«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен



бет1/3
Дата03.07.2016
өлшемі397 Kb.
#175548
  1   2   3
Қазақстан Республикасы 
Үкiметiнiң      
2012 жылғы 5 қыркүйектегі
№ 1153 қаулысымен   
бекiтiлген      
«Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік қызмет стандарты
      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 N 508 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
1. Жалпы ережелер
      1. «Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитетінің аумақтық органдары (бұдан әрі – уәкілетті орган) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитетінің «Халыққа қызмет көрсету орталықтары» республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - ХҚО) арқылы осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар бойынша, сондай-ақ www.elicense.kz «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетеді.
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 N 508 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: ішінара автоматтандырылған.
      3. Мемлекеттік қызмет «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі Заңының 16-бабына, «Лицензиялау туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 16-бабының 1) тармақшасына, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабына сәйкес жүзеге асырылады.
      4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат:
      1) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында: www.mtc.gov.kz («Көліктік бақылау комитеті» бөлімінің «Мемлекеттік қызметтер» бөлімшесінде);
      2) www.e.gov.kz «электрондық үкімет» немесе www.elicens.kz «Е-лицензиялау» веб-порталында (бұдан әрі – веб-портал);
      3) ХҚО интернет–ресурсында: www.соn.gov.kz;
      4) ХҚО ғимараттарында орнатылған стенділерде;
      5) «электрондық үкімет» 1414 call-орталығында орналастырады.
      5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің нәтижесі жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру не мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы электрондық құжат нысанында не қағаз тасығышта дәлелді жауап болып табылады.
      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 N 508 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Мемлекеттік қызмет дара кәсіпкерлерге және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет алушылар) көрсетіледі.
      7. Мемлекеттiк қызметті көрсету мерзiмдерi:
      1) ХҚО арқылы:
      лицензияны беру он бес жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
      лицензияны қайта ресімдеу он жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
      лицензияның телнұсқасын беру екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады;
      осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды тапсыру кезінде ХҚО-да кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      осы стандарттың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды алу кезінде ХҚО-да кезек күтудің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты 20 минуттан аспайды;
      2) портал арқылы:
      лицензияны беру бес жұмыс күні ішінде;
      лицензияны қайта ресімдеу, телнұсқасын беру өтініш түскен сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 N 508 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      8. Мемлекеттік қызмет ақылы негізде көрсетіледі.
      Лицензиялық алым «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Кодексінде (Салық кодексі) белгіленген алымдар ставкасы бойынша жергілікті бюджетке төленеді және мыналарды құрайды:
      1) лицензияны, сондай-ақ лицензияның телнұсқасын беру үшін алым төленетін күні қолданыстағы үш еселенген айлық есептік көрсеткіш;
      2) лицензияны қайта ресімдеу үшін - лицензия беру кезіндегі ставкадан 10%.
      Жолаушыларды облысаралық қалааралық, ауданаралық (облысішiлiк қалааралық) және халықаралық қатынастарда автобустармен, шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау, сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста автобустармен, шағын автобустармен тұрақты тасымалдау бойынша қызметпен айналысу құқығына лицензияны алуға, қайта ресімдеуге, телнұсқасын беруге электрондық сұрау салу портал арқылы берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 N 508 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      9. ХҚО 9.00-дан 20.00-ға дейін түскі үзіліссіз белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес, мереке және демалыс күндерін қоспағанда, дүйсенбіден бастап сенбі күнін қоса күн сайын мемлекеттік қызметті ұсынады.
      Қабылдау «электронды» кезек тәртібімен, алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз жүзеге асырылады.
      Веб-порталдағы жұмыс кестесі: тәулік бойы.
      10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушының тұрғылықты жері бойынша дене мүмкіндіктері шектеулі адамдар үшін пандуспен жабдықталған ХҚО ғимараттарында көрсетіледі. Залда анықтама бюросы, күту креслолары, толтырылған бланк үлгілері бар ақпараттық стендтер орналасқан.
      Порталда - «жеке кабинетте».
      Ескерту. 10-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 N 508 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
      11. Мемлекеттік қызмет алушы мемлекеттік қызметті алу үшін мынадай құжаттарды ұсынады:
      1) ХҚО-ға:
      лицензия алу үшін құжаттар тізбесі:
      осы стандартқа 3 және 4-қосымшаларға сәйкес белгіленген үлгідегі өтініш;
      бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжат;
      осы стандартқа 5-қосымшаға сәйкес біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін құжаттар тізбесі:
      еркін нысандағы қайта ресімдеу туралы өтініш;
      лицензияларды қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
      лицензияның көшірмесі;
      лицензияның телнұсқасын алу үшін құжаттар тізбесі:
      еркін нысандағы өтініш;
      лицензияның телнұсқасын алу үшін лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын құжат;
      лицензияның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттар (өтініш, мемлекеттік баж төлегендігі туралы түбіртек);
      2) портал арқылы:
      лицензияны алу үшін құжаттар тізбесі:
      мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған, электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
      мына құжаттардың мәліметтері:
      отандық тасымалдаушының ЖСН/БСН және атауы;
      лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы;
      электрондық сұрау салуға бекітілген электрондық сканерленген көшірмесі түрінде - осы стандартқа 5-қосымшада көрсетілген біліктілік талаптарына сәйкес мәліметтер мен құжаттар;
      лицензияны қайта ресімдеу үшін құжаттардың тізбесі:
      мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы қайта ресімдеу туралы сұрау салу;
      лицензияны қайта ресімдеу кезінде қызметтің жекелеген түрлерімен айналысу құқығына лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметтер;
      лицензияның деректері (егер лицензия электрондық құжат нысанында болса) не егер лицензия қағаз тасығышта болса, электрондық сұрау салуға бекітілген электрондық сканерленген көшірмесі түрінде;
      лицензия телнұсқасын алу үшін құжаттардың тізбесі:
      мемлекеттік қызметі алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу;
      телнұсқа беру үшін алымның бюджетке төленгені туралы мәліметтер;
      электрондық сұрау салуға бекітілген электрондық сканерленген көшірмесі түрінде – лицензияның жоғалған, бүлінген фактісін растайтын құжаттар.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 N 508 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      12. ХҚО-да бекітілген нысандағы өтініш бланкілері күту залында арнайы орындарда немесе ХҚО қызметкерінде, сондай-ақ ХҚО интернет-ресурсында: www.con.gov.kz. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінде: www.mtc.gov.kz. орналасады.
      ХҚО-да құжаттарды қабылдауды «кедергісіз қызмет көрсету» арқылы қызметкерлер жүзеге асырады.
      13. Веб-портал арқылы жүгінген кезде құжаттарды қабылдау мемлекеттік қызметті алушының «жеке кабинетінде» жүзеге асырылады.
      14. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алу үшін мыналар беріледі:
      1) ХҚО-ға жүгінген кезде мемлекеттік қызметті алушыға мыналарды көрсете отырып, тиісті құжаттарды қабылдау туралы қолхат беріледі:
      сұрау салудың нөмірі және қабылданған күні;
      сұрау салынған мемлекеттік қызмет түрі;
      қоса берілген құжаттардың саны және атауы;
      құжаттарды беру күні (уақыты) және орны;
      құжаттарды ресімдеуге өтінішті қабылдаған ХҚО қызметкерінің тегі, аты және әкесінің аты;
      2) веб-портал арқылы жүгінген кезде «жеке кабинетке» мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті алушының мемлекеттік қызметтің нәтижелерін алған күні мен уақыты көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті ұсыну үшін сұрау салуды қабылдау туралы хабарлама есеп жіберіледі.
      15. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін беру:
      1) жеке келген кезде және жеке басын куәландыратын құжатты немесе сенімхатты ұсыну бойынша қолхат, онда көрсетілген мерзім негізінде;
      2) мемлекеттік қызметті алушының веб-порталдағы «жеке кабинетіне» жіберу арқылы жүзеге асырылады.
      16. ХҚО мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттардың бірін ұсынбаған жағдайда құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
      Уәкілетті орган лицензияны беруден мынадай:
      1) осы субъектілер санаты үшін қызмет түрлерімен айналысу Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған;
      2) қызмет түріне лицензия беруге арналған өтініш берілген жағдайда қызметтің жекелеген түрімен айналысу құқығына лицензиялық алым енгізілмеген;
      3) өтініш беруші біліктілік талаптарына сәйкес келмеген;
      4) өтініш берушіге қатысты оған қызметтің жеке түрімен айналысуға тыйым салатын соттың заң күшіне енген үкімі болған;
      5) сот орындаушысының ұсынымы негізінде сот өтініш берушіге лицензия алуға тыйым салған жағдайларда бас тартады.
      Ескерту. 16-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 21.05.2013 N 508 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
3. Жұмыс қағидаттары
      17. Уәкілетті орган мен ХҚО-ның мемлекеттік қызметті алушыларға қатысты қызметі сыпайылық, толық ақпарат ұсыну, оның сақталуын, қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету қағидаттарына және адамның конституциялық құқықтарының, қызметтiк борышын атқару кезiнде заңдылықтың, Мемлекеттiк қызметшiлердiң ар-намыс кодексiнiң сақталуына негiзделедi.
4. Жұмыс нәтижелерi
      18. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету жұмыс нәтижелерi осы стандартқа 6-қосымшаға сәйкес сапа және тиімділік көрсеткiштерiмен өлшенеді.
      19. Уәкілетті органның жұмысы бағаланатын мемлекеттiк қызметтердің сапасы мен тиімділігі көрсеткiштерiнiң нысаналы мәндерi жыл сайын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің бұйрығымен бекiтіледi.
5. Шағымдану тәртiбi
      20. Уәкілетті органның лауазымды адамының немесе ХҚО қызметкерінің әрекеттерiне (әрекетсiздiктерiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіру және шағымды дайындауда жәрдем көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы уәкілетті органның немесе ХҚО-ның басшылығына осы стандартқа 1 және 2-қосымшаларда көрсетілген мекенжайлар мен телефондар арқылы жүгінеді.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық-анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      21. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда шағым қағаз тасығышта Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Көліктік бақылау комитеті төрағасының атына демалыс және мереке күндерін қоспағанда, сағат 13.00-ден сағат 14.30-ға дейін түскі асқа үзіліспен, жұмыс күндері сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін 010000, Астана қаласы, Қабанбай батыр даңғылы, 32/1, «Транспорт Тауэр» ғимараты мекенжайына беріледі, электрондық пошта мекенжайы: ktk@mtc.gov.kz.
      22. ХҚО қызметкері дұрыс қызмет көрсетпеген жағдайда, осы стандартқа 2-қосымшада көрсетiлген мекенжайлар мен телефондар арқылы ХҚО басшыларына немесе 010000, Астана қаласы, Республика даңғылы, 43 «А» үй, телефоны 8 (7172) 94-99-95, интернет-ресурстың: www.con.gov.kz мекенжайы бойынша шағым беріледі.
      23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
      24. Шағым еркін нысанда пошта арқылы қағаз тасығышта ұсынылады.
      25. Мемлекеттік қызметті алушыға оның шағымының қабылдағанын растау үшін нөмірі, күні, шағымды қабылдаған адамның тегі, аты-жөні, байланыс деректерi, сондай-ақ жауап алатын мерзімі және орны, шағымды қарау барысы туралы сұрап білуге болатын лауазымды адамның байланыс деректері көрсетілген талон беріледі.
      26. Мемлекеттік қызмет туралы қосымша ақпаратты «электрондық үкімет» call-орталығының ақпараттық–анықтама қызметінің 1414 телефоны арқылы алуға болады.
«Жолаушыларды облысаралық қалааралық,  
ауданаралық (облысішілік қалааралық) 
және халықаралық қатынастарда автобустармен,
шағын автобустармен тұрақты емес тасымалдау,
сондай-ақ жолаушыларды халықаралық қатынаста
автобустармен, шағын автобустармен     
тұрақты тасымалдау бойынша қызметімен   
айналысу құқығына лицензия беру,     
қайта ресімдеу, лицензия телнұсқасын беру»
мемлекеттік қызмет стандартына      
1-қосымша               
Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiнiң
Көлiктiк бақылау комитетi аумақтық органдарының тiзбесi
      Ескерту. Тізбе жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 26.08.2013 N 828 қаулысымен (қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



Р/с


Бөлiмше атауы

Толық заңды мекенжайы

Байланыс телефоны, электрондық пошта мекенжайы

1

2

3

4

1.

«Ақтөбе облысы бойынша көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесi, 95

8 (7132) 54-29-03
ktk_aktb@mtc.gov.kz

2.

«Батыс Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Орал қаласы, Ж. Досмұхамедов көшесі, 16

8 (7112) 53-86-43
ktk_zko@mtc.gov.kz

3.

«Павлодар облысы бойынша көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Павлодар қаласы, Бектұров көшесi, 107

8 (7182) 32-06-39
ktk_pavl@mtc.gov.kz

4.

«Шығыс Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Өскемен қаласы, Крылов көшесi, 114

8 (7232) 25-22-06
ktk_vko@mtc.gov.kz

5.

«Алматы облысы бойынша көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Талдықорған қаласы, Шевченко көшесi, 131

8 (7282) 24-55-01 ktk_alm@mtc.gov.kz

6.

«Алматы қаласы бойынша көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Алматы қаласы, Өтеген батыр көшесi, 11

8 (7272) 43-72-71
ktk_galm@mtc.gov.kz

7.

«Атырау облысы бойынша көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 15

8 (7122) 32-73-65
ktk_atr@mtc.gov.kz

8.

«Маңғыстау облысы бойынша көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Ақтау қаласы, 1-шағын ауданы, 1

8 (7292) 60-55-50
ktk_mang@mtc.gov.kz

9.

«Оңтүстiк-Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Шымкент қаласы, Ә. Молдағұлова көшесi, 4

8 (7252) 56-44-88
ktk_uko@mtc.gov.kz

10.

«Жамбыл облысы бойынша көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Тараз қаласы, Қадырғали Жалайыри көшесi, 1

8 (7262) 34-21-41
ktk_jamb@mtc.gov.kz

11.

«Қызылорда облысы бойынша көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Қызылорда қаласы, Әуезов көшесi, 24 А

8 (7242) 27-68-26
ktk_kzl@mtc.gov.kz

12.

«Ақмола облысы бойынша көліктік бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Көкшетау қаласы, Абай көшесi, 87

8 (7162) 25-69-93
ktk_akm@mtc.gov.kz

13.

«Қостанай облысы бойынша көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Қостанай қаласы, Чехов көшесi,105 А

8 (7142) 56-85-25
ktk_kost@mtc.gov.kz

14.

«Солтүстiк Қазақстан облысы бойынша көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Петропавл қаласы, Бейбiтшiлiк көшесi, 122

8 (7152) 46-44-07
ktk_sko@mtc.gov.kz

15.

«Қарағанды облысы бойынша көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Қарағанды қаласы, Гапеев көшесi, 5

8 (7212) 34-80-00
ktk_kar@mtc.gov.kz

16.

«Астана қаласы бойынша көлiктiк бақылау инспекциясы» мемлекеттiк мекемесi

Астана қаласы, Ақжол көшесi, 28

8 (7172) 46-44-07
ktk_ast@mtc.gov.kz


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет