Қазақстан республикасында «жасыл» экономиканың даму мәселелері мен перспективалары кілт сөздер



Дата21.06.2016
өлшемі109.83 Kb.
#151421
УДК 069.231+330.342:346.7 (574) ҚазЭҚХСУ-ң «Экономика»

кафедрасының оқытушысы,

магистр Б.А. Сандыбаева


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА «ЖАСЫЛ» ЭКОНОМИКАНЫҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ МЕН ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ
Кілт сөздер: Жасыл экономика, бағдарлама, өндіріс, өнеркәсіп, пайда, айыппұл.
21 ғасырдың алғашқы жылдарынан бастап «Жасыл» экономика сөзі халыққа мәлім. «Жасыл» экономика елдердің табиғатын жақсартатын экономиканың жаңа салалары, табиғатқа көмек беруге және пайда келтіруге бағытталған жаңа технологиялар ретіндегі экожүйелік өзіндік түрі және экологиялық таза өнімдерді құру болып табылатын дамудың жаңа кезеңіне ауысуы деп есептейді.

«Жасыл экономика» - бұл адамдардың тұрақты әл-ауқаты ортасының жақсаруын көздейтін әлемдік экономиканың жаһандық даму курсы.

Жасыл экономика – табиғи қорларды тиімді пайдалану есебінен қоғамның әл-ауқатын сақтауға бағытталған, сондай-ақ соңғы пайдалану өнімдерін өндірістік циклге қайтаруды қамтамасыз ететін экономика.

Қазіргі кезде жасыл экономиканы зерттеп жүрген әйгілі экономистер М.Букчин, Дж.Джекобс, Р.Карсон, Э.Ф.Шумахер, Р.Костанца, Л.Маргулис, Д.Кортен, Б.Фаллер, Х.Дэли, С.А.Липина, Д.Медоуз, С.Хоукен, А.Тверски және т.б. қарастырады.

Қазіргі таңда дүниежүзінің көптеген елдері жасыл экономика принципін қабылдаған. Осы мемлекеттердің экономикалық даму саясаты өнеркәсіптік өндіріс өсімін оңтайландыруға және қоршаған ортаға үнемді көзқарасқа негізделеді. 2013 жылдың 1 маусымында Қазақстан Президенті Н.Назарбаев Қазақстан Республикасы «жасыл экономикаға» өту Тұжырымдамасы жөніндегі Жарлыққа қол қойды. [1]

UNEP анықтамасы бойынша Жасыл экономика – бұл жердің табиғи капиталын құратын және арттыратын немесе экологиялық қауіптер мен тәуекелдерді азайтатын салалар;

БҰҰ анықтамасы бойынша Жасыл экономика – бұл экономикалық тәуекелдер мен табиғи ресурстар тапшылығын қысқартатын және халықтың тұрмыстық игілігін жақсартып, әлеуметтік теңдікке алып келетін экономика;

Жасыл экономиканың артықшылықтары:

- бүкіл әлемде күн батареяларын қолдану мүмкіндіктері;

- газбен жұмыс жасайтын жолаушылар тасымалын ұйымдастырушы көліктерді енгізу;

- қайта өңдейтін зауыттар салуды арттыру;

- климаттың өзгеруі жағдайында қолданылатын асфальтбетондық технологияларды қолдану;

- қоршаған ортаға зиянсыз эко жеңіл көліктерді пайдалану мүмкіндігі;

- кәріз қалдықтарын қайта пайдалану қажеттілігі және т.б.

Қазақстанда «жасыл экономика» бағдарламасы бойынша жұмыстар үш негізгі кезеңде жүргізіледі:



  • Бірінші кезеңде 2013-2020 жылдары - мемлекеттің негізгі басымдығы ресурстарды тиімді пайдалану мен қоршаған ортаны қорғау қызметінің тиімділігін арттыру, сол сияқты «жасыл» инфрақұрылым құру болады.

Екінші кезең барысында 2020-2030 жылдары қалыптасқан «жасыл» инфрақұрылым негізінде суды үнемдеп пайдалану, қалпына келетін энергетиканы дамытуды ынталандыру мен кеңінен енгізуді қолдау, энергетикалық тиімділіктің жоғары стандарттары негізінде құрылыс жүргізуге бағытталған ұлттық экономиканы бетбұрыстандыру жүргізіледі.

Үшінші кезеңде 2030-2050 жылдары ұлттық экономиканы «үшінші өнеркәсіптік төңкеріс» қағидасына көшіру қарастырылған. Ол табиғи ресурстарды олардың жаңартылу мен тұрақтылық негізінде қолданылуын пайымдайды. Тұжырымдама бойынша «жасыл экономикаға» көшу шаралары мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады: су ресурстарын тұрықты пайдалану, тұрақты және жоғары өнімді ауыл шаруашылығын дамыту, энергияны үнемдеу мен энергетикалық тиімділікті арттыру, қалдықтарды басқару жүйесі, ауаны ластауды азайту, экожүйелерді тиімді басқару.

«Жасыл» экономика кедей елдердің дамуына және бай елдердегі кедейлердің қысқаруына ықпал етеді. Халықаралық сарапшылардың пікірінше, мемлекет «жасыл» экономикаға көшуде мынадай міндеттерді шешуі тиіс:

- экологиялық салықтарды енгізу;

- «қоңыр» өнеркәсіп үшін мемлекеттік субсидияларды азайтып, экологиялық талаптарды күшейту; «Қоңыр» өнеркәсіп қазіргі күнгі дәстүрлі яғни ресурстарды ысыраппен пайдалануды, өндірісте көміртектің көп пайдаланылуын білдіреді.

- «жасыл» өнеркәсіпке мемлекеттік инвестициялар жасау;

- жаңа «жасыл» технологияларды трансферттеу мен енгізу.

«Жасыл» экономикаға өткен елдерден мысал келтіретін болсақ:

Оңтүстік Корея «жасыл өсімді» ұлттық стратегия ретінде қабылдаған алғашқы ел болып отыр. Бұл стратегия шеңберінде негізінен үш элементке баса назар аударылады, олар өнеркәсіп, энергетика және инвестиция. Энергетикалық және басқа да ресурстарды минималды пайдалана отырып, өндірістік экономикалық қызмет ауқымын сақтау, қоршаған ортаға қысым жасауды минимумға жеткізу, инвестицяны табиғатты қорғау және экономикалық өсудің қозғаушы күшіне айналдыру мақсаттары қарастырылған.

Швеция 2020 жылға қарай мұнай, көмір және газдан бас тартып, қалпына келуші ресурстар энергиясына көшуді жоспарлап отыр.

Бразилия көліктің 80% қант қамыстарынан жасалған биоотынға көшіруді жоспарлауда. Тайвань күн батареяларын белсенді пайдаланып отыр. Жапония «Төмен көміртекті қоғам бағдарламасын» қабылдап, көмітектің шығарылымының төменгі деңгейін белгілеген.

БҰҰ сарапшылары Қазақстанда «жасыл» экономиканы енгізу үшін бес маңызды секторды атап көрсетті:

- энергия (электр энергиясы, жылу, мұнай және газ) – Мұнайгаз секторы Қазақстанның маңызды саласы болып қалып отыр. Ол ЖҰӨ 30% мен экспорттың 60% құрайды. Қазақстан «жасыл» экономикаға көшу үшін мұнайгаз секторына бірыңғай сенім артудан біртіндеп арылуы тиіс;

- Су – Қазақстан 2018 жылға қарай су тұтыну көлемін қысқартуды басыңқы бағыттардың бірі ретінде қарастырып отыр. Сонымен бірге таза ауыз су тапшылығын елдегі халықтың 20% сезініп отыр, кейде су сапасын нормативтік талаптарға сай келмейді. Сумен қамсыздандыру ЖҰӨ 2% ғана құрайды;

- Қалдықтар. Қалдықтарды қайтара өңдеу бар болғаны 20%. Үкімет 2020 жылға қарай қалдықтарды утилизациялауды 70% жеткізуді жоспарлап отыр. Қазіргі күні Қазақстан қауіпті қалдықтарды жинақтаудан Шығыс Еуропа мен ТМД елдерінің арасында екінші орында болып табылады.

- Ауыл шаруашылығы, балық аулау және орман шаруашылығы. Аталған сектор көшет газдарының шығарылымының 10% құрайды. Ауыл шаруашылығы ұлттық ЖҰӨ 5% мен экспорттың 2% құрайды. Қазақстан үшін бидай өсіру мен оны эксорттау ісі басыңқы болып қала береді, себебі біздің еліміз бидай экспорттаушы әлемдік бестікке енеді.

- Көлік. Қазақстандағы тасымалдаудың басым бөлігі дизель/бензинге тиісті. Ол ең алдымен ауаны ластауға әсерін тигізеді. Тасымалдау секторы Қазақстанның ЖҰӨ 8% береді, сондықтан да елдің көлік әлеуетін арттыру маңызды болып табылады.

Жасыл экономиканы дамытуға негізгі 7 бағыттары белгіленген, олар:



  1. Бірінші бағыт – жаңартылған энергия көздерін еңгізу.

  2. Екінші бағыт – тұрғын үй коммуналдық шаруашылығындағы энергия тиімділігі.

  3. Үшінші кезең – ауыл-шаруашылық органикалық егін шаруашылығы.

  4. Төртінші бағыт – қалдықтарды басқару жүйесі.

  5. Бесінші бағыт – су қорларын басқару жүйелерін жетілдіру.

  6. Алтыншы бағыт – таза көлікті дамыту.

  7. Жетінші бағыт – экожүйелерді сақтау және тиімді басқару. [2]

Мақала барысында 4-ші кезеңге тоқталдым. Қалдықтарды өндірістік өнімнің қайталама өнімі ретінде пайдалану. Мысалы қайта өндіру арқылы көптеген қоқысты өндіріп пайдаға асыру.

Еуропа елдері 2000 жылдан бастап қоқысты қайта өндіру арқылы көшелердің, аулаларды тазартқан. Бұл тазалыққа қол жеткізу үшін көптеген жұмыстар жасалынған атап өтсек ескертпе парақшаларын үйлерге тарату және сол ережемен жүрмеген тұрғындарға айыппұл төлеттірген. Мысалы: Швейцария елін алсақ елі өте кішкентай карта бетінен жөнді көрінбейді, елі кішкентай болғандықтан қоқыс мәселесі ел басшыларын мазалатып, сол мәселенің шешімін тапқан. Швейцария елі өте таза, табиғаты қандай керемет.

-Шіркін! Қазақстанда сол ел сияқты тап таза болмайды?-деген ой келеді. Әрине Қазақстанда Швейцария елінен табиғаты жағына кем емес. Онда нәтижеге Швейцария елі 2000 жылдан бастан жұмысты бастап және 2009 жыл арасын елдің қоқыстың 30% қайта өндіріп, қазіргі кезде 80% пайызға жеткізген.

Өнімді қайта өндіру арқылы экологияны да, халыққа пайдалы заттарды да шығарған. Олар, қағаз пакет, палитенді пакет, 1-рет пайдалануға арналған ыдыстар т.б. сонымен қатар соңғы ыстық парына дейін арнайы станцияларға сатылады.

Швейцарияда қоқысты 50 шақты категориясына қарай бөліп сорттайды. Олар, батарея, бөтелке қақпақтары, бөтелке, кофе пластикасы, киім, ыдыстар, жихаз, қалдық тамақ т.б.деп бөлінеді. Швейцарияда әр аймақтың өзінің «Қоқыс инспекторы» бар. Айыппұл көлемі 10 000 швейцариялық франк, ал франк әрдайым доллардан қымбат болады.

Швейцарияда кейбір заттарды арнайы күн белгіленіп қоқысты алып кетеді. Мысалы. Жаңа жылдық шыршаны 7-ші қаңтар күні арнайы қоқыс тасушы көлік аралап жүріп алып кетеді тағы сол сияқты.

Германияны алсақ, қоқысты сорттай процесі үй ішінен басталады. Олар 3-ке бөлінеді таза пластика, қағаз және тамақ қалдықтары. Қосымша электроника, ағаш, лампа, химиялық заттарға арнайы 200-250 литрлік бактар болады.

Қоқысты қайта өндіру зауытынан алынатын пайда көзі болып та келеді. Қазіргі кезде пластика ластанудың бір себебі болып келеді. Германияның әр қаласында үлкен супермаркеттерінде арнайы бос пластикалық бөтелкелерді тапсыру терминалдары бар. Әрбір өткізген бос бөтелкені 0,25 еуроға өткізіп, сол маркеттен керегін сатып алады. Трир қаласының қоқысты қайта өндіру зауыты сол супермаркеттер қабылдаған бөтелкелерді жинап қайта өндіреді. Қоқыс қалай қайта өндіріледі? Зауыт 2 ғимаратқа бөлінген, 1-ші әкімшілік – онда 4 адам ғана электронды жұмыс атқарады, 2-ші қоқыс қабылданып өндірілетін аймақ.

Келген қоқысты 50 тонндық контейнерлерге ұсақталып жинап беті жабылады, 10 күн бойы оның ылғалдылығын азайған соң қоқыс 30% ға жеңілдегенде, кептірілген қоқысты магнит арқылы темірден ажыратылады. Содан кейін өртенетін қоқысты өртеп көмірдің ыстығымен тең энергияны өнеркәсіптерге жібереді. Осы жылу арқылы көптеген жұмыс орындары жылытылады. Қоқыстың бетін политенді пленкамен тығыздап жауып қояды. Осының әсерінен энергия пайда болады. Энергияны арнайы трубалар арқылы жақын орналасқан электрлік станцияларға өткізілді. Электрлік станция электр қуатын мемлекетке сатады. Қоқыстан кейін жаман суды тазартатын арнайы станцияға өткізіліп оны таза техникалық суға айналдырады. Жалпы айтқанда ешқандай қалдық қалмайды.

«Жасыл экономика» – бұл табиғи капиталды арттыратын және экологиялық қауіптер мен тәуекелдерді азайтатын салалар. Deutche Bank сарапшыларының ойынша: «Дәстүрлі экономика соңғы тұтыну тауарлары мен қалдықтарды өндіру үшін еңбекті, технологиялар мен ресурстарды біріктіретін болса, онда «жасыл экономика» табиғатқа минималды залал келтіріп, қалдықтарды өндірістік циклға қайта қайтаруы қажет». 

«Жасыл экономика» түсінігі көп жағдайларда, кеңінен қолданылатын «орнықты даму» түсінігімен қарым-қатынаста болады, орнықты дамудың негізгі мәні заманауи даму қазіргі уақыттың қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, болашақ ұрпақтың өз қажеттікліктерін қанағат-тандыруға қабілеттерін қауіпке салмау тезисіне негізделеді. Энергияның қайта қалпына келетін көздерін, ресурстарды үнемдейтін технологияларды және қалдықтарды қайта өңдеуді кеңінен қолдануға негізделген «жасыл экономика» орнықты дамудың қажетті элементі болып табылатындығы сөзсіз.

Бүгінгі таңда жасыл экономиканың дамуы ерекше мәнге ие болды. Еуроодақта «жасыл экономика» секторы 2 трлн. евроға жуық іскерлік айналымға ие және 22 млн. астам адамды немесе ЕО-тың еңбекке жарамды халқының 9% жұмыспен қамтуда.

Аталған нарықта Германия мен Оңтүстік Корея кәсіпорындары көшбасшылар болып табылады, бұл негізінен, осы елдерде «жасыл» секторға көрсетілетін ауқымды мемлекеттік қолдаумен шарттастырылған.

«Жасыл» технологиялар нарығындағы әлемдік көшбасшылардың бірі болып Германия табылады – қазіргі кезде, әлем бойынша патенттелетін бүкіл технологиялардың экология саласындағы 23%-ы және күн мен жел энергетикасы саласындағы 30%-дан астамы неміс компанияларына тиесілі болып келеді. «Жасыл» сектор кәсіпорындарында 2 млн-ға жуық адам немесе Германияның экономикалық белсенді бүкіл халқының 4,5%-ы жұмыс істейді және берілген көрсеткіш тұрақты өсу тенденциясына ие. Соңғы жылдар ішінде, тек қайта қалпына келетін энергетика саласында ғана 370 мыңға жуық жаңа жұмыс орындары құрылған.

Корея Республикасы ұлттық стратегия ретінде «жасыл өсу» тұжырымдамасын жүзеге асыруды жария еткен бірінші мемлекет бол-ды, тұжырымдама аясында бесжылдық жос-пар (2009-2013 жж.) қабылданды және президенттік арнайы комиссия құрылды.

Бесжылдық жоспарға сәйкес, үкімет «жасыл» бағдарламалар мен жобаларға жылдық ЖІӨ-нің 2%-ға жуығын бөледі. Негізгі көңіл «жасыл» өнеркәсіп, энергетика, таза технологиялар мен инвестициялар салаларының дамуына, сонымен қатар, транспорттың «жасыл» түрлерінің, тұщы судың балама көздерінің ауқымды енгізілуіне, қоқысөңдеу кешендерінің құрылысына, қала шегіндегі саябақтар мен өзендердің жайластырылуы-на бөлінеді. Стратегия 2020 ж. қарай Корея Республикасы «жасыл» экономикасы аса дамыған жеті елдің қатарына, ал 2050 ж. қарай бес елдің қатарына кіруді қарастыруда. Бұл ретте, тұрақты «жасыл» өсудің негізі болып технологиялық салаларға да, институцио-налды салаларға да инновацияларды енгізудің үздіксіз үрдісі табылады.

2013 ж. 30 мамырда ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаев «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» өту тұжырымдамасы туралы» Жарлығына қол қойылды. ҚР «жасыл экономикаға» өтуі бойынша тұжырымдамасы қоршаған ортаға ауыртпалықты және табиғат ресурстарының азғындаушылығын минималдау арқылы Қазақстан халқының ауқаттылығын арттыру, өмір сапасын жоғарылату және елдің барынша дамыған әлемнің 30 елінің қатарына кіруі негізінде жаңа формациядағы экономикаға өту мақсатында жүйелік терең қайтақұрылымдау үшін негіз қалайды.

Аталған тұжырымдама мен 2050-Стратегиясының негізгі мақсатты көрсеткіштері:

- су және жер ресурстарын қайта қалпына келтіру, табиғат капиталын пайдалану тиімділігі бойынша ЭЫДҰ елдерімен тең келу;

- 2030 ж. қарай атмосфераға шығарындылар бойынша стандарттарды еуропалық деңгейге жеткізу;

- 2050 ж. қарай ЖІӨ-нің энергия сыйым-дылығын 50%-ға төмендеуіне қол жеткізу;

- 2050 ж. қарай энергияның балама және қайта қалпына келетін көздерінің жиынтық өнімділігінің үлесін 50%-ға дейін жеткізу;

-  тұрмыстық және өнеркәсіптік қалдықтарды кәдеге жарату бойынша индустрияны құрастыру;

- тиімді инфрақұрылымы бар газ саласын құруды қамтамасыз ету.

Тұжырымдама 2050 ж. дейін үш кезеңде жүзеге асырылатын болады, осы жылдар ішінде ҚР экономикасының табиғат ресурстарын қайта қалпына келуі және тұрақтылығы шарттарында пайдалануға негізделген Үшінші өнеркәсіптік төңкеріс қағидаларына өтуі қамтамасыз етілуі тиіс.

Бағалаулар бойынша, 2050 ж. қарай «жасыл экономика» шегіндегі өзгерістер ЖІӨ-ді қосымша 3%-ға арттыруға, 500 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға, өнеркәсіп пен қызмет көрсетудің жаңа салаларын құрастыруға, халық үшін өмір сүру сапасының жоғары стандарттарын жаппай қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

ҚР «жасыл экономиканың» дамуына Астанада ЭКСПО-2017 «Болашақ энергиясы» әлемдік көрмесін өткізу әсер етеді. 

«Жасыл экономика» саласындағы анықтамалар ішінде «жасыл ұлттық есеп» термині де қолданыс табады.

Ол жалпы ішкі өнім немесе табиғат ортасының сапасын сақтауға және ресурстардың сарқылуына жинақтар секілді параметрлерді үйлестіреді.

Түзетілген таза жинақтар өзіне білім беруге шығындарды және энергияның, пайдалы қазбалардың, ормандардың азуына шегерулер мен көміртегі диоксидінің және ластанулардың шығарылуларына залалдарды қосады. Бұл экономикадағы бүкіл капиталдың – қаржылық, физикалық, адами, экологиялық – жиынтық шамасы. Ол капиталдың алуан түрлері идеалды субститут болып табылатындығын ұйғарады, яғни қаржылық жинақтар табиғат ресурстарының шығындарының орнын толтыруға қабілетті.[3]

Қазақстанда «Жасыл» экономика толық жұмыс жасаса, экологиялық тұрғыда – табиғатты қорғай алу, халыққа – жұмыспен толығымен қамтылу, үкіметке – жұмыссыздық пен табиғатты қорғау мүмкіндігі болар еді.


  1. http://ef.enu.kz/index.php?option=com_content&view=article&id=899%3A2015-06-10-03-38-13&catid=3%3A2011-07-04-16-43-09&lang=ru

  2. «www.strategy2050.kz».

  3. http://egov.kz/wps/portal/Content?contentPath=/egovcontent/bissness/bus_nat_eco/ecologiya/article/green_ekonomika

Резюме


В статье рассматриваются вопросы внедрения «зеленой экономики» в экономику Казахстана, приведен опыт зарубежных стран в данной области.

Abstract


The article deals with introduction of "green economy" in economy of Kazakhstan, it is given experience of foreign countries in the field.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет