Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысы



Дата12.07.2016
өлшемі100 Kb.
#195611





Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 5 мамырдағы №24 қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарының Мұрағаттар мен құжаттама басқармасы тарапынан 2012 жыл көлемінде орындалуы жайлы ақпарат
Қызылорда облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 5 мамырдағы №24 қаулысымен бекітілген іс-шаралар жоспарын жүзеге асыру мақсатында 2012 жыл көлемінде тұрақтылықты арттыруға, жемқорлықты жоюға, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыруға бағытталған бірқатар жұмыстар атқарды.

Мұрағат қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық сипатында құқық бұзушылықты болдырмау және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында облыс, қала және аудан мұрағаттары «Нұр Отан» ХДП қоғамдық бірлестігімен бірлесе 14 рет дөңгелек үстел, 1 жиын өткізді. Аталған шаралар мұрағат қызметкерлерінің мемлекеттік қызмет көрсетудегі оң имиджін қалыптастыруды және құқықтық сана мен құқықтық мәдениетті қалыптастыруды мақсат етеді.

Облыс, қала және аудан мұрағаттары жергілікті басылымдарда сыбайлас жемқорлыққа қатысты «Сыбайластықтың алдын алу – баршамыздың міндетіміз», «Артықшылық көрсетілмейді», «Бәріміз атсалысайық!», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі», «Сыбайластыққа тосқауыл қойыла береді», «Қоғамды кеулеген кеселмен күресу» және т.б. тақырыптарында 17 мақала жариялады. Сонымен қатар, «Сыр бойы» газетінің 28.04.2012 ж. №67 (18363) санында мұрағаттар мен құжаттама басқармасы тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет жайлы басқарма бастығы Ғ.Жарқынбаевтың «Жаңа бастама – жарқын қолжетімдік кепілі» атты сұхбаты, сондай-ақ, «Құжат айналымы мәселелері – Вопросы документооборота» республикалық журналының 2012 жылғы қарашадағы №11 санында «Мұрағат саласын жаңғырту жолында» атты мақаласы жарияланды.

Мұрағат қызметкерлері сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында Халыққа қызмет көрсету орталықтарының бөлімшелерімен бірлесе жұмыс жасап, жүгінген тұлғаларға мұрағаттық анықтама беруді уақытылы әрі сапалы етіп орындауда. Азаматтардан түскен өтініштерді толығымен тіркеу, қабылдау, мерзімінде сапалы орындалуы үнемі бақылауда. Аталған мерзім ішінде облыс мұрағаттары Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен бірлесіп 6 семинар ұйымдастырды.

Облыстық, қалалық және аудандық бұқаралық ақпарат құралдарында мұрағат директорларының жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін қабылдау жөніндегі кестесі, сонымен қатар, «Таным мен тағылым» республикалық басылымының 2012 жылғы 1 маусымдағы №20 (24) санында Мұрағаттар мен құжаттама басқармасының азаматтарды қабылдау кестесі және «сенім телефоны» жарияланды.

Мұрағат мекемелерінде Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты арнайы 10 ақпараттық оқу, 2 кездесу және 5 сабақ өткізілді.

Басқарманың есеп бөлімі (бухгалтерия) және кадр қызметі орталықтандырылуына байланысты, жаңартылып отыратын нормативтік-құқықтық актілердің электрондық қоры басқарманың мұрағат ісін ұйымдастыру және үйлестіру мен есеп бөлімдерінде және облыс мемлекеттік мұрағатында орналастырылған. Мемлекеттік сатып алу рәсімдерінің барлығы заң аясында ашық түрде www.goszakup.gov.kz. республикалық веб-порталына электронды хабарлама беру арқылы жүргізілуде. Сондай-ақ, облыс әкімінің ресми порталында жариялануда.

Бекітілген іс-шаралар жоспарына сәйкес, мұрағат мекемелері арнайы сенім телефондарымен және арыз-шағымдарға арналған жәшіктермен қамтамасыз етілген. Жыл басынан бастап 51 азамат басқарма бастығының қабылдауында болды. Сондай-ақ, жеке және заңды тұлғалар облыс әкімінің ресми веб-порталындағы басқарма бастығының блогы арқылы тікелей байланыса алады. Ал, сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және алдын алу мақсатында 17-19 қазан аралығында басқарма бастығы Ғ.Жарқынбаев аудандарға шығып, 23 азаматқа жеке қабылдау жүргізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң талаптарын сақтауда қызметшілердің іс-қимылдарында теріс қылықтардың белгісі болған емес. Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының нормаларын бұзған фактілер орын алған жоқ.

Басқарманың мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілігі үнемі арттырылып отырады. Есепті мерзім ішінде мекемедегі барлық мемлекеттік қызметшілер «ҚР мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» бағдарламасына сәйкес деңгейлік оқыту курсынан өтіп, «Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік оқыту» курсының тереңдетілген деңгейін бітіргендігін куәландыратын сертификатқа ие болды. Сондай-ақ, қазақ тілін білу деңгейін бағалауда мемлекеттік қызметшілер «Казтест» жүйесі бойынша сынақ тапсырып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.

Сондай-ақ, мұрағат мекемелерінде азаматтардың жеке сұрақтарына қатысты кеңестер беріліп, жұмыс барысында мұрағат қызметкерлерінің қызметтік этика талаптарының сақталуын қамтамасыз ету үнемі бақылауда.

Алдағы уақытта да сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын арттыруға тиісті шаралар одан әрі жалғасын табады.



Қызылорда облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы және мұрағат мекемелерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша 2012 жыл көлемінде атқарған жұмыстары туралы ақпарат




Іс-шараның атауы

Орындалуы туралы ақпарат

1

Саяси партиялармен және қозғалыстармен бірлесе отырып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта қоғамдық тыңдаулар, акциялар және іс-шаралар өткізу

Облыс, қала және аудан мұрағат қызметкерлері арасында сыбайлас жемқорлық сипатында құқық бұзушылықты болдырмау, алдын алу және қызметкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында «Нұр Отан» ХДП-мен бірлескен 14 дөңгелек үстел, 1 жиын өткізілді.

Өткізілген шаралардың кейбіріне тоқталатын болсақ:

- 2012 жылғы 8 ақпан күні сағат 16.00 облыстық баспасөз клубында «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан дамуының басты бағыты» атты Елбасының биылғы Қазақстан халқына арнаған Жолдауын мұрағат саласының қызметкерлеріне насихаттау бойынша «Нұр Отан» ХДП бастауыш ұйымымен бірлескен іс-шара өткізілді. Шара барысында әсіресе, Жолдаудың 4-бағыты: «Мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру» бойынша жүргізілетін жұмыстарға басты назар аудару қажеттігі атап көрсетілді. Себебі, мемлекеттік қызмет көрсетуді жетілдіру арқылы сыбайлас жемқорлыққа тосқауыл қойып, азаматтардың мемлекеттік органдар қызметіне сенімін арттыруға мүмкіндік бар. Осы орайда өз ұсынысын айтқан облыстық мемлекеттік мұрағат директоры Г.Ақтөреева мұрағатта тұрғындарға анықтама беруді өте мұқият және таза атқаруды қадағалайтынын жеткізді, сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің тек табыстарына ғана емес, жұмсаған қаражатына да декларация жасау туралы Елбасы пікірімен толық келісетінін атап өтті.

Сондай-ақ, аудандық мұрағаттарда «Нұр Отан» ХДП және басқа да құзырлы органдар өкілдерін қатыстыра отырып, төмендегі тақырыптарда дөңгелек үстелдер ұйымдастырылды:

29.02.2012 ж. Шиелі аудандық мұрағатында «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары П.Маханбеттің қатысуымен «Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және алдын алу»; 02.03.2012 ж. «Нұр Отан» ХДП Жалағаш аудандық филиалы жанындағы сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі қоғамдық кеңесімен және аудандық әділет басқармасымен бірлесе ұйымдастырылған «Біз сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз»; 30.03.2012 ж. Сырдария аудандық мұрағатында – «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалымен бірлесіп «Халыққа қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлыққа жол бермеу»; 21.06.2012 ж. Шиелі аудандық прокурорының көмекшісі С.Амиреевті қатыстыра отырып, мұрағатта өткізілген «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі бағдарламалар», 11.10.2012 ж. Қазалы аудандық мұрағатында аудандық Халыққа қызмет көрсету орталығы мен Зейнетақы төлеу мемлекеттік орталығы қызметкерлерінің қатысуымен «Азаматтардың зейнеткерлікке шығу кезіндегі құжаттарын ресімдеу» атты дөңгелек үстелдер және т.б.


4

Бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, дөңгелек үстелдер, конференциялар, дәрістер, семинарлар, брифингтер өткізу тәжірибесін жалғастыру, бұл ретте тренингтік оқытудың жаңа нысандары мен әдістерін пайдалану

Облыс, қала және аудан мұрағаттары жергілікті басылымдарда сыбайлас жемқорлыққа қатысты түрлі тақырыптарда 17 мақала жариялады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарымен бірлесіп 6 семинар ұйымдастырды.

Сонымен қатар, барлық мұрағат мекемелерінде Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 2 шілдедегі № 267 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңына және Қызылорда облысы әкімдігінің 2011 жылғы 5 мамырдағы №24 қаулысымен бекітілген «Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2011-2015 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жөніндегі Қызылорда облысының іс-шаралар жоспарына» енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға байланысты 10 аппараттық оқу, 2 кездесу және 5 сабақ өткізілді.



5

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша мемлекеттік органдар өкілдерімен Интернет конференциялар, «тікелей желі» жүргізу тәжірибесін жалғастыру

Жеке және заңды тұлғалар облыс әкімінің ресми веб-порталындағы басқарма бастығының блогы арқылы тікелей байланыса алады. Сонымен қатар, 2012 жылғы 10 шілдеде өткізілген Елбасы Жолдауының облыс аумағында жүзеге асырылу барысы жөніндегі интернет-конференцияда мұрағаттық анықтама беру және мұрағаттық ақпаратты пайдалану мәселелеріне байланысты тұрғындардың сұрақтарына жауап берілді.

8

Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта тұрақты айдарлар мен жарияланымдар, теледидар бағдарламалары мен радиохабарлар жасау, сондай-ақ, жарнамалық-имидждік роликтер, брошюралар, буклеттер мен жаднамалар шығарудың кешенді шараларын жүзеге асыру

Облыс, қала және аудан мұрағаттары жергілікті басылымдарда сыбайлас жемқорлыққа қатысты «Сыбайластықтың алдын алу – баршамыздың міндетіміз», «Артықшылық көрсетілмейді», «Бәріміз атсалысайық!», «Сыбайлас жемқорлықпен күрес – ортақ парызымыз», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі», «Сыбайластыққа тосқауыл қойыла береді», «Қоғамды кеулеген кеселмен күресу», «Жемқорлық – қоғам дерті» және т.б. тақырыптарда 17 мақала жариялады. Сонымен қатар, «Сыр бойы» газетінің 28.04.2012 ж. №67 (18363) санында мұрағаттар мен құжаттама басқармасы тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет жайлы басқарма бастығы Ғ.Жарқынбаевтың «Жаңа бастама – жарқын қолжетімдік кепілі» атты сұхбаты, сондай-ақ, «Құжат айналымы мәселелері – Вопросы документооборота» республикалық журналының 2012 жылғы қарашадағы №11 санында «Мұрағат саласын жаңғырту жолында» атты мақаласы жарияланды.

11

«Сенім телефонының», жеке және заңды тұлғалардың арыздары мен хаттарына арналған пошта жәшіктерінің оңтайлы жұмыс істеу тәжірибесін кеңейту

Басқарма және барлық 10 мұрағат мекемелері арнайы сенім телефондарымен және арыз-шағымдарға арналған жәшіктермен қамтамасыз етілген.

28

Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық іс-қимыл жоспарының жеті басымдығы шеңберінде белгіленген тапсырмаларды басшылыққа алу

Мұрағат мекемелері мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі жалпыұлттық іс-қимыл жоспарының жеті басымдығы шеңберінде белгіленген тапсырмаларды үнемі басшылыққа алып отырады.


30

Сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау, алдын алу мақсатында жергілікті жерлерге (аудандарға) шығу арқылы жеке қабылдаулар ұйымдастыру

Жыл басынан бастап 51 азамат басқарма бастығының қабылдауында болды. Сонымен қатар, 17-19 қазан аралығында сыбайлас жемқорлық көріністерін болдырмау және алдын алу мақсатында басқарма бастығы аудандарға шығып, барлығы 23 азаматқа жеке қабылдау жүргізді.

33

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттарды бұқаралық ақпарат құралдарында және Қызылорда облысы әкімдігінің веб-порталында жариялау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы ақпараттар Қызылорда облысы әкімдігінің веб-порталында жарияланып, тоқсан сайын жаңартылып тұрады.

34

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ведомстволық жоспарларды бекіту

Қызылорда облысының мұрағаттар мен құжаттама басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы Заңды жүзеге асыру жөніндегі 2012 жылға арналған іс-шаралар жоспары басқарма бастығының 2012 жылғы 18 мамырдағы №34 бұйрығымен (II тармақ) бекітілген.

35

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз деңгейінде жүргізбеген басшылардың жауапкершілігін қарау

-

36

Заңдылық, объективтік пен әділдік қағидалары негізінде қарау үшін сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған қызметшілердің тәртіптік жаупкершіліктерін ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысындағы Тәртіптік кеңесінің шешіміне сәйкес қолдану

Есепті мерзім ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасаған қызметшілер болған жоқ.

38

Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру бойынша жұмыстарды жандандыру

Басқарманың мемлекеттік қызметкерлерінің біліктілігі үнемі арттырылып отырады.

Аталған мерзім ішінде мекемедегі барлық мемлекеттік қызметшілер «ҚР мемлекеттік қызметшісінің тілдік портфелі» бағдарламасына сәйкес деңгейлік оқыту курсынан өтіп, «Мемлекеттік қызметшілерге мемлекеттік тілді жеделдете деңгейлік оқыту» курсының тереңдетілген деңгейін бітіргендігін куәландыратын сертификатқа ие болды. Сондай-ақ, қазақ тілін білу деңгейін бағалауда мемлекеттік қызметшілер «Казтест» жүйесі бойынша сынақ тапсырып, жоғары дайындық деңгейін көрсетті.



45

Мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының қағидаларын қатаң сақтау бойынша шаралар қабылдау

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы заң талаптарын сақтауда қызметшілердің іс-қимылдарында теріс қылықтардың белгісі болған емес. Мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының нормаларын бұзған фактілер орын алған жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет