«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы №1118 Жарлығына өзгерістер



Дата23.02.2016
өлшемі138.23 Kb.
#4074



«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы
7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына өзгерістер
мен толықтырулар енгізу туралы

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 5, 49-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында:

«1. Бағдарламаның Паспорты» деген бөлімде:



«Бағдарламалық мақсаттарда»:

жетінші абзац алынып тасталсын;

«Міндеттерде»:

сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«орта білім мазмұнын жаңарту;»;

«Нысаналы индикаторларда»:

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«орта білім ұйымдарының 90 %-да ақпараттық-коммуникациялық технологиялар қолданылады (бұдан әрі- АКТ);»

жетінші абзац алынып тасталсын;

«3. Ағымдағы жай-күйді талдау» тарауында:

жетінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005 – 2010 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру нәтижесінде 2010 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша білім берудің барлық деңгейі тиісті ұйымдар желісімен институционалды қамтамасыз етілген. Білім берудің құрылымы Халықаралық білім беру стандарты жіктеуішіне сәйкес келтірілді. Техникалық және кәсіптік білім қайта құрылды. Мамандарды үш деңгейлі даярлау енгізілді: бакалавр – магистр – Ph.D докторы. Мамандықтардың ірілендірілген топтарынан тұратын Қазақстан Республикасы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім мамандықтарының жіктеуіші бекітілді.»;

«Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» бөлігінде:

жиырма төртінші абзац алынып тасталсын;

жиырма алтыншы абзац алынып тасталсын;

«Орта білім» бөлігінде:

алтыншы абзац алынып тасталсын;

«Қауіп-қатер бөлігінде:

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:



«АКТ-ны қолданудағы пайдаланушылардың төмен ынтасы;»;

«4. Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, нысаналы индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» бөлімінде:

«Бағдарламалық мақсаттар:» бөлігінде:

алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, тез өзгеретін әлемде оның табысты болуын қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттілігін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық әл-ауқаты үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту;»

«Нысаналы индикаторлар:» бөлігінде:

мына:

«


2015 жылдан бастап барлық білім беру ұйымдарында, ШЖМ-нен басқа, жанбасына қаржыландыру механизмі енгізілді

0%

60%

60%

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«


2018 жылдан бастап ШЖМ-нен басқа барлық білім беру ұйымдарының 10-11 сыныптарында жан басына қаржыландыру тетіктері енгізіледі

0%

0%

100%

»;

мына:


«

білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі пайдаланылады

0

50%

90%

»

деген жол мынадай редакцияда жазылсын:

«

орта білім беру ұйымдарында АКТ қолданылады

0

14,2%

90%

»;
мына:

«


2020 жылға қарай 12 жылдық оқыту моделіне толық көшу жүзеге асырылған

0

1, 5, 11 сыныптар

1-10, 12 сыныптар

»

деген жол алынып тасталсын;

«Алға қойылған мақсаттарға жету үшін мынадай міндеттерді шешу қажет:» бөлігінде:

оныншы абзац алынып тасталсын;

«Міндеттерге қол жеткізу мынадай көрсеткіштермен өлшенетін болады:» деген бөлікте:

мына:


«

магистр дәрежесі бар бейіндік мектеп педагогтерінің үлесі

0%

кемінде 10%

кемінде 20%

БҒМ

деген жол алынып тасталсын;

мына:

«


бейіндік мектептердің жалпы санынан жаратылыстану-математика бағытындағы бейіндік мектептердің үлесі

0%

кемінде 15%

кемінде 35%

ЖАО,

БҒМ


»

деген жол алынып тасталсын.

«5. Бағдарламаның негізгі бағыттары, алға қойылған мақсаттарға жету жолдары және тиісті шаралар» бөлімінде:

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«Орта білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту;»;

«Білім беру жүйесін қаржыландыру» кіші бөлімінде:

«Нысаналы индикатор:» мынадай редакцияда жазылсын:

«Нысаналы индикатор:

2018 жылдан бастап ШЖМ-нен басқа барлық білім беру ұйымдарының 10-11 сыныптарында жан басына қаржыландыру тетігі енгізіледі.»;

«Жанбасылық қаржыландыру» бөлігінде:

үшінші, төртінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:

«Жан басына қаржыландыру жүйесі бойынша нормативтік құжаттар әзірленеді.

Жекеменшік және мемлекеттік мектептер қатарынан пилоттық мектептер анықталады.»;

бесінші абзац алынып тасталсын;

сегізінші абзац алынып тасталсын;

«Педагог мәртебесі» деген кіші бөлімде:

«Білім беру жүйесін жоғары білікті кадрлармен қамтамасыз ету» деген бөлікте:

бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«педагогтерді даярлау бағдарламасы, оның ішінде ШЖМ-ға арналған бағдарламалар жетілдіріледі;»;

««E-learning» электрондық оқыту» кіші бөлімінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Орта білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамыту»;

«Мақсаты:» мынадай редакцияда жазылсын:

«Мақсат:


Оқушыларда ақпараттық-коммуникацялық білім беру ортасын қалыптастыру арқылы ақпараттық және медиа сауаттылық, сыни тұрғыдан ойлау, зерттеу дағдылары, шығармашылық міндеттерді шешу қабілеті, топта жұмыс істей білу қабілеті, дербестік, азаматтық жауапкершілікті қамтитын XXI ғасырға қажет дағдыларды дамыту.»;

«Міндеті:» мынадай редакцияда жазылсын:

«Міндеттері:

1. Нормативтік құқықтық қамтамасыз етуді АКТ бөлігінде жетілдіру;

2. Орта мектептегі оқыту-тәрбиелеу процесін сүйемелдеу үшін мемлекеттік тілдегі басымдылықпен үш тілде сандық білім беру ресурстарын (бұдан әрі - СБР) әзірлеу;

3. Білім беру процесінің барлық қатысушылары арасындағы желілік әрекеттестік пен әріптестікті ұйымдастыру;

4. Ақпараттық білім беру ортасының құрылымын дамыту арқылы білім беруді басқару тиімділігін арттыру.»;

«Нысаналы индикатор» мынадай редакцияда жазылсын:

«Нысаналы индикатор:

Білім беру ұйымдарында АКТ қолданылады (2015 ж. – 14,2%, 2020 ж. – 90%).»;

«Электрондық оқытуды енгізу» деген тарау мынадай редакцияда жазылсын:

«Орта білім беруде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды ендіру

АКТ енгізу нәтижесінде АКТ-ның жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін нормативтік құқықтық база сәйкес келтіріледі. Сондай-ақ АКТ-ны білім берудің жаңа мазмұнына кіріктіру жүзеге асырылады және мемлекеттік тілге басымдық бере отырып, орта мектептің оқу-тәрбие процесін іске асыру үшін қажетті сапалы ресурстардың кең спектрін қамтитын Ұлттық СБР каталогы құрылады.

Білім беру процесінің барлық қатысушыларына ашық білім беру ресурстары мен технологияларға тең қолжетімділік қамтамасыз етіледі және қатысушылардың желілік өзара іс-қимыл жасауы үшін жағдай жасалып, елде орта білім беру жүйесін басқару процестері автоматтандырылады және базалық жарақтандыру стандартына сәйкес орта мектептердің техникалық инфрақұрылымы жасалады.

Білім беру процесінің әрбір қатысушысы сапалы білім беру ресурстары мен инструментарийіне қол жеткізеді, тиісті құзыреттерге ие болады.

Білім алудың қолжетімдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету нәтижесінде әрбір оқушы Интернетке шығуға болатын кез келген жерден СБР-дың кең спектріне қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады, бұл зерделенетін ақпараттың кеңеюіне және оқыту қарқындылығын арттыруға жәрдемдеседі. Оқушының тұрғылықты жеріне, денсаулық жағдайына, элитарлығы мен материалдық қамтамасыз етілуіне қарамастан, білім алудың тең мүмкіндіктері жасалады. Әрбір оқушы оқу қарқынын өзі белгілеп, оқыту процесін дербестендіруді қамтамасыз ету есебінен сабақтың уақыты мен мұғалімнен тәуелсіз бола алады.

АКТ-ны енгізу шеңберінде оқу процесі оқушы үшін ізденіс қызметінің «бойлау» ортасына айналады, мұнда мұғалім фасилитатор рөлін атқарады, педагогикалық өзара іс-қимыл жасау «субъект – субъект» схемасы бойынша іске асады. Мұғалім ақпарат таратушы, консультант және үйлестіруші функцияларынан арылады, бұл оқушылармен жеке қосымша жұмыс істеуге уақыт бөледі.

Мұғалім үшін бөліп таратылған оқыту жүйелері мен бірыңғай стандарттарды қолдану есебінен оқыту саласындағы озық тәжірибені пайдалану мен тираждау мүмкіндігі пайда болады.

Сапалы білім беруге қолжетімділікті кеңейту есебінен білім берудің көрсетілетін қызметтеріне қанағаттанушылық дәрежесі, сондай-ақ оқушылардың ата-аналарының да хабардар болуы мен білім беру процесіне қатысуы артады.

Білім беру қызметтері адамдардың неғұрлым кең ауқымына ұсынылады. Білім беру жүйесін басқару процестерін автоматтандыруға және оқу орталығынан шалғай болуына қарамастан, кадрлардың біліктілігін өндірістік қызметтен қол үзбей орталықтандырылған түрде арттыру қамтамасыз етіледі.

Сапалы білімге мүдделі барлық тараптардың күш-жігерін жұмылдыру үшін мүмкіндіктер жасалады, әртүрлі қоғамдастықтардың әлеуметтік жауапкершілігі артады, білім беру жүйесінің ашықтығы және оқушылар мен педагогтердің қызметі нәтижелерінің транспаренттілігі қамтамасыз етіледі.»;

«Орта білім» деген кіші бөлікте:

«Мақсаты:» мынадай редакцияда жазылсын:

«Мақсаты: жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан Республикасының зияткерлік, дене бітімі және рухани дамыған азаматын қалыптастыру, оның тез өзгеретін әлемде табысқа жетуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру, еліміздің экономикалық игіліктері үшін бәсекеге қабілетті адами капиталды дамыту.»;

«Міндеттері:» деген бөлікте:

бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«1. Орта білім мазмұнын жаңғырту.»;

«Нысаналы индикатор:» бөлігінде:

бірінші абзац алынып тасталсын;

«Білім берудің 12 жылдық моделіне көшу», «Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінің құрылымы» бөлімдері алынып тасталсын;

мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын :

«Орта білім мазмұнын жаңарту

Орта білім мазмұнын жаңарту мақсатында 11-жылдық білім берудің жаңа мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын әзірлеу және жүйелі түрде енгізу жоспарлануда.

Жаңа МЖБС-тың базалық қағидаты – құндылықтарды орта білім мазмұнын жаңарту мен мектепте білім беру процесін ұйымдастырудың негіздері ретінде айқындау.

Орта білім берудің құндылықтары тәртіп пен жасампаздық қызметті ынталандыратын оқушы тұлғасының өмірлік бағдарлары, өзін іске асырып, өз өмірі мен қоршаған ортаның сапасын жақсарта білетін адам тұлғасын қалыптастырудағы жетекші фактор болуға тиіс.

Құндылықтық білім беру жағдайында мектеп Қазақстан халқын біріктіретін жалпыұлттық идеяларды іске асыруға үлес қосып, патриоттық сезімдер ұялатуға және оларды өз елінің ашық, тілектес азаматтары етіп тәрбиелеуге жәрдемдесуі тиіс.

Орта білім беру жүйесінің бітірушілері функционалдық жағынан сауатты ғана емес, сол сияқты:

жауапкершілігін, белсенді азаматтық ұстанымын танытуға және өз елінің дамуына үлес қосуға;

мәдениеттер мен пікірлердің алуан түрлілігін сыйлауға;

шығармашыл және сыни тұрғыдан ойлауға;

коммуникативті және дос пейілді болуға;

әлеуметтік жағынан жауапты және қамқор болуға;

ақпараттық-коммуникативтік құралдар мен технологияларды тиімді пайдалануға;

өмір бойы білім алуға дайын болуға қабілетті болуы тиіс.

2016 жылдан бастап ғылыми зерттеулерді, үздік педагогикалық практикаларды ескере отырып, Назарбаев зияткерлік мектептерінің тәжірибесін тарату негізінде МЖБС мен бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің оқу бағдарламалары дәйекті енгізілетін болады.

Барлық білім беру деңгейлерінің сабақтастығы олардың мазмұны мен оның модульдік құрылымын кіріктіру, оқыту нәтижелерін кең спектрдегі дағдыларға қол жеткізу мен оларды критерийлік бағалау жүйесі арқылы өлшеуге бағдарлау негізінде қамтамасыз етіледі.

Білім берудің инновациялық, көптілді моделін жасау мақсатында білім беруді үш тілде ұсынатын мектептердің саны 33-тен 700-ге дейін көбейеді. Оның ішінде, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» желісінің саны 6-дан 20-ға дейін көбейтіледі. Бұл мектептер білім берудің көптілді моделін, білім берудегі инновацияларды сынақтан өткізу үшін базалық алаңдарға айналады.

Қазақстан оқушыларының білім беру сапасының халықаралық зерттеулеріне қатысуы қамтамасыз етіледі: PISA (15–16 жастағы оқушылардың математика сауаттылығы мен оқу және жаратылыстану бойынша сауаттылығын бағалау), TIMSS (4 және 8-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану бойынша білімінің сапасын бағалау), PIRLS (әлем елдеріндегі бастауыш мектеп оқушыларының оқу деңгейі мен сапасын, мәтінді түсінуін салыстыру), TIMSS ADVANSED (11-сынып оқушыларының математика және жаратылыстану (физика) пәндерін тереңдетіп оқытатын сыныптарда сол пәндер бойынша сауаттылығын бағалау), ICILS (8-сынып оқушыларының компьютерлік және ақпараттық сауаттылығын бағалау).»;

«ШЖМ проблемаларын шешу» бөлігінде:

алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«оқушылар саны 10 және одан көп барлық ШЖМ жаңа түрдегі компьютерлермен және кең жолақты Интернетке қол жеткізумен қамтамасыз етіледі. Қашықтықтан оқыту АКТ-ны пайдалану шеңберінде ұйымдастырылады;»;

«Медициналық қызмет көрсету» бөлігінде:

бесінші абзац алынып тасталсын;

«Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім» кіші бөлігінде:

«Жоғары білімнің мазмұны мен құрылымын Болон процесінің параметрлеріне сәйкес келтіру арқылы жоғары білімнің еуропалық аймаққа кірігуін қамтамасыз ету» бөлігінде:

жетінші абзац алынып тасталсын;

«6. Бағдарламаны іске асыру кезеңдері» бөлімінде:

«Бағдарламаны іске асыру нәтижесінде мынадай әлеуметтік-экономикалық әсерлер қамтамасыз етіледі:» бөлігінде:

үшінші, төртінші абзацтар алынып тасталсын;

он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

«5. Нормативтік жан басына қаржыландыру қағидаты негізінде жалпы білім беретін мектептерде жаңа қаржылық-экономикалық тетікті ендіру.»;

он бесінші абзац алынып тасталсын.



2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

Президенті Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2015 жылғы





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет