https://www.youtube.com/watch?v=8AlutjeDCQU - Қазақстан Республикасында Адам құқықтары сақталады ма?
- Қазақстандық қоғамының қалыптасқан адамдардың өзара құрметінің көріністері қандай?
Қазақстан Республикасында адам және азаматтың құқықтары мен бостандықтарының қорғалуы
Адам — Жер бетіндегі ең жоғарғы даму сатысындағы тіршілік иесі, қоғамдық-тарихи әрекет пен мәдениетті жасаушы. Адам – философия, әлеуметтану, психология, физиология, педагогика, медицина, т.б. ғылымдардың нысаны болып табылады.
АЗАМАТ деген кім? Келесі адамдар: (Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы Заңның 3-бабы) - 1991 жылғы 20 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын;
- Қазақстан Республикасының аумағында туған және шет мемлекеттің азаматтығында тұрмайтын;
- Заңға сәйкес Қазақстан Республикасының азаматтығын алған адамдар Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылады.
- Қазақстан Республикасы азаматының басқа мемлекеттiң азаматтығында болуы танылмайды.
- Қазақстан Республикасы жаппай қуғын-сүргін, күштеп ұжымдастыру кезеңдерінде, адамгершілікке жат өзге де саяси шаралар салдарынан Республика территориясынан кетуге мәжбүр болған адамдар мен олардың ұрпақтарының өз территориясына қайтып оралуы үшін, сондай-ақ басқа мемлекеттер территориясында тұратын қазақтар үшін жағдай жасайды.
Конституциялық құқықтар мен бостандықтардың түрлері. Конституциялық құқықтар мен бостандықтарды жинақтап 3 түрге бөлеміз: А) жеке құқықтар мен бостандықтар Оларды кейде азаматтық құқықтар мен бостандықтар деп те атайды. Жеке құқықтар мен бостандықтар әркімнің құқығы болып табылады және адамның мемлекеттің азаматтығына тәндігімен байланысты емес, одан туындамайды; адамға тумысынан тән болады және одан бөлінбейді; адамның жеке өміріне, бас бостандығына, ар-ожданына байланысты өзге де табиғи құқықтарын қорғау үшін қажетті құқықтар мен бостандықтарды қамтиды. Б) саяси құқықтар мен бостандықтар Олар мемлекеттің азаматтығында болуға байланысты және белгілі бір жасқа (18) толғанда туындайды, азаматтардың мемлекеттің саяси өміріне қатысуын байқатады В) әлеуметтік-экономикалық құқықтар мен бостандықтар Адамның әлеуметтік, экономикалық, мәдени қажеттіктерін қанағаттандыруға байланысты құқықтар мен бостандықтар. Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері – бұл конституциялық құқықтар мен бостандықтарды шынайы жүзеге асыруға арналған, оларды түрлі қол сұғушылықтардан қорғауға бағытталған амалдар. Олардың келесідей негізгі түрлерін көрсетуге болады: Адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарының кепілдіктері – бұл конституциялық құқықтар мен бостандықтарды шынайы жүзеге асыруға арналған, оларды түрлі қол сұғушылықтардан қорғауға бағытталған амалдар. Олардың келесідей негізгі түрлерін көрсетуге болады: - 1. әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер;
- 2. саяси кепілдіктер;
- 3. заңды кепілдіктер.
Адамдардың құқықтары мен бостандықтары мәселелерін реттейтін халықаралық заңнамалар: Адамдардың құқықтары мен бостандықтары мәселелерін реттейтін халықаралық заңнамалар: 1. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы: Декларация Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен 1948 жылғы 10 желтоқсанда № 217 А (III) қабылданған (БҰҰ-ға мүше болғанда) 2. Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пакт: Нью-Йоркте 1966 жылғы 16 желтоқсанда қабылданған (Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық пактіні ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 28 қарашадағы N 91 Заңы)
Достарыңызбен бөлісу: |