Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін



Дата14.06.2016
өлшемі122.3 Kb.
#135981


Қазақстан Республикасының

Ұлттық Банкі

Директорлар кеңесінің

2011 жылғы 29 желтоқсандағы

№ 259 қаулысымен
бекітілген


«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін

жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына

келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға

визалар беру туралы өтінішхат беру»

мемлекеттік қызметтерінің регламенті

1. Негізгі ұғымдар
1. Осы Регламентте мынадай ұғымдар мен аббревиатуралар пайдаланылады:

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат – Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитетінің (бұдан әрі – Комитет) Қазақстан Республикасының визалар беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органына өтініш хаты;

АӨҚО Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы;

өтініш беруші – осы мемлекеттік қызметтерді тұтынушылар: Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметтерді жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар не егер олар шақырушы тарап болып табылса, заңды тұлғалар;



ҚФБ – құрылымдық-функционалдық бірліктер – осы мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысатын Комитеттің құрылымдық бөлімшесі және уәкілетті қызметкерлері.

2. Жалпы ережелер

 

2. «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру» мемлекеттік қызметтері (бұдан әрі – қызметтер) – бұл визалар беру туралы өтінішхатты ресімдеу туралы өтініштерді қарау, оның ішінде визалардың қолданылу мерзімін ұзарту және санаттарын өзгерту және Комитеттің Қазақстан Республикасының визалар беру мәселелері жөніндегі уәкілетті органына визалар беру туралы өтінішхатын дайындау рәсімі.

3. Қызметтерді Комитет көрсетеді.

4. Қызметтерді көрсету автоматтандырылмаған.

5. Қызметтер «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы» 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 2-тармағының 2) тармақшасы және Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 14 желтоқсандағы № 196 Жарлығымен бекітілген «Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру» мемлекеттік қызметтер көрсету стандарты (бұдан әрі - Стандарт) негізінде көрсетіледі.

6. Осы Регламенттің 1-қосымшасына сәйкес визалар беру туралы өтінішхатты қағаз тасымалдауышта өтініш берушіге беру қызметтің нәтижесі болып табылады.

Стандарттың 16-тармағында көзделген жағдайларда тұтынушыға осы Регламенттің 9-тармағында көзделген мерзімде мемлекеттік қызметтер көрсетуді тоқтата тұру және бас тарту туралы жазбаша нысанда дәлелді жауап беріледі. Бұл ретте өтінішті қоспағанда, ұсынылған құжаттардың көшірмелері өтініш берушіге қайтарылады.

3. Қызметтер көрсету тәртібіне талаптар

 

7. Мемлекеттік қызметтерді Комитет мына мекенжай бойынша көрсетеді: Алматы қаласы, Д. Қонаев көшесі, 181, № 107 кабинет. Жұмыс кестесі: сенбі, жексенбі және заңнама актілерімен бекітілген басқа демалыс және мереке күндерінен бөлек, күн сайын дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін (сағат 13.00-ден 14.00-ге дейін үзіліс). Мемлекеттік қызметтер алдын-ала жазылусыз және жедел қызметсіз көрсетіледі.

8. Қызметтер көрсету туралы ақпаратты www.nationalbank.kz - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Интернет-ресурсынан не Комитетке жеке келу арқылы алуға болады. Өтініш беруші қызметтер көрсету барысы туралы 8(727) 244-95-00 телефоны бойынша біле алады.

9. Қызметтер көрсету мерзімі қажетті құжаттар қоса берілген өтініш тіркелген күннен бастап үш жұмыс күнін құрайды.

10. Осы мемлекеттік қызметтерді көрсетуден бас тартуға негіздемелер Стандарттың 16-тармағында көрсетілген.

11. Қызметтер көрсету кезеңдері:

қоса берілген құжаттармен өтінішті қабылдау және тіркеу;

ұсынылған құжаттардың осы Регламенттің 14-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеру;

визалар беру туралы өтінішхаттың жобасын дайындау;

визалар беру туралы өтінішхатқа Комитет төрағасының қол қоюы;

өтініш берушіге визалар беру туралы өтінішхатты беру;

ұсынылған құжаттардың осы Регламенттің 14-тармағының талаптарына сәйкес келмеген жағдайда:

визалар беру туралы өтінішхатты дайындауға бас тарту себебі туралы дәлелді жауаптың жобасын дайындау;

өтініш берушіге дәлелді жауап беру.

12. Құжаттарды Комитеттің уәкілетті құрылымдық бөлімшесінің бір мемлекеттік қызметшісі қабылдайды.



4. Қызметтер көрсету процесіндегі іс-әрекеттер

(өзара іс-әрекеттер) тәртібін сипаттау
13. Қосымша құжаттары бар өтінішті Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасы күн сайын сағат 9-00-ден 18-00-ге дейін осы Регламенттің 7-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша белгіленген тәртіппен қабылдайды және тіркейді.

Өтініш берушіге оның өтінішін және қоса берілген құжаттарын қабылдауды растайтын Бас прокурордың 2007 жылғы 30 мамырдағы № 20 бұйрығымен бекітілген Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу ережесінде белгіленген нысан бойынша талон беріледі.

14. Өтініш беруші қызметтерді алу үшін Стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін Комитетке ұсынады.

Осы қызметтер көрсету бойынша жеңілдіктер көзделмеген.

15. Ақпараттық қауіпсіздікке қойылатын талаптар:

өтініш беруші ұсынған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

өтініш беруші туралы конфиденциалды ақпаратты пайдалануға жол бермеу.

16. Қызметтер көрсету барысында мынадай ҚФБ қатысады:

1) Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының бас
сарапшысы
– өтінішті қабылдау және тіркеу, мемлекеттік қызметтерді ресімдеу;

2) Комитет басшылығы – ілеспе құжаттарға қол қою.

ҚФБ іс-әрекетінің бірізділігі және ҚФБ-нің қызметтер көрсету барысында өзара байланысын көрсететін диаграмма осы Регламенттің


2, 3-қосымшаларында келтірілген.

5. Мемлекеттік қызметтерді көрсететін

лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі
17. Комитеттің мемлекеттік қызметтерді көрсететін лауазымды тұлғалары мемлекеттік қызметтер көрсету барысында өздері қабылдайтын шешімдер мен әрекеттер (әрекетсіздіктер) үшін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауапкершілік атқарады.

18. Комитеттің жауапты тұлғалары мемлекеттік қызметтерді ұсыну барысында өтініш берушінің құжаттарындағы ақпаратты сақтауды, қорғауды және конфиденциалдылығын қамтамасыз етеді.

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін

жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін

шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы

өтінішхат беру» мемлекеттік қызметтерінің регламентіне

1-ҚОСЫМША


Қазақстан Республикасы

Сыртқы Істер министрлігі

Консульдық қызмет департаменті

           

           Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Алматы қаласындағы өңірлік қаржы орталығын дамыту комитеті, Алматы қаласы бойынша Әділет министрлігінде тіркелген (мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің күні және №, СТН), мынадай шетел азаматына, азаматтығы жоқ адамға визалар беру туралы өтінішхат береді:
Азамат, азаматтығы жоқ адам туралы ақпарат:

1. Аты-жөні:                               

2. Жынысы:

3. Туылған күні және жері:

4. Азаматтығы:                                   

5. Ұлты

6. Паспорт №

7. Паспортты беру күні:                 

     8. Паспорттың қолданылу мерзімі:              

9. Жұмыс орны, қызметі:         

     10. Тұрғылықты жерiнiң мекенжайы:               
Визалық қолдау туралы ақпарат:

      11. ҚР келу кезеңі: 

      12. Визаның еселігі:                           

      13. Визаны алу орны:               

      14. Сапардың мақсаты:    

                             


Қазақстан Республикасында уақытша тұрған орны ___________. 

(мекенжайы)

Қазақстан Республикасындағы жылжу бағыты және бару пункттері ___________________.


(атап көрсетіледі)
Лауазымды тұлғаның қолы

«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін



жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін

шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы

өтінішхат беру» мемлекеттік қызметтерінің регламентіне

2-ҚОСЫМША


1-кесте. ҚФБ іс-әрекеттерінің сипаттамасы





Негізгі процестің (жұмыс барысының, ағынының) іс-әрекеті


1.

Іс-әрекеттің

1

2

2.

ҚФБ атауы

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының

бас сарапшысы

Комитет басшылығы

3.

Іс-әрекеттің атауы және олардың сипаттамалары

1) қоса берілген құжаттармен өтінішті қабылдау және тіркеу;

2) ұсынылған құжаттардың осы Регламенттің 14-тармағының талаптарына сәйкестігін тексеру;



3) сәйкес болған жағдайда:

- визалар беру туралы өтінішхаттың жобасын дайындау;

- визалар беру туралы өтінішхаттың жобасын Комитет төрағасының қол қоюына енгізу;


Визалар беру туралы өтінішхатқа қол қою

4.

Аяқталу нысаны

Өтініш берушіге визалар беру туралы өтінішхатты беру;


Визалар беру туралы өтінішхат

5.

Орындалу мерзімі

Үш жұмыс күні ішінде


Жобаны енгізу күні


2-кесте. Пайдалану нұсқасы. Негізгі процесс.


Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін

шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының

бас сарапшысы

Комитет басшылығы

1. Қоса берілген құжаттармен өтінішті қабылдау және тіркеу


3. Визалар беру туралы өтінішхатқа қол қою

2. Визалар беру туралы өтінішхаттың жобасын дайындау

4. Өтініш берушіге визалар беру туралы өтінішхатты беру


3-кесте. Пайдалану нұсқасы. Балама процесс.


Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін

шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру

Мемлекеттік қызмет көрсету басқармасының

бас сарапшысы

Комитет басшылығы

1. Қоса берілген құжаттармен өтінішті қабылдау және тіркеу

3. Қызметтер көрсетуге жазбаша дәлелденген бас тартуға қол қою


2. Қызметтер көрсетуге жазбаша дәлелденген бас тарту жобасын дайындау

4. Өтінішті қоспағанда құжаттарды өтініш берушіге қайтару


«Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін



жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін

шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы

өтінішхат беру» мемлекеттік қызметтерінің регламентіне

3-ҚОСЫМША



Функционалдық өзара іс-әрекет схемасы

Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығында қызметін жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасының аумағына келетін

шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарға визалар беру туралы өтінішхат беру















Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет