Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» 2000 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 29-бабының 4-тармағына, 38-бабына, 38-1-бабына, 43-бабының 3-тармағына сәйкес
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында көзделген ережелерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2001 жылғы 26 маусымдағы № 643 Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-тармақ мынадай мазмұндағы 1-1) тармақшамен толықтырылсын: «1-1) Сот жюриі туралы ереже;»;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Судьялыққа кандидаттың тағылымдамадан өтуі туралы ережеде:
4-тармақта «бір жылға» деген сөздер «алты айға» деген сөздермен ауыстырылсын;
5-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
6-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) жоғары заң білімі бар, еңбек жолы мінсіз және заң мамандығы бойынша:
аудандық сот судьясының лауазымына кандидат үшін — кемінде екі жыл;
облыстық сот судьясының лауазымына кандидат үшін – кемінде он жыл, оның ішінде, әдетте, кем дегенде бес жыл судья болған;
Жоғарғы Сот судьясының лауазымына кандидат үшін - кемінде он бес жыл, оның ішінде, әдетте, кем дегенде он жыл судья болған жұмыс стажы бар;»;
7-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Тағылымдамадан өту судьялық лауазымға кандидат тұратын жері бойынша тіркелген облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың аудандық соттарында жүзеге асырылады.»;
13-тармақтың бірінші абзацы «жетекшісін тағайындайды» деген сөздерден кейін «, сондай-ақ тағылымдамашы-кандидат туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялайды» деген сөздермен толықтырылсын;
16-тармақ мынадай мазмұндағы екінші сөйлеммен толықтырылсын: «Облыстық соттың жалпы отырысының қорытындысы үш жыл бойы жарамды болады, ол мерзім өткеннен кейін судья лауазымына тағайындалмаған кандидат-қа қысқартылған бағдарлама бойынша бір ай ішінде тағылымдамадан қайтадан өту қажет.»;
3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Судьялардың республикалық және облыстық тәртіптік-біліктілік алқалары туралы ереже осы Жарлыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
4) осы Жарлыққа 2-қосымшаға сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті Н.Назарбаев
Астана, Ақорда, 2007 жылғы 27 ақпан №292
Достарыңызбен бөлісу: |