Балалар киіміндеріне әшекей суреттерді ұлттық бағытта қолдану



Дата03.01.2022
өлшемі21.8 Kb.
#450099
Айдана ЖОБА


БАЛАЛАР КИІМІНДЕРІНЕ ӘШЕКЕЙ СУРЕТТЕРДІ ҰЛТТЫҚ БАҒЫТТА ҚОЛДАНУ
Теңіздей терең ой мен таудай биік талаптан туған Жолдаудан біз бүгін бекем еліміздің нұрлы ертеңін көруіміз анық. Еліміздің әлемдегі бәсекеге қабілетті нарықтық экономикасы дамыған 50 елдің қатарына қосылуға ұмтылысы жай алға қойылған мақсат емес, бұл – Тәуелсіз елдің реформалар тәжірибесінің туындаған жаңа экономикалық бағыт.

Қазіргі таңда еліміз еңсесін түзеп егенмендік алғанына 20 жыл толыпты. Тәуелсіздік талаптары қазақ халқының сан ғасырлық дәстүрін, тілі мен мәдениетін сақтап, түлетуге көңіл бөлетінін айтқан. Қазақстан халқының тілі мен мәдениетін дамытуға, білім беруге қатысты мәселелер бар. Сонымен қатар өркениетке бет бұрған еліміздің жастарының әр уақытта өз тұсындағы сәнге сәйкес киіне білуі, оның әсем кербез талғамы да өзінің ықпалын тигізеді.

Еліміздің болашаққа деген зор сенімі, қоғамның дамуына қарай ұрпағының қалыптасуына көңіл бөлуі барша жұртқа зор ықпал етуі даусыз.

Тағдырымызға тап келген үшінші мыңжылдықтың жастары қандай болмақ. Бұл адамзатты ойландыратыны да, толғандыратыны да анық. Қазіргі жаңа заман кезеңіндегі қоғамның негізгі мәселелерінің бірі прогрестік дәстүрлер болып саналса, ол әр халықтың алдыңғы қатарлы салт-санасы, ғылыми әдеп-ғұрпы, мәдени байланысы болып табылады.Жаңа әлеуметтік – экономикалық жағдайда ересектер үшін емес, балалар үшін де киімдердің сапасын жақсарту және бәсекелестікті арттыру проблемасы тұр.

Мыңдаған жылдар бойы балаларды ересектер сияқты киіндірген. Балалар костюмі ересектердің кішірейтілген көшірмесі болып саналды. Бір ғана ерекшелік алжапқыш болып табылды, яғни кішкентай балаларға көйлектері кірлемес үшін кидірілген. ХVІІІ ғасырдан бастап Англияда алғаш рет балалар киімдері ықшамды және гигиеналық болуына көңіл аудара бастады. Сол кезеңнен бастап балалар киімдерінің әртүрлі ассортименттері пайда бола бастады.

Балаларға арналған киімдерді құрастырудың өзі – сәндік қолданбалы өнердің туындысы.



Қазіргі қоғамымыздың дамуына байланысты киімінің сәні де өзгеріп отырады. Адамның әр уақытта өз тұсындағы сәнге сәйкес киіне білу оның әсем кербез талғамына байланысты. Жарасымды киіну дегеніміз ең алдымен адамның үстіне киген киімнің түсіне, суретіне жас ерекшелігіне үйлесімді болуы керек. Сән бағыты қоғамның күнделікті көрінісі болып келеді. Сән әлемін дербес қарастырмай оны әр түрлі тұрғыдан қарастыруға болады. Киім негізінен баланың жас ерекшелігіне, суретіне байланысты.

Қазіргі заманға сай балалар киімдеріне қойылатын талаптардың бастылары әдемілік, ыңғайлылық, гигиеналық, қауіпсіздік баланың әр жасындағы психологиялық және физиологиялық ерекшеліктері болып табылады. Сапалы балалар киімдері ыңғайлы, сенімді эксплуатациялық қауіпсіз және оның ақылдылығын, талғампаздығы мен физикалық дамуын икемдеу, ағзасын қоршаған ортаны зиянды әсерлесуден қорғау, ал өндірісте және үнемдеуді ол ұтымды болуы керек.

Бұл талаптардың барлығы қазіргі талаптар жинағының утилитарлы-практикалық, гигиеналық және көркемдік ретіне кіреді. Утилитарлық – практикалық талаптың балалар киіміне қойылуы мәні оның пайда тигізуінде, ыңғайлылығында, яғни негізделуі мен үнемделуінде.

Киім баланы ыстық, суық пен жаңбыр, желден қорғау керектігін ескеріп ассортимент, пішін, мата, түс, сурет бойынша киімі әр түрлі болуы қажет. Эстетикалық талаптарына түстік шешімі мата өрнегінің бұйым әшекейлерінің әдемілігі жатады. Балалар киімдерінің маталарының түстік шешімі бойынша ашық және нәзік реңді болуы керек. Олардың ашық түстерге бейімділігіне (әсіресе кіші жаста) байланысты, өйткені бала әсерлі үйлесімді тез қабылдайды. Айта кететін жәйт, өте ашық қою түстер яғни қызғылт және ашық-қызыл бала психологиясына кері әсер етеді. Балалардың кіші жаста өсу жылдамдығын ескере отырып, оның киімінен тез өсуіне байланысты киім дайындауда матамен, әшекей материалдардың қымбат емесін қолдану ұсынылады. Олардың жиі қозғалуы киімнен мықтылықты талап етеді, ол бір жағынан матаның – оңуға, жууға, тазалау мен үтіктеуге тұрақтылығымен, екінші жағынан бұйымның дұрыс құрылысы мен технологиялық бірізділіктің дәлдігімен қамтамасыз етіледі. Балалар киімдері түрлі материалдардан дайындалады: мата, трикотаж, табиғи және жасанды былғары және т.б. Оларға жалпы талап: салмағы жеңіл, ұстағанда ағзаға зиянды әсерінің жоқтығы. Басты материалдар мата және трикотаждан құралады. Олар балалар киімінің барлық түрлеріне сәтті қолданылады. Гигиеналық талаптарына жауап беретін ең жақсы маталар трикотаж немесе мақта мата. Олардың ауа өткізгіштік қасиеті жоғары гигроскопиялығы жақсы, жылу өткізгіш және жеңіл. Балалар киімдері утилитарлық және эстетикалық функцияны ғана орындамай, тәрбиелік мәні де зор, әлемде заттық бөлігін құрайды. Оларға киім техникасы белсенді әсерлеседі, балалардың әртүрлі эмоциясын шақырады.

Сондықтан балалар киімін жобалауда біздің қоғамымыздың идеологиялық позициясын зерттеу керек. Барлық жағдайда киімдерді ұйымдастырудың тиімді әдісі көп қабаттылығы, эстетикалылығы болып табылады. Бөлшектердің өлшемін анықтауда нақты киім бөлшектерінің қарым-қатынас және оның дене құрылысының, жас ерекшелігінің мәні зор.

Киімдегі (матадағы) суреттер оның мағанасы, ырғағы, масштабы бала жасына үстем етеді. Өйткені әр жаста қоршаған айналадағы заттар әлемі, өсімдіктер мен жануарларды қабылдауы әртүрлі. Сурет тек сәнді киім үшін ғана емес, оның тәрбиелік әсері бар, балаға танымдылық, әсемділікке талғамды етіп, табиғат пен жануарларды тануға көмектеседі.

Оюланған маталарға келесі талаптар қойылады. Композициялық құрылымы қарапайым және түсінікті, суреті жалпы аяда оңай оқылып, оюлардың пішіні анық және қызық ойластырылған болу керек. Бұл тұрғыдан майда және орта өлшемді ою түрлері бар маталар әмбебап болып саналады.

Классикалық суреттері бар маталар кең қолданылады: бұршақ, сызық, тор көзді, өсімдік оюлар. Бірақ өсімдік ою мағынасы қиын болмай, балаға түсінікті, баланың оюды жан – жақты зерттеп, табиғаттан оны іздеуге ынтасын оятуы керек.

Балалардың түрлі жастағы киімдерінде ұлттық нақыштағы суреттер, кесте, торлау арқылы берілуі мүмкін. Ұлттық оюлардың сәнділігі балалар киімінің қарапайым пішін құрылысымен табиғи үйлесімділігін табады.

Тақырыпты суретті маталар да қызықты. Олар бала айналасынан, өлеңдерден, ертегі, тақпақтардан алынады. Балаға ұнамды, танымдылықты оятып, ой - өрісін қоректендіріп, балаларға түсінікті маман иелеріне еліктеуге т.б. жетелейді.

Сурет өлшемі матадан көп орын алмауы бала бітімі мен бұйым өлшеміне сай қарым-қатынасты болуы тиіс, өйткені өте үлкен сурет дене бітімді көзбен қарағанда үйлесімсіз етеді.

Суреттің анықтығы мен қарапайымдылығы матада қатаң ырғақтық құрылыммен бекітіліп белгіленуі тиіс. Ең қарапайым және қабылданған сурет ырғағы (әсіресе жасы кіші балалар үшін ) шахматты болып келеді. Суреттің матада ырғақтық қайталануы бала есінде тұрақталуына оның бейнесі көмектеседі. Мата аясына суреттерді тығыз толтырылмауы қажет, әйтпесе оны бала қабылдауын қиындатады. Мысалы, мектепке дейінгі балалардың киімдері мен оның әшекейіне өсімдіктер мен жануарлардың суреттері кеңінен қолданылады. Бастауыш мектеп оқушыларының киімдерімен оның әшекейіне ұлттық ертегілер мен өлеңдерден, тақпақтардан алынған кейіпкерлердің мульттяж суреттерін қолдану керек. Ал жас өспірімдер мен жоғары мектеп оқушыларының киімдері мен әшекейлерінде ұлттық нақыштағы геометриялық түрдегі өрнектерді қолдануға болады .

Қазіргі уақытта жақын және шалғай шетелдердің жеңіл өнеркәсіп өнімдері отандық тауарлар мен бәсекелес Қазақстанның ішкі нарығында үлкен үлесін алып жатыр. Елді мекендерге Қытай, Түркия және басқа елдерден алып келетін арзан балалар бұйымдар Қазақстанның табиғат жағдайында тез тозып, жарамсызданады. Қазақстан нарығына арзан және көп жағдайда сапасы төмен импорттық балалар бұйымдарымен толыққанына қарамастан, отандық тауар өндірушілердің алдында бәсекеге қабілетті бұйым өндіріп шетел тауарларының нарықтан ығыстыруға мүмкіншіліктері бар. Сонымен қатар көпшілік балалар киімдерінде жазулар шет және орыс тілінде жазылатыны мәлім. Егер де жазуларды ана тілімізде жазсақ, баланың жастайынан тілді білуіне себебін тигізеді.



Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын ұлы мұрат-міндеттердің ең бастысы-өзінің ісін, өмірін жалғастыратын ұрпақ тәрбиелеу. Сол келешек қоғам иелерін жан-жақты жетілген, ақыл парасаты мол, мәдени-ғылыми өрісі озық азамат етіп тәрбиелеу біздің де қоғам алдындағы борышымыз.

Сондықтан балалар киімдерімен және оның әшекейлеріндегі суреттер тек ғана сәндік үшін емес, жас ұрпақтың эстетикалық тәрбиесіне олардың бойындағы туған еліне, халқына, тіліне, мәдениетіне деген азаматтық сүйіспеншілікті қасиеттерді тәрбиелеуге басты назар аударады.


ӘДЕБИЕТ

1. ҚР Президентінің жолдамасы 2006 ж.

2. Раченская Е.И., Сидеренко В.И., Моделирование и художественное оформление одежды – Ростов-на-Дону. – 2002 г.

3. Бескоравайная Г.П., Куренова С.В., Проектирование десткой одежды. 2000 г.





Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет