Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті
Экономика факультеті
«Экономика және кәсіпкерлік» кафедрасы
№ 9 ДӘРІС
«ЕҢБЕК НАРЫҒЫ. ЖҰМЫССЫЗДЫҚ МӘСЕЛЕСІ»
Лектор:
экономика бойынша PhD докторы, аға оқытушы Ә.Е.Төлепов
ЖОСПАР:
1. Еңбек нарығының мәні, қызметтері. Еңбек нарығындағы тепе-теңдік.
2. Жұмыссыздықтың мәні, пайда болу себептері, зардаптары және түрлері. Оукен заңы.
3. Еңбек нарығын мемлекеттік реттеу.
4. Қазақстандағы еңбек нарығының қазіргі жағдайы.
Мақсаты: еңбек нарығының макроэкономикалық ерекшелігін айқындау, жұмыспен қамтудың теорияларына сипаттама беру, жұмыссыздық мәселесіне кеңірек тоқталып оны азайту жолдарын қарастыру, еңбек нарығын мемлекеттік шараларын талқылау, сонымен қатар, Қазақстандағы жұмыссыздық мәселесіне де тоқталып өту. Дәріс сұрақтары төмендегідей қарастырылады.
Негізгі түсініктер: еңбек нарығы; еңбек нарығының ерекшеліктері; еңбекке деген сұраныс факторлары; еңбекке деген ұсыныс факторлары; еңбек нарығының қызметтері; жұмыс күші; жұмыссыздық; фрикциондық жұмыссыздық; құрылымдық жұмыс-сыздық; циклдік жұмыссыздық; толық жұмысбастылық; жұмыссыз-дықтың табиғи деңгейі; жұмыссыздықтың табиғи деңгейінің факторлары; Оукен заңы; еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің негізгі бағыттары.
Макроэкономикада, еңбек нарығы - бұл ерекше тауар, жұмыс күшін сату және сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы; еңбекті жалақыға айырбастау механизмі орындалатын нарық. Еңбек нарығында жұмыс күшіне және еңбек қызметтеріне сұраныс пен ұсыныс және оған деген баға қалыптасады.
Еңбек нарығы
Экономикалық қызметі
еңбекке қабілетті халықтың ұдайы өндірісінің тиімді үрдістерін қамтамасыз етуден көрінеді.
Әлеуметтік қызметі
жұмыскерлердің және олардың
отбасыларының өмір сүру сапасының жоғары деңгейін қамтамасыз етумен сипатталады.
Еңбек нарығының негізгі субъектілері:
Кәсіпкерлер - ірі монополистер, шағын және орта бизнесмендер.
Жекелеген жұмыскерлер және олардың ассоциациялары (кәсіподақтар).
Мемлекет.
Достарыңызбен бөлісу: |