Источник: ИС ПАРАГРАФ, 03.12.2014 09:50:24
Қазақстан Республикасы Президентінің
Жарлығы
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің кейбір мәселелері туралы
(2014.17.09. берілген өзгерістермен)
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 36-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) құрылсын.
2. Қоса беріліп отырған:
1) Кеңес туралы ереже;
2) Кеңестің дербес құрамы бекітілсін.
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті
|
Н. Назарбаев
|
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 14 ақпандағы
№ 753 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін
басқару жөніндегі кеңес туралы
ЕРЕЖЕ
1. Жалпы ережелер
1. Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңес (бұдан әрі - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Кеңес өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.
3. Кеңестің шешімдері ұсынымдық сипатта болады.
2. Кеңестің негізгі міндеттері мен функциялары
4. Кеңестің негізгі міндеттері Қазақстан Республикасы Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының (бұдан әрі - БЖЗҚ) зейнетақы активтерін басқару мәселелері бойынша жәрдем көрсету және ұсынымдар тұжырымдау болып табылады.
5. Кеңестің функциялары:
1) БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігін арттыру жөніндегі ұсыныстарды қарау және тұжырымдау;
2) БЖЗҚ-ның зейнетақы активтерін орналастыру үшін рұқсат етілген құралдар тізбесі бойынша ұсыныстар әзірлеу және осы тізбені мақұлдау;
3) БЖЗҚ-ның қызметі туралы жыл сайынғы есепті қарау болып табылады.
6. Кеңес өзінің міндеттері мен функцияларына сәйкес:
1) қаралатын мәселелер бойынша консультациялар жүргізу үшін мүдделі мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің, ұйымдардың мамандарын, ғалымдарды және тәуелсіз сарапшыларды тартады;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан Кеңестің міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті материалдарды сұратады және алады;
3) қаралатын мәселелер бойынша ұсынымдық сипаттағы шешімдерді қабылдайды.
3. Кеңестің қызметін қалыптастыру және ұйымдастыру
7. Кеңестің дербес құрамына Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің әрқайсысынан бір өкілден, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің және қаржы нарығының қатысушыларының әрқайсысынан екі өкілден және төрт тәуелсіз сарапшы кіреді.
Кеңестің құрамына қаржы нарығының қатысушыларынан кандидатураларды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аккредиттеген жеке кәсіпкерлік субъектілерінің бірлестігі ұсынады.
Тәуелсіз сарапшылардың кандидатураларын Кеңес құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ұсынады.
Мемлекеттік ұйымдардың және жарғылық капиталындағы мемлекеттің үлесі елу пайыздан астам болатын ұйымдардың, оның ішінде акционері мемлекет болып табылатын ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттардың, дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы оларға тиесілі еншілес ұйымдарының, сондай-ақ дауыс беретін акцияларының (қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы аталған еншілес ұйымдарға тиесілі заңды тұлғалардың өкілдері болып табылатын адамдар тәуелсіз сарапшылар бола алмайды.
Кеңестің дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
8. Кеңесті төраға басқарады. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Кеңестің төрағасы болып табылады.
Кеңестің төрағасы:
1) Кеңес қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
2) Кеңес отырыстарында төрағалық етеді. Төраға болмағанда оның тапсырмасы бойынша отырыстарға Кеңес мүшелерінің бірі төрағалық етеді;
3) Кеңес отырыстарын өткізетін орынды және уақытты белгілейді;
4) Кеңес шешімдерінің іске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асырады;
5) Кеңестің жұмысы туралы Қазақстан Республикасы Президентінің алдында есеп береді.
9. Кеңестің мүшелері:
1) оның отырыстарының күн тәртібі және мәселелерді талқылау тәртібі бойынша ұсыныстар енгізуге;
2) Кеңестің отырыстарына арналған материалдарды, оның шешімдерінің жобаларын дайындауға қатысуға, Кеңестің алдында тұрған міндеттерді шешуге ықпал етуге;
3) Кеңестің отырысында қаралатын мәселелерді талқылауға қатысуға құқылы.
10. Кеңестің отырыстары қажеттілігіне қарай және Кеңестің төрағасы белгілейтін мерзімдерде жылына кемінде бір рет өткізіледі. Кеңестің шешімдері отырысқа қатысқан Кеңестің барлық мүшелері қол қоятын хаттамамен ресімделеді. Кеңес өз мүшелерінің кемінде үштен екісі қатысқан кезде шешімдер қабылдауға құқылы. Кеңес мүшелерінің өз өкілеттіктерін өзге лауазымды адамдарға беруіне жол берілмейді.
11. Кеңестің шешімдері Кеңес мүшелерінің қарапайым көпшілік дауысымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.
12. Кеңестің жұмыс органы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі болып табылады.
ҚР Президентінің 2014.17.09. № 911 Жарлығымен дербес құрамы өзгертілді (бұр.ред.қара)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2014 жылғы 14 ақпандағы
№ 753 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының
зейнетақы активтерін басқару жөніндегі кеңестің
ДЕРБЕС ҚҰРАМЫ
Келімбетов
Қайрат Нематұлы
|
- Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы, төраға
|
Орынбаев
Ербол Тұрмаханұлы
|
- Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі
|
Сұлтанов
Бақыт Тұрлыханұлы
|
- Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
|
Ақышев
Данияр Талғатұлы
|
- Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары
|
Аханов
Серік Ахметжанұлы
|
- «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің Кеңес төрағасы (келісім бойынша)
|
Билгин
Тевфик
|
- NUH Cimento Sanayi A.S. компаниясы Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз сарапшы (келісім бойынша)
|
Борозан
Борис
|
- «Global Sovereign Advisiors» Басқарушы әріптес, тәуелсіз сарапшы (келісім бойынша)
|
Вокурка
Ульф
|
- Қазақстан Республикасындағы «Дойче Банк АГ» Өкілдік басшысы, «Deutsche Bank AG» Басқарушы директоры, тәуелсіз сарапшы (келісім бойынша)
|
Зи
Майкл
|
- Қазақстан актуарийлері қоғамы басқармасының құрметті төрағасы, «Sze Associates LTD» төрағасы, тәуелсіз сарапшы (келісім бойынша)
|
Құрманов
Жанат Бостанұлы
|
- Биржалық кеңестің төрағасы, «Қазақстан қор биржасы» акционерлік қоғамының тәуелсіз директоры (келісім бойынша)
|
Достарыңызбен бөлісу: |