Сабақтың мақсаты: Барлық оқушы : Натурал санның бөлгіштерін таба алады, бөлгіштерінің санын анықтайды



бет1/3
Дата26.03.2023
өлшемі1.2 Mb.
#471119
түріСабақ
  1   2   3
ЖАЙ ЖӘНЕ ҚҰРАМА САНДАР


Сабақтың тақырыбы:

Жай және құрама сандар

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары:

5.1.1.6 жай және құрама сандардың анықтамаларын білу

Ойланудың деңгейлері:

Білу, түсіну, қолдану

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушы:
Натурал санның бөлгіштерін таба алады, бөлгіштерінің санын анықтайды.
Оқушылардың басым бөлігі:
Натурал сандардың бөлгіштеріне қарай жай немесе құрама екенін анықтайды, жай сандар кестесін пайдаланып тапсырмаларды орындайды.
Кейбір оқушылар:
Жай сандардың ішінен егіз сандарды таба алады, құрама сандардың ішінде кемел сандардың болатынын түсінеді және оны табу үшін ізденеді, берілген цифрларды пайдаланып жай немесе құрама сандарды құрастырады, санның құрама екендігін дәлелдейді.

Бағалау критерийі

– Натурал санның бөлгіштерін біледі;
– Берілген сандар қатарынан жай және құрама сандарды көрсетеді;
– Натурал санның бөлгіштерінің саны бойынша жіктейді;
– Жай саннан да, құрама саннан да басқа тек 1 бөлгіші бар сан бар екенін біледі;
– Егіз сандарды таниды және дәлелдейді;
– Жай және құрама сандармен орындалатын арифметикалық амалдар нәтижелерін қорытындылай алады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет