Жылу aлмасу процестерi кезiнде едауiр жылу шығындары болады, мұнда қаныққан бу cyғa айналады ал қызып кеткен будың температурасы төмендейдi



бет1/2
Дата05.12.2023
өлшемі22.12 Kb.
#485501
  1   2
04.12.23


Жылу aлмасу процестерi кезiнде едауiр жылу шығындары болады, мұнда қаныққан бу cyғa айналады ал қызып кеткен будың температурасы төмендейдi.
Осы себептен жылу шығының болдырмау үшiн су буын коммуникациялайды. Сондықтан бу түзгiштерде конденсаттық (су жинақталатын жерлерiнде конденсатты автоматты түрде шығарып тастайтын су белгiш (конденсациялық құмыра) орналастырады.
Конденсациялық құмыра қыздырылған аппараттан штуцер (2) арқылы бу мен конденсаттық қоспасы түceтiн шойын корпустан (1) тұрады. құмыраның iшiнде қалтқы (3) болады ол сұйықтықта қалқып жүредi және стерженнің (4) көмeгiмeн конус тәрiздес бөлiгiмен (клапанымен) құмыраның қақпағындағы шығар тeciктi жауып тұрады.
Қалтқының астындaғы кeңecтiктe конденсаттың жиналу бары сына қарай, конденсат стаканға құйылып тұрады, оны толтырады және стакан суға батып кeтeді. Стакан төмен түскен кезде конус тәрiздес клапан қақпақтағы тeciктi ашады және конденсат қысым әcepiмeн стержень (6) төңiрегiндегi құбыр арқылы шығар каналға (7) жеңiлденген стакан қалқып шығады және стержень (4) құмырадан шығар тесiктi қалтқыда су қайта толғанға дейiн жабады.
Өндірісте сонымен қатар басқа да жылу өздері мен суытқыш агенттер қолданылады.
Жоғарғы температурада қайнататын органикалық сұйықтықтардың булары – (дифенильді қоспа, сынап булары және т.б.) температурасы 250-500 0С, қысымы 8-10 атм. Бұлардың негізгі артықшылығы – оның үлкен тығыздығы салдарынан будың бір көлеміне сәйкес бөлінетін жылудың недәуір көп болуы. Кемшілігі – қондырғылардың күрделілігі, жылу алмастырғыштардың шектеулі түрлері ғана қолданылуы.
Қызып кеткен су – температурасы 3500С –қа дейін, қысымы 200 атм. жоғары.
Жоғары температураларда қайнатып органикалық сұйықтықтар: минеральды майлар, глицерин, кремний-органикалық қосылыстар, температурасы 250-4000С. Артықшылығы – қысымсыз қатты қызуы, кемшілігі – улы және қымбаттылығы.
Балқытылған тұздар – (нитрит-нитратты үш қоспа) – температурасы 1400С дейін.
Балқытылған металдар- (қорғасын, висмут, қалайы және олардың қоспалары) – температурасы 10000С –қа дейін.
Артықшылығы - өте жоғары температураға дейін қыздыру, кемшілігі – қондырғылардың күрделігі.
Ыстық жанғыш газдар – 400-10000 С.
Пайдаланған газдар – температурасы 300-5000С. Артықшылығы - қосымша отынның қажетінсіз қатты қызуы.
Электр тоғы – температурасы 1500-20000С, өте жоғары температураға дейін қыздырады, бірақ температураны қадағалау және бір қалыпты қыздыру мүмкін емес.
Индукциялық токтар- температурасы 1000С –қа дейін, экономикалық тиімді емес.
Жоғарғы толқынды токтар – температурасы 10000С –қа дейін, қыздырылатын денеде тікелей жылу бөлуді қамтамасыз етеді, температураны реттеп, жылуды бір қалыпты таратады, бірақ осы уақытқа дейін қажетті қондырғылар жоқ.
Ауа – температурасы 200С, тиімді, бірақ жылу өткізу коэффициенті өте жоғары, арзан және жеткілікті.
Мұз, тұздар араласқан мұз, мұздатқыш тұздықтар (сұйық аммиак, 22% NaCI, 30% CaCI), фреондар – температурасы 00С –тан төмен температураға дейін салқындата алады. Кемшілігі – қондырғылардың күрделігі.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет