Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Қазақстан Республикасы Президентi Iс басқармасының құрылымы туралы
Қазақстан Республикасы Президенті Iс басқармасының қызметiн жетілдiру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Президентi Іс басқармасының құрылымы бекітілсiн.
2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Президентi Іс Басқармасының кейбір мәселелерi туралы" 2000 жылғы 21 сәуірдегі № 378 Жарлығының 1-тармағының 2) тармақшасының күшi жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 2000 ж., № 20, 218-құжат; 2002 ж., № 6, 40-құжат).
3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Астана, Ақорда, 2010 жылғы тамыздың 18-і.
№ 1167
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2003 жылғы 18 тамыздағы
№ 1167 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының
құрылымы
Басшылық
Ішкі бақылау бөлімі
Ресми іс-шаралар және сыртқы байланыстар бөлімі
Ведомстволық қарасты ұйымдарды басқару жөніндегі бөлім
Қаржы-экономикалық бөлім
Күрделі құрылыс бөлімі
Заң бөлімі
Бухгалтерлік есеп және есептілік бөлімі
Ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімі
Қазақстан Республикасы Парламентінің Шаруашылық басқармасы
Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығы
Достарыңызбен бөлісу: |