Қазақстан Республикасында білім беру саласында 2016 жылдан бастап жаңартылған білім беру бағдарламасы енгізілді. Бағдарламаның басты мақсаты оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру



Дата03.06.2024
өлшемі14.13 Kb.
#502249
түріБілім беру бағдарламасы
Оқуға құштар мектеп


Эссе тақырыбы: «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасын іске асыру шеңберінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту
Қазақстан Республикасында білім беру саласында 2016 жылдан бастап жаңартылған білім беру бағдарламасы енгізілді. Бағдарламаның басты мақсаты - оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыру. Қазіргі уақытта осы мақсатта білім беру жүйесінде жұмыстар атқарылып келеді. Оқушылар үшін маңызы - пән бойынша алған білімдерін өмірде қолдана алады және пәндердің бір бірімен байланысы арқылы барлық пәннің материалдарын толық меңгеруге мүмкіндік алады. 
“Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт” жобасын іске асыру шеңберінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту арқылы қоғамда бәсекеге қабілетті, өз мамандығын жетік меңгерген, Қазақстан Республикасының саяси, экономикалық және әлеуметтік саласына үлес қосатын тұлға тәрбиеленеді. 
Оқуға құштар мектеп болып қалыптасу үшін ең алдымен білім беру жүйесі мықты болуы керек деп санаймын. Әлемдік білім беру жүйесі дамыған мемлекеттер қатарына жетуіміз үшін білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуде мектеп-мұғалім-оқушы-ата-ана қарым қатынасын ескере отырып, қолайлы жағдай жасау мүмкіндіктерін қарастыру маңызды роль атқарады.
Оқуға құштар ұлт тәрбиелеуде мектепте оқу бағдарламасын игеріп қана қоймай, қосымша білім беру бағдарламасын да меңгеру тиіс деп есептеймін. Қазіргі заманда ұлт мәселесі қиын сәтте мектеп қабырғасынан ұлтжанды, патриот, еліне деген сүйіспеншілігі зор, бәсекеге қабілетті, отбасы құндылықтарын бойына сіңірген тұлға тәрбиелеу - біздің. яғни мұғалімдердің басты міндеті. 
Мен облыстық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар ұлттық гимназияның мұғалімі ретінде оқуға құштар ұлт тәрбиелеу мақсатында қызмет етіп келемін. Оқуға құштар ұлт тәрбиелеу үшін ең бастысы мұғалім бойында білімге деген құштарлық, өз пәніне деген сүйіспеншілік, оқушыға білім беруге деген ұмтылыс және әрдайым біліктілігін арттырып отыруы керек деп санаймын. Мұғалім бойында оқуға құштар ұлт тәрбиелеуге деген нық мақсат қалыптастыру үшін мектеп өз тарапынан педагогтың білімін арттыруға мүмкіндік жасауы, сабақ беруде толық материалды-техникалық базамен қамтамасыз етуі, мұғалім үнін тыңдай білуі және мектеп әкімшілігінің білім беруді дамыту стратегиялары нақты, талаптары оңды болуы маңызды. Сонда ғана оқуға құштар ұлт тәрбиеленіп, оқуға құштар мектеп қалыптасады. 
Менің ойымша, оқуға құштар мектеп болып қалыптасу әр білім беру мекемесіне қатысты. “Оқуға құштар мектеп - оқуға құштар ұлт” жобасын іске асыру шеңберінде оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту жолында қазіргі уақытта игі істер атқарылып келеді. 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет