Темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ескерту



Дата07.07.2016
өлшемі0.72 Mb.
#183632




Қазақстан Республикасы

Денсаулық сақтау және

әлеуметтік даму министрінің

2015 жылғы «___»__________

№_____ бұйрығымен

бекітілген



Темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ескерту


  1. Темекі бұйымдарының көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыратын орындарда орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескерту осы ескертуге 1-қосымшаға сәйкес темекі тұтынудың және темекі түтінін жұтудың адам организмі үшін қатты зиян келтіретін салдарын бейнелеу түріндегі толық түрлі-түсті сурет және онымен бірге жазылатын жазбамен беріледі.

  2. Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескертудің жазбалары, бейнелеу түріндегі толық түрлі-түсті сурет екі тілде басылуы тиіс және мынадай мәтіндерді қамтиды:

    1. «Темекі шегу - тістің түсуі мен пародонтозға шалдықтырады»;

    2. «Темекі шегу - теріні ерте қартайтады»; «Темекі шегу - теріні ерте қартайтады»;

    3. «Темекі шегу - есірткіге тәуелді етеді».

  3. Темекі бұйымдарының көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыратын орындарда орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескертудің жазбалары келесі параметрлерге сәйкес болуы тиіс:

    1. екі тілде басылуы тиіс: жоғарғы жағында – мемлекеттік тілде, төменгі жағында – орыс тілінде;

    2. ескертудің негізгі төменгі бөлігінің 20% (жиырма) алып жатуы тиіс;

3) қаріптердің атауы – тілге сәйкес Helvetica kz және Helvetica;

4) қаріптің көлемі – 20 пт;

5) бағыты – төменгі жиегіне қатарластыра, солдан оңға қарай;

6) түсі – қара, СMYK C52.M41.Y40.K100 спектрі.

4. Темекі бұйымдарының көтерме және бөлшек саудасын жүзеге асыратын орындардағы орналастырылатын ескерту келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1) орналасу алаңы – А4 форматы және одан үлкен;

2) еденнен кемінде 150 см және 200 см аспайтын деңгейде орналасу;

3) сауда орнына тікелей жақын жерде орналасу.


5. Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымдарының қаптамасына орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескерту осы ескертудің 2-қосымшасына сәйкес темекі тұтынудың және темекі түтінін жұтудың адам организмі үшін қатты зиян келтіретін салдарын бейнелеу түріндегі толық түрлі-түсті суретпен беріледі.

6. Ескерту келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

1) темекі бұйымы қорабының көлемі бойынша әрбір үлкен жағының үстіңгі бөлігінде орналасуы;

2) темекі бұйымы қорабының, темекі бұйымдары қаптамасының көлемі бойынша әрбір үлкен жағының кемінде 40 %-ын (қырық) алады;
     3) жоғары деңгейде (СМҮК кемінде 300 dрі) басылады;

4) мөлдір орауыш пленкаға немесе қандай да бір басқа сыртқы орауыш материалға басылмайды.

7. Темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ескерту күнтізбелік жылдың ішінде Қазақстан Республикасының аумағында өндірілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағына әкелінген темекі бұйымы қораптарының, темекі бұйымы қаптамаларының шамамен тең мөлшеріне орналастырылады.

8. Темекі бұйымының қорабына, темекі бұйымдарының қаптамасына орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескертудің жазбалары, бейнелеу түріндегі толық түрлі-түсті сурет екі тілде (бет жағында - мемлекеттік тілде, келесі бетінде - орыс тілінде) басылады және мынадай мәтіндерді қамтиды:

1) «Темекі шегу инфаркт пен инсультқа шалдықтырады»;
      2) «Темекі шегу - өкпенің қатерлі ісігіне шалдықтырады»;
      3) «Темекі шегу - өкпе эмфиземасына шалдықтырады»;
      4) «Темекі шегу - тамыр ауруларына шалдықтырады»;
      5) «Темекі шегу - тістің түсуі мен пародонтозға шалдықтырады»;
      6) «Темекі шегу - баяу әрі азапты өлімге себепші болуы мүмкін»;
      7) «Темекі шегу - импотенцияға шалдықтырады»;
      8) «Темекі шегу - теріні ерте қартайтады»;
      9) «Темекі шегу - бедеулікке және түсік тастауға себеп болады»;
      10) «Темекі шегу - есірткіге тәуелді етеді»;
      11) «Жүктілік кезінде темекі шегу Сіздің сәбиіңізге зиян келтіреді»;
      12) «Балаларды темекі түтінінен қорғаңыздар».

9. Бейнелеу түріндегі сурет пен бірге жазылатын жазба келесі талаптарға сәйкес болуы тиіс:

      1) қаріптің атауы - тіліне сәйкес Аrіаl кz және Аrіаl;

2) бағыты - солдан оңға қарай, темекі бұйымдары қорабының және қаптамасының төменгі шетіне параллель;

3) түсі - ақ, спектр № 255.255.255.


10. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі темекі бұйымдарын тұтынудың зияны туралы ескертудің электрондық нұсқаларын www.mzsr.gov.kz сайтына орналастырады.

Темекі бұйымдарын тұтынудың

зияны туралы ескертуге

1-қосымша



Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескерту




   

Темекі бұйымдарын тұтынудың

зияны туралы ескертуге

2-қосымша

Темекі бұйымдарын сату жүзеге асырылатын орындарда орналастырылатын темекі шегудің зияны туралы ескерту


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет