«Халықаралық жария құқығы»



бет1/7
Дата13.06.2016
өлшемі0.5 Mb.
#131924
  1   2   3   4   5   6   7

ОӘК 042-14-5-02.01.20.73.03- 2011

№1 басылым


42 беттің беті - -еттің -ші




ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТІРЛІГІ

ШӘКӘРІМ АТЫНДАҒЫ СЕМЕЙ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ



3 деңгейлі СМЖ құжаты

ОӘК

ОӘК 042-14-5-02.01.20.73.03- 2011

«Халықаралық жария құқығы» пәнінің оқу-әдістемелік кешені

№1 басылым

05.09.2011ж.





«Халықаралық жария құқығы» пәні бойынша

«050301 – «Заңгер» мамандығына арналған



ПӘННІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІНІҢ

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК МАТЕРИАЛЫ

СЕМЕЙ

2011

Мазмұны


  1. Глоссарий

  2. Дәрістер

  3. Практикалық сабақтар

  4. Студенттердің өздік жұмысы


1. Глоссарий




Терминдік ұғым сөз

Ұғымдық мазмұны

1

Адам құқыларының жалпыға бірдей декларациясы

1948ж10желт.БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған , преамбула мен 30баптан тұратын бұл декларация мемлекеттерге «нәсілге,жынысқа,тіл мен дінге ажыратпай, адамның құқы мен баршаға арналған негізгі бостандықтарға құрметпен қарауды орнықтыру және дамыту жолында»ынтымақтасуды міндеттеген БҰҰ Жарғысын өрбітіп, нақтылай түскен құжат болып табылады.Халықаралық қарым-қатынастар тарихында тұңғыш рет адамның жалпыға бірдей сақталатын құқылары мен бостандықтарының шеңбері айқындалады

2

Заңи акт

Белгілі бір құқықтық нәтиже туындайтын,заңи ахуал жасайтын және бүкіл халықтың мүддесіне сай өндіріс тәсілдерін қалыптастыру,нығайту және дамыту мақсатымен қоғамдық қарым –қатынастарды жетілдіруге арналған ресми жазбаша құжат.

3

Жанасып жататын аймақ

бұл аумақтық теңіздің сыртқы шекарасынан тыс жатқан, ені 24 миль болатын, аумақтық теңіздің ені өлшенетін бастапқы сызықтардан есептелетін теңіз кеңістігінің белдеуі.

4

Ерекше экономикалық аймақ

бұл аумақтық теңіздін сыртқы шекарасынан тыс жатқан және оған ені 200 мильдей қабысатын, аумақтық теңіздің ені өлшенетін сызықтан есептелетін теңіз кеңістігінің белдеуі.

5

Континенттік қайраң


бұл жағалаудағы мемлекеттің аумақтық теңізінің сыртқы шекарасынан тыс орналасқан, құрлықтың сыртқы су асты шекарасының шетінен немесе құрлықтың сыртқы су асты шекарасы мұндай қашықтыққа таралмайтын аумақтық теңіздің ені өлшенетін бастапқы сызыққа 200 мильдей жетпейтін теңіздің түбі мен оның қойнауы.

6

Плебисцит

бұл қандай да бір мәселе бойынша халықтың пікірін білу мақсатында бүкілхалықтық сауал жүргізу

7

Шекаралық белдеу

мемлекеттік шекараның сызығынан құрлыққа қарай 2 километрден көп емес енде немесе шекаралақ өзендердің жағалауларының сызығынан бекітіледі.

8

Халықаралық бұғаздар

бұлар барлық мемлекеттердің халықаралық кеме қатынасы мен әуе навигациясында барлық тулардың (жалау) тендігі негізінде пайдаланылатын әлемдік су жолдарының ажырамас құрамдас бөлігі болып табылатын теңіздер мен мұхиттарды қосатын бұғаздар.

9

Халықаралық каналдар

бұлар халықаралық қарқынды кеме қатынасы жолында орналасқан және халықаралық келісімдерге, халықаралық құқықтың көпшілік таныған қағидалары мен нормаларына сәйкес және каналдардың меншік иелері болып табылатын мемлекеттердің ешқандай кемсітушіліксіз пайдаланатын теңіздер мен мұхиттарды қосатын жасанды құрылыстар.

10

Промульгация

ол қатысушы мемлекеттің бұқаралық ақпарат құралдарында халықаралық шартты ресми жариялауды білдіреді.

11

Азаматтыққа алу дегеніміз

мүдделі адамның өтініші бойынша белгілі бір мемлекеттің азаматтыққа қабылдауы.

12

Арнайы миссиялар


сыртқы қатынастардың шетелдегі уақытша органдарының бір түрі, ол араларында айқындалатын нақты міндеттерді орындауы үшін бір мемлекеттің екінші мемлекетке жіберетін өкілдерінен тұрады.

13

Консулдық қуқық

бұл консулдық мекеменің құқықтық жағдайын, сондай-ақ консулдықтың лауазымды адамдарын тағайындауды, қызметтерін, артықшылықтары мен иммунитеттерін реттейтін қағидалар мен нормалар жиынтығы

14

Консул

бұл басқа бір мемлекеттің белгілі бір аумағына (округына) келісіммен тағайындалатын мемлекеттің лауазымды адамы, ол осы ауданда өз мемлекетінің, заңды және жеке тұлғаларының мүдделерін қорғайды, саяси, экономикалық, ғылыми, мәдени және басқа да байланыстарды дамытуға жәрдемдеседі.

15

Жеке консул

дипломатиялық өкілдіктен дербес консулдық мекемені басқаратын адам. Оны арнайы құжат арқылы - консулдық мекеме басшысы қызметіне тағайындауды растайтын патент, құжат негізінде жұмысқа тағайындайды.

16

Консулдық экзекватура


консулдық орналасқан мемлекеттің консулдық мекеме басшысының өз міндеттерін атқару үшін нақты консулдық округке баруына рұқсат беретін құжат. Консулдық экзекватура беру тәртібі консулдық орналасқан елдің ұлттық заңдарымен айқындалады.

17

Халықаралық ұйымдар құқығы


халықаралық ұйымдардың қызметтерін және құқықтық мәртебесін, пайда болу мәселелерін реттейтін қағидалар мен нормаларды біріктіретін осы заманғы халықаралық құқықтың бір саласы.

18

Консенсус


шешімдерді дайыпдау мен қабылдау рәсімі, оған мүше мемлекеттердің позициясын дауыс бермей-ақ үйлестіру және қабылданатын шешімдерге толықтай алғанда қарсылықтардың болмауы тән.

19

Халықаралық ұйым


бұл белгілі бір міндеттерді орындау үшін халықаралық шарт негізінде құрылған, тұрақты әрекет ететін органдар жүйесі бар, халықаралық құқық субъектілігіне және халықаралық құқық нормалары мен қағидалары негізінде қүрылған мемлекеттердін тұрақты бірлестігі.

20

БҰҰ Бас Ассамблеясы (БҰҰ БА)

оның барлық мүшелерінен тұратын Біріккен Ұлттар Ұйымының басты органы



2. Дәрістер

Дәріс сабағының құрылымы

1. Тақырып : Халықаралық жария құқығының ұғымы

  1. Осы заманғы халықаралық қатынастардың негізгі белгілері және халықаралық құқық - құқықтың ерекше жүйесі.

  2. Қазіргі болмытағы халықаралық қатынастардың қызмет ету жағдайы және жүйеленуі мен үдемелі дамуы.

  1. Халықаралық жария және халықаралық жеке құқық.

1.Халықаралық құқық нормалары мен мемлекеттердің тәуелсіздік құқықтарын құрметтеу мемлекеттер арасындағы сапалы өзара қатынастардың негізгі алғышарты болып табылады. Халықаралық қүкык нормалары халықаралық қатынастардың пайда болуынан туындайды. Халықаралық қатынастарды халықаралық құқық реттеп отырады, сонымен бірге оның нормаларына өз әсерін тигізеді. Халықаралық құқық кез келген қоғам өмірінде маңызды орынға ие болатын жан-жақты және дамыған халықаралық қатынастарды реттейді. Халықаралық қатынастар халықаралық құқық нормаларының мазмұнын айқындайды.Жеке зерттеулерді қажет ететін іргелі проблемаларға ең бірінші халықаралық жүйедегі халықаралық құқық пен халықаралық қатынастардың орны туралы проблеманы жатқызуға болады. Мәселен, халықаралық қатынастарды зерттеушілер халықаралық қатынастарды маңызды және анықтаушы деп есептейді, оларды жүйе ретінде қарастырады (Г.А.Арбатов, Н.И.Лебедев, Ш.Г.Санакоев, Д.Г.Томашевский, т.б).Халықаралық құқықтар мағынасында алғанда мыналарды: біріншіден, мемлекеттер мен мемлекет тәріздес құрылымдарды; екіншіден, өз тәуелсіздіктері үшін күресуші халықтар мен ұлттардың, мемлекеттік құрылымдардың орнығу процесін; үшіншіден, халықаралық ұйымдарды; төртіншіден, мемлекеттер тобын; бесіншіден, осы белгілердің арасындағы байланысты білдіреді.Жоғарыда аталғандардан басқа, халықаралық жүйенің құрамына сондай-ақ халықаралық қатынастарда әрекет ететін халықаралық-құқықтық және өзге де әлеуметтік нормалар кіреді. Халықаралық жүйеге айқын тұтастық, басқа компоненттерден салыстырмалы оқшаулық сипаты тән. Халықаралық жүйенің ерекшелігі - оның негізгі белгісі, мемлекеттің біріншіден, халықаралық жүйенің бір бөлігі болып табылатындығы, екіншіден, одан тыс та өмір сүре алатындығы.Сонымен, халықаралық құқықтың даму және қызмет ету проблемаларын айқындағанда, осы заманғы халықаралық қатынастардың ерекшелігін, халықаралық жүйе үғымы мен компоненттерін анықтауға тура келеді.Халықаралық қатынастар - бұл мемлекеттердің арасындағы саяси, экономикалық, құқықтық, дипломатиялық, әскери, мәдени, ғылыми, идеологиялық және өзге де байланыстар жүйесі.Халықаралық құқық - мемлекеттер арасындағы әр түрлі саяси, экономикалық және өзге де қатынастарды, сондай-ақ халықаралық қатынастарға қатысушы басқа да құрылымдарды реттейтін құқықтың бір бөлімі. Ол құқықтың ерекше жүйесі ғана емес, ішкі мемлекеттік құқықтың барлық өзге салаларынан едәуір айырмашылығы бар. Халықаралық құқық халықаралық қатынастарды реттейтін шарттық және нормалар мен қағидалар жүйесін және мемлекеттің салыстырмалы келісілген еркін көрсетеді.Халықаралық құқық өзінің генетикалық және мәні жағынан мемлекетпен байланысты болғанына қарамастан, жеке бір мемлекеттің құқығы болып есептелмейді, сондай-ақ мемлекеттегі жоғары құқық болып та табылмайды. Ол мемлекеттердің өзара қатынасын бекітуші және қамтамасыз етуші мемлекетаралық құқық болып табылады.Егер ішкі мемлекеттік құқықтың барлық салаларында субъектілер ретінде, яғни құқықтар мен міндеттемелерді иемденушілер жеке және заңды түлғалар болса, халықаралық құқықта субъектілер екі топқа бөлінеді: 1-топ - негізгі субъектілер: а) тәуелсіз мемлекеттер; ә) өз тәуелсіздіктері үшін күресуші ұлттар мен халықтар; 2-топ - қосымша субъектілер: а) халықаралық ұйымдар; ә) мемлекетке ұқсас құрылымдар. Халықаралық құқықтың соңғы жылдардағы дамуынан индивидтің халықаралық құқықтың субъективтілік теориясы көпшілік алдында таныла бастады.Халықаралық жария құқық - бұл құқық субъектілерінің еріктерін үйлестіру жолымен жасалатын, әрі заңдық түрғыдан міндетті деп танылатын және қажетті жағдайларда мәжбүрлеу жолымен қамтамасыз етілетін заң нормаларының жүйесі.

2. Халықаралық құқықтың қызмет етуі - бұл халықаралық құқық жүйесі мен құқықтық ортаның, яғни халықаралық құқық жүйесі компоненттерінің әрекеттесуі болып табылады. Мәселеге бұл тұрғыдан қарау халықаралық құқықтың рөлін, оның дамуын бағдарлауға, оның әрекеттілігінің бейбітшілікті және халықаралық ынтымақты арттыру құралы ретінде одан әрі танылуына септігін тигізеді. Сонымен бірге, қызмет ету дегеніміз халықаралық құқықтың мақсат-міндеттерін жүзеге асыру процесі болады.Халықаралық құқық адамзат қоғамы дамуының әр түрлі сатыларында түрлі рөл атқарған. Белгілі халықаралық заңгерлердің бірі Ф.Лист халықаралық құқықтың көбіне аяқ асты болып келгенін атап көрсеткен. Алайда мемлекеттер және халықаралық қатынастың басқа субъектілері халықаралық жария құқық нормаларының міндетті күшін жоққа шығара алмайды.Халықаралық құқықтың басты қызметі - оның мемлекетаралық қатынасының негізгі қатысушылары мен арақатынасынан көрінеді. Мұнда құқықтық қатынас субъектілері түрлі құралдарды қолдануы мүмкін.Халықаралық жария құқықтың қызмет етуі үшін мынадай мәселелер өзекті болып табылады: біріншіден, халықаралық құқық мемлекеттін көпшіліктаныған нормалары мен қағидаларын сақтауын міндеттей келе, олардың сыртқы саясаты мен дипломатиясын шектеп отырады; екіншіден, халықаралық құқық сонымен бірге сыртқы саясат пен дипломатияның дамуы үшін негіз бола алады; үшіншіден, халықаралық құқық сыртқы саясат пен дипломатиялық қатынастарға қатысушы органдардың қызметін реттейді. Мәселен, халықаралық жария құқық өзінің жүйесінде дипломатиялық және елшілік құқық салаларын зерттейді. Оған халықаралық болсын, сондай-ақ ішкі мемлекеттік сипатта болсын, жетерліктей нормативтік база бар, мәселен, 1961 ж. дипломатиялық қатынас туралы Вена конвенциясы, 1963 ж. елшілік қатынас туралы Вена конвенциясы, 2002 ж. "Дипломатиялық қызмет туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.Шетел сөздерінің осы заманғы сөздіктерінде жүйелеуді былайша түсіндіреді.Жүйелеу (лат.codification) - құқықтың жеке салалары бойынша мемлекет заңдарының жүйеленуі, әдетте ол, әрекеттегі заңдарды қайта қарап, ескірген заңдардың күшін жою арқылы жасалады. Аталған анықтамаға сүйене отырып, біз жүйелеудің негізгі бағыттарын айқындай аламыз:

1) Әрекет етуші нормаларды, институттарды, қағидаларды, халықаралық құқық салаларының тура және нақты мазмұнын белгілеу;



  1. Ескірген нормаларды өзгерту немесе қайта қарау;

  2. Халықаралық құқықтың үдемелі дамуын ескере отырып, жаңа нормаларды, институттарды, қағидаларды, салаларды анықтау;

  3. Халықаралық құқық нормаларын, институттарын, қағидаларын, салаларын нормативтік бекіту.

Халықаралық құқықты жүйелеумен айналысатын халықаралық ұйымдардың ішінен Халықаралық құқық Институты Штаб-пәтері -Брюссель мен халықаралық құқық Ассоциациясы - штаб пәтері - Лондон айрықша орын алады, олар 1873 ж. құрылған болатын.

3. Осы заманғы халықаралық құқық халықаралық жария және халықаралық жеке құқық болып екіге бөлінеді. Бұл оқу құралында халықаралық жеке құқыққа қатысты мәселелер қамтылмағақ сондықтан олардың арақатынасы туралы мәселелерді айтып өткеніміз жөн болар.Аталған мәселе көпке дейін халықаралық құқықтың теориясы мен тәжірибесінде талас тудырып келді, бұл проблеманың гснезисі былайша сипатталады. Бұл мәселеге байланысты мынадай үш түрлі негізгі көзқарастар өмір сүріп келді:

1) Халықаралық жеке құқық ұлттық құқықтың бір бөлігі және құқық ретінде өз бетінше өмір сүре алмайды. Ол азаматтық құқық жүйесіне жатады. Мұндай пікір алғаш 1926ж. И.С.Перетерскийдің еңбектерінде айтылды;



  1. Интернационалдық позиция, Халықаралық жеке құқық - халықаралық құқықтың бір бөлігі, яғни Халықаралық жеке құқық Халықаралық жария құқық-халықаралық құқық.

  2. Халықаралық жеке құқық кейде азаматтық құқықтың арнайы салаларының бірін құрайды, бірақ негізінен Халықаралық жария құқықпен тығыз байланысты.

Халықаралық жария құқық пен халықаралық жеке құқық арасындағы толық байланыс халықаралық жеке құқықтың мемлекетаралық қатынастарды емес, халықаралық өмірді сипаттайтындығына байланысты болады. Осыдан келіп, халықаралық жария құқықтың кейбір бастама негіздері халықаралық жеке құқық үшін де белгілі бір мәнге ие болады.Мемлекет шетел элементтері бар азаматтық-құқықтық қатынастарға қатысы бар мәселелерді өзінің ішкі заңдарымен немесе халықаралық келісімдермен шешкенде халықаралық ынтымақтастық мәселелеріне өз көзқарасын белгілейді, халықаралық жеке құқықтың осы ынтымақтастықты ұйымдастыруға қатысатынынан, мемлекеттердің халықаралық жеке құқық көлеміндегі актілері оның сыртқы саясатын білдіреді.
2.Тақырып: Халықаралық жария құқықтың негізгі принциптері (қағидалары)

  1. ХЖҚ-ның қағидаларының түсінігі

  2. ХЖҚ қағидаларының мазмұны

1. Халықаралық құқықтың дамуындағы маңызды белгілердің бірі, оның негізгі қағидалары рөлінің үдемелі дамуында, басқаша айтқанда, ол белгілі бір қатынастардағы халықаралық құқық субьектілерінің тәртіптеріне негізделген, заңи оқшауланған нормалары болып шығады. Халықаралық құқықтың белгілі бір обьектісіне қатысты нақты құқықтық қатынастарды реттеуге арналған нормаларға қарағанда, қағидалар өз әрекетін құқықтық қатынастардың тұтас аумағына таратады. Құқықтық нормамен салыстырғанда, қағида ұзақ мерзімді, әрі өзгеріп тұратын мән-жайлардың әсеріне көп ұшырамайды. Сонымен бірге, нормаларға қарағанда қағидалар ұзақ мерзім ішінде қалыптасады. Қағидалар дегеніміз - қандай да бір жүйенің негізін қалайтын идеялар, нақты жүйенің барлық нормалары бағынатын, әрекеті көлемді нормалар болып табылады.Халықаралық қуқықтың негізгі қағидалары - халықаралық құқықтын өзінің пайда болуы кезеңімен сәйкес келмейтін санатқа жатады. Мұндай сипаттағы қағидалар осы құқық дамуының белгілі бір сатысында пайда болады. Халықаралық құқықтың негізгі қағидалары - бұл халықаралық-құқықтық салада болып жатқан түбегейлі өзгерістерді айқын бейнелейтін негізгі бастаулар. Халықаралық құқықтың қағидалары оның басты ережелері болып табылады, оның халықаралық-құқықтық толық нормалары мен арақатынасын заңдағы нормалардың конституциялык қағидаларының арақатысымен салыстыруға болады.Хальщаралық құқықтың негізгі қагидалары — өзіндік сипаттамасы бар дербес құқықтық санатқа жатады. .Біріншіден, қағидалар барлык құқықтық жүйеге таралады. Екіншіден, олар міндетті (императивті) сипатта jus cogens. Үшіншіден, қағидаларға жүйе құраушы рөл сипаты тән. Төртіншіден, қағидаларға заңдылық өлшемі тән болады.Халықаралық құқықта қағидалардың екі түрлі санаты бар: жалпы, негізгі қағидалар; және тар мағынадағы тәртіп ережелерің бекітетін арнаулы қағидалар.Осы заманғы халықаралық құқықтың негізгі қағидалары, біріншідеқ БҰҰ Жарғысында бекітілгеа Бірақ, БҰҰ Жарғысы халықаралық құқық қағидаларын түжырымдау жөнінде арнайы мақсатты көздемегендіктен, олардың кейбіреулері өте қысқа мазмүндалған. Сондықтақ бірқатар мемлекеттердің бастамасымен, бірнеше негізгі қағидалардың мазмүнын айқындау үшін БҰҰ да бірсыпыра жұмыстар атқарылды. Бұл жұмыс 1970 ж. БҰҰ Бас Ассамблеясының БҰҰ Жарғысына сай (мұнан былай, халықаралық құқықтың негізгі қағидалары туралы Декларация) мемлекеттер арасындағы достық қатынастар мен ынтымақтастыққа қатысты халықаралық құқықтың қағидалары туралы Декларацияны қабылдаумен аяқталды.1970 ж. Декларацияда халықаралық құқықтың 7 қағидасы мазмұндалған:

- Күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау


қағидасы; - Ішкі істерге араласпау қағидасы; - Халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешу қағидасы; - Мемлекеттердің өзара міндетті ынтымақтасу қағидасы; - Халықтардың теңдік және өзін-өзі басқару қағидасы; - Мемлекеттердің дербес теңдік қағидасы; - Міндеттемелерді адал орындау қағидасы.Дегенмен, бұдан халықаралық құқықта тек осы 7 қағида бар екен деген ой тумауы керек. 1975 ж. Хельсинки кеңесінің Қорытынды Актісінде 10 кағида бар. 1970 ж. Декларациядағы тізімге мыналар қосымша енгізілді: шекаралардың мызғымастық қағидасы; аумақтық тұтастық қағидасы; адамның құқықтары мен негізгі міндеттерін қүрметтеу қағидасы. Айтып өтетін бір жайт, халықаралық құқық халықаралық құқық субьектілерінің басшылыққа алатын қағидаларының барлығын белгілеуді өзіне мақсат тұтпайды. Әрбір жеке тарихи кезеңде қолданыстағы қағидалар жаңаланып, эволюция жүріп тұрады. Мысалы, халықаралық экологиялық құқықта қоршаған ортаға залал тигізбеу сияқты; қоршаған орта мен оның компоненттерін еркін зерттеу және пайдалану қағидасы; қоршаған ортаны тиімді пайдалану қағидасы және т.б. бар. Халықаралық әуе құқығында халықаралық әуе қатынасының қауіпсіздігін қамтамасыз ету қағидасы; әуе кемелерін заңсыз қол сұғу актісінен қорғау және т.б. қағидалар негізгі қағидалар болып табылады.Халықаралық құқық доктринасы халықаралық жария құқықтың негізгі қағидаларын былайша жіктейді.Мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйелерінен тәуелсіз, бейбіт қатар өмір сүру қағидасы басты орын алады.Келесі топқа халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті тікелей қолдайтын қағидалар кіреді. Мұндай қағидаларға күш қолданбау немесе күш қолданамын деп қоқан-лоққы жасамау қағидасы; халықаралық дауларды бейбіт жолдармен шешу қағидасы; мемлекеттердің аумақтық тұтастық қағидасы; шекаралардың мызғымыстық қағидасы жатады.Халықаралық ынтымақтастықты айқындайтын қағидалар тобына мыналар жатады: мемлекеттердің дербес теңдік қағидасы; қол сұқпау қағидасы; халықтардың теңқұқылық және өзін-өзі басқару қағидасы; мемлекеттердің ынтымақтасу қағидасы; халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасы.

2. Мемлекеттердің экономикалық, әлеуметтік және саяси жүйелерінен тәуелсіз бейбіт қатар өмір сүру қағидасы. Осы қағидаға сәйкес, мемлекеттер халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қолдауға, сондай-ақ өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға міндетті. Бұл қағиданың сипаттамалық белгісі - ол халықаралық құқықтың көптеген негізгі қағидаларының мән-маңыздарының үйлесуі. Сондықтан осы заманғы халықаралық құқықтың негізгі қағидаларының барлық жүйесі бейбіт қатар өмір сүру қағидаларының жүйесі деп атала алады. БҰҰ Жарғысында "бейбіт қатар өмір сүру" нақты терминмен негізделмегеніне қарамастан, оның мазмұны Кіріспені толықтай қамтиды және өзге де жарғылық ережелерде мәні ашылады. Бейбіт қатар өмір сүру қағидасы бейбітшілікті сүйетін кез келген мемлекеттің сыртқы саясаттағы конституциялық қағидаларының негізін қалайды.

Осы қағиданың мазмүнына сәйкес, мемлекеттер азаматтық және саяси ғана емес, сонымен бірге әлеуметтік-экономикалық құқықтарды да сақтауды өздеріне міндет етіп жүктейді. Сөйтіп, тәуелсіздікке тән дербес теңдік және құқықтарды құрметтеу қағидаларын орындай отырып, мемлекеттер бір-бірінің өздерінің саяси әлеуметтік, экономикалық және мәдени жүйелерін еркін таңдау және дамыту құқықтарын құрметтеуге міндеттенеді.Осы заманғы халықаралық қатынастарда, баяғы қалпынша адамның негізгі құқықтары мен бостандықтарын апартеид, геноцид, нәсілшілдік сипаттарында дөрекі және жаппай бұзу әлі де орын алып келеді.



Халықаралық міндеттемелерді адал орындау қағидасы. Халықаралық құқықта ертеден-ақ, шарттар орындалуы тиіс —pacta sunt servanda - деген қағида бар. Ол кейін БҰҰ Жарғысының Кіріспесінде көрініс тапты. Онда БҰҰ мүшелерінің "халықаралық құқықтың шарттарынан және басқа да қайнар көздерінен туындайтын міндеттемелердің әділдігі мен құрметтелуінің сақталуына шарт-жағдайлар қалыптастыруға" бел байлағандары атап көрсетілген. БҰҰ Жарғысының 2-бабының 2-тармағына сәйкес, барлық мүше мемлекеттер Жарғы бойынша қабылданған халықаралық міндеттемелерді адал орындауға міндетті. Мемлекеттер өздерінің ішкі құқықтарына қарамастан, шарттың мақсаты, мазмұны, мерзімі және орындалу орны бойынша өздерінің міндеттемелерін адал орындаулары тиіс.Кейінгі жылдарда мемлекеттер арасында жасалып жатқан шарттар мен келісімдер адамзатты жаңа дүниежүзілік соғыс қаупінен арашалауға бағытталған. Олар мемлекеттер арасындағы түрлі ынтымақтастық жүйесін қалыптастыруды мақсат тұтады. Сондықтан шарттық ережелердің орындалуы халықаралық бірлестіктегі бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында жаңа халықаралық келісімдерге қол қойылуының кепілі бола алады.

Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет