Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі Ақтөбе облысының статистика департаменті



Дата25.02.2016
өлшемі80.5 Kb.
#21415





Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі

Ақтөбе облысының статистика департаменті

Баспасөз хабарламасы

№ 9 - 08/ 239

21 қазан 2011ж.






Ақтөбе облысында 1991-2010жж. тұрғын үйлерді пайдалануға беру
Егер 2002 жылы тұрғын үй құрылысына бағытталған қаржылар үлесі негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлемінен 1,2% құраса, 2007 жылы ол 9,9%, ал 2010 жылы – 5,3% құрады.

Тұрғын үйлер құрылысы Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму Стратегиясының басымды бағыттарының бірі болып танылып отыр. 1991 жылдан 2002 жылдар аралығында тұрғын үй саласында белгіленген инвестициялық белсенділіктің біршама төмендеуі 2003-2007жж. бастап тұрғын үй құрылысына салынған инвестиция көлемінің тұрақты өсім бетбұрысымен алмасты.

1991-2000жж. аралығында тұрғын үйді пайдалануға беру көлемінің құлдырауы байқалды, бұл тұрғын үйлер нарығының меншік қатынастарындағы жаңартулармен және экономикадағы құрылымдық өзгерістермен байланысты. Алайда, 2001 жылдан 2006 жылға дейінгі мерзімде пайдалануға берілген тұрғын үй көлемінің жыл сайынғы өсімі белгіленді. 2010 жылы жалпы көлемі 404,2 мың шаршы м. тұрғын үйлер пайдалануға берілді, бұл 2005 жылға қарағанда 1,4 есеге көп, ал 1991 жыл деңгейінен - 1,6 жоғары.

Тәуелсіздік жылдары ішінде (1991-2010) меншік нысандарына байланысты пайдалануға берілген тұрғын үйлер құрылымы түбегейлі өзгерді. Жалпы пайдалануға берілген тұрғын үйлердегі мемлекеттік кәсіпорындар үлесі 1991ж. 74,7%-дан 2010ж. 18,6% дейін төмендеді, ал мемлекеттік емес кәсіпорындарда, керісінше 1991ж. 25,3%-дан 2010ж. 81,4% дейін өсті. Мемлекеттік емес секторда негізгі үлес (1991ж. - 38,8% және 2010ж. - 76,5%.) жеке тұрғын үйлер құрылысына тиіп отыр. 2010 жылы халық қаражаты есебінен жалпы көлемі 251,8 мың шаршы м. тұрғын үйлер салынды, бұл 1991 жылғы деңгейден 10,1 есеге, 2009ж. деңгейінен – 1,5 есеге жоғары.


Тұрғын жайларды пайдалануға беру


Жалпы аумағы мың шаршы метр


2010ж. 3,2 мың пәтер пайдалануға берілді, бұл 2009 жылға қарағанда 6,3% аз және 1995 жылға қарағанда 4,0 есеге көп. Салынған пәтерлердің орташа мөлшері елеулі өсті. Мысалы, егер 1995 жылы 78 шаршы м. құраса, 2010 жылы 115 шаршы м. құрады.

2010ж. тұрғын үйлердің жалпы көлемінің бір шаршы м. құрылысының орташа нақты құны 50,2 мың теңгені құраса, 1995 жылы 7,5 мың теңге құрады.



жалпы аумағы мың шаршы метр




1991

1995

2000

2005

2006

2007

2008

2009

2010

Іске қосылды-барлығы

257

84

78

297

420

352

370

382

404

оның ішінде:




























қалалық жерлерде

145

69

71

281

380

318

307

315

326

ауылдық жерлерде

112

15

7

16

40

34

63

67

78

Пәтерлер саны, мың

2,0

0,8

0,7

2,5

3,7

3,0

3,4

3,4

3,2




Орындаған:

Департамент бастығы

Мекен-жайы:

Жульжанова З.Б

Боранбаева Ә.О.

030020, Ақтөбе қ.

тел.8 (7132) 540-475

Тел. 8 (7132) 544-347

Әбілқайыр хан даңғылы, 25

e-mail

D@stat.kz




© Ақтөбе облысының статистика Департаменті


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет