Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Үржар ауданында іске асырылуы туралы ақпарат



Дата23.02.2016
өлшемі78.5 Kb.
#10084



Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының Үржар ауданында іске асырылуы туралы ақпарат

Аудан бойынша 52 мектеп (ОМ-46, НМ-5, БМ-1), бір олимпиадалық резерв дайындайтын спорт мектебі, Науалы ауылындағы балалар үйі, мектеп жанындағы интернат, музыка мектебі, «Балалар шығармашылық үйі» жұмыс атқаруда. Аудан бойынша оқушы саны – 12281, мектепалдыдаярлық тобындағы бала саны – 1466.

Мектептердегі барлық мұғалім саны – 1827. Жоғары білімді – 1693, арнаулы орта – 134 мұғалім. Жоғары санатта – 479, І санатта – 652, ІІ санатта – 397, санаты жоқ – 299 мұғалім.

           2013-2014 оқу жылында 836 оқушы мектеп бітіріп - 693-і (82,8%) ҰБТ - ға қатысты, аудан бойынша орта балл -76,27, «Алтын белгі» иегері-6 (19%), Ерекше аттестат иегері -3. Ең жоғарғы балл-120

Аудан бойынша 2014 жылы 31 балабақша- 1375 бала (5 жеке балабақшада -295 бала, 26 мектеп-бақшада-1080 бала), 51 мектеп жанындағы шағын орталықтарға – 3423 бала қамтылды. Барлығы мектепке дейінгі тәрбиемен қамтылған бала саны – 4798. Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен қамту 1-6 жас бойынша 96,6%, 3-6 жас бойынша 100% құрайды.

Аудандық білім саласының 2014 жылғы бюджеті - 3537116,0 мың теңге. Білім беру мекемелеріне жергілікті бюджеттен 113238,9 мың теңге қаржы бөлініп 2014-2015 оқу жылына 11493 тонна қатты отын және 1 мектепке 4024 тонна сұйық отын алынды.

2014 жылы 42 мектепте асхана (типтік- 40, бейімделген-2) жұмыс істеді. Барлық ыстық тамақпен қамтылған оқушы саны – 11163 (90,8 %), оның ішінде тегіні - 6100 (54,6 %). Соның ішінде демеушілер тарапынан-340 оқушы. Барлық бастауыш сыныптың оқушылары 100% тегін ыстық тамақпен қамтылды. Сонымен қатар күнделікті 10 гр бал мен аптасына 2 рет 200 гр сүт беріледі. Оқушыларды тегін ыстық тамақпен, балмен, сүтпен қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттен  2014 жылы 107135,0 мың теңге қаржы бөлінді.

Мектептердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға 2014 жылы Республикалық бюджеттен - 24474,0 мың теңге қаржы бөлініп 6 мектепке (Алтынсарин, Ақшоқы, Игенбай, Қазымбет, Қарабұлақ, Қаратал) химия кабинеттері және жергілікті бюджеттен 2875,0 мың теңгеге аудандық білім бөліміне қызметтік көлік алынды.  Жалпы аудан бойынша барлығы: 31 мектепте 31– химия, 26 мектепте 27–биология, 37 мектепте 39-физика, 39- мектепте 43-лингофонды-мультимедиялық, бір мектепте (Горький ОМ) «Қазақстан жолы» кабинеті және 43 мектепте 100 интерактивтік тақта бар. Оқушылар тегін оқулықпен 100 % қамтылған.

2014 жылы мектептердің жөндеу жұмыстарына 196492,0 мың теңге (РБ-161773,0 мың теңге, ЖБ- 34719,0 мың теңге) бөлінді. Соның ішінде жол картасы бағдарламасы бойынша 137515,0 мың теңге (РБ-129871,0 мың теңге, ЖБ- 7644,0 мың теңге) бөлінді.  Аудан бойынша 8 апаттық жағдайдағы мектеп бар.  Оның ішінде 7 мектептің (Ауезов, Жарбұлақ, Жансүгіров, Кішкенетау, Барқытбел, Тасбұлақ, Бақты  ОМ) орнына жаңа мектеп құрылыстары жүргізілуде, 1 мектептің апаттық жағдайы (Қазымбет ОМ)  2014 жылдың қыркүйек айында анықталды. 2013 жылы 4 жаңа мектеп (Жанай, Қайыңды, Тұрсабеков, Қарабұта ОМ), 2014 жылдың қыркүйек айында Ер Қабанбай ОМ, қараша айында Лайбұлақ ОМ пайдалануға берілді. 2013 жылы Үржар ауылында - 140 орынды жаңа балабақша құрылысы басталып, 2014 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілді.

Заман талабына сай білім беру шаралары жасалып, мұғалімдер білім жетілдіру курстарынан өтуде. 2014 жылы 1827 мұғалімнің 409-ы білімдерін жетілдіру курстарынан өтті, бұл аудан мұғалімдерінің 23 % -ын құрайды. Кембридж тәсілінің теориялық негіздері бойынша 2012-2014 жылдар арлығында  «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығында барлығы 175  мұғалім білімдерін жетілдірді. Олар: үшінші деңгей бойынша-114 мұғалім, екінші деңгей бойынша -28, бірінші деңгей бойынша -33 мұғалім  қайта даярлаудан өтті.  Сонымен қатар, бір мектеп директоры (Благодарное ОМ) «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының Астана қаласындағы 9 айлық қайта даярлау курстарынан өтіп келсе, бүгінгі күні тағы төрт мектеп директорлары (Горький ОМ, Крупская ОМ, Толеубеков ОМ, Сейфуллин ОМ) білімін жетілдіруде.

Аудандағы барлық мектеп оқушылары 100 пайыз оқулықтармен қамтамасыз етіліп, оған 25 064,0 м.теңге қаржы қарастырылды.

Оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында  ауданымызда балалар мен жасөспірімдерді спорттық үйірмелерге тарту жұмысы қарқынды жүргізіліп келеді. 2013 жылы 408 секция жұмыс істеп, оған 6148 оқушы қамтылса, 2014 жылы 434 үйірме жұмыс істеп, 6678 оқушы қатысты. Аудан спартакиадасынан үздік шыққан оқушылар іріктеліп, 2014 жылы облыстық 12 спартакиадаға қатысып жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда, аудан мектептерінің оқушылары шаңғыдан  І орын, туризмнен  ІІ орын,  қол күресінен ІІІ орын, футболдан ІІІ орын,  волейболдан ІІІ орын, хоккейден ІІ орындарға ие болды.   



Білім бөлімінің басшысы                                                    Б.Тұрлыбеков

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет