Қазақстан Республикасы Президентiнiң



Дата17.07.2016
өлшемі300.95 Kb.
#206066

Қазақстан Республикасы

Президентiнiң

2010 жылғы

Жарлығына



1-ҚОСЫМША




«Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беру»

мемлекеттiк қызмет стандарты

1. Жалпы ережелер
1. Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беру жөніндегі мемлекеттiк қызметті (бұдан әрi – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалдары көрсетеді.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының мемлекеттік қызметтер көрсететін бөлімшелерінің мекенжайлары мен байланыс деректері осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген.



2. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» 2005 жылғы 13 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі - Заң) 6-бабының 2-тармағы және Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4468 тіркелген, 2006 жылғы 13 желтоқсандағы № 215 (1021) «Заң газеті» газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасында қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру ережесін бекіту туралы» 2006 жылғы 27 қазандағы № 106 қаулысы (бұдан әрі Ереже) негізінде көрсетіледі.

4. Мемлекеттiк қызмет туралы ақпарат және осы Стандарттың мәтіні Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалдарында тұтынушылар үшiн қолжетiмдi орында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң интернет-ресурсында (www.nationalbank.kz) орналастырылған.

5. Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігі не айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беруден бас тарту себептері жазылған қағаз тасымалдауыштағы дәлелді жазбаша жауап көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтiң нәтижесi болып табылады.

6. Мемлекеттік қызмет шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға құқығы бар Қазақстан Республикасының резиденттері – заңды тұлғаларға, олардың филиалдарына (бұдан әрі – тұтынушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімдері:

1) мемлекеттік қызмет осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген құжаттардың толық пакеті ұсынылған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде көрсетіледі;

2) қажетті құжаттар пакеті кезек күтпестен Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесіне/жауапты тұлғасына осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша тапсырылады (немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшікке салынады);

3) айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін не айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беруден бас тарту себептері жазылған дәлелді жазбаша жауапты тұтынушыға не оның сенiм бiлдiрiлген тұлғасына (сенiмхат негiзiнде) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының жауапты орындаушысы кезек күтпестен береді.

8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.

9. Құжаттарды қабылдау және беру жұмыс күндері сағат 13.00-ден 14.00-ге дейiнгi үзiлiспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейiн күн сайын жүзеге асырылады.

Құжаттарды қабылдау және беру кезек күтпестен, алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалдарының үйлерінде көрсетіледі. Аумақтық филиалдардың үйлері мүмкіндіктері шектеулі адамдарға қол жетімді болуы үшін пандустары бар кіру есіктерімен жабдықталған.



2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
11. Тұтынушының айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін алуы үшін талап етілетін құжаттар:

1) еркін нысандағы өтініш;

2) заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

3) салық төлеушінің мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттың көшірмесі;

4) тұтынушының Ереженің талаптарына сәйкестігін растайтын құжаттар:

кассирдің қолма-қол шетел валютасымен жұмыс бойынша арнайы дайындықтан өткендігін растайтын құжатының түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі не Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген, қызметкердің еңбек қызметін растайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі қоса берілген, кассирдің қолма-қол шетел валютасымен кемінде 6 (алты) ай жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттың түпнұсқасы немесе нотариат куәландырған көшірмесі;

ақша белгілерінің түпнұсқалылығын айқындау үшін техникалық құралдардың сипаттамасын айқындайтын құжаттың (құжаттардың) көшірмесі;

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының үй-жайдың банк операцияларын жүргізу үшін дайын екендігі туралы қарап тексеру актісінің және (немесе) қорытындысының көшірмесі;

қызметінің айрықша түрі шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыру болып табылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес құрылған заңды тұлғаның (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) біліктілік талабына сәйкестігін растайтын құжат (екінші деңгейдегі банктің уәкілетті ұйымның банк шотында лицензия алуға өтініш бергенге дейінгі күні айырбастау пункттерінің санын есепке ала отырып, жарғылық капиталды ақшалай нысанда қалыптастыру үшін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген ең төменгі мөлшерден аз емес мөлшерде ақшасының болуын растайтын құжат) ұсынылады.

Егер тұтынушы уәкілетті ұйымның филиалы болып табылса, мыналар қосымша ұсынылады:

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің шетел валютасымен айырбастау операцияларын ұйымдастыруға арналған лицензиясының көшірмесі;

уәкілетті ұйымның Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әділет органдарында есептік тіркеуден өткен филиалы туралы ереженің көшірмесі.

Егер тұтынушы банктің филиалы болып табылса, мыналар қосымша ұсынылады:

банк филиалының есептік тіркеу туралы куәлігінің көшірмесі;

банктің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес әділет органдарында есептік тіркеуден өткен филиалы туралы ереженің көшірмесі.

Шет тілінде жасалған құжаттар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне мемлекеттік немесе орыс тіліндегі аудармасымен ұсынылады.

12. Мемлекеттік қызмет көрсетуді алуға өтініш еркін нысанда толтырылады және тұтынушының орналасқан жері бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына ұсынылады.

13. Құжаттар қабылдауды және тіркеуді Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалының құжаттарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесі/жауапты тұлғасы осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жүзеге асырады (немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшікке салынады).

Хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше/жауапты тұлға сағат 09.00-ден бастап сағат 18.00 аралығындағы кезеңде әрбір екі сағат сайын арнайы жабдықталған жәшіктен құжаттарды алады. Алынғаннан кейін құжаттарды хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімше/жауапты тұлға тіркейді және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының басшылығына бұдан әрi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының жауапты бөлiмшесiнің қарауы үшін жібереді.

14. Құжаттар пакетін қолма-қол тапсырған жағдайда тұтынушының қолына осы Стандарттың 3-қосымшасына сәйкес құжаттардың алынғаны туралы талон беріледі.

Талонды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының хат-хабарды қабылдауға және тіркеуге уәкілетті бөлімшесі/жауапты тұлғасы осы Стандарттың 2-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жазады.

Тұтынушы құжаттарды почта арқылы жіберген немесе хат-хабар қабылдауға арналған арнайы жабдықталған жәшiк арқылы тапсырған жағдайда құжаттардың алынғаны туралы талон берiлмейдi.

15. Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының жауапты орындаушысы тұтынушыға не оның сенiм бiлдiрiлген тұлғасына (сенiмхат негiзiнде) жеке басын куәландыратын құжатын ұсынған кезде тіркеу куәліктерін беруді есепке алу журналына қол қойғыза отырып береді не тұтынушыға почтамен жіберіледі.

Тұтынушының келмеуі себебінен айырбастау пунктінің тіркеу куәлігінің 10 (он) жұмыс күнінен асатын мерзімде қолма-қол берілуі мемлекеттік қызмет көрсету мерзімін бұзу болып табылмайды.

16. Егер:

1) ұсынылған құжаттардың пакеті осы Стандарттың 11-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмесе;

2) ұсынылған құжаттар Заңда және Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келмесе не тұтынушының Заңда және Ережеде белгіленген талаптарға сәйкес келуін растамаса, айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беруден бас тартылады.

Айырбастау пунктін тіркеу үшін құжаттарды қайта тапсырған кезде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалына оларды соңғы ұсынған сәттен бастап өзгермеген құжаттар ұсынылмайды. Бұл ретте құжаттар жалпы негізде қаралады және мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі тұтынушының өтінішті және қажетті құжаттар пакетін қайта берген күнінен бастап есептеледі.

Тіркеу куәлігін беруден бас тарту себептері жазылған дәлелді жазбаша жауап осы Стандарттың 11-тармағында айқындалған құжаттарды ұсынған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде беріледі. Жауап почтамен жіберіледі не тұтынушыға не оның сенiм бiлдiрiлген тұлғасына (сенiмхат негiзiнде) жеке басын куәландыратын құжатын ұсынған кезде қол қойғыза отырып беріледі.
3. Жұмыс қағидаттары

17. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы тұтынушыға қатысты басшылыққа алатын жұмыс қағидаттары:

1) әдептілік;

2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат;

3) мемлекеттік қызметтің уақтылы көрсетілуі;

4) тұтынушының қарауға ұсынған құжаттарының сақталуы;

5) тұтынушы құжаттарының мазмұны туралы ақпараттың қорғалуы және конфиденциалдылығы;

6) тұтынушы құжаттарды алу үшін келмеген жағдайда Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құжаттарды сақтау мәселелерін реттейтін нормативтiк құқықтық актiсiнде белгiленген мерзiмде олардың сақталуы.

4. Жұмыс нәтижелері
18. Тұтынушыларға мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелері осы Стандарттың 4-қосымшасына сәйкес сапа және тиімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалының жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызмет көрсетудiң сапа және қолжетiмдiлiк көрсеткiштерiнiң мақсатты мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің бұйрығымен бекiтіледi.



5. Шағымдану тәртібі
20. Іс-әрекетке (әрекетсiздiкке) шағымдану және шағымды дайындауға көмек көрсету тәртібін түсіндіруді Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының жауапты орындаушысы осы Стандарттың 1-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша жүзеге асырады.

21. Тұтынушы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық филиалы уәкiлеттi лауазымды тұлғаларының iс-әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) байланыс деректерi осы Стандарттың 5-қосымшасында көрсетiлген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалының басшысына шағым жасай алады.

22. Егер тұтынушы қабылданған шараларға қанағаттанбайтын болса немесе мәселенi жоғары тұрған сатының қарауы талап етiлсе, онда тұтынушы шағымды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының атына не оның орнындағы тұлғаға жазбаша түрде жолдай алады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының не оның орнындағы тұлғаның атына берiлетiн мемлекеттiк қызметтi көрсету жөнiндегi шағымдар 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» шағын ауданы, 21-үй мекенжайы бойынша почтамен жіберіле немесе қолмен беріле отырып, жазбаша түрде қабылданады.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда тұтынушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

24. Шағымдарды тiркеу, есепке алу және қарау «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырылады.

Шағымды беру кезінде іс-әрекетіне шағым жасалатын субъектінің атауы немесе лауазымды тұлғалардың қызметі, аты-жөні, өтініш жасау себебі мен талаптары көрсетіледі.

Шағымды қарау нәтижелерi туралы тұтынушыға жазбаша түрде хабарланады.

Қолмен қабылданған шағым жеке тұлғалардың өтiнiштерiн есепке алу журналында немесе заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу журналында тiркеледi.

25. Өтініштің қабылданған күні мен уақыты, қабылдаған қызметкердің аты-жөні көрсетілген талон шағымның қолмен қабылданғанын растайтын құжат болып табылады.

26. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы осы Стандарттың 5-қосымшасында көрсетілген мекенжайлар бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің тиісті аумақтық филиалында тұтынушылар үшін қолжетімді орында орналастырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалы басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдауы мына мекенжайда: 050040, Алматы қаласы, «Көктем-3» ықшам ауданы, 21-үйдегі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының үйінде тұтынушылар үшін қолжетімді орында орналастырылатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының жеке тұлғаларды және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау кестесіне сәйкес жүзеге асырылады.
______________________

«Айырбастау пунктінің тіркеу

куәлігін беру» мемлекеттік

қызмет стандартына

1-қосымша
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі

аумақтық филиалдарының мемлекеттік қызмет көрсететін бөлімшелерінің

мекенжайлары және байланыс деректері


р/с



Аумақтық филиалдың атауы

Заңды мекенжайы

Кабинет

нөмірі

Коды, телефоны

1

2

3

4

5

1.

Орталық филиал

010000, Астана қаласы,

Бейбiтшiлiк к-сі, 21












Валюталық операцияларды бақылау бөлімі




212

8 (7172) 703358,

703368

2.

Ақмола филиалы

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов к-сі, 214










Жиынтық-экономикалық бөлім




10

8 (7162) 250211,

251618

3.

Ақтөбе филиалы

030006, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Асау-Барақ к-сі, 45










Валюталық операцияларды бақылау бөлімі




14

8 (7132) 210215

4.

Алматы қалалық филиалы

050000, Алматы қаласы,

Панфилов к-сі, 98










Валюталық операцияларды бақылау бөлімі




311

8 (727) 2443650

5.

Алматы облыстық филиалы

040008, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Төлебаев

к-сі, 58/64










Валюталық операцияларды бақылау бөлімі




3-қабат

8 (7282) 245791

6.

Атырау филиалы

060002, Атырау облысы, Атырау қаласы, Уәлиханов к-сі, 2










Валюталық операцияларды бақылау бөлімі




309

8 (7122) 328567

7.

Шығыс Қазақстан филалы

070019, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан к-сі, 3










Валюталық операцияларды бақылау бөлімі




607

8 (7232) 253968

8.

Жамбыл филиалы

080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қазыбек би к-сі, 137










Валюталық операцияларды бақылау бөлімі




225

8 (7262) 459980

9.

Батыс Қазақстан филиалы

090000, Батыс Қазақстан облысы,

Орал қаласы, Ж. Досмұхамедов к-сі, 16










Валюталық операцияларды бақылау бөлімі




3 этаж

8 (7112) 509768

10.

Қарағанды филиалы

100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы,

Бұқар жырау д-лы, 19












Валюталық операцияларды бақылау бөлімі




1

8 (7212) 419452

11.

Қостанай филиалы

110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Баймағамбетов к-сі, 195










Валюталық операцияларды бақылау бөлімі




305

8 (7142) 546234

12.

Қызылорда филиалы

120019, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы,

Жақаев к-сі, 20










Жиынтық-экономикалық бөлім




208

8 (7242) 277853

13.

Маңғыстау филиалы

130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23-ықшам аудан










Валюталық операцияларды бақылау бөлімі




304

8 (7292) 427894

14.

Павлодар филиалы

140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы,

Ак. Сәтбаев к-сі, 44












Валюталық операцияларды бақылау бөлімі




317

8 (7182) 326612

15.

Солтүстік Қазақстан филиалы

150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы,

Қазақстан Конституциясы к-сі, 6










Валюталық операцияларды бақылау бөлімі




304

8 (7152) 460361

16.

Оңтүстік Қазақстан филиалы

160012, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Төреқұлов к-сі, 2










Валюталық операцияларды бақылау бөлімі




310

8 (7252) 212069

____________________

«Айырбастау пунктінің тіркеу

куәлігін беру» мемлекеттік

қызмет стандартына

2-қосымша


Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi аумақтық филиалдарының келіп түсетін хат-хабарды қабылдауды және тіркеуді жүзеге асыратын бөлімшелерінің

мекенжайлары және байланыс деректерi


р/с



Аумақтық филиалдың атауы

Заңды мекенжайы

Кабинет

нөмірі

Коды, телефоны




2

3

4

5

1.

Орталық филиал

010000, Астана қаласы, Бейбiтшiлiк к-сі, 21










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




103

8 (7172) 703325

2.

Ақмола филиалы

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов к-сі, 214










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




32

8 (7162) 250710

3.

Ақтөбе филиалы

030006, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы,

Асау- Барақ к-сі, 45












Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




14

8 (7132) 210753

4.

Алматы қалалық филиалы

050000, Алматы қаласы, Панфилов к-сі, 98




8 (727) 2443620

5.

Алматы облыстық филиалы

040008, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Төлебаев к-сі, 58/64










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




3-қабат

8 (7282) 244671

6.

Атырау филиалы

060002, Атырау облысы, Атырау қаласы, Уәлиханов к-сі, 2










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




101

8 (7122) 322036

7.

Шығыс Қазақстан филиалы

070019, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан к-сі, 3










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




303

8 (7232) 254717

8.

Жамбыл филиалы

080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы,

Қазыбек би к-сі, 137












Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




221

8 (7262) 450970

9.

Батыс Қазақстан филиалы

090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы,

Ж. Досмұхамедов к-сі, 16












Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




101

8 (7112) 500515

10.

Қарағанды филиалы

100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Бұқар жырау

д-лы, 19











Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




1

8 (7212) 419181

11.

Қостанай филиалы

110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Баймағамбетов к-сі, 195










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




306

8 (7142) 546483

12.

Қызылорда филиалы

120019, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жақаев к-сі, 20










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




102

8 (7242) 261365

13.

Маңғыстау филиалы

130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23-ықшам аудан










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




309, 310

8 (7292) 428232

14.

Павлодар филиалы

140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев к-сі, 44










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




313

8 (7182) 320281

15.

Солтүстiк Қазақстан филиалы

150000, Солтүстiк Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы к-сі, 6










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




214

8 (7152) 462966

16.

Оңтүстiк Қазақстан филиалы

160012, Оңтүстiк Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Төреқұлов к-сі, 2










Әкiмшiлiк-шаруашылық бөлiм




320

8 (7252) 212081

____________________


«Айырбастау пунктінің тіркеу

куәлігін беру» мемлекеттік

қызмет стандартына

3-қосымша


Құжаттардың алынғаны туралы талон
_____________________________________________________

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің аумақтық филиалы бөлімшесінің атауы

1. Айырбастау пунктінің тіркеу куәлігі немесе айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беруден бас тарту себептері жазылған қағаз тасымалдауыштағы дәлелді жазбаша жауап



(Мемлекеттік қызметтің атауы)

2. ______________________________________________________



Қабылданған құжаттардың парақ саны

3. ______________________________________________________



Құжаттардың қабылданған күні

4. _____________________________________________________________



Құжат (айырбастау пунктінің тіркеу куәлігі немесе айырбастау пунктінің тіркеу куәлігін беруден бас тарту себептері жазылған қағаз тасымалдауыштағы дәлелді жазбаша жауап) берілген күн

_____________________________________________________________________________



Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі аумақтық филиалының құжаттарды қабылдауға

және тіркеуге уәкілетті жауапты тұлғасының қолы

________________



Тұтынушының қолы
____________________

«Айырбастау пунктінің тіркеу

куәлігін беру» мемлекеттік

қызмет стандартына

4-қосымша
Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәндері



Сапа және тиімділік
көрсеткіштері



Көрсеткіштің нормативтік мәні

Көрсеткіштің ______ жылдағы нысаналы мәні


Көрсеткіштің ______ жылдағы ағымдағы мәні

1

2

3

4

1. Уақтылығы

1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде мемлекеттік қызметті  көрсету жағдайларының пайызы (үлесі)

100%







2. Сапасы

2.1. Мемлекеттік қызметті
ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%







3. Қол жетімділік

3.1. Мемлекеттік қызметті ұсыну тәртібі туралы сапаға және ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесі)

90%







3.3. Электронды форматта қолжетiмдi болатын қызметтердің пайызы (үлесi)

50%







4. Шағымдану үдерісі

4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесi)

90%







5. Әдептілік

5.1. Қызметкерлердiң әдептiлiгiне қанағаттанған тұтынушылардың пайызы (үлесi)

90%






_____________________


«Айырбастау пунктінің тіркеу

куәлігін беру» мемлекеттік

қызмет стандартына

5-қосымша


Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң аумақтық
филиалдары басшыларының байланыс деректерi


Р/с




Филиалдың атауы

Филиалдың мекенжайы

Коды, телефоны

1.

Орталық филиал

010000, Астана қаласы, Бейбітшілік к-сі, 21

8 (7172) 703313

қабылдау бөлмесі



2.

Ақмола филиалы

020000, Ақмола облысы, Көкшетау қаласы, Әуезов к-сі, 214

8 (7162) 256973

қабылдау бөлмесі

3.

Ақтөбе филиалы

030006, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Асау-Барақ к-сі, 45

8 (7132) 210751

қабылдау бөлмесі



4.

Алматы қалалық филиалы

050000, Алматы қаласы,

Панфилов к-сі, 98

8 (727) 2443620

қабылдау бөлмесі



5.

Алматы облыстық филиалы

040008, Алматы облысы, Талдықорған қаласы, Төлебаев к-сі, 58/64

8 (7282) 271025

қабылдау бөлмесі



6.

Атырау филиалы

060002, Атырау облысы, Атырау қаласы, Уәлиханов к-сі, 2

8 (7122) 322310

қабылдау бөлмесі



7.

Шығыс Қазақстан филиалы

070019, Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы, Қазақстан к-сі, 3

8 (7232) 254321

қабылдау бөлмесі



8.

Жамбыл филиалы

080000, Жамбыл облысы, Тараз қаласы, Қазыбек би к-сі, 137

8 (7262) 454511

қабылдау бөлмесі



9.

Батыс Қазақстан филиалы

090000, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы, Ж. Досмұхамедов к-сі, 16

8 (7112) 504438

қабылдау бөлмесі



10.

Қарағанды филиалы

100000, Қарағанды облысы, Қарағанды қаласы, Бұқар жырау д-лы, 19

8 (7212) 419186

қабылдау бөлмесі



11.

Қостанай филиалы

110000, Қостанай облысы, Қостанай қаласы, Баймағамбетов к-сі,195

8 (7142) 544424

қабылдау бөлмесі



12.

Қызылорда филиалы

120019, Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, Жақаев к-сі, 20

8 (7242) 261421

қабылдау бөлмесі



13.

Маңғыстау филиалы

130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 23-ықшам аудан

8 (7292) 436258

қабылдау бөлмесі



14.

Павлодар филиалы

140000, Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Ак. Сәтбаев к-сі, 44

8 (7182) 322076

қабылдау бөлмесі



15.

Солтүстiк Қазақстан филиалы

150000, Солтүстік Қазақстан облысы, Петропавл қаласы, Қазақстан Конституциясы к-сі, 6

8 (7152) 465034

қабылдау бөлмесі



16.

Оңтүстiк Қазақстан филиалы

160012, Оңтүстік Қазақстан облысы, Шымкент қаласы, Төреқұлов к-сі, 2

8 (7252) 534811

қабылдау бөлмесі




____________________

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет