Қазақстан республикасында ипотекалық несиелеу нарығын талдау



Дата26.02.2016
өлшемі94.12 Kb.
#27220
УДК 336.71.078.3

қАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ИПОТЕКАЛЫҚ НЕСИЕЛЕУ НАРЫҒЫН ТАЛДАУ
Абдигалиева Н.К., аға оқытушы, магистр
Қ.И.Сәтбаев атындағы қазақ ұлттық техникалық университеті,

Алматы қаласы


Қаржы және есеп кафедрасы
Біздің елімізде тұрғын үймен қамтамасыз ету орта есеппен 1 адамға шаққанда 18 шаршы метрді құрайды. Адамдар ипотеканы тұрғын үйді сатып алудың амалдарының біреуі ретінде қарастыруда. 2013-2014 жылдарға ипотека нарығының бір жылдық өсуі 20-30% құрауы мүмкін деп күтілуде. Соған қарамастан, ағымдағы жылы осы сектордың айтарлықтай өсуі, сондай-ақ осы несиелер бойынша мөлшерлеменің төмендеуі күтілмейді, дейді сарапшылар.
Көп жылдық тұралау және азғана теңселістен кейін Қазақстанның жылжымайтын мүлік нарығы жандана бастады, бағаның шамалы өсуі мен банктердің өз ипотека өнімдерін жылжытудағы белсенділіктері байқалады. Бірақ осы жанданулар үлкен өзгерістерге алып келе ме екен? «Қазіргі уақытта ипотека нарығында белгілі бір жанданулар бар, және осы сегмент оң серпіліс көрсетіп отыр. Бірақ ағымдағы көлемі дағдарысқа дейінгі көлемнен төмен, және несие беру көлемінің өсуі толығымен ипотека қоржының өсуіне алып келген жоқ. Сарапшылардың айтуынша, бүгінгі күні жылжымайтын мүлік нарығында сатып алушылар белсенділігі байқалмайды. Бірақ қазір қазақстандық банктердің ипотекалық несие беруге көп көңіл бөліп отырғанын байқалады. Мөлшерлеме азайтылды, бастапқы жарна сомасы да төмендетілді. Қосымша қаржы түрлерін қолданылатын кезде, сұраныс та өседі. Іс жүзіндегі тұрғын үйге деген тапшылықпен байланысты елімізде «жедел сұраныс» деген өте көп. Зерттеу компанияларының деректері бойынша Қазақстанда тұрғын үйге деген ықтимал сұраныс сақталуда. Біздің елімізде тұрғын үймен қамтамасыз ету орта есеппен 1 адамға шаққанда 18 шаршы метрді құрайды. АҚШ бұл көрсеткіш - 65 шаршы метрге, Австрия мен Францияда - 38 шаршы метрге, ал Украинада - 23 шаршы метрге, Ресей мен Молдавада – 22 шаршы метрге, Қырғызстанда – 14 шаршы метрге, Азербайжанда — 13 шаршы метрге тең.

Жылжымайтын мүлік нарығындағы қазіргі жағдайда қатты өсуі, бұл бағаны елімізде ақылға сыймайтын сандарға жеткізді. 2005 жылдан бастап 2007 жыл аралығында республикада доллармен бағасы жаңа тұрғын үйге 148% және қайталама тұрғын үйге 272% өсті. Алматыда бұл кезеңде бағаның өсуі 354 және 318% болды. Дағдарыс басталғаннан бастап 2007 жылы бағалар орта есеппен 30 және 40% дейін төмендеді.

Бүгінгі күні жаңа құрылыс үшін нарықта ипотека бойынша орташа пайыз шамамен жылдық 12,3% құрайды. Көптеген банктер жаңа құрылысқа несие беру үшін бұрын міндетті «қосымша қамтамасыз ету» тармағын алып тастады. Толығымен алғанда жағдай дағдарысқа дейінгі деңгейге жетіп қалды. Мұнда әрине мемлекет үлкен рөл атқарды: әр түрлі бағдарламалар шығарды және заңдарға түзету ендірді. Дағдарысқа байланысты мемлекет тұрғын үй нарығына жағдай жасай бастады және елімізде ақырындап құрылысқа үлестік қатысу мәселесі шешіле бастады. Бүгінгі күні тұрғын үй жағдайларын жақсарту бойынша бірнеше мемлекеттік бағдарламалар бар, бірақ оларға қатысу үшін белгіленген талаптарға сай болу керек.

Қалалық тұрғын үй бағдарламасын іске асыру үшін тартылды, өйткені Компанияның талаптары аса тартымды және қарыздар жылдық 11,5% беріледі. Бәсекелестің өсуімен байланысты 2012 жылы банктер мен ипотекалық ұйымдар несие берудің әр түрлі шарттарын ұсынуда, сондықтан қолайлы нұсқаны таңдауға мүмкіндік бар. Қазіргі күні банктер клиенттер үшін қол жетімді, неғұрлым ашық бола отырып, клиенттерге ыңғайлы жағдайлар жасай бастады, бірақ, проблемалық ипотекалармен жұмыс бойынша банктердің тәжірибесін, сондай-ақ реттеуіштер мен заңнама талаптарының күшеюін ескере отырып, банктер клиенттердің төлем қабілеттілігін бағалауға және несиені ресімдеу үдерістеріне қойылатын талаптарды күшейтті.

Бұл ипотека қарыздарын алудың мерзімдерін ұзартуға алап келді.
Бірақ банктер мөлшерлемені және бастапқы жарна сомасын төмендету, қарыздың ең жоғары сомасын және несие беру мерзімдерін өсіру сияқты қосымша қаражат тұтқаларын тартуды пайдаланып, сол арқылы ипотекаға сұраныс тудыруда. Егер қарыз алушының жағдайы несие берушілердің талаптарына сәйкес келмейтін болса да, мысалы Қазақстан ипотекалық компаниясы мен Темiрбанктен клиенттердің жанама табыстары арқылы қарыз алуға болады, және қосалқы қарыз алушыларды тарту мүмкіндіктері бар.
Құрылыс нарығына келетін болсақ, онда қазір айтарлықтай жақсы нәтиже жоқ. Құрылыс ұйымдарында жұмыс үшін жеткілікті қаражат жоқ, салушыларға қойылатын талаптың күшеюі және дағдарыс толқынында қазақстандықтармен алынған құрылыстағы үлестік қатысудың теріс тәжірибесі құрылыстың бастапқы кезеңінде ЕДБ-ден және кейін тұратын тұрғындардан қажетті ақша қаражаттарын тарту мүмкіндігі болмай тұр.
Сарапшылардың болжамдары бойынша құрылыс саласындағы дағдарысқа қарамастан құрылыс компанияларының белсенділігі 2012 жылы артады. Бастапқы тұрғын үй нарығында көптеген ұсыныстар пайда болады, несие беру талаптарын жеңілдету және жаңасын құру, мөлшерлемені төмендету, соманы және несие беру мерзімдерін өсіру арқылы ипотекалық несие беру талаптары жақсартылады. Бірақ клиенттердің төлем қабілеттілігін анықтау әдістері негізінде бұрғыдай болып қалады.

2011 жылдың 1 қаңтарындағы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, халыққа тұрғын үй салуға және сатып алуға берілген ипотекалық несиенің жалпы сомасы 678522 млн теңге, ал, 2012 жылдың 1 қаңтарында 735020 млн теңгені құрап,алдыңғы жылмен салыстырғанда 56498 млн теңге немесе 8,3%-ға өскен.

Осы берілген несиелерді валюта түрлеріне және мерзімдері бойынша арнайы 5-кестеден көруге болады.

5-кесте - Банктердің халыққа ипотекалық несие беруі







01.2010 ж

01.2011ж.

01.2012ж.

01.2013ж

Млн. тенге

үлесі,

Млн. тенге

үлесі,

Млн. тенге

үлесі, 

Млн. тенге

үлесі, 

Барлығы, соның ішінде:

690248

100,0

684964

100,0

678522


100,0

735020

100,0

ұлттық валютада

шетел


валютасында

364586
325662


52,8
47,2


393282
291682



57,4
42,6


391132
287391


57,6
42,4


478418
256602


65,1
34,9



қысқа мерзімді

ұзақ мерзімді



4182

686066


0,6

99,4


4222

680744


0,62

99,38


4215

674307


0,63

99,37


3725

731296


0,5

99,5


Ескерту - ҚР Ұлттық банкінің статистикалық бюллетенінің мәліметтері негізінде құрастырылған

Халыққа берілген ипотекалық несиелердің барлығын валюта түрлері және мерзімдері бойынша талдау жасайтын болсақ, 2010 жылдың 1-қаңтарына берілген барлық ипотекалық несиелердің жартысына жуығы 364586 млн. теңгесі ұлттық валютада және 325662 млн теңгесі шетел валютасында, ал қысқа мерзімдісі 4182 млн. теңге немесе 0,6  және ұзақ мерзімдісі 686066 млн теңге немесе 99,4 , 2011 жылдың 1-қаңтарына берілген барлық ипотекалық несиелердің 393282 млн теңгесі ұлттық валютада және 291682 млн теңгесі шетел валютасында берілген, соның ішінде қысқа мерзімдісі 4222 млн. теңге не 0,62  және ұзақ мерзімдісі 680744 млн теңге немесе 99,38 , 2011 жылдың 1-қаңтарына берілген барлық ипотекалық несиелердің 391132 млн теңгесі немесе 57,6  ұлттық валютада және 287391 млн теңгесі немесе 42,4  шетел валютасында берілген, ал қысқа мерзімдісі 4215 млн. теңге немесе 0,6  және ұзақ мерзімдісі 674307 млн теңге не 99,4, 2013 жылдың 1-қаңтарына берілген барлық ипотекалық несиелердің 478418 млн теңгесі ұлттық валютада және 256602 млн теңгесі шетел валютасында, ал қысқа мерзімдісі 3725 млн. теңге немесе 0,5  және ұзақ мерзімдісі 731296 млн теңге немесе 99,5 құрайды.

Бұл ипотекалық несиелердің мерзімдерінің ұзаруымен тікелей байланысты болып отыр. Бұл жерде ипотекалық несиелердің ұлттық валютасындағы үлес салмағының жоғарылығын көруге болады, ол дегеніміз - шетел валютасымен ұзақ мерзімде несие беру тәуекелінің барлығын түсіндіреді.

Көптеген банктер өздерінің ипотекалық несиелерін ұсынып отырды, дегенмен оларды алу көпшілік үшін қол жетпес арман болып қалды. Өйткені, банктер өздерінің несиелік тәуекелдерін азайту үшін жоғары пайыздық ставкаларды (12-14%) белгіледі, бастапқы жарна сомасы тұрғын үй құнының 15-50%-ын құрады, ал несиелер бойынша қысқа мерзімдер – бар болғаны 5-10 жыл, көпшілік үшін несиені уақытылы төлеу мүмкіндігін бірден жоққа шығарды. Ипотекалық несиелерді берудің мұндай шарттары орташа деңгейдегі кірісі бар нақты заем алушыны тұрғын үйді сатып алуға несиені алу мүмкіндігінен айырады [9].


6-кесте - Қазақстандағы ипотекалық несиелеу нарығындағы қатысушы банктердің орны


Мекемелер

Ипотекалық несиелер сомасы,

млн. АҚШ доллары



АльянсБанк

17308620

ЦентрКредитБанкі

15080000

БТА Ипотека

16 500 000

КазкомБанк

15 639 404

ЛарибаБанк

15 164 240

Алматы Сауда-Қаржы Банкі

15 080 000

ТемірБанк

15 080 000

Барлығы

16307 264

Ескерту - ҚР статистика агенттігінің мәліметтерінен автормен құрастырылған

Ипотекалық несиелердің мерзімдерінің ұзаруымен тікелей байланысты болып отыр. Бұл жерде ипотекалық несиелердің ұлттық валютасындағы үлес салмағының жоғарылығын көруге болады, ол дегеніміз - шетел валютасымен ұзақ мерзімде несие беру тәуекелінің барлығын түсіндіреді.

2012 жылдың 1 қаңтарындағы статистикалық мәліметтерге сүйенсек, халыққа тұрғын үй салуға және сатып алуға берілген ипотекалық несиенің жалпы сомасы 678522 млн теңге, ал 2013 жылдың 1 қаңтарында 735020 млн теңгені құрап,алдыңғы жылмен салыстырғанда 56498 млн теңге немесе 8,3%-ға өскен.

Ең үлкен үлесін АльянсБанкі алып отыр. Оның үлесіне 28% тиесілі, БТА Ипотека үлесіне 22%, Казкомбанктің үлесіне 18% тиесілі.


ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ


  1. “Жаңа тұрғын үй саясаты мемлекеттік бағдарламалары және оның іске асырылу механизмдері туралы” ҚР Президентінің Жарлығы, 1993ж.

  2. “Жылжымайтын мүлік ипотекасы туралы” ҚР Президентінің заң күші бар Жарлығы, 1995 ж., 23 желтоқсан, 1-бап.

3 Мақыш С.Б. “Ақша айналысы және несие”. Алматы, 2004.

4 Мақыш С.Б “Коммерциялық банктер операциялары”.- Алматы, 2004.

5 Сейтқасымов Г.С. Банковское дело. Алматы, 2006.

6 Аникеева Л.В.,“Жилищная ипотека на новом этапе реформ: теоритические аспекты”, //Вестник// №2(36), 2003.



  1. Бораш Қ., “Ипотекалық несиенің тиімділігі неде?”, //Егемен Қазақстан газеті// №46-47, 27 ақпан, 2004.

8 http://www.afn.kz


Абдигалиева Н.К.

Қазақстан Республикасында ипотекалық несиелеу нарығын талдау

Түйіндеме. Ипотекалық несиелендіруді дамыту еліміздің алдында тұрған бірқатар тұрғындар үшін тұрғын үй мәселесін шешу, түрғын үй құрылысын ынталандыру яғни әлеуметтік рөлді орындаудан бастап, коммерциялық жобаларды қаржыландыруға дейінгі кешенді мәселелерді шешуге мүмкіндік береді

Түйін сөздер: ипотека, кредит, пайыздар, қарыз алушы, мәселелер.

Абдигалиева Н.К.

Анализ ипотечного кредитования рынка Республики Казахстан

Резюме. Развитие ипотечного кредитования решает ряд проблем начиная с жилищного обеспечения граждан, строительства жилья, т.е. способствует решению социальных проблем, также финансированию коммерческих проектов.

Ключевые слова: ипотека, кредит, проценты, заемщик, проблемы.
Абдигалиева Н.К.

The summary. Development the crediting decides(solves) of problems beginning housing maintenance of the citizens, construction of habitation, to the decision of social problems, also to financing of the commercial projects.

Keywords: credit, percents, borrower, problems.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет