Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі
Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаменті Азаматтық қорғаныс басқармасы туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Азаматтық қорғаныс басқармасы ҚР заңнамасына сәйкес бекітілген штат санының лимиті шегінде ҚР ТЖМ Шығыс Қазақстан облысы төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
2. Басқарма өзінің қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің кесімдеріне, төтенше жағдайлар министрінің, төтенше жағдайлар департаменті бастығының бұйрықтарына, басқа да нормативтік-құқықтық кесімдерге және осы ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. Басқарманың құрылымы ШҚО ТЖД штаттық кестесімен айқындалады, басқарманың құрамына Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауға бақылау жасау бөлімі кіреді.
2. Негізгі міндеттері мен функциялары
4.Басқарманың негізгі міндеттері:
1) Азаматтық қорғаныс саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға қатысу;
2) Азаматтық қорғаныстың бейбіт және соғыс уақытына арналған іс-шараларын жоспарлау;
3) Азаматтық қорғаныс саласындағы заңдарды орындау бойынша өз құзыретінің шегінде қызметті ұйымдастыру;
4) Азаматтық қорғаныс іс-шараларының жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдар мен кәсіпорындарда орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру болып табылады.
5. Басқарма қолданыстағы заңнамаларға және жүктелген міндеттерге сәйкес келесі функцияларды іске асырады:
1) Азаматтық қорғаныс саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру бойынша Департаменттің жұмысын ұйымдастырады;
2) Департамент бастығының жанындағы Кеңес отырысына материалдар, инстанцияларға ақпарттар, анықтамалар, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша шолулар дайындайды.
3) Департамент бөлімшелерінің жұмысына әдістемелік басшылық пен үйлестіруді жүзеге асырады, Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер жөніндегі заңнамалық және өзге де нормативтік құқықтық актілерді қолдануға көмек көрсетеді;
4) Азаматтық қорғаныстың бейбіт және соғыс уақытына арналған жоспарын және оған қосымшаларын, сондай-ақ Азаматтық қорғаныс бойынша басқа да жоспарланатын құжаттарды әзірлеу мен түзетуді ұйымдастырады, жергілікті атқарушы органдар мен ұйымдарда олардың іске асырылуын бақылайды;
5) Азаматтық қорғаныс жоспарын әзірлеуде және Басқарманың құзыретіне жататын құжаттар мен іс-шараларды даярлауда жергілікті атқарушы органдарға, Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтеріне, ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету бойынша жұмысты жүзеге асырады;
6) бейбіт және соғыс уақытқа арналған міндеттерді орындау аудандарында Азаматтық қорғаныс күштерінің топтарын кұру бойынша іс-шараларды жоспарлайды;
7) Азаматтық қорғаныс саласындағы жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін үйлестіруге қатысады;
8) Басқарма органдарын, Азаматтық қорғаныс күштерін даярлау, халықты инженерлік, медициналық, радиациялық және химиялық қорғау жөніндегі іс-шараларды жоспарлау мен ұйымдастыру бойынша ұсыныстар, нұсқаулар жобаларын және ұсынымдарын әзірлеуге қатысады;
9) Облыстың Азаматтық қорғаныс бастығы – облыстың әкімі, Министр, Департамент бастығы өткізетін Азаматтық қорғаныс бойынша оқу-жаттығуларды, штабтық жаттығуларды жоспарлайды және дайындайды;
10) Халықтың тіршілік әрекетінің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардан халықты және аумақты қорғау саласында, сондай-ақ өзінің құзыреті шегінде – тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі негіздері бойынша жастарды даярлауда іс-шараларды орындайды;
11) Қазіргі заманғы зақымдау құралдарын пайдаланған кезде қорғану әдісімен халықты төтенше жағдайлар кезіндегі іс-әрекеттерге оқытуды ұйымдастырады;
12) Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлардан халық пен аумақты қорғау мәселелері бойынша жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларын, кәсіпорындар мен ұйымдардың басшы құрамын белгіленген тәртіпте даярлауды ұйымдастырады;
13) оқу-жаттығуларды ұйымдастыру мен өткізу сапасын арттыруға, қызметкерлердің әдістемелік дағдыларын жетілдіруге, әртүрлі санатты тыңдаушыларды оқытудың аса қол жетімді формалары мен әдістерін алуға, жұмыс практикасында ең жақсы мамандардың тәжірибесін қорытындылау мен енгізуге бағытталған әдістемелік жұмыс жүргізеді;
14) әдістемелік кеңестерде халықтың тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі, ықтимал қауіпті объектілердің жұмыс істеуі бойынша әдістемелік құралдар, буклеттер, жадынамалар әзірлейді және бекітеді;
15) қарулы қақтығыстар мен төтенше жағдайлардың салдарын жою үшін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істекр министрлігінің, Ұлттық қауіпсіздлік комитетінің аумақтық бөлімшелерімен олардың күштерінің қажетті санын айқындау және қолданылуын жоспарлау бойынша белгіленген тәртіпте бірлесіп іс-қимыл жасайды;
16) халықты химиялық-радиологиялық, биологиялық, медициналық қорғау, жан-жануарларды, өсімдіктерді қорғау, қорғау ғимараттарының дайындығы бойынша міндеттерді шешуге бағытталған, бағдарламаларды іске асырады;
17) қорғаныс құрылғыларының қажетті қорын, жеке қорғаныс және медициналық қорғаныс құралдарының, Азаматтық қорғаныстың басқа да мүліктерінің қорларын жинақтау мен даярлықта ұстауға, халықты және шаруашылық жүргізу объектілерін қорғау бойынша іс-шаралардың орындалуына басшылықты жүзеге асыруға есеп жүргізеді;
18) Азаматтық қорғаныс мүддесіне қару-жарақтың, техниканың, қорғаныс құралдары мен басқа да материалдық-техникалық құралдардың қажеттілігін, Азаматтық қорғаныс мақсатында материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және өзге де құралдар қорларының жиналуына, сақталуы мен пайдаланылуына әдістемелік басшылықты айқындайды;
19) Азаматтық қорғаныстың бассауға орындары мен өзге де объектілерін құру мен ұстауға, халықты радиациялық, химиялық, биологиялық және медициналық қорғауды ұйымдастыруға әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
20) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларын жоспарлау үшін азаматтық қорғаныс бойынша топтарға жатқызылған қалалардың, санатталған Азаматтық қорғаныс объектілерінің, химиялық-радиациялық және биологиялық қауіпті объектілердің, ең көп жұмыс істейтін ауысымның есебін жүргізеді;
21) зертханалық бақылаудың қадағалау жүйелері мекемелерінен жергілікті жерлердің, азық-түліктің, шөптердлің, судың, ғимараттар мен құрылыстардың химиялық, радиоактивтік зақымдануы туралы ақпаратты алу мен қорытындылауды ұйымдастырады;
22) қатты әсер ететін улы және радиациялық заттардан жеке құрам құралымдарын, жұмысшылар мен қызметкерлерді қорғау бойынша практикалық іс-шаралар әзірлеу мен қйымдастыруда қызметтер мен бөлімшелеоге көмек көрсетеді.
23) жергілікті атқарушы органдармен көшіру іс-шараларын жоспарлау, бейбіт және соғыс уақытында босқындарды қабылдау мен орналастыру бойынша іс-шараларды әзірлейді, олардың орындалуына әдістемелік басшылық пен бақылауды жүзеге асырады;
24) Азаматтық қорғанысты насихаттау бойынша оқуды, жаттығуды дайындау мен өткізуде, жоспарлы іс-шараларды ұйымдастыруда шаруашылық жүргізу объектілерінің басшылары мен басқа да лауазымды адамдарына әдістемелік көмек көрсетуді жүзеге асырады;
25) бюджеттік өнімдерді дайындауды жүзеге асырады және өзінің құзыреті шегінде тиісті ұсыныстар енгізеді;
26) Азаматтық қорғанысты дайындау мен жүргізу мәселелері жөнінде шешімдер әзірлейді;
27) облыстық Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтері туралы Ережелерді әзірлеу мен келісу жөнінде ұсыныстар енгізеді.
28) өзінің құзыреті шегінде мемлекеттік, салалық бағдарламалар мен тұжырымдарда, Төтенше жағдайлар министрлігінің Стратегиялық жоспарының мақсатты индикаторына қол жеткеізу бойынша Департаменттің жыл сайынғы жұмыс жоспарында көзделген іс-шараларды қалыптастыру мен одан әрі практикалық іске асыруды қамтамасыз етеді;
29) қазіргі заманғы зақымдау құралдары мен табиғи және техногендлік сипаттағы төтенше жағдайлар факторларынан зақымданған халықты және аумақты қорғаумен байланысты әдістемелік үйлестіру және ұйымдастыру жұмыстарының кешенін жүргізуді ұйымдастырады;
30) Азаматтық қорғаныстың инженерлік-техникалық іс-шараларының өңірлерді, аумақтағы құрылыстарды дамытуға, елді мекендер мен шаруашылық жүргізу объектілерін салу мен қайта жаңғыртуға жобалау-сметалық құжаттамаларды келісу бойынша Департамент басшылығына ұсыныс енгізеді;
31) Департаменттің жоспары бойынша қалаларда, аудандарда, облыстық, қалалық, аудандық азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар қызметтерінде, ұйымдарда өткізілетін кешенді тексерулерге, оқу-жаттығуларға қатысады;
32) облыстың Азаматтық қорғаныс бастығы қалалық және қосалқы басқару пункттерін құру және даярлықта ұстау мәселесін үйлестіреді;
33) облыстың Азаматтық қорғаныс жағдайына талдауды жүзеге асырады және белгіленген тәртіпте оны дамыту мен жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді;
34) Басқарма қызметінің бағытына байланысты ақпараттық-аналитикалық жұмысты өткізу;
35)орталық және жергілікті атқарушы органдарда, ұйымдар мен кәсіпорындарында Азаматтық қорғаныс іс-шараларың орындалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
36) Өз құзыретінің шегінде басқа да функцияларды жүзеге асырады.
3. Басқарма қызметкерлерінің құқықтары мен міндеттері
6. Басқарма қызметкерлері жүктелген функцияларды орындауы үшін:
1) заңнамалық актілерді, Азаматтық қорғаныс жүйесін, төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою мемлекеттік жүйесін жетілдіру жөніндегі ұсыныстарды әзірлеуде қатысуға;
2) Басқарманың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша ұсыныстарды белгіленген тәртіпте департамент басшысының қарауына енгізуге;
3) Басқармаға жүктелген міндеттерді орындау үшін қажетті ақпараттар мен мәліметті (оның ішінде компьютераралық каналдар бойынша) жергілікті атқарушы органдардан, аумақтық басқармалардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан сұратуға және алуға;
4) Басқарманың осы ережемен, лауазымдық нұсқаулықтармен, басқа да нормативтік-құқықтық актілермен айқындалған іс-шараларын орындауы мақсатында ақпараттық (оның ішінде жабық) деректер банкын пайдалануға;
5) Оның құзыретіне жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте ұйымдар мен объектілерге тексеру жүргізуге, тиісті органдарда міндетті күші бар мемлекеттік органдарға, жеке және заңды тұлғаларға Азаматтық қорғаныстың іс-шараларын орындау бойынша нұсқама беруге;
6) іс-қимылдары немесе әрекетсіздігі төтенше жағдайға алып келетін немесе алып келген лауазымды тұлғаларды жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстарды енгізуге;
7) жұмыс берушіге Азаматтық қорғаныс саласындағы ережелер мен нормативтік актілердің бұзушылықтарын зерттеу нәтижелері бойынша анықталған тәртіп бұзушылықтарды түзету жөніндегі міндетті күші бар нұсқама беруге;
8) Азаматтық қорғаныс іс-шараларын орындауда анықталған тәртіп бұзушылықтарды, оның мерзімдері мен ауқымы бойынша жоюға бағытталған іс-шаралар жөніндегі ұсыныстарды Департамент басшылығына қарауға енгізуге;
9) қолданыстағы заңнамаға сәйкес Азаматтық қорғаныс саласындағы ережелер мен нормативтік актілер талаптарын бұзған кінәлі азаматтарға және лауазымды тұлғаларға әкімшілік жаза салу бойынша материалдар дайындауға;
10) жергілікті атқарушы органдар Департамент өткізетін Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар іс-шараларына қатысуға құқылы.
7. Басқарма қызметкерлері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамаларын білуге және сақтауға;
2) күші бар заңнамалардағы өзгерістерді қадағалауға;
3) өзінің қызмет саласындағы заңнаманы практикада қолдануға, фактілерді талдауға және қорытындылауға, оны жетілдіру бойынша тиісті ұсыныстар енгізуге, заңнаманы бұзуға ықпал ететін себептер мен шарттарды жоюға;
4) Басқармаға бекітілген жұмыс құжаттары мен тауарлық-материалдық құндылықтардың сақтығын қамтамасыз етуге;
5) жүктелген функционалдық міндеттерді сапалы және уақытылы орындауға;
6) өзінің кәсіптік деңгейін арттыруға міндетті.
8. Басқарма қызметкерлері жүктелген функционалдық міндеттерін уақытылы немесе тиісті орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жауапкершілікке тартылады.
4. Басқарма қызметін ұйымдастыру
9. Басқарманың қызметі Департамент бастығымен бекітілген Басқарманың күнтізбелік жылға арналған Жұмыс жоспарына сәйкес жүзеге асырылады.
10. Басқарма қызметкерлерінің функционалдық міндеттерін, лауазымдық нұсқаулықтарын Департамент бастығы бекітеді.
11. Басқарма бастығы лауазымына Министр мемлекеттік қызмет туралы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте әскери қызметкерді тағайындайды.
Бастық лауазымына тағайындау ұсынымы Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің келісімі бойынша департамент бастығымен жүзеге асырылады.
Басқарма бастығы дара басшылық негізінде басқарма қызметкерлерінің қызметтеріне басшылықты жүзеге асырады және олардың Басқармаға жүктелген міндеттер мен функцияларды орындауына дербес жауапкершілікте болады.
Басқарма бастығы Қазақстан Республикасының заңнамасына, департаменттің нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес қабылданған шешімдердің салдарына, өзінің лауазымдық міндеттерін орындамағанына немесе тиісті түрде орындамағанына, ұсынылған құқықтарын қызмет мүддесіне қарсы пайдаланғанына толық жауапкершілікте болады.
12. Басқарма бастығы келесі функцияларды жүзеге асырады:
1) Басқарма туралы Ереже әзірлейді;
2) қызметкерлер арасында міндеттерді бөледі және олардың функционалдық міндеттері мен лауазымдық нұсқаулықтарын әзірлейді;
3) өзінің өкілеттігі шегінде Басқарма мүдделерін қорғайды;
4) Басқарма қызметкерлерлерін марапаттау, көтермелеу, босату және жазаға тарту туралы департамент бастығына ұсыныс еңгізеді;
5) Басқарма қызметкерлерлері арасында еңбек және қызметтік тәртіптің сақталуын, сондай-ақ олардың ішкі еңбек тәртібін сақтауын қадағалайды;
6) оның құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды.
13. Басқарманың тиімді және сапалы қызметіне бөлінген бюджет қаражаттары шегінде тиісті шарттар құрылады, оның ішінде:
1) жеке орынжаймен, заңнамалық-анықтамалық материалдарымен, азаматтық қорғаныс мәселелерді жөніндегі мерзімді баспа басылымдарымен және әдебиетпен қамтамасыз ету;
2) Басқарма қызметкерлерінің кәсіби деңгейлерін арртыру үшін іс-шараларды тұрақты негізде ұйымдастыру.
Достарыңызбен бөлісу: |