Қазақстан Республикасындағы туризм саласын жетілдіру



Дата24.04.2016
өлшемі52.33 Kb.
#79723
Қазақстан Республикасындағы туризм саласын жетілдіру

Автор Ғылыми жетекші

Сагімбаева Ақбота Кожамкулова Жанна Тазабековна

әл – Фараби атындағы ҚазҰУ әл – Фараби атындағы ҚазҰУ

Экономика және бизнес жоғары мектебі Экономика және бизнес жоғары

Маркетинг мамандығының Менеджмент және маркетинг кафедрасы 3 курс студенті экономика ғылымдарының кандидаты, доцент

Аннотация.

В статье выявлены особенности туристического продукта. А также автором выявлен основные этапы развития туристической отрасли В РК. В каждом этапе объединены важные туристические события реализованные в Казахстане. Проведен СВОТ - анализ туристической отрасли РК. А также зачет этого выявлены слабые стороны отрасли и угрозы. На основе этого анализа предложены основные пути его совершенствования и преодоления угроз.

Кілт сөздер: туризм, туризм саласының даму кезеңдері, туристік өнім ерекшеліктері,

Қазақстанда қазіргі заманғы инфрақұрылым салаларының дамуына, соның ішінде туризмге үлкен мән беріледі. Себебі туризм елдің тұтас өңірлерінің экономикасына белсенді ықпал етеді. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстанның мәдени – тарихи және демалыс зоналары, ресурстары жеткілікті, соны шетелдерге таныстыру арқылы Қазақстанның туризм саласында имиджін құру басты мәселе болып табылады. Ел экономикасын дамытуда туризм саласымен қатар туристік өнімнің өзі де маңызды орын аладықтан, туристік өнімге тоқталайық.Туризмнің қызметтер мен тауарлар саудаларынан ерекше өзгешелігі бар. Туристік тауарлардың осы ерекшеліктеріне тоқталып өтейік. Біріншіден, туристік өнімге деген сұраныс бағаға және табысқа байланысты икемді. Бірақ саяси және әлеуметтік факторларға тәуелді болып келеді. Екіншіден, тұтынушы оны өнімнен және тұтыну орнынан бөліп тұратын қашықтықты бағындырады. Үшіншіден, туристік қызметтер сапасына сыртқы факторлар әсер етеді: табиғи жағдайлар, ауа райы, туризм саласындағы саясат, халықаралық жағдайлар [1,21-б ]. Туристік өнім ерекшеліктері туризм саласының даму этаптары бойынша өзгеріп отырған. Зерттелген мәліметтер [2,20–22 б] негізінде автормен Қазақстан Республикасындағы туризм саласының даму кезеңдері анықталды.

1 – кезең: 1992 – 2000 жылдар аралығы “Туризмнің қалыптасу кезеңі”. Бұл кезеңде 1993 жылы Қазақстан Бүкіләлемдік Туристік Ұйымның мүшесі болды. Жоғарыда туристік өнімнің сапасына туризм саласындағы саясат, халықаралық саясат әсер етеді деп айтып кеткенбіз. БТҰ – ға кіру туралы туризм саласындағы саясат Қазақстан Республикасының туристік өнімін сыртқы нарыққа шығаруға мүмкіндік алды. Осыған орай туристік өнім сапасы халықаралық стандарттарға сай келе бастады.

2 - кезең: 2001 – 2006 жылдар аралығы “Туризм саласындағы белсенділік кезеңі ”. Бұл кезеңде Қазақстан өзінің турөнімінің жылжуын қамтамасыз ету мақсатында халықаралық көрмелерге қатысу және республикада осындай іс – шаралар өткізу сияқты оқиғалар орын алды. 2006 жылдан бастап Утрех қаласында өтетін ірі халықаралық көрмелерде және жәрмеңкелерде Қазақстанның жыл сайын қатысуда. 2004 жылы Ұлыбританиядағы Лондон қаласында алғашқы қазақстандық туристік өкілдік ашылды. 2006 жылы сәуірдің 25 - нен 27 – сіне дейінгі аралықта Алматы қаласында БТҰ - ның Коммисиясының отырысы болып өтті. Жоғарыда айтып кеткен халықаралық туристік шаралар Қазақстанның туристік өнімдерінің сапасын біршама деңгейге көтерді.



3) 2007 жыл – қазіргі кезге дейінгі аралық : “Қазақстанның маңызды туристік аймақ ретінде дами бастауы”. Бұл кезеңде Қазақстан жерінде маңызды туристік шаралар өте бастады және халықаралық деңгейдегі көрме орындары ашылады бастады. 2011 жылы 20 – 22 мамырда Алматы қаласындағы “ Атакент ” көрмелік орталығының павильондарында KITF көрмесінің “Туризм және саяхат” атты көрмесі болып өтті. Алматы мен Астана қалаларында 2011 жылы 30 қаңтар мен 7 ақпан VII Қысқы Азия ойындары өтті. Бұл шаралар еліміздің туристік өнімін шетелге танытуға мүмкіндік берді және Қазақстан Республикасының туризм саласының имиджін құрды.Көріп отырғандай әр кезеңде Қазақстан Республикасының туризм саласы дамып отырған. Бірақ туризм саласының даму деңгейі әлі де болса халықаралық стандарттарға сай келмейді. Сол себепті Қазақстандағы туризм саласын халықаралық стандарттарға сай деңгейде жетілдіру стратегияларын ұсыну үшін Қазақстандағы туризм саласына SWOT - талдау жасайық.

  1. кесте

Қазақстан Республикасының туризм индустриясына SWOT - талдау

Мықты жақтар:

Әлсіз жақтар:

1. Қазақстанның геосаяси тұрғысынан ыңғайлы жерде орналасуы;

1. Әлсіз инфрақұрылым, яғни инфракұрылмның халықаралық стандарттарға сай келмеуі;

2. Туристік рекреациялық зоналарының, ландшафтардың, флора мен фаунаның алуан түрлілігі;

2. Қазақстан жөнінде потенциалды туристерде ақпараттың аздығы;

3. Қазақстан территориясында тарихи ескерткіштердің көп болуы;

3.Қазақстандағы туристтік қызметтердің бағасының сапасына сай келмеуі

Мүмкіндіктер:

Қауіптер:

1.Халықты жұмыспен қамтамасыз етy;

1.Халықаралық нарықтағы күшті бәсекелестердің болуы

2. Еліміздің туристтік нысандарын таныту

2. Сыртқы туризмнің ішкіге қарағанда басым болуы

3.Келу туризмін дамыту

3. Мемлекеттік қолдауға тәуелділігі

Жоғарыдағы кесте бойынша еліміздің туризм саласының басымдықтарына сипаттама берейік. Қазақстанның бәсекелестік артықшылығы өзгеше мәдениетінде (тарихи туризм), көркем жабайы табиғатында және спорттық туризм мен экстремалды туризм сияқты белсенді демалыс түрлерімен айналысуға мүмкіндіктің бар болуында, Қазақстанның ерекше, қайталанбас және ежелгі, көне тарихы бар болуында жатыр. Мысалы, Сақ қорғандары және Есіктегі Алтын адам, т.б. Қазақстан Республикасының туризм саласында артықшылықтармен қатар кемшіліктер де бар. Туризм саласында шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы мен жұмыс істеуі, жол көлігінің, халыққа сауда, мәдени, дәрігерлік қызмет көрсетудің және қонақ үй мен мейрамхана бизнесінің дамуымен тығыз байланысты. Ал Қазақстанда осы туризм инфрақұрылымының даму деңгейі төмен болып келеді.. Осы SWOT - талдау негізінде саланың алдында тұрған бірқатар мәселелер тізбегін шешу.

Еліміздің туристік рекреациялық зоналарының алуан түрлілігі мықты жағын пайдаланып, еліміздің туристтік нысандарын таныту мүмкіндігін аламыз. Осы мүмкіндік пен мықты жақтар арқылы Қазақстан жөнінде туристерде ақпараттың аздығы мәселесін жоямыз. Бұл әлсіз жағымызды жою бойынша ұсыныстар:



  • Туристік әлеует бар аймақтарда туристік ақпараттық орталықтар құру мәселесін қарастыру.

  • Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарына Қазақстанның туризм әлеуеті жайлы ақпараттық – жарнамалық және аудиовизуалды жарнамалық материалдарды беру.

Қорыта келе, Қазақстан Республикасының туризм индустриясында дамуында әлсіз жақтары мен қауіптері бар. Сонымен қатар күшті жақтары мен мүмкіндіктері бар. Күшті жақтары арқылы әлсіз жақтарын жоямыз. Бірақ қауіптерді ескере отырып, оның алдын алу стратегиясын таңдаймыз.

Пайдаланған әдебиеттер

  1. Дурович А.П. Маркетинг в туризме. – М.: Институт дистанционного образования; МЭСИ,изд.2000.

  2. Раева Р. Казахстанский туризм: новый поворот // Деловой мир Казахстана. -2010. -№3.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет