Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі



Дата01.07.2016
өлшемі55.63 Kb.
#170554


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрлігі

Ғылыми-техникалық кеңесінің

кеңейтілген мәжілісінің хаттамасы

Астана қ. № 2 2008 жылғы 2 қазан



Төрағалық етті:

Қазақстан Республикасының

Төтенше жағдайлар министрі Божко В.К.
Қатысқандар:
ҚР ТЖМ, оның комитеттері мен ведомстволық бағынысты ұйымдарының, жергілікті атқарушы орган қызметтерінің басшылары мен жауапты мамандары, табиғи дүлей зілзалалардан халықты және аумақтарды қорғау саласындағы Қазақстанның жетекші ғалымдары, сондай-ақ Ресей Федерациясы Азаматтық қорғаныс істері, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың зардаптарын жою жөніндегі министрлігімен келісім бойынша «Ресей Федерациясының азаматтық қорғанысы және төтенше жағдайлар жөніндегі проблемалары жөніндегі Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институты» ФММ бастығының орынбасары, т.ғ. д. полковник Качанов С.А., ВНИИ ГОЧС ФММ басқарма бастығының орынбасары, т.ғ. к. Нығметов Г.М.
Күн тәртібі:

1. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың қатерін бағалаудың анағұрлым тиімді әдістері.

2. Халықты, объектілер мен аумақтарды дүлей зілзалалардан, авариялар мен апаттардан қорғаудың кешенді ғылыми-практикалық негіздерін жетілдіру мәселелері.

________________________________________________________________

Божко В.К., Качанов С.А., Ныгметов Г.М., Жантаев Ж.Ш., Благовещенский В.П., Спивак Л.Ф., Абдрахманов Б., Искаков М.К., Михайлова Н.Н.
Қазақстан Республикасы ғылымын дамытудың 2007-2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде, сондай-ақ Ресей Федерациясы Азаматтық қорғаныс істері, төтенше жағдайлар және дүлей зілзалалардың зардаптарын жою жөніндегі министрлігімен, Мемлекетаралық табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар жөніндегі кеңеспен, Мониторинг және төтенше жағдайларды болжау жөніндегі ТМД агенттігімен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Ғылыми-техникалық кеңесі ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Қазақстанның жетекші ғалымдарының, сондай-ақ «Ресей Федерациясының азаматтық қорғанысы және төтенше жағдайлар жөніндегі проблемалары жөніндегі Бүкілресейлік ғылыми-зерттеу институты» ФММ (Ресей ТЖМ АҚТЖ БҒЗИ ФММ) ғалымдарының халықты және аумақтарды табиғи дүлей зілзалалардан қорғау саласындағы баяндамалары, сөйлеген сөздері назарға алынсын.

2. НТК мәжілісінде қаралған аталған саладағы ғылыми-қолданбалы әзірленімдердің жоғары деңгейі және нәтижелілігі әрі олардың нәтижелерін практикаға енгізу қажеттігі атап көрсетілсін.

3. Төтенше жағдайлар министрлігі Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу институттарымен бірлесіп:

- беделді халықаралық ұйымдармен, Жапония, АҚШ, Қытай, Қырғызстан және т.б. елдердің мамандандырылған органдарымен сейсмикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық ынтымақтастықты жандандырсын;

- Ресей ТЖМ АҚТЖ БҒЗИ ФММ, Ресей Федерациясының төтенше жағдайларды мониторингтеу және болжау жөніндегі агенттігімен халықты, объектілер мен аумақтарды дүлей зілзалалардан, авариялар мен апаттардан қорғаудың кешенді ғылыми-техникалық негіздерін, қатерді бағалау әдістерін құру және жетілдіру бойынша тығыз байланысты жолға қойсын;

- Өнеркәсіптік авариялардың, апаттардың, дүлей зілзалалардың алдын алу және зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық Келісім шеңберінде Төтенше жағдайларды мониторингтеу, болжау және ғылыми зерттеулер саласында 2008-2009 арналған Ресей ТЖМ мен Қазақстан Республикасы ТЖМ бірлескен іс-шаралар жоспарын мерзімінде орындауды қамтамасыз етсін.

4. Қазақстан Республикасының ғылыми-зерттеу институттары мен ұйымдары Ресей ТЖМ АҚТЖ БҒЗИ ФММ бірлесіп:

1) Мына бірлескен:

- төтенше жағдайлардың алдын алу мен жоюға арналған жоғары технологияларды әзірлеу және ғылымды қажет ететін өнімді практикаға ендіру;

- ГИС-технологияларды пайдаланып төтенше жағдайлардың қатерін бағалау және оларды басқару үшін атлас пен бірегей мәліметтер базасын құру жұмыстарын жалғастыратын болсын.

2) екі ай мерзім ішінде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне Өнеркәсіптік авариялар, апаттар, дүлей зілзалалардың алдын алу және зардаптарын жою саласындағы ынтымақтастық туралы үкіметаралық Келісім шеңберінде 2008-2009 жылдарға арналған Бірлескен ғылыми зерттеулер, өнеркәсіптік авариялар, апаттар, дүлей зілзалалардың алдын алу және зардаптарын жою (соның ішінде шекара маңындағы аумақтарда) саласындағы ғылыми-техникалық ақпаратпен және технологиялармен алмасу жоспарының жобасына ұсыныстар тапсыратын болсын.

5. Облыстардың және Астана мен Алматы қалаларының әкімдіктері Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық органдарымен бірлесіп:

1) ҒТК мәжілісінде мақұлданған мына ғылыми-қолданбалы әзірленімдерді:

- Табиғи, техногендік және террористік сипаттағы төтенше жағдайлардан келетін зиянды бағалаудың бірегей ведомствоаралық әдістемелігін, Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан халыққа туындайтын кешенді қатерді бағалау әдістемелігін;

- Қазақстан Республикасының аумағын сырғыма, лай көшкіні құбылыстарынан, сел тасқындарынан және қар көшкіндерінен қорғаудың бас схемасын дамыту тұжырымдамасын;

- ТЖ мониторингін Жерді қашықтан зондылауды (ЖҚЗ) қолданып табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды ерте табудың перспективалық технологияларын, Астана мен Алматы қалаларында орнатылған жұмыс стансаларының мәліметтерін қабылдауды және өңдеуді;

- қала жағдайында ықтимал қауіптер кезінде аумақтарды, ғимараттар мен құрылыстарды мониторингтеудің тәсілдері;

- аса қауіпті, бірегей және техникалық жағынан күрделі ғимараттар мен құрылыстардың жай-күйіне автоматты түрде қашықтан мониторинг жасаудың заманауи құралдарын және Ресей ТЖМ тәжірибесіндегі жедел қызметтерді және халықты автоматты түрде хабардар ету жүйесін;

- Ресей ТЖМ үлгісімен ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік жүйелерін мониторингтеу мен басқарудың құрылымданған жүйесін іс жүзінде қолдану жұмыстарын ұйымдастырсын.

2) Ресей ТЖМ АҚТЖ БҒЗИ ФММ бірлескен жұмыстарды жүзеге асыру мүмкіндіктері қарастырылсын, мына салаларда:

- Қазақстан Республикасының аумағында және Қазақстан Республикасының шекарасының маңындағы аудандарда күшті жер сілкіністерінің зардаптарын болжау;

- Қазақстан Республикасындағы облыстар мен қалалардың аумақ қауіпсіздігі паспорттарын жасау;

- Қазақстан Республикасының айрықша маңызды ғимараттары мен құрылыстарының инженерлік құрастырмаларының сейсмикаға төзімділігін және қалдық ресурсын мобильді диагностикалық кешенді пайдаланып бағалау;

- Қазақстан Республикасының айрықша маңызды ғимараттары мен құрылыстарының инженерлік жүйесінің жай-күйіне шынайы уақыт режимінде автоматты, қашықтықтан мониторинг жүргізу жүйесін әзірлеу;

- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларда шешімдер қабылдауды қолдаудың автоматты жүйесін әзірлеу.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігінің «Ұлттық ғарыштық зерттеулер мен технологиялар орталығы» АҚ Астрофизикалық зерттеулер орталығына бір ай мерзімде Төтенше жағдайлар министрлігіне ҚР ТЖМ Дағдарыс орталығының мәліметтерді қабылдауы және өңдеуі үшін Жерді қашықтан зондылаумен ТЖ мониторингін қолданып табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ ерте табудың перспективалық технологияларын ендіру жөнінде ұсыныстар енгізу ұсынылсын.

7. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігі:

- халықты және аумақтарды табиғи дүлей зілзалалардан қорғау саласындағы ғылыми-зерттеу бағдарламаларын жалпы үйлестіруді жүзеге асырсын;

- Қазақстан Республикасының мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдарына ҒТК мәжілісінде мақұлданған ғылыми-қолданбалы әзірленімдерді оларды іс жүзінде қолдану үшін жолдасын;

- халықты, объектілер мен аумақтарды дүлей зілзалалардан, авариялар мен апаттардан қорғау саласындағы ғылыми-қолданбалы әзірленімдер туралы ақпаратты Web-сайтқа орналастырсын.

8. Осы Хаттаманың орындалуын бақылау вице-министр В.В.Петровқа жүктелсін.



Төраға В. Божко




Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет