Музыка теориясының негіздері



Pdf көрінісі
бет1/6
Дата02.01.2024
өлшемі240.44 Kb.
#488379
  1   2   3   4   5   6
Рахметова Акнур



МУЗЫКА ТЕОРИЯСЫНЫҢ НЕГІЗДЕРІ 
 
Рахметова Акнур Турганбековна
№1 Балалар музыка мектебінің музыка теориясы пәнінің оқытушысы 
Музыка түрлі заңдылықтардан құралуына байланысты бірнеше пәндерден 
(бөлшектерден) тұрады: Музыка теориясының негіздері, гармония, полифония, музыкалық 
аспаптар туралы ұғым және олардың қолдану тәсілдері, музыка шығармаларын талдап 
жіктеу, музыкалық акустика және музыкалық психолгия т. б. 
Музыка теориясының негізі – музыкалық білімінің ғылыми қалыптасқан қағидалары 
мен тәсілдерін жазып, оқуға үйретеді. Музыка теориясы – музыка ғылымының өзіне тән 
түпкі тамыры болып есептелінеді. 
Музыка теориясы негізінің мақсаты мен міндетін былайша айиуға болады: 
1. Студенттерге музыка жазумен орындау тәсілдерін меңгеруге қажетті білімді 
үйретіп, оны дағдыға айналдыру. 
2. Студенттердің алған музыкалық білімін іске асыру – студенттердің музыкалық – 
эстетикалық тілектері мен ұнату қабілеттеріне дұрыс баға беру, музыкалық тәрбие мен 
оқудың нақтылы негізін салу 
Музыка теориясы негізін оқыту әдістерінің жағдайлары төмендегідей болу қажет 
Музыка теориясы негіздерін әрқашан музыкалық түсінікпен байланыстыру керек. 
Музыканы дұрыс түсініп, қабылдап, музыкалық тәсілдерді тікелей болғанда ғана іске 
асады. Музыка теориясын өте жақсы білу үшін батыс және орыс классикалық музыкасымен 
танысу керек, өйткені музыка теориясы – классикалық музыка негізінде пайда болған. 
Сонымен қатар көптеген тақырыптар белгілі бір жаттығуларсыз немесе тәжірибесіз түсіну 
қиын, мысалы: аккордтар, интервалдар, бір дыбыстарды белгілі бір тональностерде құру. 
Теория және сольфеджио пәндерінің арасында өте тығыз байланыс бар екенін ескеру қажет, 
сондықтан да музыка теориясын – нақтылы пән, ал сольфеджионы – тәжірибелі пән деп 
атайды. Сол үшін осы екі пәнді сабақ кезінде тығыз байланыстырып отырған жөн. Бұл 
теориялық мағлұматтарды теңірек түсінуге көмектеседі 
Музыка «көзбен көріп, қолмен ұстайтын» бейне жасай алмайтынды; оның басқа 
көркемөнерден айырмашылығы – адамның ішкі сезімін оятып, көңіл күйін дыбыс әуені, саз, 
ырғақ арқылы бейнелеп жеткізе білуінде. 


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет