Құрметті таныстырылымға қатысушылар! Қымбатты мұғалімдер!



Дата03.07.2016
өлшемі104.48 Kb.
#174661
Құрметті таныстырылымға қатысушылар!

Қымбатты мұғалімдер!
Президент Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев бекіткен 2020 жылға дейін Білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында анықталған электрондық оқыту – білім беруді жаңартудың негізгі бағыттарының бірі. Қазақстанда іс жүзінде электрондық оқытуды барлық мектепке енгізу жоспарланған: 2015 жылға 50 пайыз, 2020 жылға 90 пайыз.

Білім және Ғылым министрі Жұмағұлов Бақытжан Тұрсынұлының сөзі бойынша электрондық оқыту білім берудің барлық деңгейін қамтитын өте маңызды және жалпы жүйелік амалдардың бірі болып саналады.

2010 жылы 7 қазанда Солтүстік Қазақстан облысының Акиматы мен «Парасат» Ұлттық Холдингтің арасындағы меморандум ауқымында директор Абильмажинов Темірғали Текебасұлы басқаратын Білім басқармасының және Қарабатырова Айна Кариқызы басқаратын Педагогикалық кадрларды дайындау институтының басшылығымен Ұлттық ақпараттандыру орталығының «Жаппай сапалы білім беру шарты ретінде оқу процесін технологияландыру» жобасы бастау алды.

Жоба барлық пән бойынша ақпараттық білімдік ортаның материалданған негізі ретінде электрондық оқулықтардың технологиясын мұғалімдер мен мектеп оқушыларының меңгеруіне бағытталған болатын. Жобаның түпкі ойы Солтүстік Қазақстан облысының мұғалімдері дайындаушылардың араласуынсыз электрондық оқулықтарды өздері оқу жылының екінші тоқсанында сараптамадан өткізіп және алынған нәтижелерді халыққа жариялау болатын. Мектеп оқушылары үлгерімнің оң динамикасына қол жеткізген жағдайда жобаны облыстың барлық мектептеріне тарату жоспарланады.

Пилоттық жоба 16 орта мектептің және бір гимназияның базасында іске асырылды. Тәжірибеге 1ден 11 сынып бойынша 158 мұғалім, 1917 оқушы қатысты:


  • Айыртау ауданындағы Лавров орта мектебі – директоры Щеголев Павел Александрович – 9 мұғалім қатысты;

  • Ақжар ауданындағы Бестерек орта мектебі – директоры Искакова Баян Негметқызы - 10 мұғалім қатысты;

  • Аққайың ауданындағы Рублевка орта мектебі – директоры Махиня Александр Васильевич - 10 мұғалім қатысты;

  • Есіл ауданындағы Николаевка орта мектебі – директоры Туленов Бауржан Алтаевич - 10 мұғалім қатысты;

  • Есіл ауданындағы Петровка орта мектебі – директоры Шмурыгина Надежда Васильевна - 9 мұғалім қатысты;

  • Жамбыл ауданындағы Кладбинка орта мектебі – директоры Грабовская Галина Петровна - 9 мұғалім қатысты;

  • Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның Сарытомар орта мектебі – директоры Батанова Ботагоз Кенесовна - 8 мұғалім қатысты;

  • Мағжан Жұмабаев атындағы ауданның №4 Булаев орта мектебі – директоры Бакиров Ермек Жангерович - 11 мұғалім қатысты;

  • Мағжан Жұмабаев ауданның Батыр Баян атындағы Булаев мектеп-гимназиясы – директоры Ережепов Асылбек Балбабекович - 6 мұғалім қатысты;

  • Қызылжар ауданындағы Асаново орта мектебі – директоры Мукеева Бибигуль Казбековна - 10 мұғалім қатысты;

  • Мамлют ауданындағы Афонькино орта мектебі – директоры Габбасов Ерик Шораевич - 9 мұғалім қатысты;

  • Тайынша ауданындағы Қарағаш орта мектебі – директоры Габдуллина Гульнара Хасеновна - 10 мұғалім қатысты;

  • Тимирязев ауданындағы Дмитриев орта мектебі – директоры Шахметова Куляш Кайратовна - 10 мұғалім қатысты;

  • Уәлиханов ауданындағы Бидайық орта мектебі – директоры Сандыбаева Майра Жаксылыковна - 10 мұғалім қатысты;

  • Ғабит Мүсрепов атындағы ауданның Гаврилов орта мектебі – директоры Касеинова Айсара Амангельдиновна - 9 мұғалім қатысты;

  • Шал ақын ауданындағы Кривощеков орта мектебі – директоры Жангужинов Қайрат Ақпанұлы - 10 мұғалім қатысты;

  • Петропавл қаласы № 13 орта мектеп – директоры Маслова Лидия

Михайловна - 8 мұғалім қатысты.

Болжам мынаған саяды, бірінші тоқсанда мектеп оқушылары дәстүрлі түрде оқыды. Әр түрлі цифрлық білімдік ресурстарды, оның ішінде электрондық оқулықтарды, мұғалімдер дидактиалық материал ретінде, қосымша қосалқы және техникалық құрал ретінде пайдаланды. Енді мұғалімдер электрондық оқулықтарды электрондық оқытудың ақпараттық білімдік ортасы ретінде біртұтас, мұғалімдер мен оқушылар үшін де, сондай-ақ ата-аналар үшін де меңгеру тұрды.

Тәжірибелік сыныптардың мұғалімдерімен арнайы дайындалынған бағдарлама бойынша сертификатталған тренингтік курстар өткізілген болатын. Оқыту олардың тек компьютерлік сауаттылығын қалыптастыруға ғана емес, ең алдымен, олардың электрондық оқулықтардың мазмұнын, оларды құрастырудың технологиясын және республиканың басқа мұғалімдері дайындаған электрондық оқулықтарды пайдаланудың әдістемесін оқып үйренуге бағытталған болатын.

Тұжырымдаманың авторы профессор Нұрғалиева Гүл Құмашқызының ойынша электрондық оқулықтарды пайдалану әдістемесі вариативтік сипатта болуы, яғни мұғалімдерінің өздерінен шығуы және олардың бай педагогикалық тәжірибелеріне кірігуі тиіс. Тәжірибе мұғалімдердің өз сабақтарының режиссурасына өрілетін өзіндік ерекше формаларды, әдістер мен әдістемелерді іздестіруге бағытталған болатын. Ресей білім академиясының академигі Зинаида Ивановна Васильева пікірі бойынша тәжірибенің күшті жағы «... мектеп пен ғылымның алдында тұрған жаңа міндеттерді тек білімдік пен тәрбиелік міндеттерді іс жүзінде сауатты шешуге қабілетті ғана емес, олардың ғылыми жасақтамасын жетілдіретін, болжайтын, жақсы дайындалған мұғалім шеше алады». Сондықтан эксперименттің барлық қатысушыларын біз үнемі шығармашылық педагогикалық ізденуде тұрған ізденуші адамдар, мұғалімдер-зерттеушілер ретінде елестетеміз.

Солтүстік Қазақстан облысының 17 мектебінің базасында жүргізілген пилоттық жоба, электрондық оқыту үлгерім сапасын арттыруға айтарлықтай ықпал ететіндігі туралы біздер ұсынған болжамды растады.

Сонымен, пилоттық жобаның нәтижесі қандай? 158 сыныптың 133 сыныбы үлгерімнің оң динамикасын, яғни 84,2%-ды көрсетті.



100%-дық үлгерім сапасы 16 сыныптың 15-інде сақталды. Пилоттық жоба уақытында 100% үлгерім сапасына 19 сыныптың мұғалімдері қол жеткізді. Егерде бірінші тоқсанда 100%-дық үлгерімге қол жеткізген сынып саны 16 болса, ал екінші тоқсанда олардың саны 34 болды.

Тұтастай үлгерім сапасының артуы 108 сыныпта 4 %-дан 50%-ға дейінгі ауқымда болды:



  • алты сыныпта үлгерім 50%-ға дейін көтерілді;

  • сегіз сыныпта үлгерім 39%-ға дейін көтерілді;

  • жиырма төрт сыныпта үлгерім 29%-ға дейін көтерілді;

  • қырық төрт сыныпта үлгерім 20%-ға дейін көтерілді;

  • жиырма алты сыныпта үлгерім 10 %-ға дейін көтерілді.

Үлгерімнің ең үлкен өсуі - 50%-ға – Дмитриев орта мектебінде математика бойынша мұғалім Асанова Зәуре Сералықызы жұмыс істейтін 2-сыныпта болды. Сол мектепте тарих мұғалімі Ұзақова Әсем Жабайқызы жұмыс істейтін 7-сыныпта 44% динамика байқалды. Асанов орта мектебінің 4-сыныбының математика мұғалімі Сарапулова Елена Владимировна үлгерім сапасын 43 %-ға көтеруге қол жеткізді.

Мына мұғалімдер жұмыс істейтін сыныптарда үлгерім сапасы 30-дан 40 % шегінде артты:

- Рублевка орта мектебінің мұғалімдері: Чижаковский Станислав Мичиславович, Прохорова Любовь Владимировна, Маженова Шынар Тулеубаевна , Закирина Асем Мерекеевна;

- Лавров орта мектебінің мұғалімі - Павлова Елена Викторовна,

- Сарытомар орта мектебінің мұғалімі - Утеев Нурхан Саинович,

- Батыр Баян атындағы Булаев мектеп-гиназиясының мұғалімі - Касибаева Жибек Айтжановна,

- Дмитриев орта мектебінің мұғалімдері - Оспанова Алия Кунановна мен Ерменева Жангуль Егинбаевна ,

- Бидайық орта мектебінің мұғалімі - Сатыбалдина Аягоз Сейтказиевна.

Үлгерім сапасы 10-нан 29 пайызға дейінгі ауқымда артқан 68 мұғалім және оқушылары өз үлгерімін 4-тен 10 пайызға дейін арттырған 26 мұғалімдер көрсетті.

Пилоттық жобаның барысында барлық тәжірибелік мектептерде «үздік» баға алған оқушылардың саны артты. Егерде 1-тоқсанда олардың саны 480 болса, ал екінші тоқсанда олардың саны 201-ге көп болды:

Балашенко И.А. мұғалімінде 8 адамға;

Токарева В.А және Шахметова А.Т. мұғалімдерінде 6 адамға ;

Ерменева Ж.Е. мен Зенченко О.Ф. мұғалімдерінде 5 адамға;

Черкасова С.П., Валиева Б.Е., Айдарханов Б.П., Капарова А.К., Даньяров К.Д. мұғалімдерінде 4 адамға;

16 сыныпта «бестік» 3 адамға көп болды, 34 сыныпта – 2 адамға, 43 сыныпта 1 адамға көп болды.

Егерде мектептер бойынша жалпы картинаны талдайтын болсақ, онда ең үлкен үлгерім динамикасына – 21,2%-ға Тимирязев ауданындағы Дмитриев орта мектебі қол жеткізді. Бұл мектепте, егерде 1-тоқсанда үлгерім сапасының орташа пайызы тәжірибелік сыныптарда 69,1 болса, ал төртінші тоқсанның қорытындысы бойынша бұл көрсеткіш 90,3 пайызға көтерілді. Екінші тоқсанның аяғында бестіктік саны 35-тен 53-ке дейін, төрттіктің саны 35-тен 41-ге дейін артты, ал үштіктің саны 40-тан 16-ға дейін кеміді.

Осындай үлгерім өсімінің жоғары динамикасын Аққайың ауданындағы Рублевка орта мектебі де көрсетті, өсім 19%-ды құрады.

Мағжан Жұмабаев ауданындағы Сарытомар орта мектебінде динамика 16,6% болды.

Қызылжар ауданындағы Асаново орта мектебінде үлгерім 15,8%-ға өсті.

Аздап төмендеу динамика Шал ақын ауданындағы Кривощеков орта мектебінде болды, онда үлгерімнің арту пайызы 15,2-ге дейін көтерілді.

Айыртау ауданындағы Лавров орта мектебінде динамика 14,4%-ды құрады.

Осындай дерлік динамика, үлгерімі 14,2%-ға артқан Батыр Баян атындағы Булаев мектеп-гимназиясында да болды.

Уәлиханов ауданындағы Бидайық орта мектебінің педагогикалық ұжымы тәжірибелік сыныптарда 12,4 % үлгерім динамикасына қол жеткізді.

Бірдей дерлік өсім динамикасын Есіл ауданының мектептері: Николаевка – 10,2%-ды және Петровка – 10,1%-ды көрсетті.

№ 13 қалалық орта мектепте үлгерім өсімі 9,8 % болды.

Ақжар ауданындағы Бестерек орта мектебі пилоттық жоба уақытында үлгерімді арттыруда 9,6 %-ға қол жеткізді.

Мағжан Жұмабаев ауданындағы № 4 Булаев орта мектебінде динамика 8,5% болды.

Тайынша ауданындағы Қарағаш орта мектебі үлгерімді 6,8%-ға көтерді.

Жамбыл ауданындағы Кладбинка орта мектебінде үлгерім пайызы 4,1%-ға көтерілді.

Шамалы төмендеу динамиканы, 3,7% үлгерім өсімін Мамлют ауданындағы Афонькино орта мектебі көрсетті.

Шамалы үлгерім өсімі динамикасын – 1,4%-ды Ғабит Мүсірепов ауданындағы Гаврилов орта мектебі көрсетті. Экспериментке дейін тұрақты жоғары үлгерім сапасын (85,2%) көрсетіп келген бұл мектептің салыстырмалы түрде жоғары емес динамика нәтижелері бізге проблеманы анықтауға және біздер дайындаған электрондық оқулықтар жаппай сапалы білім беруді жасақтауға және мектептердің көпшілігін орта және жоғары деңгейге дейін көтерілуге көмектесетіндігі туралы қорытынды жасауға көмектесті. Алайда дайындаушыларға «алға жылжушы» мектептер үшін, үлкен ақпаратқа, күрделігі жоғары үлкен қаныққан тапсырмаларға, оқытудың үлкен саралауына зәру дарынды балалар үшін әлі де жұмыс істеуге тура келеді.

Ең үлкен үлгерім сапасы, 1 тоқсанда үлгерім сапасы 79,3%-ды құраған Қызылжар ауданындағы Асаново орта мектебінде жүзеге асырылды – 95,1%.

Тимирязев ауданындағы Дмитриев орта мектебінде 1 тоқсанда үлгерім сапасы 69,1% болған, енді үлгерім сапасы 90,3% болды;

Батыр Баян атындағы Булаев орта мектебінде – 76,1% болған – 90,3% болды;

Гаврилов орта мектебінде 85,2% болған – 86,6% болды;

Сарытомар орта мектебінде – 67,9% болған – 84,5% болды;

Лавров орта мектебінде – 68,1% болған – 82,5% болды;

Бестерек орта мектебінде – 71,4% болған – 81% болды;

№ 4 Булаев орта мектебінде – 67,7% болған – 76,2% болды;

Петровка орта мектебінде – 64,9% болған – 75% болды;

Бидайық орта мектебінде – 60% болған – 72,4% болды;

Николаевка орта мектебінде – 61,2% болған – 71,4% болды;

Кривощеков орта мектебінде – 54,2% болған – 69,4% болды;

Қарағаш орта мектебінде – 61,7% болған – 68,5% болды;

Рублевка орта мектебінде – 48% болған – 67% болды;

№ 13 орта мектепте – 55,3% болған – 65,1% болды;

Афонькино орта мектебінде – 60,4% болған – 64,1% болды;

Кладбинка орта мектебінде – 50,2% болған – 54,3% болды.

Оқу процесін технологияландыру бойынша пилоттық жобаның нәтижесі біздер ұсынған ғылыми болжамды растады.

Біз Солтүстік Қазақстан облысының тәжірибелік мектептерінің мұғалімдерімен бірге электрондық оқыту мектеп оқушыларының үлгерім сапасын нақты 2-3 есе арттыратынына көз жеткіздік. Ол туралы қол жеткізген нәтижелер айқын куә болады:

- егерде 1 тоқсанда «үштікке» 677 оқушы оқыса, ал екінші тоқсанда олардың саны 207-ге кеміді;

- дәл осы уақытта іс жүзінде «бестік» алған оқушылардың саны 201-ге артты.

Пилоттық жоба электрондық оқулықтардың негізінде электрондық оқытудың басқа да жағымды жақтарын және бірінші кезекте олардың үнемшілдігін анықтады.

Облыс жыл сайын дәстүрлі қағаз оқулықтарды сатып алады және оған айтарлықтай қаржы жұмсалады. Біз классикалық қағаз оқулықтардың қажеттілігін теріске шығармаймыз, бірақ олармен қатарласа көптеп сатып алу кезінде бағасы айтарлықтай арзан болатын электрондық оқулықтарды да айналымға енгізу қажет.

СД-дағы электрондық оқулықтар қағаз оқулықтармен салыстыру бойынша аса мәңгі бақи сақталады. Олар жеңіл, салмағы жоқ, балалардың ранецтерін ауырлатпайды және олардың омыртқаларын қисайтпайды.

75% ауыл оқушылары мен мұғалімдері электрондық оқулықтарға ерекше мұқтаж, оның ішінде 82% шағын жинақы мектептер, оларда Интернеттің жылдамдығы абсолютті түрде төмен және оларда он-лайн режімінде оқыту мүмкіндігі жоқ. Оларға қашықтықтан кейстік технология бойынша оқыту мүмкіндігі ұсынылады, олардың мұғалімдері жергілікті орында тек олардың мұғалімдері ғана болып қана қалмай, электрондық оқулықтардың авторы – республиканың атақты мұғалімдері болып шығады. Ауылдық мектеп оқушыларын біртұтас ақпараттық-білімдік ортаға қосу әрбір мектеп оқушысына қалалық құрдастарымен бірдей толық көлемде білімдер мен біліктерді меңгеру үшін жағдайлар тудырады, 21 ғасырдағы білім берудің: «Барлығына сапалы білім беру» деген негізгі қағидасын жүзеге асырады.

Мұғалімдердің біліктілігін көтеру жүйесінде электрондық оқыту маңызы зор рөл атқарады, өйткені оны пайдалану тиімділігін жоғалтпастан оқытуға шығынды айтарлықтай азайтады. Үнемділікке бұл жағдайда бірнеше тәсілмен қол жеткізуге болады:

1) Көптеген жағдайда әлденеше рет пайдалану мүмкіндігінің арқасында тренингтен арзан болатын электрондық оқулықтарға және оларды оқу процесінде пайдалану әдістемесіне ие болу.

2) Оқыту мақсатымен іс-сапарлар санын азайту есебінен орын ауыстыруға үнемдеу.

3) Электрондық оқулықтарды дайындағанға қарағанда, оларда мекеме қызметкерлерінің дайындауы мен бейімдеуі шығын тұрғысынан аса тиімді.



Цифрлық баяндаманы аяқтай отырып, Ұлттық ақпараттандыру орталығы барлық тәжірибеге қатысушыларға, жобаның қорытынды таныстырылымына қатысқан Қазақстан мен Ресейдің ғалымдарына алғыс айтады және біз білім беруді ақпараттандыруға, оны бағдарламалық жасақтауға көңіл бөлгені үшін, пилоттық жобаны өткізу мүмкіндігін ұсынған облыстың басшысы – Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Билялов Серік Сұлтанғазинұлына ерекше алғысымызды айтамыз. Жобаны көлемді ету бойынша облыста ынтымақтастық одан әрі жалғасатынына және электрондық оқулықтарға әрбір мектептің, ал келешекте облыстың барлық балаларының қолы жететініне біз сенім артамыз.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет