Бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпарат «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы»



Дата23.02.2016
өлшемі28.04 Kb.
#5055
түріБағдарламасы
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасының іске асырылуы туралы ақпарат

«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» Бағдарламасын іске асыруға 7052 адам Бағдарлама қатысушыларын жұмылдыруға 4687,7 млн.теңге (РБ – 4094,6 млн.теңге, ЖБ – 593,2 млн.теңге) бөлінді. 4827,3 млн.теңге немесе игерілді (102,9%).

2015 жылдың 1 қаңтарына 8369 адаммен әлеуметтік келісім шарт жасалынды, (немесе жоспардың 118,8%), соның ішінде жұмыссыздар –50,8%, (4251 адам), өзін-өзі жұмыспен қамтығандар – 49,2% (4118 адам), соның ішінде аз қамтылғандар – 5,2% (438 адам).
Жұмыспен қамту 2020 жол картасының бірінші бағыты «Инфрақұрылымды және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту есебінен жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету» бойынша 2014 жылы инфрақұрылымдық жобалар мен дәрігерлік амбулаториялардың құрылысына 3267,1 млн.теңге бөлінді (РБ – 2673,9 млн.теңге, ЖБ – 593,2 млн.теңге.).

82 инфрақұрылым жобаларын іске асыру (72 нысандарды күрделі жөндеу және 10 дәрігерлік амбулаторияларды салу), онда 2159 жұмыс орындарын құру жоспарланды. Жоспарланған 72 әлеуметтік инфрақұрылымдық және инженерлі-көліктік нысандардың және 10 дәрігерлік амбулаторияларды салу күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды.

Құрылған жұмыс орындарына 2180 адам нақты жұмысқа орналастырылды, соның ішінде жұмыспен қамту Орталықтарының жолдамалары бойынша 1157 адам немесе 53,1%.

Жұмыспен қамту 2020 жол картасы бағдарламасының екінші бағыты «Кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыс орындарын құру» бойынша ағымдағы жылы республикалық бюджеттен 686,3 млн.теңге бөлінді.

382 Бағдарлама қатысушыларына сомасы 654,2 млн.теңгеге шағын несие берілді (соның ішінде 74 адамға сомасы 144,7 млн.теңге қайтарылған қаражат есебінен). Шағын несие алған бағдарлама қатысушылары қосымша 602 жұмыс орындарын құрып, онда жұмыспен қамту орталықтарының жолдамасымен 336 адам жұмысқа орналастырылды.

173 Бағдарлама қатысушылары кәсіпкерлік негіздеріне оқытылды немесе жылдық жоспардың 100%. 4,8 млн.теңге игерілді, жоспардың 100,0%-ы.

Жетіспейтін инженерлі - коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту үшін 95 шағын несие алушыларға республикалық бюджеттен сомасы – 172,0 млн.теңге қаражат бөлінді. Ағымдағы жылдың 1 қаңтарына - 167,6 млн.теңге (97,4%) игерілді.


Жұмыспен қамту 2020 жол картасының үшінші бағыты «Жұмыс берушінің қажеттілігі шеңберінде оқыту және қоныс аудару арқылы жұмысқа орналасуға жәрдемдесу» аясында:

2014 жылы кәсіптік оқытуға республикалық бюджеттен 351,7 млн.тенге бөлінді. 351,6 млн.тенге игерілді немесе 100,0%.

Оқытуға 418 адам кірісті (кәсіптік даярлауға – 184 адам, қайта даярлауға – 177 адам, біліктілігін арттыруға – 57 адам). Кәсіптік оқуға жұмыс берушілердің өтінімдеріне сәйкес, келесідей мамандықтар бойынша жіберілді: автокөлік жөндеу слесарлары, газ құрылғыларын пайдалану және жөндеу слесарлары, тракторшы-машинистер, газдыэлектрдәнекерлеуші, шаштараз, аспаз-тәттігер, сатушы-бақылаушы, тігінші және т.б.

2014 жылы кәсіптік оқытуды аяқтаған 889 қатысушылардың ішінен 818 адам жұмысқа орналастырылды немесе 92,0%.

Есепті кезеңге 1417 адамға жалақыны ішінара субсидиялау арқылы әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға ықпал етілді, жоспар бойынша 1166 адам (жоспардың 121,5%). 199,9 млн.теңге игерілді, жоспардың 100,0%-ы.

Әлеуметтік жұмыс орындарына жіберілгендердің орташа айлық жалақысы 48 000 теңгені құрады. Әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру үшін облыстың 579 кәсіпорын және ұйымдарымен келісім шарттар жасалынды.

Әлеуметтік жұмыс орындарын аяқтаған 1700 адамның ішінен, 1345 адам тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды немесе 79,1%-ы.

Жастар іс-тәжірибесіне 1165 жұмыссыз-түлектер жіберілді, жылдық жоспар бойынша 975 адам (жылдық жоспардың 119,5%). 182,7 млн.теңге игерілді, жоспардың 100,0%-ы.

Жастар тәжірибесін ұйымдастыру үшін облыстың 515 кәсіпорын және ұйымдарымен келісім шарттар жасалынды.



Жастар тәжірибесін аяқтаған 1359 адамның ішінен 1003 адам немесе 74,0% тұрақты жұмыс орындарына жұмысқа орналастырылды.

Облыста Жұмыспен қамту 2020 жол картасы Бағдарламасы жүзеге асыру бойынша жұмыстар жалғастырылуда.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет