Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлiгiнiң Көкшетау техникалық институты



Дата19.06.2016
өлшемі78.55 Kb.
#148146
"Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлiгiнiң Көкшетау техникалық институты" мемлекеттiк мекемесiне азаматтарды қабылдау Ережесiн бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрiнiң 2010 жылғы 13 мамырдағы N 160 Бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде 2010 жылғы 18 маусымда Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 6297 болып енгiзiлдi


Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағы, 2010 жыл, N 15 (Тиражға шыққан уақыты 25.11.2010 ж.); "Казахстанская правда" от 16.11.2010 г., № 312 (26373); "Егемен Қазақстан" 2011 жылғы 7 қаңтардағы № 3-4 (26406)


      Қазақстан Республикасының 27 шiлде 2007 жылғы «Бiлiм туралы» заңына сәйкес, «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Көкшетау техникалық институты» мемлекеттiк мекемесiне азаматтарды қабылдау тәртiбiн анықтау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қосымша берiлген «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Көкшетау техникалық институтына» мемлекеттiк мекемесiне қабылдау Ережесi бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң Кадрлық қамтамасыз ету департаментi осы бұйрықты Әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркеуден өткiзудi қамтамасыз етсiн.
      3. Министрлiктiң орталық аппаратының құрылымдық бөлiмшелерiнiң, Өртке қарсы қызмет комитетiнiң, Төтенше жағдайлар және өнеркәсiптiк қауiпсiздiктi мемлекеттiк бақылау комитетiнiң, Мемлекеттiк материалдық резервтер комитетiнiң, облыстық, Астана және Алматы қалалары Төтенше жағдайлар департаменттерiнiң, әскери бөлiмдерiнiң, жедел құтқару жасақтарының, облыстарының, Астана және Алматы қалаларындағы «Өрт сөндiру және авариялық құтқару жұмыстар қызметi», «Көкшетау техникалық институты», «Республикалық дағдарыс орталығы», «Апаттық медицина орталығы» мемлекеттiк мекемелерiнiң, ведомстволық бағынысты мемлекеттiк мекемелер мен кәсiпорындардың басшылары, осы бұйрықты қызметкерлерiнiң назарына жеткiзсiн және мiндеттi түрде орындалуын қамтамасыз етсiн.
      4. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрiнiң 2007 жылғы 24 сәуiр № 74 «Көкшетау техникалық институтына iрiктеу мен қабылдау Ережесiн бекiту туралы» (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 4776 болып енгiзiлген, 2007 жылғы маусым-шiлде Қазақстан Республикасының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттiк органдарының актiлер жинағында жарияланған) бұйрығының күшi жойылсын.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын қадағалау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгiнiң аппарат басшысы С.Қ. Оқасовқа жүктелсiн.
      6. Осы бұйрық ресми түрде бiрiншi жарияланған күннен бастап қолданысқа енедi.

      Қазақстан Республикасы


      Төтенше жағдайлар министрi                         В.Божко

       Қазақстан Республикасы   


Төтенше жағдайлар министрiнiң
2010 жылғы 13 мамырдағы № 160
бұйрығымен бекiтiлген   

«Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Көкшетау техникалық институты» мемлекеттiк мекемесiне азаматтарды қабылдау ережесi

1. Жалпы ереже

      1. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Көкшетау техникалық институтына» мемлекеттiк мекемесiне азаматтарды қабылдау туралы аталмыш Ереже (әрi қарай – Ереже) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шiлдедегi «Бiлiм туралы» Заңына және Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрiнiң 2007 жылғы 19 желтоқсандағы № 638 «Жоғары бiлiмнiң кәсiптiк оқу бағдарламасын iске асырушы бiлiм ұйымдарына оқуға қабылдаудың жалпылама ережесiн бекiту туралы» (Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 5115 болып енгiзiлген) бұйрығына сәйкес әзiрленген.


      2. «Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiгi Көкшетау техникалық институты» мемлекеттiк мекемесi (әрi қарай - Институт) мамандықтар тiзiмiне сәйкес жоғары кәсiптiк бiлiммен мамандарды даярлайды.
      3. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрiнiң бұйрығымен мемлекеттiк қабылдау, мандаттық, апелляциялық, курсанттарды бөлу комиссиялары құрылып олардың Ережелерi бекiтiледi.
      4. Институтқа күндiзгi оқуға Қазақстан Республикасының жалпы орта, бастапқы кәсiптiк (техникалық және кәсiптiк), орта кәсiптiк (орташа бiлiмнен кейiн) бiлiмi бар, денсаулығы бойынша әскери қызметке және оқуға жарамды, қабылдау емтиханын оңды тапсырған азаматтар қабылданады.
      5. Институтқа сырттай оқуға жалпы орта, бастапқы кәсiптiк (техникалық және кәсiптiк), орта кәсiптiк (орташа бiлiмнен кейiн) бiлiмi және жоғары бiлiмi бар, түсу емтиханын ойдағыдай тапсырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлiктiң (әрi қарай - Министрлiк) жинақтау органдарының қызметкерлерi қабылданады.
      6. Институтқа қабылдау бiрыңғай ұлттық тестiлеу (әрi қарай - ҰБТ) бойынша берiлген сертификатқа сәйкес немесе Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгi Ұлттық тестiлеу  орталығымен (әрi қарай - ҰТО) әзiрленген технология бойынша жиынтық тестiлеумен жүргiзiледi.
      Институтқа азаматтарды күндiзгi оқуға қабылдау төрт кезеңде жүргiзiледi:
      бiрiншi кезеңде Институттың қабылдау комиссиясы ҰБТ сертификаты немесе жиынтық тестiлеуiне сәйкес iрiктеу жүргiзiп, оқуға үмiткерлер құрамын қалыптастырады;
      екiншi кезеңде медициналық және психофизикалық көрсеткiш бойынша iрiктеу жүргiзiледi;
      үшiншi кезеңде дене тәрбиесi бойынша iрiктеу жүргiзiледi;
      төртiншi кезеңде мандаттық комиссия курсанттар санатына енгiзудi жүргiзедi.
      Сырттай оқуға қабылдау жиынтық тестiлеу сертификаты баллдарына сәйкес қабылданады.
      7. Мандаттық комиссиясы өзiнiң жұмысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын, Министрлiктiң, Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiн, сонымен қатар осы Ереженi басшылыққа алады.
      8. Институтта оқуға азаматтарды iрiктеудi бекiтiлген күндiзгi және сырттай оқу факультеттерiн жинақтау жөнiндегi рұқсат қағазға сәйкес Астана, Алматы облыстары мен қалаларының Төтенше жағдайлар департаменттерi, Министрлiктiң әскери бөлiмдерi, құтқару құрылымдары жүргiзедi. Оқуға үмiткерлердiң жеке iстерi мен оқу iстерiн рәсiмдеу Министрлiктiң кадрлар бөлiмшелерiне жүктеледi.
      9. Институтқа азаматтардың құжаттары жыл сайын Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрдiң жасақтау туралы бұйрығымен анықталатын мерзiмде жiберiледi.
      10. Оқуға (күндiзгi оқу формасына) үмiткердiң жеке iсiнде оқуға жолдама алу туралы мәлiмдеме (өтiнiш), Министрлiк қызметкерлерi үшiн оқуға жолдама туралы қорытынды нәтижесi бар аттестациялық парақ, өмiрбаян, кадрлар есебi бойынша жеке парақ, соңғы жұмыс орнынан мiнездеме, нотариалды расталған орташа бiлiм туралы құжаттың көшiрмесi, әскери-дәрiгерлiк комиссия қортындысымен медициналық куәландыру картасы, жеңiлдiкке құқық беретiн нотариалды расталған құжат көшiрмелерi, арнайы тексерiс материалдары, 4,5х6 см көлемiндегi бас киiмсiз үш фото сурет, 9х12 см көлемiндегi бiр фото сурет.
      11. Сырттай оқуға iрiктелген төтенше жағдайлар органдар және құрылымдардың қызметкерлерiне мәлiмдеме, нотариалды расталған бiлiм туралы құжаттары қосымшамен, оқуға жiберу туралы ұсынысы бар аттестациялық парақ, медициналық анықтама, 4,5х6 см көлемiндегi үш фото сурет және кадрлар есебi бойынша парағы рәсiмделедi.
      12. Күндiзгi оқуға 25 жасқа дейiнгi түлектер қабылданады.
      13. Күндiзгi оқуға түсушi азаматтар Институтта уақытша арнайы ұйымдастырылған әскери-дәрiгерлiк комиссияда қосымша медициналық және психофизиологиялық куәландырудан өтедi және дене тәрбиесi дайындығы бойынша бекiтiлген нормативке сәйкес сынақ тапсырады.
      14. Сырттай оқуға Министрлiктiң жинақтау органдарының кем дегенде 1 жыл еңбек өтiлi бар, 37 жастан аспаған қызметкерлерi қабылданады.
      15. Сырттай оқуға қабылдау үшiн жалпы орта, бастапқы кәсiптiк (техникалық және кәсiптiк), орта кәсiптiк (ортадан кейiнгi) бiлiмi бар Министрлiк қызметкерлерiнен ҰТО әзiрлеген технология бойынша кешендi тестiлеу жүргiзiледi.
      16. Оқуға түсу үшiн жiберiлген жетiм балаларға және ата-ананың қамқорынсыз қалған балаларға, Министрлiктiң жинақтау органдарымен жолға кеткен шығындары төленедi, сондай-ақ Институтпен солдаттық үлес нормасына сәйкес азықпен қамтамасыз етiледi.

2. Жиынтық тестiлеуiн өткiзу

      17. Жиынтық тестiлеу, тестiлеу жүргiзу (базалық жоғары оқу орындар) пунктерiнде жүргiзiледi.


      18. Жиынтық тестiлеуге қатысу үшiн азамат жоғары оқу орнының (базалық жоғары оқу орны) қабылдау комиссиясына, Институттың бекiтiлген үлгiдегi бланкiде өтiнiш, алғашқы кәсiптiк (техникалық және кәсiптiк) немесе орта кәсiптiк (ортадан кейiн) оқу орнын бiтiргенi туралы аттестат немесе диплом (тұп нұсқа), 3х4 см көлемiндегi екi фото сурет, медициналық анықтама сонымен қатар жеке куәлiк көшiрмесiн тапсырады.
      19. Кешендi тестiлеуге қатысу үшiн құжаттарды қабылдау базалық жоғары оқу орны кестесiне сәйкес жүргiзiледi.
      20. Кешендi тестiлеу 17-23 шiлде аралығында жүргiзiледi.
      21. Кешендi тестiлеуге келген азамат жеке куәлiгi (төл құжат) мен Институтымен берiлген емтиханға рұқсат қағазын көрсетедi.
      22. Кешендi тестiлеу азаматтың еркi бойынша қазақ және орыс тiлдерiнде орта бiлiм оқу бағдарламасы көлемiнде төрт пән бойынша жүргiзiледi: қазақ және орыс тiлi (оқу тiлi), Қазақстан тарихы, математика және физика.
      23. Әр пән бойынша тестiлеу тапсырмалары 25. Әр тестiлеу тапсырмасының дұрыс жауабы бiр баллмен бағаланады.
      24. Кешендi тестiлеуге 2 сағат 30 минут берiледi. Тестiлеудi қайта тапсыру жiберiлмейдi.
      25. Кешендi тестiлеу нәтижесiн сараптау жиынтық тестiлеу өткiзген жоғары оқу орнында жүргiзiледi.
      26. Дұрыс жауап кодтары жиынтық тестiлеуден кейiн, жауап парақтарын сканерден өткiзiсiмен iлiнедi.
      27. Кешендi тестiлеу қортындысы өткiзiлген күнi мемлекеттiк комиссиямен жарияланады.
      28. Кешендi тестiлеу нәтижесi бойынша әр қатысушыға мемлекеттiк комиссиямен тестiлеуден кейiн үш күнтiзбелiк күн аралығында сертификат берiледi.
      29. Кешендi тестiлеу нәтижесiмен келiспеген азамат апелляцияға өтiнiш беруiне болады.

3. Институтқа қабылдау

      30. Институтқа оқуға қабылдауды мандаттық комиссиямен тамыздың 1 мен 10 аралығындағы жиынтық тестiлеудiң ҰБТ қорытындысы және дене тәрбиесi дайындығы бойынша сынақ, психофизикалық және медициналық куәландыру, әңгiмелесу нәтижесi есебiмен күндiзгi және сырттай оқу факультеттерiн жасақтау рұқсат қағазына сәйкес конкурс негiзiнде жүргiзiледi.


      31. Оқуға ағымдағы жылдың жалпы орта бiлiм ұйымдарының ҰБТ өткен және жиынтық тестiлеудiң нәтижесi бойынша қазақ және орыс тiлдерiнен (оқу тiлi), Қазақстан тарихы, математика және физика пәндерiнен 50 баллдан кем емес балл жинаған, оның iшiнде профилдiк пәннен (математика) 7 баллдан кем емес балл жинаған түлектер қабылданады.
      32. Жиынтық тестiлеудiң ҰБТ сертификатындағы баллдардың көрсеткiшi бiрдей болған жағдайда қабылдауға артықшылыққа иеленедi:
      1) "Алтын белгi" белгiмен марапатталған адамдардың
      2) бiлiм беру саласындағы уәкiлеттi орган тiзбесiн айқындайтын жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған), орындаушылардың республикалық және халықаралық конкурстары мен спорттық жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) соңғы үш жылдағы жеңiмпаздарының, сондай-ақ өздерi таңдаған мамандықтары олимпиадалардың, конкурстың немесе спорттық жарыстың пәнiне сәйкес келген жағдайда, ағымдағы жылғы жалпы бiлiм беретiн пәндер бойынша республикалық олимпиадалар мен ғылыми жарыстардың (бiрiншi, екiншi және үшiншi дәрежелi дипломдармен марапатталған) жеңiмпаздарының басым құқығы бар;
      3) жетiм балалар және ата-анасының қамқорынсыз қалған балалар, соғысқа қатысушы жеңiлдiгi мен кепiлдiгi бойынша теңестiрiлген тұлғалар, үздiк бiлiм туралы құжаты (аттестаттар, куәлар, дипломдар) бар тұлғалар, қызметтiк мiндетiн орындауда мүгедектiк алған және қайтыс болған Министрлiк бөлiмшелерi қызметкерлерiнiң балалары;
      4) аттестат немесе дипломдарындағы орташа жоғары балл жинаған үмiткерлер, профильдiк пән (математика) бойынша жоғары балл жинаған үмiткерлер, дене тәрбиесi дайындығы бойынша сынақ тапсыру кезiнде жоғары балл жинаған үмiткерлер.
      33. Жиынтық тестiлеу кезiнде осы Ереженiң 32 тармағымен белгiленген шектеулi баллдан төмен сома жинаған үмiткерлер, курсанттар және тыңдаушылар санатына жiберiлмейдi.
      34. Жоғары кәсiптiк (жоғары) бiлiмi және орта кәсiптiк (профильдiк) бiлiмi бар үмiткерлер Институттың мандаттық комиссиясымен әңгiмелесу нәтижесi бойынша қысқартылған мерзiмде қабылданады.
      35. Институтқа қабылдау туралы мандаттық комиссия шешiмi Институт бастығы бұйрығымен рәсiмделедi.
      36. Азамат мемлекеттiк қабылдау және мандаттық комиссиясы шешiмiнiң нәтижесiмен келiспеген жағдайда Министрлiктiң апелляциялық комиссиясына апелляцияға өтiнiш беруiне болады.

4. Қорытынды ереже

      37. Азаматтарды оқуға қабылдау мәселелерi бойынша осы Ережеде және басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiмен белгiленбеген жағдайда, Министрлiктiң қабылдау, мандаттық, және апелляциялық комиссиясымен олардың құзыреттерiне сәйкес өзiнше шешiледi.


      38. Институтқа азаматтарды оқуға қабылдағаннан кейiн он күн мерзiмiнде Министрлiк пен Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiне қабылдауды ұйымдастыру және жүргiзу бойынша мәтiндiк қорытынды есеп, сонымен қатар курсанттар мен тыңдаушыларды қабылдау туралы бұйрық көшiрмелерi ұсынылады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет