Бородулиха ауданының 2009 жылғы 2 тоқсандағы әлеуметтік-экономикалық дамуы
Өнеркәсіп
2009 жылдың 6 айына өндірілген өнеркәсіп өнімінің күтілетін көлемі 4967,8 млн теңгені құрайды, немесе 2008 жылдың қаңтар-маусым айларына қолданыстағы бағасы 102,5 %. Негізгі өнімнің көлемін «Шығыс-Астық» ЖСШ және Жезкен кен-байыту комбинаты филиалының «Қазақмыс Корпорация» ЖСШ кәсіпорындары құрайды. Шығарылған өнімнің көлемінен индекстің жеке көлемі байқалады. Тазартылмаған күнбағыс майын өндіру көлемдері төмендеу есебінен «Шығыс-Астық» ЖСШ бойынша құрамында мырыш және мырыш қоспаларын және құрамында мыс және мыс қоспаларын төмендеу есебінен болады Жезкент тау-кен байыту «Қазақмыс Корпорациясы» ЖШС кәсіпорынының филиалы бойынша индектің жеке көлемі төмендеуі. Ауданның өнеркәсібі «Қазақмыс Корпорациясы», «Жезкент кен байыту комбинаты» ЖШС тау-кен байыту кәсіпорынының филиалымен ұсынылған. 2009 жылдың қаңтар -қазан айларында өндірілген өнімнің негізгі түрлері: кен өнімі – 813,98 мың тонна, ал 2008 жылы 745,84 мың тонна өндірілген, кен өнімін өңдеу – 812,38 мың тонна, өткен жылы 747,95 мың тонна, мыс және мыс қоспаларын өндіру – 32139,16 тонна, 2008 жылы 33244,54 тонна, мырыш және мырыш қоспаларын өндіру – 26053,56 тонна, 2008 жылы өндірілгені 25915,87 тонна. Жезкен кен-байыту комбинаты филиалының «Қазақмыс Корпорация» ЖСШ кәсіпорындары бойынша жеке көлем индексінің төмендеуі мыс және мыс қоспаларын төмендеу есебінен болады, ал «Шығыс-Астық» ЖСШ бойынша өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 60 % тазартылмаған күнбағыс майын өндіру көлемдері төмендеу есебінен.
Ауыл шаруашылығы,мал және өсімдік шаруашылығы
Ағымдағы жылы егістік алқабы 277,1 мың га немесе көзделген алқаптың 101 % құрады. Егістік алқабын өткен жылмен салыстырғанда 101 мың га ұлғайды. Соның ішінде астық және бұршақ дақылдары 120,5 мың га немесе көзделген егіс алқабының (129,8 мың га) 91 % себілді. Оның ішінде:
- Жаздық бидай 80,9 мың га немесе 95,9
- Арпа 18,9 мың га немесе 100 %
- Сұлы 2,36 мың га немесе 100 %
- Бұршақ 0,16 мың га немесе 100 %
- Қарақұмық 13,5 мың га немесе 57,9 %
- Күзік қара бидай 4,63 мың га
Қазіргі уақытта ауданда пішен науқаны басталды. 8 шілде жағдайы бойынша ауданда 20,8 мың тонна пішен немесе берілген тапсырманың (95 мың тонна) 21,8 % дайындалды.
2009 жылдың 1 шілде жағдайы бойынша Бородулиха ауданында 41266 бас ІҚМ немесе өткен жыл деңгейіне қарағанда 102 %, оның ішінде 17096 бас сиыр немесе 117%, 11204 шошқа немесе 103%, қой мен ешкі 33912 бас немесе 100,2%, 3732 бас жылқы немесе 104%, 80915 бас құс немесе өткен жылдың сәйкес мерзіміне қарағанда 101%.
Ағымдағы жылдаң 6 ай ішінде ет өндіру өткен жылдың деңгейңе қарағанда 16 % өсті және 4140,4 тоннаны, сүт 18521,7 тонна және өткен жылға қарағанда өсу деңгейі 102 % құрады.
2009 жылғы көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық-материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға субсидия төлеу ережесіне сәйкес Бородулиха ауданына 412,28 млн. теңге бөлінді.
Маусым айында нақты 40 млн. игерілді. Шілде айына 239,94 млн. теңге, тамыз айына 132,34 млн. теңге бөлінді. Қазіргі уақытта ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарынан 213 өтініш қабылданды.
Жер қатнастары
Атқарылған жұмыстар нәтижесінде бүгінгі таңда ауданда 560 ауыл шаруашылығы құрылымдары, оның ішінде 544 шаруа қожалықтары тіркелді, олар жалпы алаңы 298,3 мың га, оның ішінде 234,1 мың га егіндіктер, 2 ҚШ алаңы 9,3 мың га, оның ішінде егіндіктер 4,3 мың га алып жатыр. Аудандағы ұсақ тауарлы шаруа қожалықтарын күшейту процесі жалғасуда. 37 шаруа қожалығынан алаңы 33,5 мың га, 20 жай серіктестіктері құрылды, 12 шаруа қожалықтары алаңы 1,5 мың га, «Созрань» ЖШС құрамына кірді.
Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлер 416245 га құрап, өткен жылға қарағанда 18489 га көбейді, соның ішінде егіндіктер 309487 га, ауыл шаруашылығы құрылымының тыңайған жерлері мен ауыспалы егістіктері есебінен 44761 га көбейді, және мемлекеттік қордан берілген жер телімдері, олардан есептеулер бойынша 3060,0 га суармалы жерлер, бірақ суару жүйесінің толық бұзылуынан бұл егіндіктер богарная ретінде пайдаланылуда. Тыңайған жерлер 28855,0 га құрап, өткен жылға қарағанда 31258,0 га азайған.
Шабындықтар 2122,0 га көлемінде, азаматтарға мемлекеттік қордан жер берумен байланысты өткен жылға қарағанда 384,0 га көбейген. Жайылымдар 71242,0 га азаматтарға мемлекеттік қордан жер берумен байланысты өткен жылға қарағанда 4519,0 га көбейген. Жер пайдаланушылардың жалпы саны ауыл шаруашылығы мақсатындағы 1044,0 га жер телімдерін пайдаланады, соның ішінде бау бақша шаруашылығы 482, шаруа қожалықтары 544, ЖШС және АҚ 14, өндірістік кооперативтер 2, ауылшаруашылығы оқу зерттеу институты 2. Азаматтардың жеке қожалықтар жүргізу үшін, тауарлы қожалықтарының құрамынан шығуы есебінен шаруа қожалықтарының саны артуда.
Елді мекендердің жерлері 97589 га құрап, өткен жылмен салыстарғанды 1676 га көбейген. Меншік иелерінің саны 11471.
Пайдаланылмайтын жер телімдері бойынша 28855,0 га иесіз мүлік ретінде қойылды. Пайдаланылатын арнайы жер қоры - 9122,1 га, оның ішінде егіндіктер - 8659,6 га, соның ішінде иммиграциялық қор 3000,0 га құрайды. Жердің ұтымды пайдалануын анықтау мақсатымен Бородулиха ауданында аудан әкімінің өкімімен құрылған комиссиямен түгендеу жүргізілді. Жер телімдерін түгендеу қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өндірісіне берілген жерлердің келесі шаруа қожалықтарында ұтымды пайдаланылмағаны анықталды.
Шағын бизнес
Осы уақытта ауданда 49 өндіріс кәсіпорыны тіркелген, соның ішінде – 3 ірі кәсіпорын. Ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдығында өздерінің қаражаттар есебіне А.А. Бекетов ЖК ауылшаруашылық техникасының турбин жөндеу бойынша (ШҚО бойынша алғашқы цех болып табылады) цехін ашылды, Н.И. Ситникова ЖК Бородулиха ауылында «Галлела» аралас түрдегі дүкен ашшты, Рузанкова ЖК Новая-Шульба ауылында «Родничок» дүкені ашылды, Соколова ЖК Успенка ауылында «Тополек» дүкені ашылды, Басшысы А. Кудушев «Аманат» ШҚ базасында күнбағыс дәнін пакеттеу бойынша цехі ашылды, Лазарев П.П. «Голден Мак» ЖСШ базасында терезе және есік құру және өндіру бойынша цехі ашылды.
Бүгінгі күнде «СПК «Ертiс» НК мен ынтымақтастылық орнатылды. Қаралуда 6 инвестициялық жоба тұр, соынң ішінде: жалпы сомада 753 млн теңге 5 жоба және жалпы сомада 4 млн евро 1 жоба. Ауданда аталған жобаларды іске асыру жағдайында 100 жаңа жұмыс орыны құрылатын болады.
Бородулиха ауданы бойынша 75,7 млн теңге жалпы сомасында 6 жоба қаржыландырылыды 2008-2009 жылдарға облыстың бюджет есебінен 2-ші деңгейдегі банкі және «Даму» кәсіорынның қорын дамыту» АҚ филиалының Өңірі арқылы шағын және орта бизнестің субъектілерін салалық жобасын қаржыландыру үшін 2007 жылғы 6 қарашадағы № 1039 ҚР Үкіметінің Қаулысын іске асыру шеңберінде.
2008-2009 жылдарда Аграрлық Несиелік Корпорациясы арқылы 2 жоба жалпы сомасы 146,0 млн теңгеге қаржыландырылды.
Ауданда кәсіпорындарды дамыту әкімшілік бөгеттер бойынша жұмыс топтары қызмет етеді.
Жұмыс топтарының отырысы тоқсанына біррет жүргізіледі.
2009 жылдың 1 шілдесінің жағдайы бойынша Бородулиха ауданында қорытынды шығарылды:
Бүгінгі күні ауданда меморандум қызметінің шартын бұзған кәсіпорын жоқ.
Еңбек төлемі
Ауданда 2009 жылдың 1 шілдесінің жағдайы бойынша ірі және орташа кәсіпорындар бойынша ауданның статистика бөлімі 1-ПФ нысаны бойынша саналатындар, 206926 мың теңге мөлшерінде жалақы бойынша қарыздары бар, соның ішінен 2105,0 мың теңге ұсталғандар.
Сумен жабдықтау және су жеткізу
2009 жылға ауданның сужабдықтау жүйесін қайта жөндеуге 174 млн 215 мың теңге республикалық бюджет қаражат есебінен жоспарланды.
Ағымдағы жылы Бородулиха ауылында (екінші кезекте) 16.8 км ұзындықта сужабдықтау жүйесін қайта жөндеуге жұмысты аяқтау бойынша жұмыстар жүргізілу аяқталуда. Дмитриевка ауылында 19 км ұзындықта сужабдықтау жүйесін қайта жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 2009 жылы 85795 мың теңге бөлінді, 2009 жылдың 1 шілдесіне 53099 мың теңге игерілді. Ағымдағы жылдың 3 тоқсанына аталған объектіні эксплутациялау енгізу қаралуда.
Коростелі ауылындада 8 км ұзындықта сужабдықтау жүйесін қайта жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылға 35400 мың теңге бөлінді, 23000 мың теңге игерілді, 2009 жылдың қазан айына эксплуатация енгізу.
2009 жылдың үшінші тоқсанында жергілікті бюджет қаражат есебінен Бородулиха ауылының (екінші кезекте) суенгізу және сужабдықтау жүйесін қайта жөндеу үшін 19 млн теңге жоспарланды.
Ауданның алты елді мекендерінде с. Бородулиха (үшінші кезекте), Камышенка ауылында, Шелехово ауылында, Ауыл бекетінде, Березовка санаторийсында, Ивановка ауылында сужабдықтау жүйесін қайта құруға «2005-2010 жылдарға ауыз суы» бағдарламасын орындау мақсатында жобалы-сметалық құжаттаманы іске асырылуда.Осы мақсаттарға жергілікті бюджеттен 23500 мың теңге бөлінді, 2009 жылдың 1 шілдесіне жағдайы бойынша 16590,0 мың теңге немесе 70,6 % игерілді.
Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігін және автокөлік жолдарын дамыту
2009 жылдың 17 наурыздағы № 218 аудан әкімшілік қаулысына сәйкес «Абаттандыру, көгалдандыру және аудандағы санитарлық тазалық бойынша екі айлық өткізу» 2009 жылдың 1 сәуірінен бастап барлық аудан ауыл аймақтарында мекеме аумақтарында және тұрғын үй мандарын абаттандырылып және санитарлық тазалықтар өткізілді.
Барлық аудан тұрғындары сенбіліктерге белсене қатысты. Жас көшеттерді отырғызу ұйымдастырылды, барлығы аудан бойынша 5291 түп тоғайлар мен тал шіліктер отырғызылды. Аудан орталығында 150 көшет шырша, 410 көшет шетен мен қайын отырғызылды. Осы жұмыстардың өндірісі үшін «Абаттандыру және аймақтарды көгалдандыру бағдарламасына 848 мың теңге бөлінді.
Екі айлық өткізу барысында абаттандыру, көгалдандыру және аудан елді мекендерінің санитарлық жағдайы бойынша 228 км көше тазартылды, 43,1 га парктер, сквер, алаң, 56 оқу ғимараттар аумағы, бала бақша мәдениет және денсаулық сақтау мекемелері, 10620 м. куб қоқыс шығарылды.
Қаржыландыру жоспарына сәйкес жүзеге асыру шеңберінде «Жол картасы» 2009 жылы су құбырын және су құбыры жүйелерін ағымдағы жөндеуден өткізу жоспарланып менгерілген Орловка ауылына 30345 мың теңге, соның ішінде республикалық бюджеттен 5648 мың теңге. Жоспарланған жұмыс орындарының саны - 34 адам. Жол картасы жұмысының аяқталу мерзімі 2009 жылдың сәуірінен, тамызына дейін. 5 автомабиль жолы жөндеуден өткізіледі, 2009 жылдың 1 маусымына 10558 мың теңге игерілді, жұмысқа 42 жұмысшы қабылданды.
Бородулиха ауданының жиек тастарын ағымдағы жөндеуден өткізілуіне 11000 мың теңге соның ішінде республикалық бюджеттен 8962 мың теңге бөлінді. Жол картасының орындалу уақыты 2009 жылдың мамырынан қыркүйекке дейін белгіленді. 1800 метр ұзын бойғы жиек тастарын құру 2009 жылдың 1 маусымына дейін 6435 мың теңге игерілді, ұзын бойғы жиек тастарының орнатылғаны 1174 метр, жұмысқа 20 жұмысшы қабылданды.
Бородулиха ауданының көгалдандыру суару жүйелерін ағымдағы жөндеуден өткізуге 4000 мың теңге бөлінді, соның ішінде республикалық бюджеттен 3221 мың теңге. Жоспарланған жұмыс орны – 50 адам. Жол картасының орындалу мерзімі 2009 жылдың мамырынан қыркүйекке дейін. Суару жүйелері 3000 метр құбыр салынды, 2009 жылдың 1 маусымынан 1200 мың теңге игерілді, 900 метр құбыр монтаждалды, 12 жұмысшы жұмысқа қабылданды.
Ауданда жұмыс істеу мен қамтамасыз етуде аудан мағыналас автомабиль жолдары ұзындығы 273 км елді мекен көшелер жөнделді. 2009 жылы барлығы 107 миллион 300 мың теңге қысқы жолдарға ұстауына 1 миллио 300 мың теңге қысқы аудан орталық жолдарына ұстауға жоспарланды.
2009 жылдың тұрғын үй комиссия жұмыстары тізімге қойылды: Бородулиха ауылында мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік мекеме қызметкерлерінен – 21өтініш беруші, жағдайы төмен, азаматтарды әлеуметтік қорғау – 11 өтініш беруші, Жезкент кентінде мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік мекеме қызметкерлері – 1 өтініш беруші, жағдайы төмен, азаматтарды әлеуметтік қорғау – 3 өтініш беруші.
2009 жылғы аудан бюджетінен төрт қызмет үй алынды: Жезкент кентінен бағасы 1510 мың теңге, Новая-Шульба ауылында бағасы 700 мың теңге, Бородулиха ауылында 400 мың теңге, Переменовка ауылында бағасы 350 мың теңге.
Тұрғын үй бағдарламасын орындауда 2009 жылы аудан орталығында төрт пәтерлі тұрғын үй құрылысы басталды Бородулиха ауылы Молодежная көшесі, аудан бюджет шот есебінен 20603,0 мың тенге аланішілік жүиеде 5733,0 мың теңге (2009 жылдың 1 маусымына 19374,0 мың теңге игерілді). Тұрғын үйдін пайдалануға берілуі 2009 жылдың қыркүйегіне белгіленген.
Білім беру
Республикалық бюджеттен мектептерге бөлінген қаражат:
- мемлекеттік орта білім беруді интерактивті оқыту үшін бөлінген несие 3132,0 мың теңге игерілген 2985,9 мың теңге, игерілмегені: 2461 мың теңге. Игерілмеген қаржы байқау өтпегенмен үнемделген. Бұл шығын 2008 жылдың 1 жартыжылдығында 3152,0 теңге болып игерілген;
- кабинеттерді жабдықтау үшін республикалық бюджеттен 4096,0 мың теңге бөлінген, кассалық шығын 3810 мың теңгені құрайды. Игерілмеген қаржы 286 мың теңге ашық байқаудан үнемделген.
Еңбекпен қамудың аймақтық стратегиясы және кадрларды қайта оқыту, объектілерді күрделі және ағымдағы жөндеуден өткізуге 47692,0 мың теңге бөлінген, оның Республикалық бюджеттен бөлінгені 3050 мың теңге. Нақты шығындалғаны 46017,0 мың теңге игерілген, оның ішінде республикалық бюджеттен 2837,6 мың теңге. Игерілмеген қаржы 1674,3 мың теңге.
Әуезов атындағы орта мектептің Новопокровка аулындағы спорттық залға қосымша құрылыс қосу үшін жасалынған ЖСҚ құны 1750,0 мың теңге, игерігені 1580,0 мың теңге. Игерілмеу себебі байқаудың жарияланбауы.
Қазақстан Республикасынының «Білім туралы» Заңына сәйкес ҰБТ 5 пәннен өткізілді: математика, ана тілі (тіліне қарай), Қазақстан тарихы және қазақ тілі орыс мектептері үшін, орыс тілі қазақ мектептері үшін, таңдаған пәндер: жағрапия, биология, физика, дүние жүзі тарихы, шет тілі, химия.
419 мектеп бітірушінің 29 оқушысы 100 – ден жоғары бағаға ие болды (өткен 2008 жылы – 21 оқушы, 2007 жылы – 8 оқушы)
Жалпы орта білім беру туралы аттестаттың «Алтын белгі» белгісіне 10 үміткер болса олардың 5 өз білімдерін растады, яғни ол – 50 пайыз (2008 жылы 3 үміткердің 1 ғана білімін растады).
Аудан бойынша орташа балл – 70,8 (2008 жылы - 63,6, 2007 жылы – 61,7 пайыз).
Барлық мектеп бітірушілерден 5 оқушы өз білімдерін растап «Алтын белгі» белгісін алды (2008 жылы – 1)және 1 оқушы үздік аттестатқа ие болды.
2008 – 2009 оқу жылында 11 сынып бітіруші 419 оқушының 188 жоғарғы оқу орнына, 41 ПТШ, 177 колледжге, 6 оқушы шетелге кетуге, 7 жұмысқа орналасуды жоспарлауда.
9 сынып бітірген 516 оқушының 103 өз білімдерін колледждерде, 61 ПТШ -да, 2 – шетелге кетуге, 350 өз оқуларын жалғастырады.
Мектеп бітірушілердің жұмысқа орналасуы аудандық білім беру бөлімінің назарында.
Денсаулық сақтау
2009 жылдың қаңтар-маусым айларында онкологиялық жағдайы, 10 түберкүлез жағдайы, 16 психологиялық жағдай, 71 наркологиялық жағдайы, 41 эндокриналды жағдайы аурулар және 28 ауру жағдайы, жыныс қатынас жолымен жұғатын аурулар тіркелді.
2009 жылы тұберкүлезбен ауыратын, онкологиялық ауыратын,қант диабетімен және аурулардың өсімі, жыныс қатынас жолымен ауыратын аурулар төмендеуі байқалады.
Тегін медициналық көмектің анықталған көлемін орындау үшін мемлекеттік тапсырыс сомасы 2009 жылы 375930,13 мың теңгені құрады, бұл өткен жылдың деңгейінен 15 % жоғары.
2009 жылдың 1 шілдесінің жағдайы бойынша 221 адам қайтыс болды, соның ішінде 1 жасқа дейінгі – 9 адам. 2009 жылдың 1 жартыжылдығының жағдайы бойынша жаңа туылғандар саны 227 адам. Елді мекеннің өсу қарқыны 6 адамды құрады.
Тегін медициналық көмек нақтыланған көлеміне сәйкес елді мекен деректенген тобын профилактикалық тексеру жүргізіледі, нақтылай келгенде: рака шейки жатырын тексеру мақсатымен кәсіби қарау 70 % орындалды, қанайналым жүйесінің ауруы - 68 %, рака молочной железы тексеру мақсатымен - 53 %, 18 жасқа дейінгі балаларды тесеру - 80 % орындалды.
«Жол картасы» бойынша ауданның денсаулық сақтауына 60 млн теңге бөліінді. 26 денсаулық сақтау басқармасының объектісінде жөндеу жұмыстары жүогізілуде. Новошульба участкелік ауруханасында 8,8 мың теңге сомасына жөндеу жұмыстары аяқталды.
Негізгі каптиалдың инвестициясы
Негізгі капитал инвестициясының күтілген көлемі 2009 жылдың 6 айына 1146,84 млн теңге құрайды, бұл өткен жылдың ағымдағы кезеңімен салыстырғанда 57,8 % құрады. 2009 жылдың қаңтар-мамыр айларында талданған нақтылауында және 2008 жылдың ұқсас кезеңінде анықталды, бұл инвестицияның жеке көлемінің индексініңтөмендеу себінің негізі болып төмендегі кәсіпорындардың салған қаржы қаражаттар есебінен төмендеуі болып табылады: Жезкент тау-кен байыту комбинатының «ҚазахмысКорпорация» ЖСШ филиалы (өткен жылдың ұқсас кезеңімен салыстырғанда 60 % инвестиция төмендеді), «Дошкольник» жеке меншік мекеме филиалы «Дошкольник-Востокказмедь»,«Жалпы үлгідегі кәрілерге және мүгедектерге арналған Бородулиха медициналық-тазалық мекемесі» ММ.
Бюджеттің кіріс бөлігін орындау
Ауданның бюджетінің кірісі 2009 жылдың 1 жартыжылдығына 102,0 % орындалды, 1126143,6 мың теңге жоспарында 1148496,7 мың теңге түсті.
2009 жылдың бірінші жартыжылдығына меншік кірісі 210767,0 мың теңге жоспарында 233690,2 мың теңге немесе 110,9 % түсті, 2008 жылдың сәйкес кезеңіне меншік кірісіне 232552,6 мың теңге түсті 198276,0 мың тенге жоспарында немесе 117,3 % жоспардан, бұл 2009 жылдың бірінші жартылдығынан 1137,6 мың тенгеге аз.
2009 жылдың 6 айына түскен ресми трансферттер - 914806,5 мың теңге, 737857,0 мың теңге жоспарында, 915376,6 мың теңге немесе 99,9 % жоспардан, соның ішінде:
- субвенция – 737857,0 мың теңге жоспардан түкен орындалу 100 % құрады.
2009 жылдың сәйкес кезеңіне әлеуметтік салықтан басқа барлық бюджеттік классификация коды бойынша орындалу болды. 67825,0 мың теңге жоспарынан 64304,0 мың теңге түсті, бұл 94,8 % жоспардан құрады. Бұл жұмыс уақытын қысқартуға байланысты «Қазахмыс Корпорация» ЖСШ түсімінің төмендеуі.
Бюджеттің шығыс бөлігін орындау
Ауданның бюджеті шығын бойынша орындалған 93,7%, төлемдері бойыншаанықталған жоспар 1135216,7,0 мың тенге 1063542,8 мың теңге орындалған. Былтырғы жылдың ұқсас кезеңінен 91,1% бюджет орындалған, 912189,7 мың теңге анықталған жоспар 830687,0 мың теңге игерілген. 2009 жылдың 1 жартыжылдығына игерілмеген сомасы 71673,9 мың теңгені құрайды, соның ішінде ағымдағы бюджет бағдарламасы бойынша 21238,4 мың теңге және бюджет бағдарламаларын дамыту 50435,5 мың теңге.
Қаржыландыру жоспарын орындамаудың негізгі мәселесі: объекті мәселесі бойынша - 24500,8 мың теңге (мемлекеттік сатып алу бойынша эконом, еңбек жалақы қоры және салықтар бойынша эконом, іс-сапарлар графигінің өзгеруі, қаражат экономы, КЖ қаралғандар, әлеуметтік жәрдемақы төлемдер бойынша эконом); субъекті мәселесі бойынша - 47173,1 мың теңге, соның ішінде бюджеттік бағдарламаның нәтижесіз басқарылымы 12814,7 мың теңге, қаражаттың негізсіз жоспарлануы - 34358,2 мың теңге (жылдық жоспардың айлық үлестірімі дұрыс емес). «Мемлекеттік қызметтің жалпы сипаты»шығынын бөлу бойынша 103083,7 мың теңгеге орындалды, 112374,0 мың теңге жоспарында немесе 91,7 %.
«Қорғау» шығынын бөлу бойынша 93,2 % орындалды, анықталған жоспарында3210,0 мың теңге 2991,5 мың теңге орындалған. 338 адам қосымша жазылуды өтті, 325 адам медициналық тексерілуден өтті, 20 адам әскерге шақырылды.
«Білім беру» шығынын бөлу бойынша сомасы 649343,1 мың теңгеге орындалды 656238,0 мың теңге жоспарында, бұл 98,9 % құрайды.
«Денсаулық сақтау» шығынын бөлу бойынша денсаулық сақтау ұйымында ауыр қалдегі ауруларды өздеріне қосады. Есеп кезеңінде 100% шығын орындалды, 72,0 мың теңге жоспарында 72,0 мың теңге орындалды.
«Әлеуметтік көмек және әлеуметтік қамту» шығынын бөлу бойынша 96,2 % орындалды 61073,0 мың теңге анықталған жоспарда 58782,1 мың теңгеге орындалды.
«Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы» шығынын бөлу бойынша 75,5 % орындалды, 197179,6 мың теңге анықталған жоспарда 148825,7 мың теңге орындалды.
«Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік» шығынын бөлу бойынша 97,6 % орындалды, 32482,0 мың теңге анықталған жоспарда, 31696,2 мың теңге орындалды.
«Ауыл шаруашылығы» шығынын бөлу бойынша 92,5 % игерілді, 25996,6 мың теңге анықталған жоспарда 24058,0 мың теңге орындалды.
«Өнеркәсіп, архитектура, градоқұрылыс және құрылыс қызметі» шығынын бөлу бойынша 98,7 % орындалды 5071,0 мың теңге анықталған жоспарда 5003,9 мың теңге орындауды құрады. «Көлік және коммуникация»шығынын бөлу бойынша 100 % орындалды, 33640,0 мың теңге анықталған жоспарында 33639,8 мың теңге орындалды. Аудандағы маңызы бар автокөлік жолдарын ұстау және ағымдағы жөндеуге кадрларды қайта дайындау және жұмыспен қамту өңірлік стратегиясын іске асыру шегінде 20700,0 мың теңге бөлінді, соның ішіндн республикалық бюджет қаражат есебінен 12800,0 мың теңге. Аталған сомма түгелдей игерілді.
«Басқалар» шығынын бөлу бойынша 75,9 % орындалды, 7618,0 мың теңге анықталған жоспарда 5784,2 мың теңге орындалды.
«Трансферттер» шығынын бөлу бойынша. 2009 жылдың 1 қаңтарында берілген 262,5 мың теңге сомасында, пайдаланылмаған трансферттер қайтарылымы өндірілді.
Қылмыстылық
2009 жылдың 1 жартыжылдығында тіркелеген қылмыстардың саны 110-нан 90-га дейін төмендеді, бұл былтырғы жылдың ұқсас кезеңінен 18,2 % аз, оның ішінде жалпы қылмыстық қылмыстар 94-тен 73-ке дейін, 22,3 % төмен. Ашылудың пайызы 93,5 % құрады (2008 жылы - 93,0 %). Сотқа барлығы 86 қылмыстық іс жолданды, ал 2008 жылдың ұқсас кезеңінде – 88 іс.
Жылдың басынан ЕБКБ бағыты бойынша барлығы есірткі қылмыстарының 9 фактісі тіркелді. Барлық алынған есрткі заттары - 74,85 гр (2008 жылдың ұқсас кезеңінде - 644,51 гр), оның ішінде марихуана - 73,96 гр (2008 ж - 619,02 гр), героин - 0,89 гр. (2008 ж - 25,33 гр).
2009 жылдың 2 тоқсан қорытындылары бойынша 12730 теңге сомасына айыппұл салынып, ҚР ӘҚБтК 320 б бойынша (есірткі заттарын өткізу мақсатынсыз заңсыз сақтау және тасу) әкімшілік жауапкершілікке 7 адам тартылды.
Бородулиха АІІБ есебінде нашақорлықпен ауыратын 34 адам тұр.
2009 жылдың 6 айында учаскелік полиция инспекторларының жеке тінтуімен 57 қылмыс ашылды. Маскүнемдіктен мәжбүрлеп емдеуге 16 адамды жіберуге дайындалды, бірақ СЕАЕ-да орын жоқ болғандықтан осы көрсеткіш нөлге тең. Өтіп кеткен кезеңде 62 атыс қаруы алынды, іздестіруде жүрген 17 адам ұсталды.
Достарыңызбен бөлісу: |