Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекіту туралы



Дата23.02.2016
өлшемі342.57 Kb.
#4964
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 10.07.2013 08:49:24
Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 тамыздағы № 923 Қаулысы

(2013.21.05. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



 

«Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 13) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасы бекітілсін.

2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

К. Мәсімов

 

Қазақстан Республикасы



Үкіметінің

2011 жылғы 13 тамыздағы

923 қаулысымен



бекітілген

 

 

Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану

қағидасы

 

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану қағидасы (бұдан әрі - Қағида) «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 12-бабының 13) тармақшасына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді.

2. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өту тәртібі «Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуін регламенттейтін кейбір мәселелер» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 желтоқсандағы № 1345 қаулысымен белгіленеді.

ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 3-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

3. Қағида қолдану мерзімі күнтізбелік бір жылдан асатын тұрақты жолаушылар және багаж тасымалына берілетін шетелдік рұқсаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасында автомобиль тасымалдарының рұқсат беру жүйесін халықаралық қатынаста қолдану және шетелдік рұқсаттарды беру тәртібін айқындайды.

Қағида меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде мынадай автокөлік құралдарына иелік ететін жеке тұлғаларға, дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - отандық тасымалдаушылар) қолданылады:

1) автобустар, шағын автобустар;

2) жүк автомобильдері (олардың тіркемені қосқанда рұқсат етілетін жалпы салмағы 6 тоннадан астам немесе тіркемені қосқанда рұқсат етілетін пайдалы жүктемесі 3,5 тоннадан астам);

3) мамандандырылған автомобильдер (белгілі бір жүк түрін тасымалдауға арналған);

4) арнайы автомобильдер (әртүрлі, көбінесе көліктік емес жұмыстарды орындауға арналған).

ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 138 Қаулысымен 4-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



4. Осы Қағидада мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) автокөлік құралдарына рұқсат беру карточкасы - автокөлік құралын жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарында пайдалануға рұқсат беретін құжат;

2) жолсапар - автокөлік құралдарының жөнелту пунктінен межелі пунктіне жүруі және жөнелту пунктіне кері оралуы;

3) жүктердің халықаралық автомобильмен тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі - Қазақстан Республикасының автомобиль тасымалдаушыларына жүктердің халықаралық автомобильмен тасымалдарын жүзеге асыруға құқық беретін құжат;

4) қосымша өтінім - жылдық өтінімге қатыспаған немесе жылдық өтінімде шетелдік рұқсаттардың белгілі бір түрін және қажетті санын көрсетпеген отандық тасымалдаушы берген шетелдік рұқсаттарды алуға өтінім;

5) отандық рұқсат - рұқсат беру құжаты, оның негізінде халықаралық қатынаста жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды, сондай-ақ үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауды жүзеге асыратын шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) келуі (кетуі), Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиті жүзеге асырылады;

6) рейс - автокөлік құралдарының жөнелту пунктінен межелі пунктіне дейін жүріп өтуі;

7) рұқсат беру құжаты - Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру құқығын растайтын құжат (отандық немесе шетелдік рұқсат, үшінші елдерге (елдерден) тасымалды орындауға арналған рұқсат, арнайы рұқсат);

8) рұқсат бланкілерімен алмасу квотасы (бұдан әрі - алмасу квотасы) - шет мемлекеттермен алмасу үшін келісілген шетелдік рұқсаттардың саны;

9) транзиттік жүріп өту (транзит) - жөнелту және межелі пункттері осы мемлекеттің аумағынан тыс орналасқан мемлекеттің аумағы арқылы жүкпен немесе жүксіз автокөлік құралдарының жүріп өтуі;

10) ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 138 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

11) үшінші елдерге (елдерден) тасымалдау - автокөлік құралының тіркелу мемлекеті болып табылмайтын екі мемлекет арасында жолаушыларды, багажды немесе жүктерді тасымалдау;

12) шетелдік рұқсат - рұқсат беру құжаты, оның негізінде халықаралық қатынаста жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды, сондай-ақ үшінші елдерге (ден) тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының тиісті шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіру (шығу), мемлекеттің аумағы арқылы транзиті жүзеге асырылады.

5. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өтуіне рұқсат беру жүйесі Заңда, Қазақстан Республикасы ратификациялаған Қазақстан Республикасы мен шет мемлекеттер арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы халықаралық шарттарда (бұдан әрі - Келісім) және осы Қағидада айқындалады.

ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 138 Қаулысымен 5-1-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)

5-1. Жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыратын отандық автокөлік құралдарының шет мемлекеттің аумағына (аумағынан) кіруі (шығуы), шет мемлекеттің аумағы арқылы транзиті мынадай түрлердегі шетелдік рұқсаттардың негізінде жүзеге асырылады:

1) жүк тасымалына арналған шетелдік рұқсаттар;

2) жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар;

3) күнтізбелік бір жылға қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар.

6. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы халықаралық автомобиль қатынасы туралы келісімге сәйкес отандық тасымалдаушылар Қытай Халық Республикасының аумағына автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде мыналар қажет:



1) жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауды орындаған кезде, отандық тасымалдаушыға тасымалды жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен «А» түрінің рұқсаты;

2) тура және кері бір рейсті орындауға құқығы бар жолаушылар мен багаждың тұрақты емес автомобиль тасымалын орындау кезінде «В» түрінің рұқсаты;

3) тура және кері бір рейсті орындауға құқығы бар жүк автомобиль көлігімен тасымалдау кезінде «С» түрінің рұқсаты.

 «А», «В», «С» түріндегі рұқсаттар ағымдағы жылғы 31 желтоқсанға дейін қолданылады.

 

 

2. Шетелдік рұқсаттарды айырбастау квотасын анықтау және үлестірілу тәртібі



 

ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 7-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



7. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің көліктік бақылау аумақтық органдары (бұдан әрі - аумақтық органдар) жыл сайын 10 тамызға дейінгі мерзімде бұқаралық ақпарат құралдары мен интернет-ресурстар арқылы шетелдік рұқсаттарға жылдық өтінімдерді қабылдаудың басталуы туралы отандық тасымалдаушыларды хабарландырады.

Жылдық өтінімдерді отандық тасымалдаушылар халыққа қызмет көрсету орталықтары немесе www.elicense.kz «Е-Лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы береді.

ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 138 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 508 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 8-тармақ жаңа редакцияда



8. Жыл сайын 30 қыркүйекке дейінгі мерзімде аумақтық органдар отандық тасымалдаушылардан жылдық өтінімдерді қабылдайды.

Жылдық өтінімде:

1) отандық тасымалдаушының жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі және атауы;

2) тасымалдың түрі;

3) елдер және тоқсан бойынша, болжамды жол жүру уақыты мен жылжымалы құрам бойынша бөле отырып, тасымалдардың түрлері бөлінісінде шетелдік рұқсаттарды ықтимал пайдаланудың саны қамтылады.

Жоғарыда көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген жылдық өтінім себептерін көрсете отырып, өтінім берілген күнінен бастап екі күн ішінде қайтарылуға жатады.

9. ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 138 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 138 Қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

10. Жыл сайын 10-30 қыркүйек мерзімінде уәкілетті орган отандық тасымалдаушылардан күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттардың қажетті саны туралы жылдық өтінімдерді қабылдайды.

ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1153 Қаулысымен 11-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 11-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



11. Отандық тасымалдаушы қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарға жылдық өтінімдерді берген кезде маршрутта пайдалануға жататын жылжымалы құрамның түрі (класы) және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері туралы мәліметтерді жібереді, сондай-ақ электрондық түрде мынадай құжаттар қоса беріледі:

1) шетелдік тасымалдаушымен бірлескен қызмет туралы шарттың көшірмесі;

2) көрсетілген көлік құралдары жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында іске тартылмауы туралы мәлімделген автобустар мен шағын автобустардың тіркелген облыстың жергілікті атқарушы органдарының жазбаша растауы;

3) маршрут бойынша автобустардың, шағын автобустардың жөнелту, келу және тұру орындары мен уақыттарын, сондай-ақ уәкілетті органмен келісілген барлық аялдама пункттері мен мемлекеттердің шекаралары арқылы өткізу пункттері бойынша арақашықтықтар көрсетілген қозғалыс кестелері;

4) уәкілетті органмен келісілген автовокзалдарды, автостанцияларды мемлекеттік шекара арқылы автомобиль өткізу пункттерін, автобустар және шағын автобустар қозғалысының қауіпті учаскелері мен жылдамдық режимі көрсетілген маршрут сызбалары;

5) автобустар және шағын автобустар жүргізушілерінің ауысым уақыты мен орнын көрсете отырып, бүкіл тұрақты маршрут ұзақтығындағы жүргізушілердің еңбек және тынығу режимінің кестесі.

ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1153 Қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 138 Қаулысымен 12-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



12. Жиынтық жылдық өтінімдердің қорытындылары бойынша жалпы жиынтық жылдық өтінім қалыптастырылады.

Қалыптастырылған жалпы жиынтық жылдық өтінім уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

13. Осы Қағиданың 11-тармағында көрсетілген құжаттар 5 жыл бойы Көліктік бақылау комитетінде сақталады.

ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1153 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.15.02. № 138 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 14-тармақ жаңа редакцияда

14. Шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын белгілеу мәселесі бойынша тиісті мемлекеттердің құзыретті органдарымен келіссөздер жүргізуді қамтамасыз ету үшін аумақытқ органдар ағымдағы жылғы 10 қазанға дейінгі мерзімде уәкілетті органға отандық тасымалдаушылардың шетелдік рұқсаттарға деген қажеттілігінің саны туралы жалпы жиынтық жылдық өтінімді жібереді.

ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1153 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.15.02. № 138 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 15-тармақ жаңа редакцияда



15. Уәкілетті орган шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын келіседі.

16. Көліктік бақылау комитеті шет мемлекеттердің құзыретті органдарына отандық рұқсат бланкілерін, оның ішінде үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға рұқсаттар беруді, отандық тасымалдаушылар үшін шетелдік рұқсаттарды шетелдік құзыретті органдармен жүргізілген келіссөз хаттамаларында ескерілген мөлшерде алуды жүзеге асырады.

17. Отандық тасымалдаушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын шетелдік рұқсаттар, алмасу квотасы Көліктік бақылау комитетінің резервіне белгіленген шетелдік рұқсаттар мен күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды қоспағанда, жалпы жиынтық жылдық өтінім деректеріне сәйкес отандық тасымалдаушыларға беру үшін аумақтық органдарға толық бөлуге жатады.

ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 18-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



18. Отандық тасымалдаушылардың қажеттілігін қанағаттандырмаған шетелдік рұқсаттар, алмасу квотасы отандық тасымалдаушылардың арасында, шетелдік рұқсаттың бланкілерін алуға өтініштер түсуіне орай олардың қолданысындағы жылжымалы құрамын ескере отырып автоматтандырылған тәртіпте бөлуге жатады.

19. Егер халықаралық автомобиль тасымалдарын орындаудың рұқсат ету жүйесі қолданылатын елдерге қатысты рұқсаттарға сұраныс отандық тасымалдаушыларға берілетін шетелдік рұқсаттар санынан асса, онда шетелдік рұқсаттар бірінші кезекте:



1) гуманитарлық жүктерді автомобильмен тасымалдауға;

2) Қазақстан Республикасында өндірілетін жүктерді автомобильмен экспорттық тасымалдауға;

3) көліктің басқа түрлерінің тасымалдаушыларымен бірлесіп орындалатын автомобиль тасымалдарына;

4) тез бүлінетін өнімдерді автомобильмен тасымалдауға беріледі.

20. Осы Қағиданың 19-тармағында көрсетілген жүктерді автомобильмен тасымалдауды отандық тасымалдаушылар тасымал шартымен растайды.

ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 138 Қаулысымен 21-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

21. Уәкілетті орган шет мемлекеттердің құзыретті органдарымен келісілген, белгіленген маршруттар мен осы маршруттар бойынша жүру кестесін ескере отырып, күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдуға арналған шетелдік рұқсаттарды үлестіреді.

ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1153 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.15.02. № 138 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 22-тармақ жаңа редакцияда



22. Аумақтық органдар бөлінісінде үлестірілген шетелдік рұқсаттардың саны туралы мәліметтер уәкілетті органның интернет-ресурсында орналастырылады.

ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1153 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 508 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 23-тармақ жаңа редакцияда



23. Жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүкті тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар және қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар бланкілерін алуға қосымша өтінімдерді берген отандық тасымалдаушыларды Көліктік бақылау комитеті резерв және бір тоқсан аралығында талап етілмеген бланкілер есебінен қамтамасыз етеді.

ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 138 Қаулысымен 23-1-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)



23-1. Отандық тасымалдаушылар жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүк тасымалына және жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттардың бланкілерін алуға қосымша өтінімдерді берген және талап етілмеген шетелдік рұқсат бланкілері болмаған жағдайда уәкілетті орган шет мемлекеттің уәкілетті органдарымен хат алмасу арқылы ағымдағы жылға тиісті шетелдік рұқсат бланкілерімен алмасу квотасын келіседі.

 

 

3. Отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттарды беру тәртібі

 

24. Отандық тасымалдаушыларға күнтізбелік бір жыл қолданылу мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды қоспағанда, шетелдік рұқсаттарды ресімдеуді және беруді аумақтық органдар жүзеге асырады.

25. Бір күнтізбелік жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды ресімдеуді және беруді Көліктік бақылау комитеті жүзеге асырады.

ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1153 Қаулысымен (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 508 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 26-тармақ жаңа редакцияда

26. Жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүкті тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды және қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды алуға арналған өтініштерді аумақтық органдар немесе Көліктік бақылау комитеті өтініштерді алған күннен бастап өтініш берушіге хабарлай отырып, екі жұмыс күні ішінде қарайды.

ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 138 Қаулысымен 27-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



27. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттарды:

1) жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға рұқсат беру куәлігі, рұқсат беру карточкасы және жүктердің тасымалын жүзеге асыру кезінде ұсынылған автокөлік құралдарына техникалық байқаудың халықаралық сертификаты;

2) жолаушыларды және багажды тасымалдауды жүзеге асыру кезінде халықаралық қатынастарда жолаушыларды және багажды автобустармен, шағын автобустармен тасымалдауға арналған лицензия бар болғанда береді.

ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 138 Қаулысымен 28-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



28. Көліктік бақылау комитеті отандық тасымалдаушыларға күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды халықаралық қатынастарда жолаушыларды және багажды автобустармен, шағын автобустармен тасымалдауға арналған лицензиялары бар болғанда береді.

ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 29-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



29. Қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды қоспағанда, шетелдік рұқсаттарды алуға өтініш жеке тұлғаның не дара кәсіпкердің тұрғылықты орны немесе заңды тұлғаның орналасқан орны бойынша аумақтық органда қаралады.

ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 30-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



30. Отандық тасымалдаушылар шетелдік рұқсаттарды алу үшін өтінішті және қосымша өтінімдерді портал арқылы беруі мүмкін.

Өтініштер мен қосымша өтінімдерді қарау, сондай-ақ берілетін шетелдік рұқсаттардың санын есептеу көліктік деректер қорының ақпараттық талдау жүйесін (бұдан әрі - КДҚ АТЖ) және тасымалдау қауіпсіздігі серпінінің мониторингін пайдалану арқылы жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 31-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

31. Отандық тасымалдаушыларға жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүкті тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды және қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды беру аумақтық органға немесе уәкілетті органға «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасын төлегені туралы төлем құжаты түскен күнінен бастап бір жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.

32. Отандық тасымалдаушы алған шетелдік рұқсаттарды осы отандық тасымалдаушының рұқсат карточкасында көрсетілген автокөлік құралына, сондай-ақ қайта алынған және Қазақстан Республикасының аумағына айдап әкелінген автокөлік құралына қолданады.

ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 33-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

33. Күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды қоспағанда, отандық тасымалдаушы пайдаланған шетелдік рұқсаттар жол жүру аяқталғаннан кейін бір ай ішінде, ал пайдаланылмағаны - олардың қолданылу мерзімдері аяқталған күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей олар берілген жер бойынша аумақтық органға қайтаруға жатады.

Күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттар олардың қолдану мерзімдері аяқталған күннен бастап күнтізбелік жиырма күннен кешіктірмей Көліктік бақылау комитетіне қайтаруға жатады.

Отандық тасымалдаушылар шетелдік рұқсаттарды осы рұқсаттарды қоса бере отырып, міндетті түрде қайтару күні, шетелдік рұқсаттардың нөмірі көрсетілген, еркін нысанда жасалған ілеспелі хатпен қайтарады.

Шетелдік рұқсаттар жоғалған жағдайда отандық тасымалдаушылар жазбаша нысанда көрсетілген рұқсаттардың жоғалғаны және жарамсыздығы туралы ішкі істер органдарында тіркелген өтініштердің немесе бұқаралық ақпарат құралдарында хабарламаның орналастырылғанын растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, жоғалғаны туралы Көліктік бақылау комитетіне немесе аумақтық органдарға хабарлайды.

Көліктік бақылау комитетіне немесе аумақтық органға жоғалғаны туралы хабарламаны ұсыну мерзімі өтініш ішкі істер органдарында тіркелген немесе хабарлама бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырылған күннен бастап он жұмыс күнінен аспауы тиіс.

Елдер және түрлер бөлінісінде отандық тасымалдаушыдан шетелдік рұқсаттарды алуға өтінімдерді қарау кезінде, мәлімделген шетелдік рұқсаттар саны осы Қағидада белгіленген мерзімде қайтарылмаған шетелдік рұқсаттарының санына мөлшерлес азайтылады.

34. Қайтарылған шетелдік рұқсаттар Көліктік бақылау комитетінде және оның аумақтық органдарында Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен бес жыл бойы сақталады.

35. Аумақтық органдар ай сайын 5 күнге дейін Көліктік бақылау комитетіне отандық тасымалдаушылар қайтарған шетелдік рұқсаттардың саны туралы ақпаратты ұсынады.

ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1153 Қаулысымен 36-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 138 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); 2013.21.05. № 508 Қаулысымен (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара) 36-тармақ жаңа редакцияда



36. Көліктік бақылау комитеті және аумақтық органдар қайтарылған шетелдік рұқсаттардың есебін елдер бөлінісінде жүргізеді.

Жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүкті тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттардың және қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған берілген және қайтарылған шетелдік рұқсаттардың есебі КДҚ АТЖ-да жүзеге асырылады және мынадай мәліметтерді қамтиды:

1) жеке сәйкестендіру нөмірі немесе бизнес сәйкестендіру нөмірі;

2) отандық тасымалдаушының атауы;

3) рұқсат түрі;

4) рұқсаттың қолданылу мерзімі;

5) рұқсаттың берілген күні және нөмірі (сериясы);

6) рұқсатты алу күні (рұқсат берілген кезде);

7) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алымды төлегенін растайтын құжаттың нөмірі (бар болса) және күні, алым сомасы (рұқсат берілген кезде).

ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 37-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



37. Аумақтық органдар отандық тасымалдаушылардан өтініштер мен қосымша өтінімдердің түсуіне қарай КДБ АТЖ пайдалана отырып, белгіленген мерзімде қызмет көрсетуді, сондай-ақ қайтарылған шетелдік рұқсаттар туралы мәліметтерді уақтылы енгізуді қамтамасыз етеді.

38. Аумақтық органдар ай сайын 5 күнге дейінгі мерзімде шетелдік рұқсаттарға өтінімдер берген отандық тасымалдаушылар туралы мәліметтерді кедендік бақылаудың аумақтық органдарына ұсынады.

39. Көліктік бақылау комитеті жыл сайын 15 қазанға дейінгі мерзімде Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетіне (бұдан әрі - Кедендік бақылау комитеті) күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарға өтінімдерді берген отандық тасымалдаушылар туралы мәліметтерді ұсынады.

ҚР Үкіметінің 2012.05.09. № 1153 Қаулысымен 40-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 138 Қаулысымен 40-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 40-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



40. Мынадай жағдайларда отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсаттарды беруден бас тартылады:

1) жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға отандық тасымалдаушының рұқсат беру куәлігінің, ұсынылған автокөлік құралдарына рұқсат карточкаларының болмауы;

2) жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішілік қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензиялардың болмауы;

3) бір автокөлік құралына екі және/немесе одан да көп қолданыстағы рұқсат карточкаларының анықталуы;

4) жолаушыларды және багажды тұрақты емес тасымалдауға, жүкті тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды немесе қолданылу мерзімі күнтізбелік бір жыл жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсаттарды отандық тасымалдаушыға беру туралы хабарламаны жіберген күнінен бастап күнтізбелік 15 күн ішінде Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасы төлемінің болмауы;

 5) шетелдік рұқсаттардың аумақтық органда және Көліктік бақылау комитетінің резервінде болмауы;

6) осы Қағиданың 11-тармағында көзделген құжаттарды ұсынбауы;

7) осы Қағиданың 33-тармағында белгіленген талаптарды жыл ішінде орындамауы.

41. Отандық тасымалдаушыға шетелдік рұқсат берілген кезде бланкінің тиісті бағандарына міндетті түрде тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы жазылады және мөр (мөртабан) басылып, рұқсат берген тұлғаның қолы қойылады.

Күнтізбелік бір жыл қолдану мерзімімен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдік рұқсат берілген кезде бланктің тиісті бағандарына міндетті түрде тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы, автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі, жүру маршруты жазылады және мөр (штамп) басылып, рұқсат берген адамның қолы қойылады.

Шетелдік рұқсаттарда түзетулерге жол берілмейді.

 

 

4. Шетелдік тасымалдаушыларға отандық рұқсаттарды беру тәртібі



 

42. Отандық рұқсаттарды және үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға арналған отандық рұқсаттарды шетелдік тасымалдаушыларға тиісті жылға айырбасталған рұқсаттар есебінен олардың мемлекеттерінің құзыретті органдары береді.

Отандық рұқсаттар, егер халықаралық шарттарда өзгеше ескерілмеген болса, келесі жылдың 31 қаңтарына дейін жарамды болады.

43. Отандық рұқсат және үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға арналған отандық рұқсат, оның ішінде бірінші рейстің тасымалы жүзеге асырылған мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағынан кері бағытта жолшыбай жүк арту жағдайларында бір жолсапар үшін жарамды болады.



 «А» түріндегі отандық рұқсат жөнелту пунктінен межелі пунктке дейін жарамды, «В» мен «С» түріндегі отандық рұқсат Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасында 75 км шегінде орналасқан шекара маңы терминалдарына дейін жарамды.

ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 138 Қаулысымен 44-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



44. Қазақстан Республикасының аумағы бойынша транзиттік рейстен кері бағытта қайтып бара жатқан шетелдік жүк автокөлік құралына Қазақстан Республикасының аумағында жолшыбай жүк тиелген кезде «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым сомасы төленгеннен кейін уәкілетті орган беретін Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп-тұруға қосымша рұқсаттың болуы қажет.

45. Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралының тіркелу мемлекеті болып табылмайтын үшінші мемлекеттің аумағына кері бағытта бара жатқан шетелдік автокөлік құралына жолшыбай жүк артылған жағдайда, үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға арналған қосымша отандық рұқсат болуы қажет.

46. Үшінші елдерге (елдерден) жүк тасымалдауы жүктің жөнелту немесе межелі пункті болып табылмайтын елдің аумағына жүкті асқын жүктеумен (тиеу/түсіру) үшінші елдерге (елдерден) тасымалды орындауға арналған рұқсат болған жағдайда жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 46-1-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 



46-1. Автокөлік құралы тіркелген елдегі жүктерді қайта тиеу (тиеу/түсіру) арқылы Қазақстан Республикасының аумағына үшінші елдерден жүктерді тасымалдауды басқа көлік түрімен жүзеге асыру кезінде көрсетілген тасымалдар ілеспе құжаттармен (халықаралық көліктік жүкқұжат (CMR), инвойс, коносамент немесе тасымалданатын жүкке басқа да коммерциялық құжат) расталған жағдайда, үшінші елдерге/елдерден отандық рұқсат қағазы талап етілмейді.

ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 138 Қаулысымен 47-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 47-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



47. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүгі бар немесе жүгі жоқ (жолаушылары бар немесе жолаушылары жоқ) автокөлік құралдарының, оның ішінде тіркеуден шығарылған және басқа мемлекет аумағында есепке қоюға және пайдалануға арналған транзиттік жүріп өтуі рұқсат беру құжаттарының (отандық рұқсат, арнайы рұқсат) негізінде жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасы аумағынан/аумағына жүкті немесе жолаушыларды үшінші елдерге/елдерден көрсетілген автокөлік құралдарымен тасымалдауды жүзеге асыруға жол берілмейді.

Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға арналған, оның ішінде жүгі бар автокөлік құралдарын айдап өту кезінде ірі көлемді және (немесе) ауыр салмақты автокөлік құралдарының жүріп өтуіне арнайы рұқсаттарды қоспағанда, рұқсат беру құжаттары талап етілмейді.

ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 138 Қаулысымен 48-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара); ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 48-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



48. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттік тасымалдарды жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыда отандық рұқсат болмаған жағдайда, сондай-ақ егер келісімдермен Қазақстан Республикасының аумағына шетел автокөлік құралдарының кіруі (шығуы) үшін рұқсат бланкілерін іске асыру көзделетін болса, шетелдік тасымалдаушылар көліктік бақылау функцияларын жүзеге асыратын құзыретті органдардан тиісті рұқсатқа сұрау салады. Көрсетілген рұқсат оған Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде, теңіздегі өткізу пункттерінде немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде Қазақстан Республикасының Салық кодексінде белгіленген мөлшерлемелер бойынша автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өтуі үшін алым сомасы төленгеннен кейін беріледі.

49. ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 138 Қаулысымен алып тасталды (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

50. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту құқығын растайтын отандық рұқсат беру құжаттарында Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде кедендік бақылаудың аумақтық органдары немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау посттарында аумақтық органдар:

Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралының күнтізбелік 30 күннен аспайтын шығу мерзімін;

тасымалдаушының атауын;

автокөлік құралының нөмірін;

автокөлік құралының тіркелген мемлекетін;

Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту маршрутын көрсетеді.

Шетелдік автокөлік құралдарының транзиттік жүріп өтуі кезінде Қазақстан Республикасының аумағына келу және аумағынан кету мерзімдері тура да, кері де бағытта жүріп өту кезіндегі Қазақстан Республикасының аумағында нақты болу уақытымен айқындалады.

51. Бос шетелдік автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жүріп өтуі жолаушылар мен жүктің халықаралық тасымалдары үшін Келісімдерде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 138 Қаулысымен 52-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)

52. Егер Келісімдерде өзгеше көзделмеген болса, Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту құқығын растайтын рұқсат беру құжаттары Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан екі пункт арасында шетелдік автокөлік құралдарының жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдауды жүзеге асыруына құқық бермейді.

Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруді (шығуды), халықаралық қатынастағы жолаушылар, багаж және жүк тасымалын жүзеге асыратын шетел автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін, сондай-ақ үшінші елдерге (елдерден) тасымалды, отандық рұқсат беру құжаттарын беруді тіркеу Қазақстан Республикасының аумағына (аумағынан) кіруді (шығуды), шетел автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитін, отандық рұқсат беру құжаттарын беруді тіркеу журналында электронды түрде жүзеге асырылады.

Журналда мынадай мәліметтер көрсетіледі:

1) шетел тасымалдаушысының атауы;

2) тасымалдаушының елі;

3) тасымалдаушының орналасқан (тұрғылықты) орны;

4) жөнелту елі;

5) бару елі;

6) қатынау маршруты;

7) автокөлік құралының үлгісі, маркасы;

8) автокөлік құралының және тіркемесінің нөмірі;

9) рұқсат түрі;

10) рұқсатты қолдану мерзімі;

11) рұқсаттың берілген күні және нөмірі (сериясы);

12) рұқсатты алған күні (рұқсат берілген кезде);

13) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алымды төлегенін растайтын құжаттың нөмірі (бар болса) және күні, алым сомасы (рұқсатты берілген кезде);

14) рұқсат құжатын алу туралы тасымалдаушының қолы (қағаз түрінде рұқсат берілген кезде).

 

 

5. Рұқсат беру құжаттарын дайындау және есепке алу



 

ҚР Үкіметінің 2013.15.02. № 138 Қаулысымен 53-тармақ жаңа редакцияда (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



53. Отандық рұқсаттар, үшінші елдерге (елдерден) тасымалдауды орындауға арналған рұқсаттар бланкілерінің нысандарын Көліктік бақылау комитеті әзірлейді және бекітеді, олар баспаханалық тәсілмен дайындалады, реттік нөмірі және кемінде үш қорғану дәрежесі болады.

ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 54-тармақ өзгертілді (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) (бұр.ред.қара)



54. Жалпы қабылданған халықаралық нормалар мен стандарттарға сәйкес отандық рұқсат бланкісінде мынадай деректемелер болады:

1) тасымалдауды жүзеге асыру құқығын рұқсат беру құжаты растайтын тасымалдау түрі;

2) сериясы мен нөмірі;

3) қолданылу мерзімі;

4) тасымалдаушының деректемелері;

5) берілген орны және күні;

6) құзыретті органның қолы мен мөрі;

7) қозғалыс маршруты;

8) автокөлік құралының маркасы мен мемлекеттік нөмірі;

9) жүктің атауы;

10) автокөлік құралының жүксіз жабдықталған салмағы;

11) жүру жолындағы бақылаушы органдардың бланкінің жыртпа бөлігінде орналасқан белгілері мен мөріне арналған орындар;

12) бланкіні пайдалану бойынша негізгі нұсқаулар.

ҚР Үкіметінің 2013.21.05. № 508 Қаулысымен 54-1-тармақпен толықтырылды (ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)



54-1. Автокөлік құралдарының жүріп өтуі кезінде бақылаушы органның белгісі бар отандық рұқсат бланкісінің жыртпа бөлігі бақылаушы органда қалады және аумақтық органдарға жіберіледі.

55. Отандық тасымалдаушыларға шетелдік рұқсат бланкілерін беру сенімхат болған жағдайда жүкқұжаттар бойынша (деректі сериясының және шетелдік рұқсат нөмірін көрсете отырып) жүзеге асырылады.

56. Есепті кезеңнен кейін ай сайын бесінші күнге дейін аумақтық органдар Көліктік бақылау комитетіне түрлері және елдері бойынша берілген рұқсаттардың саны туралы ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алымның республикалық бюджетке аударылған сомасы туралы салыстыру актісінің көшірмесін ұсынады.

Аумақтық салық органдарымен Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алымның республикалық бюджетке аударылған сомасы туралы салыстыру актісі аумақтық органның жазбаша өтініші негізінде жүргізіледі.

57. Жыл сайын 5 қаңтарға дейінгі мерзімде кедендік бақылаудың аумақтық органдары пайдаланылмаған отандық рұқсаттарды алынған орын бойынша аумақтық органға қайтаруды жүзеге асырады.

58. Кедендік бақылаудың аумақтық органдары ай сайын үшінші күннен кешіктірмей аумақтық органдарға Қазақстан Республикасының аумағы арқылы шетел автокөлік құралдарының жүріп өткені бойынша есепті және шетел автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алымды төлегені туралы түбіртектері бар жүкқұжаттардың көшірмелерін ұсынады.

59. Аумақтық органдар ай сайын есепті айдан кейінгі айдың 20 күнінен кешіктірмей өздерінің орналасқан орны бойынша салық органдарына Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі белгілеген нысан бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлік құралдарының жүріп өткені үшін алым төлеушілер және салық салынған объектілер туралы ақпаратты ұсынады.



 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет