Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы



Дата25.02.2016
өлшемі20.49 Kb.
#21947
Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы N 267-II Заңы


Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 2001 ж., N 23, 316-құжат; "Егемен Қазақстан" 2001 жылғы 14 желтоқсан N 285-288

      Осы Заң Қазақстан Республикасында атап өтiлетiн мерекелердiң құқықтық негiздерiн айқындайды.

      1-бап. Қазақстан Республикасында атап өтiлетiн мерекелер

      Қазақстан Республикасында ұлттық мерекелер, мемлекеттiк мерекелер, кәсiби және өзге де мерекелер атап өтiледi.


      Ұлттық мерекелер - Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң дамуына елеулi ықпал еткен, ерекше тарихи маңызы бар оқиғалардың құрметiне Қазақстан Республикасында белгiленген мерекелер. Ұлттық мерекелердi мейрамдау кезiнде орталық және жергiлiктi мемлекеттiк органдарда ресми iс-шаралар өткiзiледi.
      Мемлекеттiк мерекелер - қоғамдық-саяси маңызы бар оқиғаларға арналған, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтары дәстүрлi түрде атап өтетiн мерекелер. Мемлекеттiк мерекелердi мейрамдау кезiнде ресми iс-шаралар өткiзiлуi мүмкiн.
      Кәсiби және өзге де мерекелер - ұлттық және мемлекеттiк мерекелер мәртебесi берiлмеген, азаматтардың жекелеген санаттары атап өтетiн мерекелер.

      2-бап. Ұлттық мерекелер

      Қазақстан Республикасындағы Ұлттық мереке - 16-17 желтоқсанда атап өтiлетiн 16-желтоқсан - Тәуелсiздiк күнi.

      3-бап. Мемлекеттiк мерекелер

      Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк мерекелер - мына күндерi атап өтiлетiн мерекелер:
      1-2 қаңтар - Жаңа жыл;
      8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнi;
      21-23 наурыз - Наурыз мейрамы;
      1 мамыр - Қазақстан халқының бiрлiгi мерекесi;
      9 мамыр - Жеңiс күнi;
      6 шiлде - Астана күнi;
      30 тамыз - Қазақстан Республикасының Конституциясы күнi.
       Ескерту. 3-бапқа өзгерту енгiзiлдi - Қазақстан Республикасының 2008.06.25 N 47-IV (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-тармақтан қараңыз), 2009.04.22. N 152-IV Заңдарымен.

      4-бап. Кәсiби және өзге де мерекелер

      Кәсiби және өзге де мерекелер Қазақстан Республикасындағы мерекелiк даталар болып табылады.
      Мерекелiк даталар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейдi .

      5-бап. Мереке күндерi

      Қазақстан Республикасындағы ұлттық және мемлекеттiк мерекелер атап өтiлетiн күндер Қазақстан Республикасының еңбек заңдарына сәйкес мереке күндерi деп танылады.
      Қазақстан Республикасындағы мереке күндерi жұмыс iстемейтiн күндер болып табылады.
      Демалыс және мереке күндерi сәйкес келген жағдайда мерекеден кейiнгi жұмыс күнi демалыс күнi болады.

      6-бап. Осы Заңды қолданысқа енгiзу тәртiбi

      1. Осы Заң ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.
      2. Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Қазақстан Республикасындағы мереке күндерi туралы" 1995 жылғы 18 қазандағы N 2534 заң күшi бар Жарлығының (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., N 21, 125-құжат) күшi жойылды деп танылсын.

      Қазақстан Республикасының


      Президентi

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет