Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (I кезең) бекіту туралы



бет1/4
Дата23.02.2016
өлшемі1.21 Mb.
#3954
  1   2   3   4
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын (I кезең) бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 11 ақпандағы № 130 Қаулысы


      "Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 7 желтоқсандағы № 1118 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2011 - 2015 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (I кезең) (бұдан әрі - Іс-шаралар жоспары) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі мүдделі орталық және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп, Іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Жауапты орталық және жергілікті атқарушы органдар, компаниялар мен ұйымдар (келісім бойынша) "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жоспарлау жүйесінің одан әрі жұмыс істеуінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының стратегиялық даму жоспарын, Елдің аумақтық-кеңістіктік дамуының болжамды схемасын, мемлекеттік бағдарламаларды, аумақтарды дамыту бағдарламаларын, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарларын әзірлеу, іске асыру, мониторинг, бағалау және бақылау жүргізу ережелеріне сәйкес Іс-шаралар жоспарының іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігіне жүктелсін.
      5. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) "Қазақстан Республикасында техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың 2008 - 2012 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі 2008 - 2010 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 31 шілдедегі № 730 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 34, 361-құжат);
      2) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 қарашадағы № 1803 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 8-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 55, 460-құжат).
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 11 ақпандағы
№ 130 қаулысымен  
БЕКІТІЛГЕН     
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың
2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске
асыру жөніндегі 2011 – 2015 жылдарға арналған
іс-шаралар жоспары (І кезең)
      Ескерту. Іс-шаралар жоспары жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 01.04.2013 № 313 қаулысымен; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 20.10.2014 N 1113 қаулысымен.



Р/с


Атауы

*

Аяқталу нысаны

Орындауға жауаптылар

Орындалу мерзімі, жылы

Қаржыландырылуы

Болжамды шығыстар (млн. теңге)

2011 жыл***

2012 жыл***

2013 жыл***

2014 жыл***

2015 жыл***

Барлығы

Сомасы

**

Сомасы

**

Сомасы

**

Сомасы

**

Сомасы

**



1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17



Мақсат: білім беру қызметтеріне тең қол жеткізуді қамтамасыз етуге бағдарланған қаржыландыру жүйесін жетілдіру



Нысаналы индикатор: 2015 жылдан бастап ШЖМ-нан басқа барлық білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру тетігі енгізіледі



Нәтижелер көрсеткіштері:
педагогтердің жалпы санының 30 %-ы біліктілікті арттырудың жаңа жүйесі бойынша біліктілігі арттырудан өтті

1

Жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың әдістемесін әзірлеу

-

бұйрық

БҒМ

2011
ІV тоқсан

талап етілмейді

2

4 бейіндік мектеп базасында жалпы орта білім берудің жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін кейіннен байқаудан өткізуді бір өңірге қолдану арқылы байқаудан өткізу

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ

2013 - 2015









38,283

РБ

147,163

РБ

191,450



376,896

3

ТжКБ жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесінің әдістемесін әзірлеу және бекіту

-

бұйрық

БҒМ

2011 - 2013

Дүниежүзілік банкпен «Техникалық және кәсіптік білім беруді жаңғырту» жобасының шеңберінде

4

ТжКБ жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесін екі өңірдің базасында байқаудан өткізу

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

ЖАО, БҒМ

2013 - 2014

жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде (№ 360012 «Біліктілікті арттыру мен кадрларды даярлау» бюджеттік бағдарламасы)

5

ШКМ-дан басқа мектепке дейінгі білім беруден бастап ТжКБ-ға дейінгі барлық білім беру ұйымдарында жан басына шаққандағы қаржыландыру жүйесіне көшуді жүзеге асыру

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, ЖАО

2015

жергілікті бюджетте көзделген қаражат шегінде

6

Актуарлық есептеулер жүргізе отырып, мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің жұмыс істеу тетігін әзірлеу

-

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

БҒМ, «Қаржы орталығы» АҚ (келісім бойынша)

2011
ІІ тоқсан

«Қаржы орталығы» АҚ-ның меншікті қаражаты есебінен

7

«Кейбір заңнамалық актілерге мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу

-

Заң жобасының тұжырымдамасын ВАК-қа енгізу

БҒМ

2011
IV тоқсан

талап етілмейді

8

Мұғалімдердің біліктілігін арттырудың жаңа жүйесін енгізу

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, «Өрлеу» ҰБАО» АҚ (келісім бойынша), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ (келісім бойынша)

2015

РБ-ден, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ көзделген қаражат шегінде



Мақсат: педагог мамандығының беделін арттыру



Нысаналы индикатор: педагогтердің жалпы санына шаққанда жоғары және бірінші санаты бар біліктілігі жоғары педагог қызметкерлердің үлесі — 49 %



Нәтижелер көрсеткіштері:



магистр дәрежесі бар бейіндік мектеп педагогтерінің үлесі - кемінде 10 %
педагогтердің жалпы санынан ағымдағы жылы білім беру ұйымдарына жаңадан жұмысқа келген жас мамандардың үлесі - 4,5 %
жаратылыстану-математика циклі пәндерін ағылшын тілінде оқытатын педагогтердің үлесі - 10 %
академиялық және ғылыми дәрежесі бар біліктілікті арттыру жүйесі мамандарының үлесі - 5 %
біліктілігін арттыру мен тағылымдамадан, оның ішінде өндірістік кәсіпорындар базасында өткен, ТжКБ ұйымдарының инженер-педагог кадрларының үлесі, жыл сайын - 20 %
елде біліктілігін арттырудан және қайта даярлаудан өткен жоғары оқу орындарының профессорлар-оқытушылар құрамының үлесі, жыл сайын - 20 %

9

Педагог қызметкерлердің біліктілік санаты үшін лауазымдық жалақысының мөлшерін есептеу үшін пайдаланылатын саралау коэффициенттерін енгізуді көздейтін педагог қызметкерлерге еңбекақы төлеудің жаңа моделіне ұсыныстар, нәтижеге бағдарланған еңбекақы төлеу тетігін әзірлеу, педагог қызметкерлердің орташа жалақысын экономиканың жеке секторындағы жалақыға жақындату

-

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

БҒМ, Еңбекмині

2011 III тоқсан  - 2015



5373,880

РБ

15733,719

РБ













21107,599

10

Жаңа жүйе бойынша біліктілікті арттыру бағдарламаларын әзірлеу

-

мұғалімдердің біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдардың біліктілікті арттыру бағдарламалары

БҒМ, «Өрлеу» ҰБАО» АҚ (келісім бойынша), «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ (келісім бойынша)

2011 IV тоқсан – 2013 I тоқсан

РБ-ден көзделген қаражат, «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДБҰ меншікті қаражаты шеңберінде

11

Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балаларды ықпалдастырылған түрде оқыту үшін (инклюзивті білім беру) мамандардың біліктілігін арттыруға  мемлекеттік тапсырысты ұлғайту

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ

2011 - 2015

2,352

РБ

2,564

РБ

2,587

РБ

3,607

РБ

3,684

РБ

14,794

12

Мектепке дейінгі жастағы даму мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жүргізу үшін мамандардың біліктілігін арттыруға мемлекеттік тапсырысты ұлғайту

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ

2011, 2013 - 2015

2,352

РБ

0

РБ

2,587

РБ

3,607

РБ

3,684

РБ

12,230

13

Педагог кадрлардың біліктілігін арттыруды жүзеге асыратын ұйымдар үшін оқу жабдығын сатып алу («Өрлеу» ҰБАО» АҚ, «Өрлеу» ҰБАО» АҚ-ның 16 өңірлік БАИ, 8 ЖОО)

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, «Өрлеу» ҰБАО» АҚ (келісім бойынша), ЖАО

2011, 2014 - 2015

500,000

РБ









76,275

РБ

76,275

РБ

652,550

14

«Педагог қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалардың лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы» ҚР Білім және ғылым министрінің 2009 жылғы 13 шілдедегі № 338 бұйрығына БАИ әдіскерлеріне арналған біліктілік талаптарына ғылыми дәрежесінің болуын енгізу бөлігінде толықтырулар енгізу

-

бұйрық

БҒМ

2011
IV тоқсан

талап етілмейді

15

Жаңа білім беру бағдарламаларын іске асыру үшін ТжКБ ұйымдарының 5000 педагог қызметкерінің Қарағанды, Алматы, Шымкент, Орал және тағы басқа қалалардағы біліктілікті арттыру жөніндегі өңіраралық орталықтарда (кемінде 72 сағат) біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету (жыл сайын 1000 адам)

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, ЖАО

2011 - 2015

Республикалық бюджеттен көзделген қаражат шегінде (№ 023 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» бюджеттік бағдарламасы)

27,214

РБ

республикалық бюджеттен көзделген қаражат шегінде (№ 023 «Мемлекеттік білім беру ұйымдары кадрларының біліктілігін арттыру және қайта даярлау» бюджеттік бағдарламасы)

27,214

16

Шет елдерде 144 арнайы пәндер оқытушысы мен өндірістік оқыту шеберінің біліктілігін арттыруды қамтамасыз ету (2011 - 24 адам, 2012 - 24 адам, 2013 - 32 адам, 2014 - 32 адам, 2015 - 32 адам)

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ

2011 - 2015

13,680

РБ

6,842

РБ

9,760

РБ

14,880

РБ

21,760

РБ

66,922

17

ПОҚ ел ішінде біліктілігін арттыруды, қайта даярлауды, оның ішінде ЖОО-ның жетекші өнеркәсіптік кәсіпорындарымен және ҒЗИ-мен көпжақты кооперациясы шеңберінде жоғары технологиялық кәсіпорында тағылымдамадан өткізуді жүзеге асыру

-

ЖОО-ның БҒМ-ге есебі

ЖОО-лар

2011 - 2015
IV тоқсан

мемлекеттік тапсырыс шеңберінде және ЖОО-ның қаражаты есебінен (№ 020 «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және білім алушыларға әлеуметтік қолдау көрсету» бюджеттік бағдарламасы)

18

ЖОО-ның алдыңғы қатарлы және шетелдік өнеркәсіптік кәсіпорындарымен басым бағыттар бойынша көпжақты кооперациясы мақсатында жыл сайын шет елдерде ПОҚ біліктілігін арттыруды ұйымдастыру

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, ИЖТМ

2014 - 2015





183,690

РБ





242,720

РБ

242,720

РБ

669,130

19

Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия отырысының хаттамасымен бекітілетін халықаралық «Болашақ» стипендиясын тағайындау үшін басым мамандықтар тізбесіне орта, техникалық және кәсіптік, жоғары білім үшін ағылшын тілді педагог кадрлар даярлауды енгізу

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ

2011
I тоқсан

талап етілмейді

20

Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім педагог мамандықтарының МЖМБС-ға базалық пәндер цикліндегі шет тілі бойынша кредиттер көлемін ұлғайту бөлігінде толықтыру енгізу (көптілді білімі бар педагог кадрларды даярлау үшін)

-

бұйрық

БҒМ

2011
I тоқсан

талап етілмейді

21

ШЖМ үшін педагогтерді, педагог кадрларды даярлайтын ЖОО-лардағы бейіндік мектептер үшін білім беру магистрлерін даярлау

-

бұйрық

БҒМ

2011
II тоқсан

көзделген мемлекеттік тапсырыс шеңберінде (№ 020 «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлау және оқитындарға әлеуметтік қолдау көрсету» бюджеттік бағдарламасы)

22

Педагогтердің біліктілік деңгейін растау жөніндегі әдістемелік ұсынымдар әзірлеу

-

әдістемелік ұсынымдар

БҒМ, ҚазҰПУ

2011 - 2012

талап етілмейді

23

Педагогтердің біліктілік деңгейін растауға арналған тест тапсырмаларының құрылымын айқындау, тест тапсырмалары, сауалнамалар базасын жаңарту

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ

2012 - 2014

талап етілмейді

24

Кейіннен бір өңір мен бір қалаға тарата отырып, 4 мектеп базасында оқытушыларды аттестаттау рәсімін байқаудан өткізу

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ

2013 - 2015

талап етілмейді

25

Базалық ЖОО-ларда магистрлер мен PhD докторларын мақсатты даярлау тетігін әзірлеу

-

бұйрық

БҒМ

2011 – 2012
II тоқсан

талап етілмейді

26

Педагогикалық мамандықтардың үлгілік оқу бағдарламаларына көптілді білім беру бөлігінде өзгерістер мен толықтырулар енгізу

-

бұйрық

БҒМ

2011
II тоқсан

талап етілмейді

27

Өндірістік практикадан өту және әрі қарай жұмысқа орналасу мүмкіндігімен ҮИИДМБ-ның басым бағыттары бойынша жетекші отандық және шетелдік компаниялармен ынтымақтастықты қамтамасыз ету

-

шарттар, меморандумдар, келісімдер

БҒМ, ИЖТМ

2012
I тоқсан

талап етілмейді

28

Педагогикалық қызметке бейімділігін айқындау үшін педагогикалық мамандықтарға түсу кезінде шығармашылық емтихандарды енгізу жөніндегі ұсыныстар енгізу

-

Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс

БҒМ, жұмысшылар мен жұмыс берушілердің салалық бірлестіктері

2013
II тоқсан

талап етілмейді

29

Қоғамда педагогтің оң имиджін қалыптастыру жұмысын жүргізу («Жыл мұғалімі» конкурсы, акциялар, БАҚ-пен бірлескен жобалар, мастер-кластар, жаңашыл педагогтар форумдары, конкурстар, педагогикалық әулеттер жиыны, ғылыми-практикалық семинарлар мен симпозиумдар, семинар-тренингтер және дөңгелек үстелдер)

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, ЖАО

2011 - 2015

көзделген қаражат шегінде (№ 001 «Білім беру және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыру және іске асыру» бюджеттік бағдарламасы)

30

Математика мұғалімдерін TEDS-M халықаралық салыстырмалы зерттеуіне қатысуға даярлау

-

Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 4 наурыздағы № 931 Жарлығы шеңберінде іске асыру туралы ақпарат

БҒМ, ЖАО

2014 - 2015

талап етілмейді


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет