Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2010 жылғы « »
№ бұйрығымен
бекітілген
Фреонды суыту қондырғыларына
қойылатын өнеркәсіптік
қауіпсіздік талаптарына
3 - қосымша
Фреонды суытқыш қондырғылары аппараттарымен (сосудтарымен) пневматикалық сынақтар жүргізу
Жұмыстарды ұйымдастыру
1. Сосудтармен сынақ бойынша жұмыстарды тікелей орындауды компрессорлық цехтың бақылаушы тұлғасы жүргізеді. Сынақ жүргізу бойынша құрал – жабдықпен, арнайы киіммен, противогаздармен, аптечкамен қамтамасыз етілетін бригада құрамы бір уақтылы анықталады. Бригада мүшелерімен нұсқамалық жүргізіледі.
Сынақ жүргізуге дайындық
2. Пісіру жапсарларының күйін тексеру үшін сосудпен сынақ жүргізбес бұрын қажетті орындардағы жылу оқшаулағыштары жойылады, содан соң мұқият аппараттың (сосудтың) сыртқы және қол жетімді орындарда ішкі тесеруі жүргізіледі.
3. Фреоннан босату және сосудты вакуумдау кезінде сорғыш жалғанатын фреонды компрессорға жалғанған барлық басқа аппараттар, суытқыш құрылғылары сөндіріледі.
4. Вакуумдау (және қысыммен сынау) мүмкіндігінше аппаратқа жақын орналастырылған сорғыш құбырлы өткізгішінде орнатылған манометрдің көмегімен жүргізіледі.
Манометрде әрекет ету мерзімі өтпеген пломбы бар және оңтайлы, жұмыс жұмыс орнынан алынған кезде тілі 0 көрсетеді.
5. Сосудтың фреон қылдықтарынан толығымен босатылуына компрессорды бірнеше рет, аппараттағы қысым жоғарыламағанша, шамамен 2 – 3 сағат сайын қосумен қол жеткізіледі.
Сосудтан фреонды сору кезінде қандай да тәсілмен соңғысын қыздыруға рұқсат етілмейді.
Сынақ жүргізу
6. Қажетті сынақ қысымы компрессордың көмегімен беріледі.
7. Сосудтарды пневматикалық сынақтан өткізу сақтандыру шараларын қабылдаумен жүргізіледі, оның ішінде:
сосудтарды сынау уақытында суытқыш қондырғының жұмысы тоқтатылады;
сосудтарды сынама қысыммен беріктікке сынау уақытында адамдарды қауіпсіз орынға шығару керек;
жұмыс қысымымен сынақ жүргізу кезінде сосуд орналасқан ғимаратта сынақпен қатысы жоқ қандай да жұмыс жүргізу үшін бөгде адамдардың болуына рұқсат етілмейді;
сосудтарға сынақ жүргізілетін ғимарттың есіктері мен терезелері ашық, ао ғимараттың өзі сынақ жүргізілер алдында желдетілген;
жанында орналасқан құрал – жабдықтарға қызмет көрсететін қызметкерлер сосудқа беріктікке сынақ жүргізу уақытында қауіпсіз орынға шығарылады;
сынақ жүргізілетін орын қоршалады, бөгде адамдар келуі мүмкін орындарда ескерту жазбалары ілінеді;
қысым ықпалында болған кезде пісіру жасауға, жонуға, пісіру жапсарларын балғамен соққылауға рұқсат етілмейді;
ауа беру мен шығару құбырлы өткізгішіндегі вентильдер, сақтандыру клапаны, жұмыс және бақылау манометрлері берік қорғаныс экранынан қауіпсіз қашықтыққа қауіпсіздік мақсатында сыналатын сосуды бар ғимарттан сыртқа шығарылады жәнге орналастырылады;
сосудтағы қысым баяу көтеріледі де аралық және жұмыс қысымы кезінде қосылыстар мен көрінетін деформациялардағы тығыздықта ұстап тұру және тексеру жүргізіледі. Сосудты тексеру жұмыс қысымының тең жартысына тең аралық қысым кезінде тексеріледі. Сосудтағы 0,1 МПа (1 кгс/см2) дейінгі қысымның көтерілу 15 - 20 минутты құрайды, ал жұмыс қысымының жартысына дейін – 60 - 90 минут.
8. Аралық және жұмыс қысымы кезінде сосудты тығыздыққа пневматикалық сынау кезінде қосылыстар тығыздығын жапсарларға ажырайтын орындар мен арматураларға сабын ерітіндісін жағумен тексереді.
9. Егер аралық және жұмыс қысымы кезінде сосудтардың қосылыстарының тығыздығының жетіспеушіліктері анықталса, қысым баяу толығымен түсіріледі де, кемшіліктер орнына келтіріледі.
Егер тығыздықтың кемшілігін жою үшін жөндеу жұмыстары қажет болса, анықталған ақаулар және оны жою үшін қабылданған шаралар жөндеу журналына жазылады.
Ақауларды жойғаннан кейін сынақ қайтадан жүргізіледі.
10. Егер аралық және жұмыс қысымдары кезінде ағын және көрінетін деформациялар анықталмаса, сосудтағы қысым сынақ қысымына дейін баяу көтеріледі.
11. Сосудтың сынақ нәтижелері бастапқы және соңғы қысымды, температураларды және сынақ ұзақтығын көрсетумен актпен толтырылады да, сынақ жүргізуші тұлғамен қол қойылады.
Сосудты іске қосуға рұқсат келесі техникалық куәландыру мерзімдерін көрсетумен сосудтың төлқұжатына жазылады.
Сынақ жүргізгеннен кейін сосудты жұмысқа қосу.
12. Сосудтың жылу оқшаулағышын қалпына келтіру.
13. Сосуд вентильдерінен алдымен тексеріп алып тығынды алу және соңғысымен құбырлы өткізгіштерді жалғау. Сақтандырғыш клапаннан тығынды алу.
14. Осы Талаптар шарттарын орындау отырып сосудты жұмысқа қосу.
____________________
Достарыңызбен бөлісу: |