Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекiту туралы
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 30 қазандағы N 1143 Қаулысы
«Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 302 қаулысын iске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi мүдделi орталық атқарушы органдармен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен бiрлесiп, Бағдарламада көзделген iс-шаралардың тиiсiнше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсiн.
3. Жауапты орталық және жергiлiктi атқарушы органдар «Салалық бағдарламаларды әзiрлеу және мониторингiлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 18 наурыздағы № 218 қаулысымен бекiтiлген Салалық бағдарламаларды әзiрлеу және мониторингiлеу ережесiне сәйкес Бағдарламаның iске асырылу барысы туралы ақпарат берсiн.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрiнiң бiрiншi орынбасары Ө. Е. Шөкеевке жүктелсiн.
5. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрi К. Мәсiмов
Қазақстан Республикасы
Үкiметiнiң
2010 жылғы 30 қазандағы
№ 1143 қаулысымен
бекiтiлдi
Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама
Мазмұны
1. Бағдарламаның паспорты
2. Кiрiспе
3. Ағымдағы жағдайды талдау
4. Бағдарламаның мақсаты, мiндеттерi, нысаналы индикаторлары және iске асыру нәтижелерiнiң көрсеткiштерi
5. Бағдарламаны iске асыру кезеңдерi
6. Қажеттi ресурстар
7. Бағдарламаны iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары
1. Бағдарламаның паспорты
Бағдарламаның Қазақстан Республикасында сауданы дамыту
атауы жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған
бағдарлама
Әзiрлеу үшiн «Қазақстан Республикасын үдемелi
негiздеме индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010
- 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк
бағдарлама және Қазақстан Республикасы
Президентiнiң кейбiр жарлықтарының күшi
жойылды деп тану туралы» Қазақстан
Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 19
наурыздағы № 958 Жарлығы
Бағдарламаны Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және әзiрлеушi сауда министрлiгi
Бағдарламаны iске Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және асыруға жауапты сауда министрлiгi, Қазақстан Республикасы
мемлекеттiк орган Қаржы министрлiгi, Қазақстан Республикасы Көлiк
және коммуникация министрлiгi, Қазақстан
Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар
министрлiгi, Қазақстан Республикасы Сыртқы
iстер министрлiгi, Қазақстан Республикасы
Бәсекелестiктi қорғау агенттiгi
Мақсаты Қазақстан Республикасының сауда саласын орнықты
дамыту мен оның бәсекеге қабiлеттiгiн
жоғарылату үшiн жүйелiк және институционалдық
негiз жасау
Мiндеттерi - iшкi сауданы мемлекеттiк қолдау жүйесiн
қалыптастыру (бiрлесiп қаржыландыру, саланы
кадрлық қамтамасыз ету);
- биржалық және электрондық сауданы жедел
дамыту үшiн қолайлы жағдай жасау;
- сауда қызметi мәселелерi бойынша нормативтiк
құқықтық базаны сауда саласындағы
мемлекеттiк саясаттың мақсаттарына сәйкес
келтiру;
- көтерме сауда жүйесiн халықаралық транзиттiк
желiге ықпалдастыру;
- Қазақстан аумағындағы қазiргi заманғы
бәсекеге қабiлеттi өнiмдер өндiрiсiн дамыту,
экспортқа бағдарланған жаңа өндiрiстердi
қалыптастыру және жоғары технологиялық
секторға шетелдiк капиталды тарту үшiн
қолайлы жағдай жасау;
- сыртқы нарықтарға қазақстандық өнiмдi
жылжыту үшiн қолайлы жағдай жасау;
- iшкi саудаға қатысушыларға сервистiк
қолдауды (ақпараттық, талдау және өзге)
ұйымдастыру.
Iске асыру 2010-2014 жылдар
мерзiмдерi
Нысаналы Өткен жылға %-бен санағанда бөлшек тауар
индикаторлар айналымы (ағымдағы бағада) өсуiнiң жыл
сайынғы қарқынын 2014 жылдан бастап кемiнде
106%-ға, атап айтқанда, 2010 жылы - 100%-ға,
2011 жылы - 102%-ға, 2012 жылы 103%-ға, 2013
жылы - 104%-ға жеткiзу; өткен жылға %-бен
санағанда бөлшек сауданың нақты көлем
индексiнiң жыл сайынғы есуiн 2010 жылы
-108%-ға, 2011 жылы - 104%-ға, 2012 жылы -
104,1%-ға, 2013 жылы - 104,4%-ға, 2014 жылы -
105,3%-ға жеткiзу; 2014 жылға қарай бөлшек
сауда алаңдарының (базарларды қоса алғанда)
жалпы көлемiнде сауда кәсiпорындары
алаңдарының үлесiн 30%-ға ұлғайту;
2014 жылға қарай 1000 адамға шаққанда сауда
алаңдарымен қамтамасыз етiлу үлесiн 30%-ға
ұлғайту; бөлшек тауар айналымының жалпы
көлемiнде қазiргi заманғы сауда пiшiмдерiнiң
үлесiн 50%-ға дейiн жеткiзу; 1 шаршы метр
сауда алаңына арналған сату көлемдерiн
(базалық жыл бағасында) 40%-ға ұлғайту;
бөлшек нарықтың шоғырлануының деңгейiн 7%-ға
дейiн ұлғайту;
ашық баға белгiлеудi арттыру мақсатында
тауар айналымының жалпы көлемiнде биржалар
арқылы сауда операциялары көлемiнiң үлесiн
2010 жылы - 0,8%-ға, 2011 жылы - 0,9%-ға,
2012 жылы - 1,0%-ға, 2013 жылы - 1,1 %-ға
және 2014 жылы - 1,2%-ға дейiн ұлғайту, өткен
жылға %-бен санағанда сыртқы сауда айналымы
өсуiнiң жыл сайынғы қарқынын 2010 жылы -
110,0%-ға; 2011 жылы - 106,2%-ға, 2012 жылы -
105,0%-ға; 2013 жылы - 103,7%-ға; 2014 жылы -
104,1%-ға жеткiзу; Еуразия экономикалық
қоғамдастығы шеңберiнде Кеден одағын
қалыптастыруды аяқтау;
Кеден одағына мүше елдердiң импорттық кеден
баждарының ставкаларын бiрiздендiру (Беларусь
Республикасы, Қазақстан Республикасы, Ресей
Федерациясы) - 2010 жылы - 96% деңгейiнде,
2011 жылы - 96% деңгейiнде, 2012 жылы - 97%
деңгейiнде, 2013 жылы - 99% деңгейiнде және
2014 жылы - 99% деңгейiнде; Беларусь
Республикасының, Қазақстан Республикасының
және Ресей Федерациясының Бiрыңғай
экономикалық кеңiстiгiн қалыптастыруды
аяқтау; Дүниежүзiлiк сауда ұйымына кiру.
әлемдiк сауда жүйесiне тартылушылық бойынша
ДЭФ рейтингiн 80 орынға дейiн жоғарылату.
Қаржыландыру Iс-шараларды iске асыруға 2011 жылы
көздерi мен республикалық бюджет қаражатынан Қазақстан
көлемi Республикасы Экономикалық даму және сауда
министрлiгiнiң 007 «Экономика, сауда және
мемлекеттiк басқару саласындағы қолданбалы
зерттеулердi жүргiзу» бюджеттiк бағдарламасы
бойынша 20 млн. теңге, 2012 жылы - 35 млн.
теңге, 2013 жылы - 25 млн. теңге бөлiнетiн
болады. Iс-шараларды iске асыруға 2014 жылы
қажеттi қаражат 2012-2014 жылдарға арналған
республикалық бюджеттiң шеңберiнде
қарастырылатын болады.
Бағдарламаны қаржыландыру даму
институттарының қаражаты, кәсiпорындардың өз
қаражаты, отандық және шетелдiк инвестициялар
есебiнен және республикалық бюджетте
көзделген қаражат шегiнде жүзеге асырылады.
2. Кiрiспе
Сауда басқа салалармен өзара тығыз байланысты және елдiң барлық ауқымында және сыртқы экономикалық қызмет шеңберiнде тұтынушыларға (ұйымдарға, халыққа) тауарлар мен қызметтердi жылжытуды қамтамасыз ететiн экономиканың функционалдық секторы болып табылады. Сауданың жүйе және қазiргi заманғы дамыған бизнес ретiндегi тиiмдiлiгi маркетингке, логистикаға шығындарды азайтуға және түптеп келгенде, көтерме және бөлшек сауда бағасын төмендетуге басқа салаларға мүмкiндiк бере отырып, барлық экономика үшiн мультипликативтiк нәтиже бередi. Нәтижесiнде, iшкi сауданы дамыту тауарлардың iшкi өндiрiсiнiң өсуiне жәрдемдеседi.
Бұдан өзге, 2010 жылдан бастап Қазақстан Ресей Федерациясымен және Беларусь Республикасымен бiрге жаңа жағдайларда - оның шеңберiнде үшiншi елдерге қатысты бiрыңғай сыртқы сауда саясаты жүргiзiлетiн Кеден одағының құрамында әрекет етедi. 2012 жылдан бастап Қазақстан, Ресей және Беларусь арасында оның шеңберiнде қызметтердiң, капиталдың және жұмыс күшiнiң еркiн жылжуын да қамтамасыз етудi болжайтын экономикалық ықпалдасудың неғұрлым тереңдетiлген нысанын болжайтын Бiрыңғай экономикалық кеңiстiктiң жұмыс iстей бастауын жоспарлайды.
Елдiң экономикалық дамуы үшiн сауданың үлкен мәнiне қарамастан сауданы дамыту бағдарламасы бұрын әзiрленген жоқ және аталған құжат, алғашқы жүйелiк құжат болып табылады.
Қазақстан Республикасында сауданы дамыту жөнiндегi 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрi - Бағдарлама) Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2010 жылғы 1 ақпандағы Жарлығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының 2020 жылға дейiнгi Стратегиялық даму жоспарының басты бағыттарына және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2010 жылғы 14 сәуiрдегi № 302 қаулысымен бекiтiлген Қазақстан Республикасын үдемелi индустриялық-инновациялық дамыту жөнiндегi 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламаны (бұдан әрi - ҮИИМДБ) iске асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарына сәйкес әзiрленген. Бағдарлама ҮИИМДБ функционалдық бөлiмiн бiлдiредi.
Қазақстан Республикасының сауда саласын орнықты дамыту мен оның бәсекеге қабiлеттiгiн жоғарылату үшiн жүйелiк және институционалдық негiзiн жасау Бағдарламаның негiзгi мақсаты болып табылады.
Бағдарламада тұтастай алғанда, сауданы, оның iшiнде, бөлшек, көтерме, биржалық, электрондық сауданы және қоғамдық тамақтандыру жүйесiн қамтитын сыртқы және iшкi сауданы дамыту мәселелерi көрсетiлген.
Iшкi сауданы дамыту үшiн қазiргi заманғы пiшiмдердегi сауда алаңдарының санын және бөлшек саудадағы жалпы айналымда олардың үлесiн ұлғайтуды ынталандыруды, электрондық сауданы дамытуды, шалғайдағы, әсiресе, ауылдық жерлердегi өндiрушiлердi тауар қозғалысының негiзгi арналарымен жақындастыруды, сауданың ашықтығын арттыруды және нарық қатысушыларын хабарландыруды, сондай-ақ оның қатысушыларының кәсiби деңгейiн арттыруды болжайды. Сыртқы сауда саясатында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыру, саудадағы кедергiлердi жою, өндiрiстi дамытуды және әлемдiк сауда кеңiстiгiне ықпалдасуды ынталандыру үшiн рәсiмдердi оңтайландыру мақсатымен Кеден одағы елдерi шеңберiнде саясатты жетiлдiру көзделiп отыр. Қазақстандағы сауда саласын болжамды жаңғырту оны сауданың қазiргi заманғы халықаралық талаптарына сәйкес келтiруге және ең аз транзакциялық шығындармен тауар қозғалысының тиiмдi үдерiсiне жәрдемдесуге бағытталған.
Шараларды iске асыру халықтың қажеттiлiктерiн тиiмдi қанағаттандыру түрiнде (тауарлардың физикалық қолжетiмдiлiгi, тауарлардың бағалық қолжетiмдiлiгi, тауарлар мен қызметтердiң жоғары сапасы) өндiрушiлер үшiн де (ауқымды географиялық қамту, үлкен өткiзу қабiлетi, жүйенiң төмен үлестiк шығындары) және тұтынушылар үшiн де тиiмдi дистрибуцияны қамтамасыз етуге мүмкiндiк бередi.
3. Ағымдағы жағдайды талдау
Классикалық нарықтық экономикалық жүйеде сауда қызметi тауарлар мен қызметтердi шығару мен тұтыну арасындағы делдалдық (тарату) функциясын орындайды. Сондықтан, қазiргi заманғы нарық жағдайында сауданы дамыту сұраныс пен ұсыныстың дамуына, тауарлардың iшкi өндiрiсiнiң өсуiне және халықтың сатып алу қабiлетiнiң ұлғаюына тiкелей тәуелдi болады.
ЖIӨ-дегi сауданың үлес салмағы. Сауда секторы көптеген елдерде маңызды экономикалық және әлеуметтiк рөлдi орындайтын деп танылған.
Әлемде орта есеппен алғанда, сауданың ЖIӨ-дегi үлесi шамамен алғанда, 10%, ал жалпы жұмыспен қамтуда 13% құрайды (Еurostat, US Сеnsus деректерi). Ресейде сауда үлесi ЖIӨ-нiң - 20%, Словенияда - 13%, Нидерландта - 13%, АҚШ-та шамамен 12%, Қытайда 8% құрайды.
Қазақстанда ЖIӨ құрылымында сауда 1998 — 2009 жылдар кезеңiнде 12 - 13% ЖIӨ құрай отырып, үшiншi орын алды.
Халықты жұмыспен қамтудағы сауданың үлес салмағы. Саудада елдiң барлық жұмыспен қамтылған халқының 14,8% жұмыс iстейдi. Бұл ретте, Қазақстанның саудасындағы жұмыспен қамтылған халықтың саны жыл сайын орта есеппен алғанда, 33 мың адамға өсу үрдiсi бар. Мәселен, егер 2005 жылы саудада жұмыспен қамтылғандардың саны 1 038,5 адамды құраған болса, ол 2009 жылы - 1 170,6 мың адамды құрады, ол бұл сектордағы еңбек өнiмдiлiгiнiң артуын растамайды, өйткенi ЖIӨ құрылымындағы сауданың үлесi өзгерiссiз қалды.
Саудадағы жұмыспен қамту көрсеткiшi экономикада жұмыспен қамтылған жалпы халықтың 10% құрайтындығы АҚШ-та (15%), Ұлыбританияда (15%), Францияда (13%), Словакияда (19%), Нидерландта (17%), Польшада (15%) және Ресейде (17%) бар екенiн атап өту қажет.
Салық түсiмдерiндегi сауда. Соңғы жылдары салық түсiмдерiнiң құрылымында үлкен бөлiк тау-кен өндiрушi өнеркәсiпке тиесiлi, оның үлесi 2009 жылы шамамен 52,6% құрады.
Екiншi және үшiншi орындарда өңдеушi өнеркәсiп және жылжымайтын мүлiкпен операциялар нық тұр. 2005 - 2008 жылдар кезеңiнде салық төлемдерi құрылымында алымдардың көлемдерi бойынша 4 орын алды, бiрақ 2009 жылы оның үлесi құрылыс (5,9%), көлiк және байланыс (5,4%) үлесiмен шамамен тең болды және 5,3% құрады.
Саудадағы жұмыспен қамтылғандардың үлесiн ескере отырып (14,8%), салық түсiмдерiндегi 5,3% мөлшерiндегi оның үлесi салаға сәйкес келмейдi және әкiмшiлiк ету проблемаларын, көлеңкелi сектордың болуын, салық салудың оңтайландырылған режимi арқылы iске қосылған үлкен үлесiн, оның салыстырмалы төмен тиiмдiлiгiн көрсететiндiгiн атап өту қажет.
Iшкi сауда.
Әлемдiк бөлшек сауданың жалпы айналымы шамамен 14,5 трлн. АҚШ долларына тең, одан шамамен 30% Батыс Еуропа елдерiнiң үлесiне, тағы 25% АҚШ-тың, 2% - Ресейдiң үлесiне келедi. ҚР Статистика агенттiгiнiң деректерiне сәйкес 2009 жыл үшiн Қазақстанның бөлшек тауар айналымы 17,31 млрд. долл. немесе шамамен 2,5 трлн. теңгенi құрайды, ол әлемдiк бөлшек саудатауар айналымының 0,12%-ын құрайды.
2005 - 2008 жылдар аралығындағы кезеңде бөлшек сауда секторының жалпы әлемдiк айналымы орташа қарқынмен 8,3%-ға өстi. 2009 жылы экономикалық дағдарыс салдарынан бөлшек сауда айналымы 6,4%-ға төмендеуi байқалды. Алайда, 2010 жылдың бiрiншi жартыжылдығының нәтижелерi бойынша тауар айналымы қалпына келе бастады.
Iске асырылмаған елеулi әлеуетi бар елдер - Қытай, Үндiстан, Бразилия, Ресей әлемдiк тауар айналымының дамуына елеулi оң үлес қосады. Бұл елдердiң көпшiлiгiнде iшкi сауданы дамыту жөнiндегi кешендi мемлекеттiк бағдарламалар жұмыс iстейдi.
Бөлшек сауданы дамыту бiрқатар факторлармен айқындалады, олардың iшiнде мыналар елеулi болып табылады:
халықтың әл-ауқатының деңгейi (Қазақстанда теңгедегi орташа жалақы деңгейi 2009 жылы 2005 жылмен салыстырғанда 31%-ға өстi (нақты көрiнiсте);
халықтың саны 2009 жылы 5,4% өскен (кезең соңына халық санының көрсеткiшi бойынша есеп);
халықтың тығыздығы - 2005 жылы Алматы қ., Оңтүстiк Қазақстан облысы, Қарағанды облысы, Шығыс Қазақстан облысы ел өңiрлерiнiң неғұрлым жиi қоныстаған өңiрлерi болды және 2009 жылы да көшбасшылықты сақтады (орташа жылдық халық саны бойынша есеп);
қаржы ресурстарына қолжетiмдiлiк (Ұлттық банктiң деректерi бойынша 2005 жылы заңды тұлғалар үшiн 1 жылдан 5 жылға дейiнгi мерзiммен теңгедегi кредиттер бойынша орташа банктiк ставка 13,9%, ал 2009 жылы - 14,6% құрады);
базалық инфрақұрылымның және инфрақұрылымдық қызметтердiң дамуы (2005 - 2009 жылдар кезеңiнде ҚР бөлшек тауар айналымының көлемi 27,7%-ға ұлғайды, осы кезеңдегi ҚР сауда кәсiпорындары алаңдарының көлемi 66%-ға ұлғайды).
Қазақстандағы бөлшек сауда.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес тұтынушылардың жеке пайдалануы үшiн оларға тауарларды сату жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет бөлшек саудаға жатады. Бөлшек сауда дүкендер, сауда үйлерi, базарлар мен автоматтар, дүңгiршектер, автодүкендер, шатырлар, шығарылатын сөрелер арқылы жүзеге асырылады. Бөлшек сауда дүкендерi алаңдары, ассортиментi, қызмет көрсету сапасы, техникалық жарақтандырылуы бойынша ерекшеленедi. Жiктеу кезiнде оларды сауда алаңдарының көлемдерi бойынша бөлу қабылданған, өйткенi, «А», «В», «С» санаттарына бөлу бөлшек сауда дүкендерiн жiктеудiң маркетингте ең жиi таралған түрi болып табылады.
«А» санатының дүкендерi - бұл сауда алаңы 100 шаршы метр2 астам дүкендер (бұдан әрi - шаршы м). Мұндай дүкендер көп ассортиментiмен, клиенттердiң ағынын жоғары өткiзу қабiлетiмен, қолма қол ақшасыз есеп айырысудың техникалық мүмкiндiктерiмен, жоғары сервис деңгейiмен, жеткiзу мен сақтауға арналған төмен үлестiк шығындармен, неғұрлым жоғары еңбек өнiмдiлiгiмен ерекшеленедi. Дәл жоғарыда аталған артықшылықтар себебi бойынша сауда желiлерi осы пiшiмдердегi дүкендерде жұмыс iстегендi қалайды. Iскерлiк әдебиетте және бұқаралық ақпарат құралдарында «Қазiргi заманғы пiшiмдер» терминiн пайдалану кезiнде негiзiнен «А» санатының дүкендерiн бiлдiредi.
____________________________
1 ҚР Ұлттық банкiнiң деректерi бойынша 2009 жыл үшiн АҚШ долларына орташа өлшемдi теңге бағамы.
2 Кейде дүкендердiң бұл санаты үшiн сауда алаңының мөлшерi 250 шаршы метрдегi жоғары планка белгiленедi
«В» санатының дүкендерi - бұл сауда алаңы 50-ден 100 шаршы м. дейiнгi дүкендер. Сауда желiлерi сауда нүктелерiнiң бұл санатына онша барғысы келмейдi, өйткенi, мұндай нүктелер жеткiзу мен сақтауға неғұрлым жоғары операциялық шығындарға және әкiмшiлiк сипатындағы шығыстарға ұшырайды.
«С» санатының дүкендерi - бұл сауда алаңы 50 шаршы м. аспайтын дүкендер. Бұл санат Қазақстанда неғұрлым көп таралған. Мұндай дүкендер басқаруға және есепке алуға өз талаптарында өте таңдамаушылығымен ерекшеленедi. Мұндай дүкендердiң тауар айналымының жеке бөлiгi көбiнесе тiркелмейдi, азық-түлiктердi қалыпты сақтау үшiн жағдай болмауы мүмкiн. Бұл дүкендерде азық-түлiктердi жеткiзуге және сақтауға жоғары шығындар, жоғары сатып алу бағалары, шектелген ассортимент, сапасыз сервис бар. Осы санат дүкендерiнен сауда желiсiн ұйымдастыру қиын, өйткенi, клиенттердiң және тауарлардың өткiзу қабiлетi өте шектеулi, ал үлестiк операциялық және әкiмшiлiк шығыстары неғұрлым iрi дүкендерге қарағанда елеулi жоғары. Мұның бәрi, тұтастай алғанда, осы санат дүкендерiндегi баға деңгейiне әсер етедi, олар, әрине, неғұрлым iрi пiшiмдегi дүкендерге қарағанда жоғары. Бөлшек тауар айналымының көлемi. Арналар бойынша айналымдар
Бөлшек тауар айналымы. 2009 жылы бөлшек тауар айналымының жалпы көлемi 2 551,4 млрд. теңгенi құрады, ол 2008 жылға қарағанда 2,7%-ға аз.
Бөлшек тауар айналымының жалпы көлемiн қалыптастыруда 51,1% базарлардағы саудаға және жеке кәсiпкерлерге тиесiлi.
1997 - 2009 жылдар кезеңiнде бөлшек тауар айналымының көлемi 342 млрд. теңгеден 2 551 млрд. теңгеге дейiн (ағымдағы бағаларда) яғни 6,4 есе ұлғайды.
Көрсетiлген кезеңде бөлшек тауар айналымының тұрақты өсуi байқалады. Бөлшек тауар айналымының көлемi дағдарысты құбылыстарға байланысты 2,7%-ке төмендегенде, ерекшелiк 2009 жыл болды.
Базарлар/Сауда кәсiпорындары.
Бөлшек тауар айналымы құрылымының даму сипаты қызғылықты.
Мәселен, егер, 1997 - 1999 жылдар кезеңiнде «Базарлар» арнасы арқылы бөлшек тауар айналымы үлесiнiң сенiмдi ұлғаюы байқалатын болса, онда 2000 - 2008 жылдар аралығында оның сенiмдi төмендеуi және «Сауда кәсiпорындары (дүкендерi)» үлесiнiң өсуi байқалады. «Базарлар» арқылы сату үлесiнiң төмендеуi елдегi экономикалық жағдайдың жақсаруымен және халықтың тұрмыс деңгейiнiң жақсаруымен байланысты.
Егер 1999 жылы Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерiне сәйкес базарлардағы және жеке кәсiпкерлермен сауда үлесi 77% құрайтын болса, онда ендi 2008 жылы ол 40% дейiн төмендедi және бiр мезгiлде «Сауда кәсiпорындарының» үлесi 23%-дан 60% дейiн немесе 2,6 есе астамға өстi. Алайда, 2009 жылы зкономикалық жағдайдың нашарлауымен байланысты «Сауда кәсiпорындары» арқылы тауар айналымы республиканың барлық бөлшек тауар айналымының 49%-на дейiн күрт төмендегенiн қайта көрсеттi.
Қазақстан бойынша сауда алаңдарының құрылымы.
Қазақстан Республикасының Статистика агенттiгiнiң деректерiне сәйкес 1 қаңтарға 2005 - 2009 жылдар кезеңiнде сауда алаңдарының көлемi 1 811 мың шаршы. м-ден 3 075 мың шаршы м-ге дейiн немесе 53% ұлғайды. Бұл iшiнара бөлшек сауданың инвестициялық тартымдылығы коммерциялық жылжымайтын мүлiкке арналған бағаның өсуiнiң күшеюiмен және бағаның одан әрi ұлғаюын күтумен жылжымайтын мүлiк нарығындағы серпiлiспен байланысты болды. Бұл кезеңде банктер сауда кәсiпорындарына да және халыққа да жаппай кредиттер бердi (тұтынушылық кредиттер).
Өңiрлiк бөлiнiсте бұл кезеңде сауда алаңдарының неғұрлым өсiмi Астанада байқалды - 223%, ол, атап айтқанда, бас қаланың сол жағалауының дамуымен байланысты болды. Сауда алаңдарының өсу қарқыны бойынша екiншi орында «мұнайлы» Атырау облысы болды - 203%. Сауда алаңдары елеулi өстi, Алматыда - 98%, Қызылорда, Оңтүстiк Қазақстан және Павлодар облыстарында - тиiсiнше 95%, 77% және 74%.
Сауда алаңдарының көлемiнiң ең аз өқуi Солтүстiк Қазақстан (26%), Жамбыл (26%), Алматы (21%) облыстарында байқалды.
Ел бойынша сауда алаңдарының құрылымы. Республика бойынша сауда алаңдарының құрылымында неғұрлым үлес салмақ барлық сауда алаңдарының 47% - «С» санаты пiшiмiндегi дүкендерге тиесiлi, екiншi орында - «А» санатындағы пiшiмге (33%) тиесiлi. «В» санатындағы дүкендерге сауда алаңдарының 16%, ал «Дүңгiршектер» пiшiмiне - бар болғаны 4% келедi.
«А» санатындағы дүкендердiң неғұрлым көп үлесi Астанада байқалады - 48%, «В» санаты әсiресе, Батыс Қазақстан облысында - 22% және Алматыда -19% ұсынылған.
«С» санатының дүкендерi бойынша Оңтүстiк Қазақстан облысы көшбасшы болып табылады - 68%. Бөлшек сауда нүктесi сияқты дүңгiршектер ең алдымен Қызылорда облысында кең таралған - 13%.
Осы өңiрлiк шолудан көрiнетiндей «А» және «В» санаттарындағы сауда пiшiмдерiнiң әртүрлi өңiрлерде қамтамасыз етiлуiнiң елеулi саралану проблемасы бар. Мәселен, батыс өңiрi олармен неғұрлым қамтамасыз етiлген болып табылады, онда басқа облыстармен және тiптен, астанамен салыстырғанда әлеуеттi жоғары төлем қабiлетi сұранысы бар. Бөлшек сауда сегментiнде ұсыныс пен сұраныстың сәйкес еместiгi көрiнiп тұр.
Сауда алаңдарымен қамтамасыз етiлу. Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерiне негiзiнде жүзеге асырылған «Сауда саясатын дамыту орталығы» Акционерлiк Қоғам есептерiне сәйкес 2009 жылдың басында республиканың 1000 тұрғынына яғни, дүңгiршектердi/дүкеншiктердi қоса алғанда, бiрақ сауда базарларын есепке алмағанда сауда кәсiпорындарының барлық түрлерiнiң 176 шаршы м. келедi. Бұл ретте, 176 шаршы м, тек 58 шаршы м. немесе 33% «А» санатындағы дүкендерге келедi, ал «С» санатындағы пiшiмге 83 шаршы м. немесе 47% келедi.
Барлық өңiрлердiң iшiнен сауда алаңдарымен Алматы қ. (456 ш.м.), одан кейiн Астана қ. (389 ш.м.) және СҚО (292 ш.м.) жақсы қамтамасыз етiлген. Сауда алаңдарымен қамтамасыз етiлу бойынша ең нашар жағдай Алматы (70 ш.м.) және Оңтүстiк Қазақстан (69 ш.м.) облыстарында байқалады, бұл осы өңiрлердегi сауданың дүкендермен емес басым түрде базарлар арқылы дамығанын көрсетедi.
Базарлардың сауда алаңдары.
Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң деректерiне сәйкес 2008 жылы «Базарлардың» ең көп алаңдары Алматы облысында орналасқан -1 120 мың шаршы м. немесе республикадағы барлық базарлардың 20%.
Оңтүстiк Қазақстан облысында 825 мың шаршы м. немесе базарлардың жалпы алаңының 15% орналасады. Алматы базарлардың алаңы бойынша үшiншi орында тұр - 635 мың шаршы м (11%). Шамамен тең алаңдар Астанаға (430 мың шаршы м немесе 8%), Жамбыл (397 мың шаршы м немесе 7%) және Шығыс Қазақстан облыстарына (377 мың шаршы м немесе 7%) тиесiлi.
Базарлар алаңдарының ең аз үлесi Солтүстiк Қазақстан (161 мың шаршы м. немесе 3%), Қызылорда (152 мың шаршы м. немесе 3%), Павлодар және Қостанай облыстарында (шамамен 140 мың шаршы м. немесе 2%-дан) байқалады.
Қазақстан және өңiрлер халқының сауда және базар алаңдарымен қамтамасыз етiлуiнiң арақатынасы. Республика халқы дүкендерге жататын алаңдарға қарағанда (Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң «Сауда кәсiпорындары» жiктемесi бойынша) базарларға жататын алаңдармен елеулi дәрежеде қамтамасыз етiлген (Қазақстан Республикасы Статистика агенттiгiнiң «Базарлар/ЖК» жiктемесi бойынша). Орташа алғанда, «Сауда саясатын дамыту орталығы» Акционерлiк Қоғам есебiне сәйкес республика бойынша 1000 адамға олардың алаңдары 67% (352 шаршы м.) және 33% (176 шаршы м.) ретiнде сәйкес келедi.
Өңiрлер бөлiнiсiнде барынша позитивтi көрiнiс Қостанай облысында байқалады, онда сауда алаңдарының 60% дүкендерге және 40% - сауда базарларына келедi. Шығыс Қазақстан облысында дүкендер мен базарлардың алаңдары шамамен бiрдей - 50% және 50%. Жамбыл, Атырау және Алматы облыстарында 78%, 84% және 86% алаңдар сауда алаңдарына тиесiлi. Бұл арақатынас тұтынушылардың батыс және оңтүстiк өңiрлерде бөлшек саудадағы дүкендерге, ал кейбiр өңiрлерде - баға өлшемдерiнiң салдарынан базарларға басымдық берумен байланысты туындаған.
Тауар айналымының тиiмдiлiгi.
«Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ есептерiне сәйкес бөлшек сауда алаңдарының 1 шаршы метрiне республика бойынша орташа алғанда жылына 800 мың теңгеден келдi.
Сауда алаңдарының барынша тиiмдi жүктемесi Алматы қ. және Ақтөбе облысында байқалды, онда 1 шаршы м. сауда алаңдарында бiр жылда 1 млн. 200 мың теңгенiң сомасына өнiм өткiзiлген, бұл республика бойынша орташа алғандағыдан шамамен екi есе жоғары. Сауда алаңдарының ең аз тиiмдiлiгi 2009 жыл үшiн 1 шаршы м. Қостанай облысында - 392 мың теңге және Солтүстiк Қазақстан облысында - 315 мың теңге байқалды.
Шоғырлану деңгейi
Базарларды шоғырландыру бөлшек сауданы дамытудың маңызды көрсеткiшi болып табылады, базарларды шоғырландыру деп бiр емес, бiрнеше бөлшек сауда нүктелерi бар, яғни, дүкендер немесе сауда желiсi бар сауда кәсiпорындары жүзеге асыратын тауар айналымы/сату түсiнiледi.
Қазақстанда азық-түлiк тауарлары базарларының шоғырлануы 5% аспайды. Ресейде Бөлшек сауда компаниялары қауымдастығының бағалауы бойынша жергiлiктi бөлшек базардың шоғырлануы барлық тауар айналымының 11%-на жетедi. Осындай елеулi айырмашылықтың негiзгi себептерiнiң бiрi Қазақстанда Ресейге қарағанда «А» санатындағы сауда пiшiмдерiмен қамтамасыз етушiлiк елеулi төмен болып табылады, ал сауда желiлерi, мысалы, азық-түлiк тауарларын сату жөнiндегi сауда желiлерi негiзiнен «А» пiшiмiнде жұмыс iстейдi. Сондай-ақ бөлшек тауар айналымының шоғырлануына үлкен деңгейдегi кедергi базарлар арқылы өнiмдердi сатып алудан тұратын түлынушылардың тәртiп моделi болып табылады.
Қазақстандағы шоғырландырылған базарлардың болмау себептерiнiң iшiнде Қазақстандағы халық санының және тығыздығының төмөндiгiн атап өтемiз, ол Ресейде байқалатын бизнес үшiн ауқымды емес. Бұл батыс және Ресей сауда желiлерi әзiрге қазақстандық нарыққа шығу мүмкiндiгiнiң өте мұқият қарастыратынының басты себебi болып табылады.
Осылайша, үлесiне тауар айналымының 51% және сауда аландарының 67% келетiн базарлардың басымдығы Қазақстанның сауда секторында сауданы өркениеттi дамытуға жәрдемдеспейдi.
Базарларда тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың тиiстi деңгейi жоқ, санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды және салықтардың жиналуын қамтамасыз ету қиын. Бұдан басқа, тиiсiнше базарларда тауар ағынының көлемдерiн, құрылымын, серпiнiн талдау мүмкiн емес.
Саудасы дамыған елдерде базарлар бөлшек сауданың ескi нысанына жатады және iс жүзiнде пайдаланылмайды немесе мамандандырылған бағыттар бойынша (мысалы, халық қол өнерi бойынша) жұмыс iстейдi.
Бұрын атап өткенiмiздей, республикадағы «уақыты өткен пiшiмдер» деп аталатын, яғни, «В», «С» және «Дүңгiршектер» санатындағы дүкендердiң басымдығы көрiнiс бередi, оларға дүкендердiң барлық алаңдарының 67% тиесiлi. Бұл санаттар алаңдардың шектелген көлемдерiмен, төмен өткiзу қабiлетiмен, жоғары үлестiк шығындармен сипатталады, яғни, сауда қызметiн шоғырландыру үшiн негiз бола алмайды.
Дүкендердiң, сондай-ақ, базарлардың әртүрлi санаттарының артықшылықтары мен кемшiлiктерi кестеде егжей-тегжейлi келтiрiлген.
Достарыңызбен бөлісу: |