Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласын дамыту жөніндегі 2010 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы



бет1/8
Дата28.06.2016
өлшемі0.7 Mb.
#163666
  1   2   3   4   5   6   7   8
Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарламаны бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 қазандағы № 1144 Қаулысы

      «Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 14 сәуірдегі № 302 қаулысын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарлама (бұдан әрі - Бағдарлама) бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі мүдделі министрліктермен, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдерімен бірлесіп, Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін.
      3. Мүдделі министрліктер, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдан кейінгі айдың 5-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігіне Бағдарламада көзделген іс-шаралардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
      4. Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі жарты жылда бір рет, есепті жарты жылдан кейінгі айдың 25-күнінен кешіктірмей, Қазақстан Республикасының Үкіметіне Бағдарламада көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы жиынтық ақпарат берсін.
      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі Ә.Ө. Исекешевке жүктелсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының


      Премьер-Министрі                               К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы


Үкіметінің     
2010 жылғы 30 қазандағы
№ 1144 қаулысымен  
бекітілген     

Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласын дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған бағдарлама

1. Бағдарламаның паспорты

Атауы                 Қазақстан Республикасында тау-кен - металлургия


                      кешенін дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға
                      арналған бағдарлама

Әзірлеу үшін          1) Қазақстан Республикасы Президентінің 2009


негіздеме             жылғы 2 маусымдағы № 326 өкімімен бекітілген
                      Қазақстан Республикасы Президентінің «Нұр
                      Отан» ХДП-ның 2009 жылғы 15 мамырдағы
                      кезектен тыс XII съезінде берген тапсырмаларын
                      іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының
                      3-тармағы;
                      2) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы
                      14 сәуірдегі № 302 қаулысымен бекітілген
                      Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан
                      Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық
                      дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға
                      арналған мемлекеттік бағдарламаны іске асыру
                      жөніндегі іс-шаралар жоспарының 2-тармағы

Әзірлеуші             Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа


                      технологиялар министрлігі

Бағдарламаның         Машина жасауды, құрылыс индустриясын және


мақсаты               өнеркәсіптің басқа да салалары мен экспортты
                      дамытуды қамтамасыз ететін кейіннен қайта бөлу
                      металлургия өндірістерін құру

Міндеттер             1. Шағын және орта бизнесті тарта отырып,


                      бәсекеге қабілетті өндірістер құру, қосылған
                      құны жоғары терең қайта өңдеу өнімдерінің
                      үлесін ұлғайту және номенклатурасын кеңейту.
                      2. Ресурсты және энергияны қажетсінуді                                төмендету мақсатында саланың жұмыс істеп тұрған                        кәсіпорындарын жаңғырту және еңбек өнімділігін
                      арттыру мақсатында қазіргі заманғы басқару                            технологияларын енгізу.
                      3. Шикізатты алу және кешенді қайта өңдеу,
                      өнімнің жаңа түрлерін әзірлеу бойынша
                      инновацияларды дамыту және саланың
                      ғылыми-технологиялық әлеуетін белсенді түрде
                      инновациялық үдерістерге тарту.
                      4. Салалық жобаларды қажетті иңфрақұрылыммен
                      қамтамасыз ету.
                      5. Минералдық шикізат базасын ұлғайту және
                      оларды молықтыруды қамтамасыз ету.
                      6. Саланы білікті еңбек ресурстарымен, оның
                      ішінде орта техникалық буынмен қамтамасыз
                      ету.
                      7. Ішкі нарыққа шикізатты және металлургия
                      өнімдерін жылжытуға жәрдемдесу
                      8. Сала кәсіпорындарының қоршаған ортаға
                      зиянды ықпалын төмендету.

Іске асыру мерзімі    2010-2014 жылдар

Күтілетін нәтижелер   Бағдарламаны іске асыру мыналарды:
                      1. Минералдық шикізатты қайта өңдеуді
                      тереңдету және жаңа қайта бөлу есебінен
                      металлургия өнімінің жалпы қосылған құнын
                      107 %-ға өсіруді.
                      2. Жоғары технологиялық бәсекеге қабілетті
                      өнім өндірісі көлемін және экспортын 2008
                      жылғы деңгеймен салыстырғанда 2 есеге
                      ұлғайтуды қамтамасыз етеді.

Қаржыландыру көлемі   Барлық қаржы көздері есебінен


және көздері          қаржыландырудың жиынтық көлемі 1 151 400 млн.
                      теңгені құрайды, оның ішінде:
                      1. Республикалық бюджет қаражаты есебінен
                      қаржыландырылатын жүйелік шаралар бойынша
                      шығыстар көлемі 1 564 млн. теңгені құрайды,
                      оның ішінде 2010 жылға — 1 564 млн. теңге.
                      2. Кәсіпорынның өз қаражаты есебінен (қарыз
                      қаражатын қоса алғанда) қаржыландырылатын
                      инвестиция көлемі 1 148 985 млн. теңгені
                      құрайды.
                      Бағдарламаны қаржыландыру көлемі Қазақстан
                      Республикасының заңнамасына сәйкес тиісті
                      қаржы жылдарына арналған республикалық
                      бюджетті бекіту кезінде нақтыланатын болады.

2. Кіріспе

      Тау-кен-металлургия саласы ел экономикасының стратегиялық саласын білдіреді, оның рөлі жоғары технологиялық және ғылымды қажетсінетін түпкілікті өнім (машина жасау, құрылыс индустриясы, авиациялық, ғарыш және қорғаныс өнеркәсібі) өндірісін шикізатпен қамтамасыз ету болып табылады. Бүгінде Қазақстанның тау-кен-металлургия саласы шикізаттың және бастапқы металдар экспортына бағдарланған. Алдағы жылдары саланы дамытудың негізгі міндеті жоғары технологиялық өнім өндірісінің өсімі мен оның сыртқы нарықтарға экспортын ұлғайтуды да, ішкі нарық қажеттілігін қанағаттандыруды да қамтамасыз ететін, қосылған құны жоғары өнімді шығарумен байланысты металлургия өнеркәсібінің жаңа қайта өңдеу өндірістерін кезең-кезеңмен құру болу тиіс.


      Елдің тау-кен металлургия саласын дамытудағы мемлекеттік саясат ірі кәсіпорындардың негізгі (базалық) өндірісін ынталандыру мен шағын және орта бизнес кәсіпорындарының базалық металдар негізінде жоғары қайта бөлудің түпкі өнімін жасауға бағытталатын болады.
      Қазақстан Республикасында әзірленіп жатқан тау-кен металлургия саласын дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасы Қазақстан Республикасын үдемелі индустриялық-инновациялық дамыту жөніндегі 2010 - 2014 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаға сәйкес жүзеге асырылады.
      Бағдарламада ел ішінде минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеуді қамтамасыз ету үшін кен және концентраттар экспортының үлесін төмендетуді ынталандыру бойынша кешенді шаралар қарастырылған.

3. Саланың қазіргі заманғы жай-күйін талдау

3.1. Саланың қазіргі заманғы жай-күйін бағалау, сондай-ақ аталған саланың елдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси дамуына әсері

      Тау-кен-металлургия саласы — еліміздің өнеркәсібінің барынша серпінді дамып келе жатқан секторы, Қазақстанның маңызды құрамдас бөлігі. Ол Қазақстанның барынша бәсекеге қабілетті саласының бірі бола отырып, 2009 жылдың қорытындысы бойынша тау-кен металлургия саласы елдің 16,9 % өнеркәсіп өнімін шығарды, оның экспорттың жалпы көлеміндегі үлесі 19,6 % ды құрайды. Салада шамамен негізгі қызмет персоналы ретінде 164,5 мың адам жұмыс істейді. 2008 жылғы қорытынды бойынша тау-кен металлургия саласы кәсіпорындарының негізгі құралдарының құны 2,2 трлн. астам теңгені немесе елдегі барлық негізгі құралдардың 17 %-ын құраған. 2003 жылдан бастап 2009 жылды қоса алғанда салада негізгі құралдар құны шамамен 2,7 есеге өскен. Осы кезден бастап металл көздерді өндіру көлемі шамамен 3,5 есеге өскен.


      Таяудағы бес жыл ішінде тау-кен металлургия саласы жобаларына салынатын инвестициялар көлемі 2 трлн. теңгені ($ 13 млрд. астам) құрауы тиіс. Индустрияландыру бағдарламасын іске-асыру шеңберінде бұл салада 16 мың тұрақты жұмыс орнын құру болжанып отыр.
      2003-2009 жылдары сапа кәсіпорындарының негізгі капиталына салынған инвестициялар 1,42 трлн. теңгені (1-сурет) құрады, олардың негізгі үлесі түсті металдар өндірісіне (42 %) тиесілі.

       Металлургия өнеркәсібінің үлесіне өңдеуші өнеркәсіп көлемінің 35 %-дан астамы тиесілі. Қазақстанда әлемдік хром кені қорының 30 %-ы, марганец кенінің 25 %-ы, темір кенінің 10 %-ы шоғырланған. Мыс, қорғасын және мырыш қоры әлемдік қордың тиісінше 10 және 13 %-ын құрайды. Тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдерінің арасында хромиттер қорының басым салмағы 90 %-ды, вольфрам 60 %-ды, қорғасын мен мыс 50 %-ды, бокситтер 30 %-ды, фосфориттер 25 %-ды, темір кені 15 %-ды құрайды. Қазіргі кезде Қазақстан титан өндірісі бойынша әлемде 3-орынды, мырыш бойынша - 7, қорғасын - 8, темір кені - 13, мыс - 15, болат - 35-орынды иемденеді.


      Қара металлургия өнімі өндірісі көлемі (өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп) 2003 жылғы 264,7 млрд. теңгеден 2009 жылғы 579 млрд. теңгеге дейін, ал түсті металлургия (өндіруші және өңдеуші өнеркәсіп) тиісінше 290,1 млрд. теңгеден 796,6 млрд. теңгеге дейін ұлғайды. Түсті металлургияда кен өндіру серпіні бір қалыпты емес. Алюмминий (2003 жылғы 4,7 млн. тоннадан, 2009 жылғы 5,1 млн. тоннаға дейін) және қорғасын-мырыш (тиісінше 6,4 млн. тоннадан 7,1 млн. тонна дейін) кендерін өндіру ұлғайды. Дегенмен, қаралып отырған кезеңде мыс (2003 жылғы 34,9 млн. тоннадан 2009 жылғы 31,2 млн. тоннаға дейін) және мыс-мырыш кендерін (тиісінше 6,2 млн. тоннадан 5 млн. тоннаға дейін) өндіру төмендеген. Қара металлургия өндірісінің серпіні шойын өндірісі көлемінің 2003-2009 жылдар ішінде 4,1 млн. тоннадан 2,9 млн. тоннаға дейін, шикі болаттың 5,1 млн. тоннадан 4,1 млн. тоннаға дейін және тегіс прокаттың тиісінше 3,8 млн. тоннадан 3 млн. тоннаға дейін төмендегенін көрсетеді. Сонымен қатар, талданып отырған кезеңде көміртекті электрлік болат өндірісінің көлемі 0,2-ден 0,5 млн. тоннаға дейін, құрылысқа арналған шыбықтар 0-ден 97,2 мың тоннаға дейін және құбыр өнімі тиісінше 65,3 -тен 150,2 мың тоннаға дейін өскені байқалады.

1-кесте. Қара және түсті металлургия өндірісінің динамикасы



Көрсеткіштің атауы

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Қара металлургия, млрд. теңге

264,7

365,5

387,4

374,0

558,9

844,2

579,0

Темір кенін өндіру, млрд. теңге

40,7

85,4

111,5

93,4

117,2

179,0

135,4

Қара металлургияда темір кенін өндіру үлесі, %

15,4

23,4

28,8

25,0

21,0

21,2

23,4

Қара металлургия өнімдерін-өндіру, млрд. теңге

224,0

280,1

275,9

280,6

441,7

665,2

443,7

Қара металлургиядағы өңдеудің үлесі, %

84,6

76,6

71,2

75,0

79,0

78,8

76,6

Түсті металлургия, млрд. теңге

284,7

377,5

487,3

846,6

904,1

886,2

796,6

Түсті метал кендерін өндіру, млрд. теңге

55,8

70,1

90,4

138,5

187,0

240,5

204,2

Түсті металлургиядағы кен өндірудің үлесі, %

19,2

18,0

18,2

16,1

20,0

25,0

25,6

Түсті металдарды өндіру, млрд. теңге

228,9

307,4

396,9

708,1

717,1

645,7

592,4

Түсті металлургиядағы өңдеудің үлесі, %

80,8

82,0

81,8

83,9

80,0

75,0

78,0

      Металлургия саласының негізін кендерді өндіру және оларды одан әрі өңдеу құрайды. 1-кестеде көрсетілгендей негізгі көлем қара және түсті металлургияда металл кендерді өңдеуге келеді. Бұл ретте құндық көрсеткіштерде қара және түсті металдарды ендіру және өңдеудің оң өсу динамикасы байқалады.
      Сонымен бірге қара металлургияда өңдеу үлесінің 2003 жылы 34,6 % -дан 2009 жылы 76,6 %-ға дейін біртіндеп төмендегенін, темір кендерін өндіру үлесінің тиісінше 15,4 %-дан 23,4 %-ға дейін өскенін атап өту қажет. Осыған ұқсас жағдай түсті металлургияда да байқалады. Қайта өңдеудің үлесі 2003 жылғы 80,8 %-дан 2009 жылы 78 %-ға дейін төмендеді.

2-кесте. Тау-кен металлургия саласы өндірісінің нақты көлемі индексінің динамикасы



Көрсеткіштің атауы

2003 ж

2004 ж

2005 ж

2006 ж

2007 ж

2008 ж

2009 ж

Алдағы жылға қарай өнеркәсіп өнімінің ФКИ, %

109,1

110,4

104,8

107,2

105,0

102,1

101,7

Алдағы жылға қарай отын-энергетикалық пайдалы, қазбаларды өндіруден басқа, кен өндіруші ФКИ, %

108,9

102,5

91,5

111,7

99,6

99,3

99,7

Металлургия өнеркәсібінің ФКИ және дайын металл бұйымдарын өндіру, алдағы жылға қарай, %

101,0

104,6

94,1

106,8

103,8

96,2

94,3

      Тау-кен-металлургия саласының өнімдерін өндірудің нақты көлемінің индексін талдау тұрақсыз динамиканы көрсетеді (2-кесте). Өндіруші және қайта өңдеуші секторда да 2005, 2007-2009 жылдары саланың өндіру көлемінің табиғи көрсеткіштерінің құлдырауы байқалды.

3-кесте. Дайын металл бұйымдарын өндіру динамикасы, мың тонна



Көрсеткіштің атауы

2003 ж

2004 ж

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж

2008 ж.

2009 ж.

Жиналатын құрылыс металконструкциялары

83,1

89,8

106,3

111,3

121,6

128,0

77,0

Электрлік қыздырусыз орталық жылытуға арналған кара металдан жасалған радиаторлар

0,3

0,1

0,2

0,2

0,2

0,6

0,5

Диірмендерге арналған, құйылған ұсақтаушы шарлар және ұқсас бұйымдар

44,5

37,3

84,8

75,4

92,8

101,4

91,2

Қара металдан немесе алюминийден жасалған резервуарлар, цистерналар, бактер мен ыдыстар, мың дана

2,1

1,1

1,6

2,6

5,4

3,1

2,4

Орталық жылыту қазандары, мың дана

4,1

1,7

2,2

2,8

2,5

2,9

2,4

Қара металдан жасалған цистерналар, бөшкелер, барабандар, канистрлер, жәшіктер және кез-келген заттарға арналған (газдан басқа) ыдыстар, мың дана

160

137

56

288

298

267

292

Қымбат бағалы емес металдан жасалған корончатты тығындар және бітеуіштер, қалпақшалар мен қақпақшалар, мың дана.









153 48 2,7

236 41 1,4

326 10 6,6

Қара металдан жасалған раковиналар мен жуғыштар, мың дана

7,5

22,1

25,5

54,6

69,2

53,5

56,1

      Дайын метал бұйымдарын өндірудің табиғи көлемінің динамикасы (3-кесте) орталық жылыту қазандарын жасауды қоспағанда, барлық өнім түрлері дерлік көлемінің өсуін көрсетеді.
      Тұтастай алғанда металлургия саласы өндірісі көлемінің серпінін талдау кен өндірісінің, концентраттар мен бастапқы металдар өндірісінің елеулі үлесі-кезінде қосылған құны жоғары шығарылатын өнім тізбесінің өте ауқымсыз екенін көрсетіп отыр. Қазақстан Республикасында тау-кен металлургия саласы негізінен экспортқа бағдарланған, оның өнімінің 20%-нан азы ішкі нарыққа түседі. Өндіріс құрылымында шикізат тауарлары басым, содан соң ғана шетелдерде қайта өңделеді.
      Қазіргі кезде сала өнімінің экспорты шамамен 1 248,4 млрд. теңгені ($ 8,5 млрд.), импорт шамамен 875,8 млрд. теңгені ($ 6 млрд.) құрайды, оның $ 5,3 млрд. сәл астамы жоғары қайта бөлу өнімдерінің үлесіне тиесілі. 2009 жылы сала өнімінің экспорты үлесіне экспорттың жалпы көлемінің 19,6 %-ы, сала өнімі импортының үлесіне 20,9 % тиесілі болды.

4-кесте. Елдің макроэкономикалық көрсеткіштеріндегі тау-кен металлургия саласының үлесі



Көрсеткіш атауы

2003 ж.

2004 ж.

2005 ж.

2006 ж.

2007 ж.

2008 ж.

2009 ж.

Елдің ЖІӨ, млрд. теңге

4 611

5 870

7 590

10 213

12 849

16 052

16 100

Өнеркәсіп өнімінің көлемі, млрд. теңге

2 836

3 867

5 253

6 509

7 815

10 196

8 925

Саланың өндіріс көлемі, млрд. теңге

578

787

935

1 324

1 610

1 932

1 511

Елдің ІЖӨ-дегі сала үлесі, %

12,5

13,4

12,3

13,0

12,5

12,0

9,4

ӨӨК сала үлесі, %

20,4

20,4

17,8

20,3

20,6

19,0

16,9

Тауарлар экспорты, млрд. теңге

1 933

2 733

3 700

4 823

5 852

8 563

6 371

Тауарлар импорты, млрд. теңге

1 257

1 738

2 305

2 985

4 014

4 558

4 190

Сала өнімінің экспорты, млрд. теңге

511

712

813

1 070

1 349

1 754

1 248

Сала өнімінің импорты, млрд. теңге

158

244

366

423

571

810

875

Экспорттағы сала үлесі, %

26,5

26,1

22,0

22,2

23,1

20,5

19,6

Импорттағы сала үлесі, %

12,6

14,0

15,9

14,2

14,2

17,8

20,9

Сала өндірісінің жалпы көлеміндегі сала өнімінің экспорты үлесі, %

88,4

90,5

86,9

80,8

83,8

90,8

82,6

Сала өндірісінің жалпы көлеміндегі сала өнімінің импорты үлесі, %

27,4

31,0

39,2

32,0

35,5

41,9

57,9

      Тау-кен металлургия саласын дамытудың мемлекеттік мақсаттарын іске асыру, мемлекеттік активтерді шоғырландыру және тау-кен кеніш, металлургия салаларындағы мемлекеттік меншік құнын өсіру, тау-кен кеніш активтерінің және жеке сектормен әріптестікте қатты пайдалы қазбаларды барлау, өндіру және қайта өңдеуге қатысу арқылы Қазақстан Республикасының тау-кен металлургия саласы өнімінің бәсекеге қабілеттігін өсіруге жәрдемдесу үшін «Тау-Кен Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы акционерлік қоғамымен ұйымдастырылған.
      Шетелдік талдаушылар Қазақстанның тау-кен металлургия саласының әлеуетін жоғары бағалайды және таяудағы 5 жылға оның серпінді дамуын болжап отыр. Шетелдік инвесторлар республикамен кен өндіру және кейіннен өңдеу саласында ынтымақтасу перспективаларын қарастыруда, түсті металдар өндіру және өңдеу аса қызығушылық тудырып отыр. Business Monitor International жүргізген зерттеулеріне сәйкес «Әлемнің алаңы бойынша 10 ірі елдері ішінде Қазақстан Республикасы серпінді дамып келе жатқан тау-кен өндіру өнеркәсібі көшбасшысы болып табылады». Түсті металдардың 29 түрінің, қара металдардың үш түрінің, қымбат бағалы металдың екі түрінің үлкен қорлары әзірленіп, өндірілу үстінде. Тау-кен өндіру саласы елдің экспорттық пайдасының 30%-ын әкеледі және барлық өнеркәсіп өндірісінің 19 %-ы үшін жауап береді. Қазақстан мысының ағымдағы резервін шетелдік сарапшылар 36 млн. тонна деп бағалап отыр. ВМІ зерттеулерінде марганец кені қоры бойынша Қазақстан әлемде екінші орын алады (600 млн. тонна) деп атап өтіледі. Жаһандық экономикалық дағдарыс әсерінен металл бағасының құлдырауына қарамастан ВМІ талдаушылары Қазақстанның тау-кен өндіру саласында айтарлықтай өсім болатынын болжап отыр. 2013 жылға қарай бұл нарық 2009 жылғы 2 775 млрд. теңге ($ 18,5 млрд.) салыстырғанда 4 725 млрд. теңге ($ 31,5 млрд.) сомасына бағаланатын болады. Бұдан өзге CRU Strategies Британ компаниясының бағалауы бойынша бағалардың өзгеру серпіні мынадай түрде болжанып отыр: мыс бағасының өсуі жалғаса береді, ол сым мен кәбілдің тапшылығымен және оған деген сұраныстың өсуімен байланысты болып отыр; - қорғасын бағасы Қытай мен Үндістандағы автомобиль өнеркәсібінің дамуына қарай орынды қарқынмен жоғарылауы тиіс; - алюминий бағасы барынша тұрақты күйінде қалмақ, алюминий саласын талдау Қазақстан энергияға арналған тарифте пайдалы жағдайда тұрғанын көрсетіп отыр; - мырышқа деген сұраныс төмендеу үстінде, бұл металл артығымен болуына байланысты баға өсімі ықтималдығы шектеулі. Сұрыпты прокат нарығын талдау тәуелсіз мемлекеттер достастығы елдері нарықтарының толықтығы кезінде (өндіріс тұтынудан жылына 41,5. млн. тоннаға артық) Таяу Шығыс нарығындағы сұраныстың кемшілігін (жылына 15.4 млн. тонна, сондай-ақ жергілікті өндірушілермен бәсекелестік) айқындады және тек жеткілікті баға басымдығы кезіне ғана бәсекелестік үшін мүмкіндік тумақ. Марганец кені үшін әлемдік ауқымдағы перспектива қолайлы болып отыр, CRU сарапшылары 2007 жылы болған бағаның күрт көтерілуіне әкелген олардың тапшылығының тағы да қайталануы екіталай деп санайды. Қазақстанның ферроқорытпа өнімін, атап айтқанда феррохромды дамыту бойынша зор әлеуеті бар. Шикізаттың жоғары сапасы мен айрықша төменгі шығынды өндіріс басымдық болып табылады және осыған орай олардың ең аз құны бағалардың кұлдырауына әкелмейтін болады.
      Қазіргі кезде республикада 20 миллиярд. тоннадан астам өнеркәсіптік қалдықтар жиналған, олардың ішінде түсті металлургия кәсіпорындарының техногендік қалдықтары 10,1 миллиярд. тоннаны, қара металлургия қалдықтары 8,7. миллиярд. тоннаны құрайды. Жыл сайын шамамен 700 миллион тонна өнеркәсіптік қалдықтар құралса, оның шамамен 250 миллион. тоннасы уытты болып саналады. Республикада техногендік қалдықтардың 2 %-нан азы қайта өңделеді және кәдеге жаратылады. Экологиялық, әсіресе өндіру өнеркәсібі, металлургия және химия өндіру кәсіпорындары шоғырланған аудандардағы жағдайды сауықтыру мақсатында қалдықтарды қайталама пайдалану жүйесін дамыту мен түсті, қымбат бағалы және сирек кездесетін металдарды алу бойынша ресурс үнемдейтін және кешенді қайта өңдеу жүйесіне көшудің маңызы зор. Техногендік қалдықтарды толық және тиімді пайдалану қоршаған ортаның жағдайын жақсарту бойынша маңызды бағытқа ие.

       Техникалық регламенттер мен халықаралық стандарттарды енгізу


      Қара металлургия
      «АрселорМиттал Қазақстан» ақционерлік қоғамында IS0 9001:2008 сапа менеджменті жүйесі IS0 14001 экологиялық менеджменті, OHSAS 18001 еңбекті қорғау және техникалық қауіпсіздік жүйесі енгізілді. Барлық прокат өнімдері ХС IS0 9000:2000 талаптарына сәйкес өндіріледі, тиеп-түсірілетін прокат өнімінің меншікті декларацияланған тауар белгісі бар.
      ХС IS0 9001:2000 сәйкес «Ақсу ферроқорытпа зауыты» акционерлік қоғамында сапа менеджменті жүйесі енгізілді. Сәйкестік сертификатын TUV СЕRТ сертификаттау жөніндегі орталығы берген.
      2009 жылдан бастап Америка мұнай институтының (АРІ) аудиторлары талдау жүргізіп, "КSР-StееI" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі сапа менеджменті жүйесін АРІ Specification Q1, ISO 9001:2008 және ISO/ТS 29001 талаптарына сәйкес келеді деп, ал барлық технологиялық тізбек бойынша құбыр өндірісін АРІ 5СТ және АРI SL стандарттарына сәйкес келеді деп таныды. Сертификаттау жүргізілген салалар: мұнай-газ салалары үшін жіксіз болат сызықты, сорғылы-компрессорлы және қаусырма құбырлар өндірісі. "КSР-StееI" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі аудит нәтижелері бойынша АРІ стандарттарының сертификаттары, сондай-ақ шығарылатын өнімді АРІ (АРI Monogram) монограммасына енгізу құқығын беретін лицензия берілді.
      Түсті металлургия
      «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің сапа менеджменті жүйесі TUV СЕRТ (Германия) сертификаттау жөніндегі халықаралық органында сертификаттаудан өтті, оны растау ретінде TUV СЕRТ № 15 100 42189 сертификатымен TUV СЕRТ тауар белгісін пайдалану құқығын алды. «Қазмырыш» акционерлік қоғамға берілген, сертификат нөмірі бар TUV СЕRТ тауар белгісі «Қазмырыш» акционерлік қоғамының сапа менеджменті жүйесінің ISO 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкестігін растайды.
      Өндірістік ерітінділер мен сарқынды суларды тазалауды жетілдіру және газдардың атмосфераға шығарылуын қысқарту экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етеді. «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі ІSO 9001 Халықаралық сапа меңеджменті стандартына сәйкестік сертификатын алды. 2006 жылы ІSO 14001 сериялы халықаралық стандарттар мен ОHSАS 18001 ерекшелігі бойынша сапа-менеджменті, экологиялық, еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі жүйесін енгізді.
      «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі тазартылған мысқа жекелеген элементтер құрамын көрсете отырып, сапа сертификатын берді, бұл деректер Қазақстан Республикасында мемлекеттік сертификаттау жүйесі берген КСС № 0003913 сәйкестік сертификатымен расталады.
      Қазіргі кезде «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі
серіктестігі мына кәсіпорындарында ІSО-9001 сапа стандарттарына
сәйкестікке экологиялық менеджмент жүйесін әзірлеу аяқталады: техникалық пайдаланудың тәртібі, Аненск кеніші, Солтүстік-Жезқазған кеніші, Жезқазған кен байыту фабрикасы, Сатпаев кен байыту фабрикасы, «Степной» кеніші, Шығыс-Жезқазған кеніші, Жезқазған, мыс зауыты, Жезқазған жылу-электро орталығы.
      «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамында ІSО, 9001:2000 халықаралық стандарт талаптары бойынша сертификатталған сапа менеджменті жүйесі жұмыс істейді.
      «Өскемен титан магний комбинаты» акционерлік қоғамы сапа
менеджменті жүйесі құймадағы кеуекті титан және магний өндірісі
саласындағы ISO 9002 94 және АS 9100-99 халықаралық стандарттар
талаптарына сәйкестікке сертификатталды.
      Бүгінде, Техникалық регламенттер мен стандарттардың мемлекеттік қорында 56 342-ден астам стандарттау бойынша нормативтік құжаттар бар, оған мемлекеттік, халықаралық, ұлттық және өңірлік стандарттар кіреді. Мемлекеттік стандарттар деңгейінде 2 791 бірлік, олардың ішінде халықаралық талаптарға сәйкес үйлестірілгендері - 1 846 бірлік, бұл ретте үйлестіру пайызы - 66 %-ды құрайды
      Металлургия және тау-кен ісінде мемлекеттік стандарттарды үйлестіру деңгейі шамамен 60 %, яғни бұл көрсеткіш жалпы мемлекеттік көрсеткішке жақындайды.
      Индустрияландыру үдерістерінде техникалық реттеу құралдарын қолданудың және отандық өнімнің бәсекеге қабілеттігін арттырудың негізгі міндеті тиісті әлемдік стандарттарға сәйкес келетін өнім өндіру және менеджмент жүйесін енгізу және технологиялық қайта жарақтандыру үшін жағдайлар жасау болып табылады.
      Шетелдік бәсекелестерден жаңа ілгерінді технологиялар мен инновацияларды пайдалануда қалып келе жатқанымызды атап кету керек. Металлургиялық зауыттардың қолданыстағы технологиялары бойынша белгілі пирометаллургиялық үдерістер қоршаған ортаны ластайтын зиянды газ түріндегі шығарындылар мен қатты қалдықтардың көп көлемінің болуымен сипатталады. Оған қоса, қатты қалдықтар (қолдар, шламдар т.б.) зор алаңды иелене отырып, металлургия зауыттарының аумағында жинақталады. Демек, дәстүрлі технологияларды тек металл емес қосылған құны жоғары дайын өнімді алуға мүмкіндік беретін барынша тиімділігі жоғары, экологиялық таза және қалдықсыз технологияларға ауыстыруға бағытталған зерттеулер көлемін ұлғайту қажет.

       Инновациялық технологиялар мен инвестициялық жобалар


      Қазіргі кезде тау-кен металлургия компаниялары өз инвестициялық әлеуетін сақтап, өсіру үстінде.
      Қара металлургия
      Қолдағы активтерді жаңғыртуға салатын инвестициялардан басқа, компаниялар жаңа жобаларға да инвестициялар салады. Атап айтқанда, Оriel Resources жаңа хром және уран кеніштерін дамытуда. Ақсу ферроқорытпа зауытында (ENRC) агломерациялық цех салу жұмыстары жүргізілуде. Мұнда феррохром өндірісінің аса жаңа инновациялық технологиялары пайдаланылып, «KSP Steel» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, вакуумды болат қондырғысын орнатуда, Қазақстан нарығындағы сапалы құбырларға деген өспелі қажеттілікті, ескере отырып, BKV Group LLP компаниясы «Кастинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде Retainer Маndrel Мill танымал технологиясы бойынша диаметрі 60,3 - 277,2 мм болатын құбырлардың жылына 270 мың тоннасын шығаруды жоспарлап отыр. Көрсетілген құбырлар мұнай-газ саласында қаусырма құбырлар ретінде пайдаланылуы мүмкін және олар мұнай мен газды айдауға қолданылмайды. Мұнай-газ құбырлары өндірісін ұйымдастыру үшін жұмыс істеп тұрған илем станы үшін термоөңдеу учаскесін орнату қажет.
      «Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамы (ENRC) жылына құрамында кемінде 90 % темір бар қуаты 1,4 млн. тонна металданған өнім өндірісін құруды жоспарлап отыр. Болашақта осы жоба әртүрлі маркадағы арнайы болат өндіруге мүмкіндік береді.
      2007 жылғы шілдеде іске қосылған «Тараз металлургия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі негізгі өнімі - ферросиликомарганец, ол қоспалы элемент болып табылады және болатты қышқылсыздандырғыш ретінде қолданылады. Қазақстандық нарыққа жеткізілімнен басқа, зауыт ферроқоспаларды Ресей мен Беларусқа экспорттайды, осы өнімге Кореяның, Жапонияның және Тайваньнның металлургиялық компаниялары тарапынан қызығушылық бар.
      «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы Ақтөбе ферррқорытпа зауытының жаңа цехында жоғары көміртекті феррохром өндірудің инновациялық технологиялары, сондай-ақ электр жабдықтары мен автоматтандырудың жаңа жүйесі пайдаланылатын болады. Жаңа цех ферроқорытпа және электр энергиясын өндіру саласындағы соңғы техникалық жетістіктерді есепке ала отырып, салынатын болады. Ол тұрақты токпен жұмыс істейтін төрт пештен және газтурбиналық электр станциясынан тұратын болады. Осы объектіні салу және пайдалануға беру хром алуды ұлғайтуға мүмкіндік береді және қазір қолданыстағы жоғары көміртекті феррохром өндіруді ферроқорытпа газды кәдеге жарата, ескірген технологиялар бойынша ұқсас өндірісті жоя отырып, жаңа цехтарға толық көшіруге, мүмкіндік береді. Жобаны іске асыру өнімнің өзіндік құнын 25 пайызға дейін төмендетуге және тауарлық жоғары көміртекті ферхром мен электр энергиясын шығаруды арттыруға мүмкіндік береді. Пайда болған газды кәдеге жарату қуаты 50 МВт ферроқорытпа газымен жұмыс істейтін жаңа электр станциясын салу есебінен жүргізілетін болады. Жоба СО2 шығарындыларының жыл сайынғы көлемін 330,5 мың. тоннаға азайтуға және жылына 367,3 млн. кВт сағ электр энергиясын өндіруге мүмкіндік береді.
      Жаңа инвестициялық технологияларды тарту және еңбек өнімділігінің артуын қамтамасыз ету өзекті мәселе болып табылады. Осыған байланысты Қазақстанның теміркен кен орындарын өңдеу үшін Ромелт инновациялық технологиясын қолдану неғұрлым оңтайлы және техникалық жағынан орынды болып табылады. Ромелт процесі - әлемде алғашқы өнеркәсіп ауқымында сыналған шойын қорыту үшін кокс қолдануды болдырмайтын және дайындалмаған құрамында темір бар шихтаны өңдеуге мүмкіндік беретін бір сатылы сұйық фазалы процесс. Ромелт технологиясын меңгеру Ресейде Новолипецк металлургия комбинатының және Қазақстанда «АВ Меtalls» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (Балқаш қаласы) базасында жүргізілді. Бұдан басқа, қазіргі уақытта Бирмада ірі тоннажды пештер салу жүргізілуде. Ромелт мына позициялар бойынша: - отынды қалпына келтіруші ретінде энергетикалық көмір пайдаланылады; - алдын ала ұсақтаусыз құрамында темірі бар шикізаттың (кендік, концентраттың, тозаңның, шламның) іс жүзінде кез-келген түрін өңдей алатын; - түсті металлургияда пайдалану үшін шартқа сәйкес сұрыпталған өнімді балқыту барысында алынатын құрамында темірі бар ұшпа металдардың (сілтінің, мырыштың, қорғасынның) мөлшері бойынша шектеулер жоқ барлық қолданыстағы әзірлемелерден тиімді ерекшеленеді. Алынатын жоғары сапалы шойын бұйымдардың алуан түрлерін құю және болат өндіруде пайдаланылуы мүмкін, бұл машина жасау мен құрылысты дамыту үшін қоспалы және арнайы болат шығаратын өндіріс салуға мүмкіндік береді.
      Түсті металлургия
      «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мыс қорытатын және жылына қуаты 70 мың тонна катодты мыс өндіретін электролиз зауытының құрылысын аяқтауда. Зауыт "IsaProcess" (Хstrata Technogy) технологиясы бойынша салынған. Өнімі Ресейдің, Еуропаның және Қытайдың нарықтарына бағдарланған. Бүгінгі күні «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі - Өскеменде 40 жылдан астам қалыптасқан бір техногенді клинкер кенорнын өңдеуді аяқтады. 700 мың тоннадан астам қалдық өңделді және Өскеменде бір терриконға азаяды. Қазір «Қазмырыш» жауапкршілігі шектеулі серіктестігі Риддер қаласында тағы екі техногенді кенорнына өңдеу жұмысын жүргізуде.
      «Өскемен титан-магний комбинаты» акционерлік қоғамда қосылған құны жоғары өнім өндіру мақсатында титан құймасы мен қорытпасын шығаратын зауыттың құрылысы жүргізілуде. Зауыт титан қорытпасынан жылына 12 мың тоннаға дейін құйма және коммерциялық таза титаннан 4 мың тоннаға дейін құйма өндіретін болады. Мұндай өнім әлемнің дамыған елдері өнеркәсібінің аэроғарыш саласына қажет.
      «Қазақстанның алюминийі» акционерлік қоғамы жобалық қуатын 1,5 есе арттырып, Батыс Торғай бокситті ауданының жоғары карбонатты боксит өңдеудің өзіндік технологиясының арқасында өнім шығаруды ұлғайтады. «Казэнергокабель» ақционерлік қоғамында алюминий илемдерінің өндірісі құрылады.
      «Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамы Шығыс Қазақстан облысындағы «Суздаль» кенорнын игереді. Қазақстанда өнеркәсіптік аумақта берік кендерді өңдейтін технология қолданылмайды. «Алел» қаржы-инвестициялық корпорациясы» акционерлік қоғамы Қазақстанда алғаш рет берік мышьякті құрамында алтыны бар кендерді бактериалдық шаймалау технологиясы енгізді. Тау-кен-металлургия кешенінің қуаты жылына 2 500 кг алтын өндіруге мүмкіндік береді. Суздаль кенорнында тау-кен-металлургия кешенін пайдалануға беру бұрын тоқтатылған кенорнын жаңадан бағалауға және өнеркәсіптік игеруге Қазақстанның ірі кенорындарының берік мышьякты алтынсульфидті кенінің қорын тартуға мүмкіндік береді.
      Инновациялық жобалардың іске асырылуын ресурстық қамтамасыз етуді талдау.
      Саланың басты проблемаларының бірі ұдайы өндіріс қарқынының пайдалы қазбалардың қорларын өтеу қарқынымен салыстырғанда артта қалу.
      Соңғы 10 жылда темір кені, хромит кені мен төмен сортты бокситтің техногенді үйінділері теңгерімнен тыс өңдеуге тартылды. Қорларды 2 есе арттыруға мүмкіндік беретін хромит кендерінің кедей, өнеркәсіптік емес қорларын тарту үшін технология және тиісті аппараттық ресімдеу жасалды.
      Шикізатпен қамтамасыз өтудегі қауырт жағдайға байланысты және барлаудың басынан кенді өндіргенге дейін 10-нан 20-шы жылға дейін қажет екеніне байланысты салада жобалардың белгілі бір бөлігі шикізат базасын озық дамытуға бағытталған.
      Қазақстанның қара металлургиясы темір кенінің ірі қорына ие, бұл елде қара метал өндірісін дамытуға мүмкіндік береді. Баланстық қорлардың көлемі бойынша Қазақстан тәуелсіз мемлекеттер достастығында Ресей мен Украинадан кейін үшінші орын алады. Едәуір қорлардан басқа, қазақстандық темір кенінің басқа артықшылығы оның әжептәуір жоғары сапасы болып табылады. Тез балқитын кендер Қазақстанның темір кендерінің баланстық қорының 73,1 %-ын, баяу балқитындар - 20 % құрайды және 6,9 % байытуды қажет етпейтін кендер болып табылады.
      Ірі объектілерге (темір кенінің қоры 1 млрд. тоннадан астам) Қостанай облысында орналасқан Соколов, Сарыбай, Қашар және Лисаков кенорындары, Атасу кенорындар тобы жатады.
      Ферроқорытпа. «Қазхром» Трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы шикізат базасын толықтыру «Молодежная», «Центральная» шахталарының және «Поисковый» карьерінің қуаттарын арттыру, 2-ші ұсату-байыту фабрикасы және Дон кен байыту кешенінде хромит майдасын брикеттеу фабрикасын салу есебінен жүзеге асырылады.
      Мыс «Қазақмыс» Корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2014 жылға дейін Бозшакөл кенорнында кен-байыту кешенін, сондай-ақ Нұрқазған, Шатыркөл, Қосмұрын кеніштерінде мыс концентраттарын шығаратын байыту фабрикаларын және мыс кенін өндіретін Сарыоба кенішін салуды көздеп отыр. Келешекте 2020 жылға дейін Ақтоғай кенорнын игеру жоспарланып отыр. Қазақмыстың осы шикізат жобаларын іске асыруы мыс балқыту зауыттарының кідіріссіз жұмысын кейінгі 40 жыл бойы қамтамасыз етеді.
      «Ақтөбе мыс компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ақтөбе облысында «Октябрьге 50 жыл» Көктау мыс-мырыш кенорнын ойдағыдай игеруде.
      Қорғасын-мырыш. «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі минералдық шикізат базасын арттыру үшін Риддер-Сокольное, Щубинское, Малеевское, Долинное, Обручевское кенорындарында геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, Малеевск кенорнының «Холодная» шоғырын іске қосу қарастырылған. Одан басқа өндіріс қалдықтарын өндіру және байыту қалдықтарынан металдарды барынша алу (қалдық қоймасының құмы, шламдар), металлургиялық қалдықтар (клинкер, мыс және қорғасын кегі, қорғасын өндірудің кірпіш сынығы, су тазарту ғимаратының шламдары) көзделге. Қорғасын өндірісінің қуат жүктемесі және қосылған құны жоғары өнім өндіру көлемін арттыру үшін Алайғыр-қорғасын кенорнын игеру жоспарланып отыр.
      Алюминий. Сапалы глинозем шикізатының қорлары таусылған жағдайларда Краснооктябрь кенорны бокситінің едәуір қорын өндіріске тарту, Батыс Торғай бокситті ауданының жоғары карбонатты бокситін өңдеу технологиясын енгізу және «Қазақстан алюминийі», акционерлік қоғамы Ақмола тобы кенорнының жер қойнауын пайдалану құқығына арналған келісімшарттарға қол қоюы алюминий саласын одан әрі дамытуды қамтамасыз етеді. Бұдан басқа «Тау-Кен Самұрық» акционерлік қоғамы гидрогранатты технологиялар арқылы глинозем ала отырып сапасы нашар боксит-нифель кенорнын өңдеуге тарту бойынша жұмыс жүргізіп жатыр.
      Марганец. Қазақстанда шамамен 600 миллион тоннаны құрайтын болжалды қорларды есепке ала отырып, актив қоры 426 миллион тоннадан астам марганецтің 36 кенорны және 163 кен білінуі бар.
      Титан-магний. Сәтпаев кенорнындағы кенішті игеру «Өскемен титан магний комбинаты» акционерлік қоғамының ильменит концентраттарына мұқтаждығын ішінара қанағаттандыруға мүмкіндік береді.
      Никель. Қазақстанда никельдің баланстық қоры 1,8 млн. тоннаны құрайды. «Тау-Кен-Самұрық» акционерлік қоғамы және басқа компаниялар нашар тотыққан никель-кобальт кендерін өңдеуге қатыстыру жөнінде инновациялық технологияларды енгізу бойынша зерттеу жүргізуде.
      Алтын өндіру. Мемлекеттік теңгеріммен 293 объектіде алтын қоры есепке алынды. (235 - негізгі, 48 - шашыранды кенорындары және 10 объекті - техногенді минералдық түзілімдер) Қазақстан алтынының теңгерімдік қоры 2009 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша 2,2 мың тоннаны құрады.
      Түсті металлургияға арналған шикізаттың нақты қоры олардың таяудағы 25-40 жыл бойы азды-көпті тұрақты жұмысын қамтамасыз етеді.
      Сирекметал. Қазақстанда сирек металдар түсті металдарды өндіру кезінде жол-жөнекей өндіріледі. Катодты мыс өндіру кезінде рений, глинозем өндіру кезінде галлий. Индийді, таллийді, селенді қорғасын өндірісінің тозаңынан, теллурды - қара қорғасынды тазартып сілтілі қорытпа алады. Риддер металлургия алаңында құрамында қорғасын бар концентраттарды өңдеу кезінде кадмий мен таллий алады. «Қазатомөнеркәсіп» акционерлік қоғамында тантал, бериллий, ниобий және молибден, «Қазниобий» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде ниобий, «Өскемен титан магний комбинаты» акционерлік қоғамында ванадий. Лантаноид тобының сирек кездесетін элементтерін «Ертіс сирек кездесетін компаниясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде алады.
      Қазақстанда сирек кездесетін металдарды өндіруге Қостанай облысындағы Құндыбай кенорны, ал сирек металдарды өндіруге Қарағанды облысындағы Жоғарғы Қайрақты кен орны неғұрлым перспективалы болып табылады.
      «Тау-Кен-Самұрық» ұлттық тау-кен компаниясы» акционерлік қоғамы Жоғарғы Қайрақты ірі вольфрам-молибден кен орнының базасында вольфрам және молибден концентраттары мен вольфрам өнімін өндірісін құру мәселесін талқылауда. Қазақстанда вольфрам өнімін шығару болаттың жеке түрлерін өндіруді дамытуға түрткі болады.
      Ірі компаниялардан басқа, жер қойнауын пайдаланушылардың орта және шағын түсті және қара металдар кен орындарын кендер немесе концентраттар шығара отырып, шикізат базасын дамытуға инвестиция салу жөнінде жұмыс жүргізіп жатқанын атап өту қажет. Кәсіпорындардың шикізат базасын дамытуға салған инвестицияларының жалпы сомасы 450 млрд. астам теңгені құрайды («Нова-цинк» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Шалқия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «Теміртау электр металлургия зауыты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі, «АиК» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі және басқалары).

       Негізгі қорлардың жағдайын талдау.


      Қара металлургия
      Ғимараттар мен имараттардың тозуы (кен байыту фабрикасының пассив бөлігі) металлургия саласының кәсіпорындарында 40-70 %-ды құрайды.
      «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы (пайдалану 50 жыл)
      Негізгі қорлар екі жылу электр орталығы, автокөлік цехы және көмір байыту фабрикалары ұсынған балқыту агрегаттарымен, коксхимия батареяларымен, 5 прокат цехындағы прокат стандарымен, аглоцехпен және қосалқы қызметтермен берілген. Негізгі жабдықтардың орташа амортизациясы 75%-дан аспайды. Павлодар металлургия зауыты «Кастинг» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Павлодар филиалы экспортқа жеткізілетін шаршы дайындама шығара отырып металлургия өндірісін бастады. Кәсіпорын жаңа, негізгі қорлардың амортизациясы 15-20 %-дан аспайды. Ақтөбе ферроқорытпа зауытында негізгі технологиялық жабдықтардың, яғни № 11, 25, 26 электр доға пештерінің тозуы 5-тен 10 %-ға, 15, 16, 39, 71 - 15 - 20 %, 13, 17, 21 - 25 - 40 %, 12, 14, 22, 23, 24 - 70 дейін және одан көп пайызды құрайды.
      Түсті металлургия
      «Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорындарында тау-кен-байыту өндірісі бойынша негізгі қорлардың тозуы бастапқы құнының 32 %-ын, металлургия өндірісі бойынша 44 %-ды құрайды. «Қазақмыс корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі кәсіпорындарында таукен-байыту жабдықтарының тозуы, 42 %-ды, металлургия жабдықтары - 48%-ды құрайды. «Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамында (глинозем өндіру) металлургия және тау-кен-байыту өндірістерінің негізгі құралдарының тозуы 70 %-ды құрайды.

5-кесте. Тау-кен кешенді кәсіпорындарының технологиялық


жабдықтарының жағдайы

Кәсіпорын

Тозу, %

«Қазақмыс» корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

40%

«Қазмырыш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

36%

«Қазхром» Трансұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы

26%

«Соколов-Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі» акционерлік қоғамы

36%

«Қазақстан алюминийі» акционерлік қоғамы

70%

«Өскемен титан магний комбинаты» акционерлік қоғамы

15%

      Сапаны білікті кадрлармен қамтамасыз ету
      Тау-кен-металлургия саласының негізгі қызметі персонал санының динамикасы 8-кестеде келтірілген, онда көрсетілгендей 2003-2008 жылдар кезеңінде барлық металлургия саласының үлесіне 155-165 мың адам немесе өнеркәсіптегі негізгі қызмет персоналының жалпы санының 26-27%-ы келеді. Оның ішінде қара Металлургияның үлесіне өнеркәсіптегі жалпы санның 8-9 %-ы (49-56 мың адам), ал түсті металлургияға тиісінше 17-18 % (105-110 мың адам) келеді.
      Қара металлургияда жұмыс істейтіндердің негізгі үлесі өнеркәсіптегі жалпы санның шамамен 5 %-ы өңдеуші өнеркәсіпке келеді, түсті металлургияда жұмыс істейтіндердің көпшілігі тиісінше 10 % астам түсті металдарды өңдеуге және өндіруге шоғырланған.
      Талдау жасалған кезең ішінде қара металлургияда жұмыс істейтіндердің саны 2003 жылғы 51,9 мың адамнан 2009 жылы 55,6 мың адамға (өсім 7,1%) және дайын метал бұйымдары өндірісінде тиісінше 10,8-ден 16,3 мың адамға дейін өсу байқалды (өсім 50,9 %). Мұндай өсім өндіруші секторда негізгі персонал санын 22,5-ден 19,4 мың адамға дейін азайтуға қарамастан (13,8 %-ға азайту) өңдеуші секторда жұмыс істейтіндердің санын 29,4-тен 36,2-ға дейін көбейту есебінен (23,1 %-ға өсу) қамтамасыз етілді.
      Түсті металлургияда қаралып отырған кезеңде жұмыс істейтіндердің саны 110,4-нан 108,9-ге дейін азайды (1,4 %-ға азаю). Мұндай төмендеу өңдеуші секторда жұмыс істейтіндердің санын 66,5-дан 63,9 мың адамға дейін азайтумен байланысты (3,9 %-ға төмендеу).
      Тұтас сала бойынша негізінен өндірісте жұмыс істейтіндердің 2003 жылғы 162,3 мың адамнан 2009 жылы 164,5 мың адамға дейін артуы байқалады (1,4 %-ға арту).
      Тау-Кен металлургия саласына кадрлар даярлау 1,9 мыңнан астам адам оқитын ТжҚБ-ңың 10 оқу орнында 5 мамандық бойынша (11 квалификация бойынша) іске асырылады. Тау-кен металлургия саласында жобаларды іске асыру үшін Ақмола, Ақтөбе, Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Павлодар, облыстарында кадрларға қажеттілік 16 мың адамнан астам, ал оқу орындарында 46,9 мың адам дайындалатын болады. Үдемелі индустриялды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасының жобалары үшін кадрлар қажеттілігін талдау қажеттілік болмағандықтан мына мамандықтар мен біліктіліктер бойынша кадрлар даярланбайтынын көрсетеді: «Гидрометаллургия аппаратысы», «Қоюландырғыш аппаратшысы», «Жарғыш», «Отқа төзгіш», «Балқытқыш», «Футеровщик», «Вальцовщик», «Газкескіш», «Шихтовщик», «Қаңылтыршы», «Конвейер машинисті» және т.б. Осыған орай, көрсетілген мамандықтар бойынша Щучинск қаласының № 4 кәсіптік лицейі базасында, Көкшетау қаласының № 1 кәсіптік лицейі базасында, Өскемен қаласының № 2 кәсіптік лицейі базасында, Политехникалық колледж базасында, Қарағанды қаласының № 15 кәсіптік лицейі базасында, Павлодар қаласының № 3, 8 кәсіптік лицейлері базасында курстық дайындық жүргізілетін болады.
      Талдау бойынша қорытындылар.
      Саланы дамытудың перспективалы мүмкіндіктері:
      1. Базалық металдарға шығу;
      2. Жоғары қайта бөлу өндірістерін ұйымдастыру болады.
      Түсті металлургияда - базалық металдар өндірісін арттыру: біріншілік алюминий, мыс, мырыш және алтын.
      Сирек металл және сирек жер саласында - титан (титан кесектері және құймалары), бериллий және тантал өндіру.
      Болат құю және ферроқұйма өндірісін арттыру, атап айтқанда: болат, ферросиликомарганец және феррохром өндірісін арттыру қара металлургияда негізгі жобалар болады.
      2010-2014 жылдар кезеңінде беріктігі жоғары класты арматураны құрылыс саласының қажетсінушілігі 800 000 тоннаны, металлсортаментке 38 644 тоннаны, металл конструкцияға 272 354 тоннаны құрайды. Өнімдердің қажетті номенклатурасы: арматура, арматуралық торлар, бұрыштар, швеллер, тавр, екітавр, білік, екітаврлы білік, тиек арматурасы, созба, дөңгелектер, табақтар, сым, тон, бағандар, қоршаулар, баспалдақтар, қоршама, фермалар, бітеме бөлшектер.
      Машина жасау саласы таяу бес жылдықта қалыңдығы 12 мм. астам прокат болаты өндірісін, (темір жол машиналарын жасау үшін) және өзге де машина жасау саласы үшін кемінде 30 мың тонна құйма өндірісін, 150 мың тонна лигерленген болат өндірісін дамытуды және қуаттылығы жылына кемінде 3 мың тонна болатын трансформаторлық болат өндірісін ұйымдастыруды қажет етеді.
      Каспий теңізінің қазақстандық секторының жағалау инфрақұрылымы. Каспий теңізінің қазақстандық секторын игерудің мемлекеттік бағдарламасына сәйкес теңіз мұнайын өндіру инфрақұрылымын дамытудың бас жоспары мен және Каспий теңізінің қазақстандық секторының жағалау жолағын дамытудың кешенді жоспары әзірленді.
      Қазіргі кезде Баутино кенті ауданында жағалау инфрақұрылымының мынадай объектілерін салу жүзеге асырылуда:
      металл-конструкция зауытына арналған өндірістік алаң;
      шағын кемелерді салу зауыты;
      бұрғылау ерітінділерін өндіру зауыты.
      Аташ кенті ауданында теңіз операцияларын қолдау базасын салу аяқталуда. Атырау облысы Дамба кенті ауданында Солтүстік Каспий мұнай төгінділеріне ден қою базасын салу жобасы іске асырылуда, ал онысыз Қашаған Коммерциялық Өндіру шарасы басталмайды.
      Ақтау қаласының солтүстігіндегі Ақшұқыр ауданында КТҚС-дағы теңіз жобалары үшін металл-конструкциялар өндірісі бойынша Өнеркәсіп кешенін салу басталды.
      Аталған жобаларды іске асыру үшін қосымша металлургия өнеркәсібі өнімін (түрлі маркалы болат, болат өнімдер, металлқұрылымдар, арматура, швеллерлер және т.б ) өндіру қажет болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет