағдайда емес. Жаңа шағынаудандарда, ірі базарларда өрт сөндіру техникасының су қорын толтырудың мүмкіндігі жоқ.

8. Қолданыстағы нормативтік талаптарға қарамастан, өзен арналарының су қоймасы аймағында, опырылмалы учаскелерде түрлі құрылыстарды жүргізу жалғасуда. Осы аумақтарда бұрын салынған ғимараттар бойынша шаралар қабылданбады.

9. Коммуналдық-тұрмыстық салада төмендетілген көмірсутекті газдарды қауіпсіз пайдалануға бақылау жасауды жүзеге асыратын құрылымның болмауы техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ескерту ісінде маңызды мәселе болып табылады. Оны шешу үшін қала әкімдігі жанынан газды техникалық инспекция құру қажет. ҚР Премьер-Министрі облыс әкімдеріне, Алматы және Астана қалаларының әкімдеріне заңнамаға сәйкес газды техникалық инспекция құру туралы шешім қабылдауды тапсырды. Бірақ осы күнге дейін Алматы қаласында оны құру туралы шешім қабылданған жоқ.

10. Алматы қаласында АҚ және ТЖ саласында аумақты және халықты қорғауды қамтамасыз етудің бірыңғай стратегиялық тұжырымдамасы жоқ. Қолданыстағы бағдарламалар мен жоспарлар барлық мәселелерді қамти алмайды, өзара үйлестірілмеген, олардың орындалуы белгіленген мерзімнен артта қалуда.

Алматы қауіпсіздігін қамтамасыз ету саласында бірыңғай саясат қалыптастыру мақсатында одан әрі қала қауіпсіздігінің тұжырымдамасын дайындай отырып, қала үшін әлеуетті қауіп пен қатерді зерделеу жөніндегі Орталықты құру қажет.



3.3) Негізгі ішкі және сыртқы факторларды бағалау

Сала инфрақұрылымының жағдайы. Төтенше жағдайларға бейімделу жүйесінің тәуліктік режимі іске қосылған. Оның негізін АҚ және ТЖ қызметінің авариялық-құтқару бригадасы, Алматы қаласының Құтқару қызметі бөлімшесі, штатты мамандандырылған құрылым құрайды.

Мониторинг, зертханалық бақылау және жобалау жүйесінің іс-әрекеті ұйымдастырылған.

Қаланың қауіпті нысандарына және барлық қызметтеріне, сондай-ақ жақын және алыс шетелдерге ақпаратты жіберуге, қабылдауға мүмкіндігі бар, байланыс торабы мен қорғалған басқару бөлімі бар Алматы қаласының 112 – Бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі, сондай-ақ Алматы қаласы әкімінің Дағдарыс жағдайларын басқару орталығы жұмыс істейді.

Төтенше жағдайларда қала халқына және басқару органдарына хабарлау мәселесі шешілді. Бұл орайда, АҚ және ТЖ басқару органдарына хабарлау орталықтандырылған шақырудың автоматтандырылған жүйесі, ұялы телефон байланысы және «Миг» пейджингтік хабарлау жүйесі арқылы жүзеге асады. Халыққа хабарлау С-40 электро сиренді 283 бірлікпен жіберу («Барлығыңыз назар аударыңыз!» дабылы) арқылы, дауысзорайтқыш байланысымен хабарлаудың қозғалмалы құралымен, кабельді теледидардың 50 арнасын қамту жолымен радиофикация қалалық орталығының радиохабарларын таратушы 3 бағдарлама бойынша хабарлау сипатындағы ақпарат жіберу, коммерциялық теледидар және радио компанияларына хабарлау сипатындағы ақпарат беру арқылы жүзеге асырылады.

Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар саласында халықты және мамандарды дайындаудың көп деңгейлі жүйесі қалыптасты.

Қазақстан Республикасы Әскери доктринасының жоғары талаптарын ескере отырып, Азаматтық қорғаныста енгізу және ұйымдастыруда АҚ және ТЖ басқару органдарымен, жергілікті атқарушы органдармен Алматы қаласы Азаматтық қорғанысының Жоспары түзетілді. Қала әкімдігі құрылымының өзгеруін ескере отырып, АҚ және ТЖ қызметтері мен эвакуациялық комиссиясы, төтенше жағдайлардың алдын алу және жоюдың ведомствоаралық комиссиясының құрамы қайта қаралды.



Саланың жетістіктері мен табыстары. 2004 жылы қала әкімдігі «Алматы қаласының Азаматтық қорғанысын 2010 жылға дейінгі кезеңде жетілдіру мен дамытудың негізгі бағыттары» және «Алматы қаласының Азаматтық қорғанысын 2010 жылға дейінгі кезеңде материалдық-техникалық қамтамасыз етудің жоспары» кешенді бағдарламаларын әзірледі және бекітті.

Авариялық-құтқару қызметінің және авариялық-құтқару құрылымының төтенше жағдайларға бейімделу және оларды жою бойынша жұмыстар жүргізу дайындығы «Лаңкестікке қарсы», «Көктем», «Қыс», «Патогенді құс тұмауы», «Алатау» командалық-штабтық оқу-жаттығу және «Әуежай», «Жалын», «Қуат» тактикалық-арнайы оқу-жаттығу барысында пысықталды.

Телеарналарда оқу және анимациялық фильмдердің көрсетілуі, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туындаған кезде оның алдын алу және халықтың іс-әрекеті мәселелері бойынша бүктеме қағаздар және жаднама, кітапшалардың таратылуы азаматтардың қауіпсіздік мәдениетінің деңгейін арттыру, оларды дайындауды және ақпараттандыруды жақсартуға мүмкіндік береді.

Басқару органдары мен Азаматтық қорғаныс қызметтері үшін апат, дүлей зілзала және төтенше жағдайлар, сондай-ақ лаңкестік актіден туындаған іс-әрекеттер кезінде авариялық-құтқару жұмыстарын қамтамасыз етудің компьютерлік бағдарламалары әзірленді және енгізілді.

Апат, қирау және дүлей зілзаланың алдын алу және жою саласында тәжірибе алмасудың және халықаралық ынтымақтастықтың тетіктері сәтті әрекет етеді.

Олардың ішінде, «Әлем атынан серіктестік» НАТО бағдарламасы бойынша БҰҰ іс-шараларының аясындағы оқу-жаттығулар, «Еуразия – жол бермеу, құтқару, көмек» Халықаралық көрмелер, «GeoHazards» Халықаралық қауымдастықтың жалпы білім беретін мектептерінің ұстаздары мен еріктілері.

Алматы қаласы әкімдігі мен Халықаралық ынтымақтастық Жапон агенттігінің «Алматы қаласындағы жер сілкіну қауіп-қатерін басқаруды үйрену» бірлескен жобасы жүзеге асырылуда.

Қалада қабылданған шаралардың нәтижесінде төтенше жағдайлардың санын азайтудың оң динамикасы қалыптасты және қол жетімді болды.



ТЖ жағдайында материалдық-техникалық қор 12000 адамға арналған 4 ұтқыр автономдық шатырлы қалашықпен, арнайы қорғау жабдықтары бар контейнерлермен, химиялық және биологиялық жұғу аймағын бейтараптандырудың қозғалмалы зертханасымен, жарылғыш құрылғыларды залалсыздандыру және табу үшін қашықтықтан басқарушы роботпен, зардап шеккен 1000 адамды тез жазудың 2 дала госпитальімен, инженерлік қорғаудың ұтқыр жасағы үшін арнайы және ауыр инженерлік техниканың медициналық құрал-жабдықтарымен ұсынылған.
3 тарау. Стратегиялық бағыттары, мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары, іс-шаралары және нәтиже көрсеткіштері


    1. 1 Стратегиялық бағыт. Алматы қаласының жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жүйесін дамыту.


        1. мақсат

      Тиімді жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру жүйесін құру, мемлекеттік басқару органдарының соғыс уақытында қалыптасуына дайындығын қамтамасыз ету, соғыс уақытында және соғыс жағдайында, жұмылдыру кезеңінде халықтың, ҚР Қарулы Күштерінің мұқтаждығын қамтамасыз етуге экономиканы көшіру.
      Осы мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды: 005 000 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру»

      Нысаналы индикатор

      Ақпарат көзі

      Оның ішінде, аралық мәнді көрсете отырып

      Есепті кезең

      Жоспарлы кезең

      Өлшем бірлігі

      2009

      2010

      2011

      2012

      2013

      2014

      2015

      1

      2

      3

      4

      5

      6

      7

      8

      9

      10

      2005 есепті жылдың қалалық жұмылдыру резервінің азайтылмайтын қорының үлес салмағы;

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      %


      48,7

      48,7

      51,5

      55,1

      55,1

      55,1

      55,1

      2005 есепті жылдың айрықша кезеңінде қала экономикасы нысандарының қалыптасу тұрақтылығы

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      %

      5

      5

      5

      7

      7

      9

      9

      Нысаналы индикатордың бағыты, әдістері мен тәсілдері:

      1.1.1. міндет. Еңбек шарттарына бейімделген, жұмылдыру резервінің, жұмылдыру дайындығы және жұмылдырудың нормативтік құқықтық базасын қалыптастыру. Мемлекеттік және қалалық жұмылдыру резервінің қорын құру және орналастыру. Жұмылдыру дайындығын кешенді қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды орындау.

      Тура нәтижелердің көрсеткіштері

      Ақпарат көзі

      Өлшем бірлігі

      Есепті кезең

      Жоспарлы кезең

      2009

      (есеп)


      2010

      (есеп)


      2011

      (ағымдағы жоспар)



      2012

      2013

      2014

      2015

      1

      2

      3

      4

      5

      6

      7

      8

      9

      10

      Қаланың және қала аудандарының іс-әрекет тұрақтылығын сақтауға бағытталған іс-шараларды іске қосу туралы нормативтік құқықтық актілердің саны және олардың жұмылдыру дайындығы мәселесі бойынша қолданыстағы заңнамаларға сәйкес келуі


      Алматы қаласының әкіміне есеп

      бірл.

      -

      -

      -

      1

      1

      1

      1

      Құрылған ҚЗБП мен қала аудандары әкімдерінің ҚСЗБПінің саны

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      дана

      -

      -

      1

      2

      2

      2

      2

      Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайдан, зақымдану құралдары факторларынан Алматы қаласының халқын, аумағын және шаруашылық нысандарын қорғауды қамтамасыз ету.


      Алматы қаласының әкіміне есеп

      %

      15

      20

      25

      30

      35

      35

      35

      Жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру саласындағы ҚР заңнамаларында белгіленген жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру талаптары мен нормативтеріне мемлекеттік органдар мен ұйымдардың дайындық деңгейін сәйкес келтіру

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      %

      20

      25

      30

      35

      40

      40

      40

      Бейбіт уақытта және айрықша кезеңде Алматы қаласының халқының тіршілігін қамтамасыз ету үшін АҚ мүлкінің қорын, материалдық-техникалық, өндірістік және өзге де ресурстарын құру және жаңарту


      Алматы қаласының әкіміне есеп

      %

      15

      20

      25

      30

      35

      35

      35

      Бейбіт уақытта және айрықша кезеңде халықтың тіршілігін қамтамасыз ету нысандарының тұрақты жұмысы. Төтенше жағдайдың туындау қаупін азайту, адамдардың өмірі мен денсаулығын сақтау, залал мен материалдық шығындар мөлшерін төмендету.

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      %

      20

      25

      30

      35

      40

      40

      40




      Тура нәтижелер көрсеткішіне жетуге арналған іс-шаралар

      Жоспарлы кезеңде жүзеге асыру мерзімі

      2011 ж.

      2012 ж.

      2013 ж.

      2014 ж.

      2015 ж.

      1

      2

      3

      4

      5

      6

      Қазіргі заманғы жағдайда қала қажеттілігін қанағаттандыруға бағытталған қалалық жұмылдыру резервінің қолданыстағы номенклатурасын өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу

      х

      х

      х

      х

      х

      Айрықша кезеңде қала қажеттілігі үшін мемлекеттік жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарын шығару мақсатында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану Ережесін өзгерту бойынша ұсыныстар енгізу

      х

      х

      х

      х

      х

      2005 есепті жылдың соғыс уақытында және жұмылдыру жарияланған кезде қолданылатын қалалық жұмылдыру резервінің және жұмылдыру қуаттылығының материалдық құндылықтарына түгендеу жүргізу

      х

      х

      х

      х

      х

      Сақталған қолхаттар бойынша қала кәсіпорындарында тұрған қалалық жұмылдыру резервінің жеке қорғану құралдарына зертханалық зерттеу жүргізу

      х

      х

      х

      х

      х

      Қалалық жұмылдыру резервінің жеке қорғану құралдарын ауыстыру

      х

      х

      х

      х

      х

      Қалалық жұмылдыру резервінің жеке қорғанудың радиациялық және химиялық барлау құралдарын ауыстыру

      х

      х

      х

      х

      х

      Әскер жасындағы азаматтарды әскерге шақыру бойынша Алматы қаласы үшін белгіленген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің тапсырмасын орындау бойынша әскерге шақыру науқанын өткізу

      х

      х

      х

      х

      х

      Қарулы күштер және өзге де әскери құрылымдарға арналған жұмылдыру, адам және көлік ресурстарын есепке алу бойынша компьютерлік бағдарламалар орнату.

      х

      х

      х

      х

      х

      Қосымша ҚЗБП мен қала аудандары әкімдерінің ҚСЗБП құру

      х

      х

      х

      х

      х

      ҚЗБП мен қала аудандары әкімдерінің ҚСЗБП басқарудың техникалық құралдарымен жабдықтау

      х

      х

      х

      х

      х

      Қосымша ҚЗБП мен қала аудандары әкімдерінің ҚСЗБП құру

      х

      х

      х

      х

      х

      ҚЗБП мен қала аудандары әкімдерінің ҚСЗБП басқарудың техникалық құралдарымен жабдықтау

      х

      х

      х

      х

      х

      2 Стратегиялық бағыт. Алматы қаласының қаланың аумақтық қорғанысын дайындау.

      2.1. мақсат. Айрықша кезеңде міндетті қорғау мен қорғанысқа жататын материалдық және мәдени құндылықтарды, нысандар мен байланысты қорғауға аумақтық қорғаныс жүйесінің дайындығын қамтамасыз ету. Мемлекеттің қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету, жалпыға бірдей әскери міндеттерді орындау. Аумақтық қорғаныс аймағын жауынгерлік, техникалық және тылдық іс-шаралармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және жүзеге асыру.

      Осы мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды - 007 000 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумақтық қорғанысы және аумақтық қорғаныс дайындығы»

      Нысаналы индикатор

      Ақпарат көзі

      Оның ішінде, аралық мәнді көрсете отырып

      Есепті кезеңде

      Жоспарлы кезеңде

      Өлшем бірлігі

      2009 ж.

      (есеп)


      2010 ж.

      (ағымдағы жоспар)



      2011 ж.

      2012 ж.

      2013 ж.

      2014 ж.

      2015 ж.

      1

      2

      3

      4

      5

      6

      7

      8

      9

      10

      Қаланың аумақтық қорғанысы аймағының жеке құрамының санын көбейту

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      %

      Құпия

      Қаланың аумақтық қорғанысы жүйесінде міндетті қорғалуға жататын қала тыныс-тіршілігінің нысандарын және коммуникацияны қорғау деңгейін арттыру

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      %

      Құпия

      Бейбіт уақытта штат бойынша құрылған Алматы қаласының аумақтық қорғаныс аймағының бригадасын басқарудың органдарының саны

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      саны

      Құпия

      Нысаналы индикатордың бағыты, әдістері мен тәсілдері:

      2.1.1. міндет. Қаланың аумақтық қорғанысының материалдық-техникалық жабдықталуы. Алматы қаласының аумақтық қорғанысы аймағының күші мен құралдарын дайындауды, тұрақты қалыптасуын ұйымдастыру

      Тура нәтижелердің көрсеткіштері

      Ақпарат көзі

      Өлшем бірлігі

      Есепті кезең

      Жоспарлы кезең

      2009

      2010

      2011

      2012

      2013

      2014

      2015

      1

      2

      3

      4

      5

      6

      7

      8

      9

      10

      Бейбіт уақытта штат бойынша Алматы қаласының аумақтық қорғаныс аймағының бригадасын басқарудың органдарын құру

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      Саны

      Құпия

      Алматы қаласының аумақтық қорғаныс аймағы бригадасының штатын құру

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      %

      Құпия

      Алатау аудандық аумақтық қорғаныс басқару органдарының саны

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      Саны

      Құпия

      Әскерге шақыру бөлімдерін материалдық-техникалық құралдармен жабдықтау

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      %

      Құпия

      Қарулы күштер және өзге де әскери құрылымдарға арналған күш пен құралдарды есепке алу бойынша аумақтық қорғаныс органдарында компьютерлік бағдарламалар орнату

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      Саны

      Құпия

      Қаланың аумақтық қорғанысының бригадасы үшін заттай мүліктермен жабдықтау деңгейі

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      %

      Құпия

      Аумақтық қорғаныстың ерекше аудандағы бөлімшесі үшін байланыс құралдарымен жабдықтау деңгейі

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      %

      Құпия

      Әскери жиындар және бірлескен оқу-жаттығуларды өткізу барысында Құрлық әскерлерінің Әскери институтының оқу орталығында дайындалған мамандардың саны

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      Адам саны

      Құпия

      Аумақтық қорғаныс ұйымдарында әскери басқару органдарымен жергілікті атқарушы органдардың өзара іс-әрекеттері мәселелерін реттеу бойынша аумақтық қорғаныстың ротасымен оқу-жаттығу өткізу

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      Саны

      Құпия

      Тура нәтижелер көрсеткішіне жетуге арналған іс-шаралар

      Жоспарлы кезеңде жүзеге асыру мерзімі

      2011

      2012

      2013

      2014

      2015

      1

      2

      3

      4

      5

      6

      Қаланың аумақтық қорғанысын материалдық-техникалық жабдықтау. Алматы қаласының аумақтық қорғанысы аймағының күші мен құралдарын тұрақты қалыптастыруды ұйымдастыру

      Құпия

      Аумақтық қорғаныс аймағын жауынгерлік, техникалық және тылдық іс-шарамен қамтамасыз етуді ұйымдастыру және жүзеге асыру

      Құпия

      Аумақтық қорғаныс қажеттілігіне арналған шаруашылық субъектілерінің техникалық құралдарының жағдайына жүргізілген тексерістер саны

      Құпия

      Қаланың аумақтық қорғанысы жүйесінде міндетті қорғалуға жататын қаланың тіршілікті қамтамасыз ету нысандарын және байланысын қамту

      Құпия

      Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін жинақтауға арналған техникалардың саны

      Құпия

      Басқару органдарын бейбіт уақыттан әскери уақытқа ауыстыруды қамтамасыз ету үшін материалдық резервті жинақтаудың деңгейі

      Құпия

      Үш тәулік есебінен аумақтық қорғаныс бригадасының қажеттілігі үшін азық-түлік (құрғақ тағам) мүлкін салу көлемі

      Құпия

      Аумақтық қорғаныс іс-шараларын орындауға тартылған, оның ішінде әскери жиындарды өткізу кезінде тартылған тұлғалардың зақымдануы немесе өлімі жағдайында залалды өтеу қаражатының көлемі

      Құпия

      3 стратегиялық бағыт. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан, зақымдану құралдары факторларынан Алматы қаласының халқын, аумағын және шаруашылық нысандарын қорғауды қамтамасыз ету.

      3.1. мақсат Төтенше жағдайлардың зардаптарын тиімді жою және ауырлықты азайту және алдын алу
      Осы мақсатқа жетуге бағытталған бюджеттік бағдарламаның коды006000 «Республикалық маңызы бар қаланың, астананың көлеміндегі төтенше жағдайлардың алдын алу және жою»

      Мақсаты:



      Нысаналы индикатор



      Ақпарат көзі

      Оның ішінде, аралық мәнді көрсете отырып

      Есепті кезеңде

      Жоспарлы кезеңде

      өлш.бірл.

      2009

      2010

      2011

      2012

      2013

      2014

      2015

      1

      2

      3

      4

      5

      6

      7

      8

      9

      10

      Тиісті нормаларға сәйкес АҚ және ТЖ құрылымдарының жабдықталу деңгейі (2009 жыл – 10 %)

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      %

      10

      0,5

      1,0

      1,2

      1,5

      1,8

      2,0

      Жер сілкінісіне тұрақтылығы бойынша талаптарға жауап беретін тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, ғимараттардың және құрылыстардың үлесі (2009 жыл -25 %)

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      %

      25

      25

      27

      30

      33

      35

      40

      Нысаналы индикатордың бағыты, әдістері мен тәсілдері:

      3.1.1. міндет. Техногендік апат, қирау және дүлей зілзаладан келген залалды азайту және қауіпті төмендету бойынша жағдайлар жасау

      Тура нәтижелердің көрсеткіштері

      Ақпарат көзі

      өлшем бірлігі

      Есепті кезең

      Жоспарлы кезең

      2009

      2010

      2011

      2012

      2013

      2014

      2015

      ТЖ туындаған кездегі қауіп туралы қазіргі заманғы хабарлау арқылы халықты қамту (2009 жыл – 28 %)

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      %


      28

      30

      33

      36

      39

      42

      45

      Техногендік апат, қирау және дүлей зілзала кезінде көшірілген адамдардың үлесі (2009 ж. - 100%)

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      %


      100

      100

      100

      100

      100

      100

      100

      Авариялық-тозған тұрғын үйлерді, ғимараттар мен құрылыстарды бұзу, қайтадан құру (2009 ж.-2,5 %)

      Алматы қаласының әкіміне есеп

      %


      2,5

      3

      5


      7

      9

      11

      15

      Тура нәтижелер көрсеткішіне жетуге арналған іс-шаралар

      Жоспарлы кезеңде жүзеге асыру мерзімі

      2011

      2012

      2013

      2014

      2015

      1

      2

      3

      4

      5

      6

      Тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының, ғимараттардың және құрылыстардың жер сілкінісіне төзімді құрылысы (2009 ж.-100 %)

      х

      х

      х

      х

      х

      Белгіленген нормаға сәйкес елді мекендердің өрттен қорғалуын қамтамасыз ету деңгейі (белгіленген норма бойынша 21 бірлік, қолданыстағы 10 бірлік)

      х

      х

      х

      х

      х

      Су басу кезеңдерінде облыстық елді мекендерді су басу және өртке қауіпті кезеңде орман өртін тиімді жою және алдын алу

      х

      х

      х

      х

      х

      Қала аумағына тән табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың туындау қауіптілігі бойынша мониторинг жүргізу

      х

      х

      х

      х

      х

      Сел қаупі, опырылу қаупі бар учаскелердегі, тектоникалық қирау аймақтарында, сейсмикалық төзімділігі 9 балдан асатын учаскелердегі құрылыстарды реттеу

      х

      х

      х

      х

      х

      Қаланың сейсмикалық қауіпті аймақтарына үздіксіз сейсмологиялық мониторинг жүргізу

      х

      х

      х

      х

      х

      Республикалық бюджет қаражаты есебінен қаланың (аудандық бөлімдердің саны) сейсмикалық шағын аудандастыру картасын әзірлеу

      -

      -

      х

      х

      х

      Белгіленген нормаға сәйкес қала әкімінің (СИЗ) АҚ жұмылдыру резервінің материалдық құндылықтарының жиналуын жүзеге асыру

      х

      х

      х

      х

      х

      Қаланың қолданыстағы инженерлік-қорғау құрылысына жыл сайын жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу

      х

      х

      х

      х

      х

      Республикалық бюджет қаражаты есебінен Үлкен және Кіші Алматы, Есентай және Беделбай өзендерінің инженерлік қорғанысы бойынша инвестициялық жобаларды жүзеге асыру

      -

      -

      х

      х

      х

      Республикалық бюджет қаражаты есебінен ерікті өрт сөндіру құрылымдарын жабдықтау үшін өрт сөндіру, арқаға асатын бүріккіштер және бекініс аспаптар және өзге де мүліктерге арналған техникаларды сатып алу

      х

      х

      х

      х

      х

      ҚР ТЖМ бірлесе отырып, АҚ және ТЖ-да халыққа хабарлау және байланыстың бірыңғай жүйесін құру жөніндегі шараларды жүзеге асырудың көлемі

      -

      х

      х

      х

      х

      Оқытудың жетілдірілген жүйесі арқылы ең алдымен техникалық және кәсіби білім беретін ұйымдарда оқып жатқандарды, халықты оқыту; ТЖ саласында кадрларды қайта даярлау

      х

      х

      х

      х

      х

      БАҚ-да және халық арасында Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлар бойынша білімдерін насихаттау және оқыту жөніндегі ақпараттарды орналастыру және дайындау

      х

      х

      х

      х

      х

      Коммуналдық меншікте тұрған қорғалған басқару нүктелеріне жөндеу жүргізу

      х

      х

      х

      х

      х

      Қаланың тіршілікті қамтамасыз ету нысандарының апатсыз жұмысын қамтамасыз ету

      х

      х

      х

      х

      х

      Республикалық бюджет қаражаты есебінен өрт сөндіру депосының құрылысы үшін жер телімдерін бөліп беруде ТЖ департаментіне жәрдемдесу, бірлік

      х

      х

      х

      х

      х

      Қауіпті өндірістік нысандардың тұрақты қалыптасуын арттыру бойынша іс-шаралардың орындалуын ұйымдастыру

      х

      х

      х

      х

      х

      Қауіпті өндірістік нысандарда апат болған жағдайда, оларды оқшаулау, адамдарды құтқару, олардың денсаулығын, құқығы мен мүдделерін қорғау, меншікті қорғау, қоғамдық тәртіпті қолдау бойынша іс-шаралардың орындалуы үшін бар күш пен құралдарды, ресурстарды тарта отырып, тиісті мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, қажетті көмек көрсету

      х

      х

      х

      х

      х

      Қаланың қолданыстағы инженерлік-қорғау құрылыстарына жыл сайын комиссиялық тексеру ұйымдастыру және жүргізу

      х

      х

      х

      х

      х

      Халықаралық стандарттар талаптары бойынша «Алматы қаласының құтқару қызметі» МКҚК-н қазіргі заманғы техникамен және жабдықтармен қамтамасыз ету

      х

      х

      х

      х

      х

      Қалалық оқу-жаттығулар, жарыстар және арнайы жаттығуларды сапалы өткізу және жетілдіру

      х

      х

      х

      х

      х


      Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет