«АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ – ҚОҒАМ МЕН МЕМЛЕКЕТТІҢ ҮЙЛЕСІМДІ ДАМУЫНЫҢ НЕГІЗІ»
2014 жылғы 29 қыркүйекте ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мүшелерінің Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің студенттерімен, магистранттарымен және докторанттарымен «Адам құқықтары – қоғам мен мемлекеттің үйлесімді дамуының негізі» тақырыбын талқылауға арналған кездесуі болып өтті.
Қатысушылар алдында Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов пен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықов құттықтау сөз сөйледі.
Дөңгелек үстел форматында өткен кездесу барысында Қазақстан Республикасының Конституциясында және қолданыстағы заңнамасында кепілдік берілген адамның құқықтары мен бостандықтарын іске асыру, адам құқықтарын қорғаудың ұлттық тетіктерін халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру мәселелерінің кең ауқымы бойынша қызықты пікір алмасу болып өтті.
Дөңгелек үстелге қатысушылардың баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде халықаралық құқықты ұлттық заңнамаға енгізу, Қазақстанда адам құқықтарын соттық және соттан тыс қорғауды халықаралық стандарттарға сәйкес жетілдіру проблемалары қозғалды.
Сөз сөйлеушілер Елбасы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның қызметіне және оның құқық қорғау жобаларына жоғары бағаларын берді.
Дөңгелек үстелге қатысушылар «Қазақстан-2050» Стратегиясының», сондай-ақ БҰҰ-ның әмбебап халықаралық келісім-шарттарының Қазақстандағы құқық қорғау тетіктерін жетілдірудегі және адам құқықтарын қорғаудың ұлттық жүйесін нығайтудағы маңызды рөлін атап өтті.
Өткізу орны:
Астана, Мирзоян көшесі 2 , ЕҰУ
Бас ғимарат, 259 аудитория
Өткізу уақыты:
29.09. 2014,сағ. 14.45.
Қосымша ақпарат үшін:
ЕҰУ баспасөз-қызметі:
+7 (7172) 709 -548
+7 702 3636 005,
lyaka-tompi@mail.ru – Ляйля Рахманова
+ 77057836549
tbazarbek@mail.ru - Базарбек Тукібаев
Достарыңызбен бөлісу: |