Қазақстан Республикасы Заңының жобасына ТҰжырымдама заң жобасының атауы



бет6/12
Дата07.02.2024
өлшемі64.6 Kb.
#491011
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
=F5 F8O 07

2.5. Қорытынды ережелер
қолданыстағы нормативтік құқықтық актілерді талдау нәтижесі мынаны көрсетеді:
біріншіден, нормативтік құқықтық актілер биологиялық қауіпсіздік мәселелерін ішінара және шашыраңқы реттейді, реттеудің бірыңғай тәсілдері мен қағидаттары жоқ;
екіншіден, биологиялық қауіпсіздік саласындағы реттеудің бірыңғай тәсілдері мен қағидаттарының болмауына байланысты бірдей мәселелерді заңнамалық шешу тәсілдері, бірақ әлеуметтік қатынастардың әртүрлі салаларында олар қайшылықты, ал кейбір жағдайларда жанжалға түседі, нормалар мен заңнамалық реттеудегі олқылықтар бәсекелестігін тудырады.
Осылайша, биологиялық қауіпсіздік саласындағы заңнаманы дамудың бастапқы сатысында тұрған, жанама әрекеттің жекелеген заңнамалық актілері немесе сабақтас салалар заңдарындағы жекелеген баптары бар деп бағалау керек.
Қалыптасқан жағдайды шешу үшін әзірленіп жатқан заң жобасы шеңберінде мынадай ережелерді көздеу қажет:
1) биологиялық қауіпсіздік саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға осы салада мемлекеттік саясатты іске асыру және ведомствоаралық үйлестіру функцияларын жүктей отырып, оны айқындау;
2) биологиялық қауіпсіздіктің бірыңғай жүйесіне кіретін салалық мәселелердің нақты тізбесін айқындау және ведомствоаралық өзара іс-қимылды, жеткіліктілік пен жеделдікті сақтауды ескере отырып, мұндай өзара іс-қимыл қажет болатын мәселелер бойынша келісуді және бірлесіп қатысуды қоса алғанда, ҚР Үкіметінің, биоқауіпсіздік саласындағы уәкілетті органның, орталық және жергілікті атқарушы органдардың өкілеттіктерінің аражігін ажырату қажет. Микроорганизмдер коллекцияларын (депозитарийлерін) есепке алу, сақтау, айналысы, мониторингілеу, өзекті (өміршең) күйде ұстау мәселелерін регламенттейтін және егжей-тегжейлі реттейтін актіні (актілерді) қабылдау бойынша Үкіметтің құзыретін бекіту;
Мемлекеттік органдарға іс-шараларды, оның ішінде ведомствоаралық, жетекшілік ететін биоқауіпсіздік саласындағы биологиялық қауіп-қатерлер мен төтенше жағдайларды болжау, анықтау, шоғырландыру және профилактикасы жөніндегі іс-шараларды жүргізу хаттамаларын (сценарийлерін) әзірлеу және бекіту бойынша міндеттер жүктеу;
3) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеудің барлық сатыларында олармен жұмыс істеу: бөлу (анықтау), әзірлеу (жасау), өндіру (дайындау), айналым, оның ішінде сақтау және тасымалдау, жою жөніндегі қызметті регламенттеу;
4) орталық және жергілікті деңгейде биологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік органдардың, патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істеуді жүзеге асыратын субъектілердің жауапкершілік аймақтарын айқындау. Қазақстан Республикасының биоқауіпсіздік саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін жауапкершілікті (материалдық және процессуалдық нормалар) айқындау.
Ветеринария мен өсімдік шаруашылығында, денсаулық сақтауда және экономиканың басқа салаларында қолданылатын аса қауіпті инфекциялардың сынамаларын, микроорганизмдерін, коллекциялық (депозиттелген) штаммдарын, өзге де қауіпті заттарды (материалдарды) есепке алу, сақтау, айналысқа жіберу және тасымалдау ережелерін бұзғаны үшін, сондай-ақ оларды уақтылы кәдеге жарату жөнінде шаралар қолданбағаны үшін дербес және корпоративтік жауапкершілікті күшейту;
5) патогенді биологиялық агенттердің айналымына мемлекеттік бақылаудың ерекше тәртібін енгізу. Биологиялық қауіпті субъектілер (объектілер) ведомстволық тиесілігіне, меншік нысанына, кәсіпкерлік санатына және мемлекеттік тіркеу мерзіміне қарамастан бақылауға және қадағалауға жатады. Есеп беретін реттеу саласындағы әрбір мемлекеттік орган оның шеңберінде мемлекеттік бақылау мен қадағалау жүргізуді қамтамасыз етуі тиіс.
Биологиялық қауіпті субъектілерді (объектілерді) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы уәкілетті органда тексерудің алдын ала тіркелуін және биологиялық қауіпті субъектілерді (объектілерді) хабардар етуді болдырмайтын арнайы белгіленген тәртіп бойынша жүргізілуге тиіс. Осы форматты осындай бақылауды (қадағалауды) жүзеге асыратын барлық мемлекеттік органдар қолдануы тиіс;
6) мынадай қағидаттарды қою:
- мемлекеттің, жұмыс берушілер мен азаматтардың жеке және қоғамдық денсаулықты сақтау мен нығайту үшін ортақ жауапкершілігі;
- биоагенттерді, сондай-ақ қызметі биоагенттермен байланысты тұлғаларды қажетті мемлекеттік күзету мен қорғауды қамтамасыз ету;
- тұрақты және төтенше жағдайда биоқауіпсіздік саласында кепілдендірілген мамандандырылған көмекті қамтамасыз ету;
- қауіпті бағалауға негізделген биологиялық қауіпсіздік жүйесінің қызметіндегі профилактикалық бағыттың басымдығы;
7) рұқсат беру рәсімдерін және аттестаттауды қолдану арқылы биоқауіпсіздік саласында мемлекеттік реттеуді көздеу;
8) есепке алу және бақылау мақсатында мыналарды құруды және жүргізуді көздеу:
патогендіктің I-II топтарндағы биоагенттермен жұмыс істейтін мамандардың бірыңғай тізілімі;
әлеуетті қауіпті биологиялық объектілердің бірыңғай тізілімін бекіту туралы;
биоқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік ақпараттық жүйе;
9) мыналарды анықтау:
- зертханалық биоқауіпсіздіктің негізгі қағидаттары мен тәсілдерін;
- патогендіктің I-II топтарындағы аса қауіпті инфекция қоздырғыштарымен жұмыс істеу бойынша қызметті тек мемлекеттік ұйымдар жүзеге асырады;
- микроорганизмдер коллекцияларына (депозитарийлеріне) қойылатын талаптар (патогенді және өнеркәсіптік микроорганизмдердің республикалық коллекциялары мемлекет меншігі болып табылады және жекешелендіруге жатпайды)
- биоқауіпсіздік жүйесі ұйымдарын ақпараттандыруға қойылатын талаптар (патогендіктің 1-2 топтарындағы штаммдар туралы мәліметтер «Қызмет бабында пайдалану үшін» немесе «құпия» деңгейіне жатқызылған»);
- биоқауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың басымдықтары мен бағыттары;
10) биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ҚР нормативтік құқықтық базасын халықаралық құқық нормаларымен, Қазақстан Республикасы қатысушысы болып табылатын биологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы халықаралық шарттармен және келісімдермен үйлестіру;
11) инфекциялық ауру қаупі жоғары аймақта болу нәтижесінде ауырған адамдар үшін мәжбүрлеп обсервациялау немесе карантин мүмкіндігі;
12) әртүрлі биологиялық қауіпті ластағыштардың адам денсаулығына әсеріне және олардың қоршаған ортаға әсеріне бағалау жүргізуге мүмкіндік беретін биологиялық қауіпсіздік саласындағы ақпараттық жүйелерді құру болып табылады.
13) Қазақстан ратификациялаған халықаралық актілердің ережелеріне сәйкес келетін және Заң жобасының қолданылу саласы шеңберінде ғана емес, сондай-ақ салалық сабақтас заңнамада практикада пайдаланылатын анықтамалармен (мысалы, «биологиялық қауіпсіздік», «биологиялық қауіпсіздік өлшемшарты», «қауіпсіздік көрсеткіші», «жол берілмейтін тәуекел», «биотерроризм», «биотерроризм», «биотеррористік қауіп» және т. б.) қолданылатын терминологияны енгізу қажет;
14) патогенді биологиялық агенттермен жұмыс істейтін мамандарға ерекше мәртебе бере отырып (алып қоюлармен және шектеулермен, сондай-ақ құқықтарымен, міндеттерімен және жауапкершілігімен), оларды әлеуметтік және құқықтық қорғау талаптарын, сондай-ақ шараларын көздеу.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет