Источник: ИС ПАРАГРАФ, 09.03.2011 18:10:32
Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
Қазақстан Республикасының 1994 ж. 21 қыркүйектегі № 156-XIII Заңы
(2011.06.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
Заң күшi бар «Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң актiлерi туралы» ҚР Президентiнiң 1995 ж. 23 наурыздағы № 2147 Жарлығын қараңыз
Осы Заңның күшіне енуі туралы ҚР Жоғарғы Кеңесiнiң 1994 ж. 21 қыркүйектегі № 157-XIII қаулысын қараңыз
1 бөлiм. Жалпы ережелер
|
(1 - 4 баптар)
|
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi
|
(5 - 8 баптар)
|
3 бөлiм. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi
|
(9 - 14 баптар)
|
4 бөлiм. Көлiктегi қауiпсiздiк және жауапкершiлiк
|
(15 - 24 баптар)
|
5 бөлiм. Қорытынды ережелер
|
(25 - 26 баптар)
|
Түпнұсқада мазмұны жоқ
Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.
1 бөлiм. Жалпы ережелер
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1; 09.07.04 ж. № 596-II (бұр. ред. қара); 2006.31.01. № 125-III (бұр.ред.қара) Заңдарымен 1-бап өзгертілдi; 2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен 1- бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 1-бап өзгертілдi
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Клиент (жүк жөнелтуші, жүк алушы, жолаушы, кеме жалдаушы) - тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес көлікті пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға немесе мемлекет (атқарушы билік органының атынан).
Көлік кәсіпорны - жүктерді, жолаушыларды, теңдеме жүкті тасымалдау, көлік құралдарын сақтау, оларда техникалық қызмет көрсету және оларды жөндеу жөнінде шаруашылық-коммерциялық қызметпен айналысатын заңды тұлға, ол Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес іс-әрекет жасайды.
Қазақстан Республикасының көлігі - оның аумағында тіркелген теміржол, автомобиль, теңіз, ішкі су, әуе, қалалық электр, соның ішінде метрополитен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағындағы магистральдық труба-құбыр көлігі.
Тасымалдаушы - ақыға немесе жалданып жолаушыларды, теңдеме жүкті, жүктерді және почта жөнелтілімдерін тасымалдау жөнінде қызмет көрсететін әрі осыған белгіленген тәртіппен берілген лицензиясы немесе рұқсаты бар, меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде көлік құралдарын иеленуші жеке немесе заңды тұлға.
Тікелей аралас қатынас - бірыңғай көлік құжаты бойынша әртүрлі көлік түрімен жүктерді, жолаушылар мен теңдеме жүктерді тасымалдау.
Уәкілетті мемлекеттік орган - көлік саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды, Қазақстан Республикасы көлік кешенінің қызметін үйлестіру мен реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
28.12.98 ж. № 338-1 ҚР Заңымен; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен; 2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 2-бап өзгертілдi
2-бап. Көлiк туралы заңдар
Қазақстан Республикасының көлiк туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.
Труба-құбыр көлiгi қызметiне байланысты қатынастар Қазақстан Республикасының тиiстi заңдарымен реттеледi.
Тасымалдау шарттары, көлiк құралдарын пайдалану, адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін көлік құралдары мен олардың өмірлік циклінің процестерін техникалық реттеу саласындағы қауіпсіздікті (бұдан әрі - қауіпсіздік) қамтамасыз ету тәртібі тиісті көлік түрлерінде қолданылатын, белгіленген тәртіппен бекітілетін және көлік қатынастарының барлық қатысушылары үшін міндетті болып табылатын нормативтік актілерде айқындалады
28.12.98 ж. № 338-1; 09.07.04 ж. № 596-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.07.07. № 168-III (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 340-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 3-бап өзгертілдi
3-бап. Көлiк құралдарына меншiк туралы
Магистральдық темір жол желілері, жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдары, кеме жүретiн су жолдары, шамшырақтар, сондай-ақ кемелердiң қауiпсiз жүрiсiн реттейтiн және оған кепiлдiк беретiн құрылғылар мен навигациялық белгiлер, әуе қозғалысын басқару органдарының аэронавигациялық құрылғылары, әуе кемелерiнiң ұшу қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге байланысты телекоммуникациялар желiлерi, инженерлiк желiлер, сондай-ақ метрополитен мемлекет меншiгi болып табылады.
Әуе қозғалысына қызмет көрсету органдарының аэронавигациялық құрылғылары Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларда мемлекет меншігінде және (немесе) жеке меншікте болуы мүмкін.
Осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталғандарды қоспағанда, кiрме жолдар мен тар табанды желiлерi, сондай-ақ автомобиль жолдары мемлекеттiк меншiкте де, жеке меншiкте де болуы мүмкiн.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 4-бап өзгертілдi
4-бап. Көлiк жерлерi. Көлiк мұқтажы үшiн жерлер мен
Республикадағы көлiк жерлерi болып:
- жердi пайдаланушыларға көлiк объектiлерiне деп бөлiнген жерлер;
- жолдар мен желiлердi салуды және пайдалануға берудi жүзеге асыратын көлiк, жол және басқа ұйымдарға бөлiнген көлiк жолдары мен желiлерiне арналған жерлер танылады.
Көлiкке жер бөлу мен су көлiгiне суларды беру кезiнде туындайтын жер және су қатынастары, оларды пайдаланудың тәртiбi жер, су және көлiк заңдарымен реттеледi.
Опырылып құлауға, көшкiндеуге, су шайып кетуге, сел тасқыны болуға және басқа қатерлi табиғи құбылыстар әсерлерiне бейiм аудандардағы көлiк құрылыстарының және басқа объектiлерiнiң сенiмдi пайдаланылуын қамтамасыз ету мақсатында қорғау аймақтар белгiленедi.
Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өздерiне берiлген жерлердi оларды беру мақсаттары мен шарттарына сәйкес пайдалануға, өндiрiстiң табиғат қорғау технологияларын қолдануға және аумақта өз қызметi салдарынан экологиялық ахуалдың нашарлауына жол бермеуге мiндеттi.
2 бөлiм. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу мен басқару жүйесi
2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5-бап өзгертілдi
5-бап. Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу
Көлiк қызметiн мемлекеттiк реттеу құқықтық қамтамасыз ету, лицензиялау, техникалық реттеу, салық салу, несие беру, қаржыландыру және баға белгiлеу, инвестициялық, бiртұтас әлеуметтiк және ғылыми-техникалық саясат жүргiзу, Қазақстан Республикасының заңдарын көлiк кәсiпорындарының орындауына бақылау және қадағалау жасау жолымен жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделгеннен өзге реттерде мемлекеттiк органдардың көлiк кәсiпорындарының шаруашылық қызметiне араласуына, сондай-ақ көлiк кәсiпорындарының пайдалану қызметкерлерiн басқа жұмыстарға қатыстыруға құқығы жоқ.
28.12.98 ж. № 338-1; 09.07.04 ж. № 596-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 6-бап өзгертілдi
6-бап. Көлiктi мемлекеттiк басқару
Көлiктi мемлекеттiк басқаруды Қазақстан Республикасы Президентiнiң шешiмiмен құрылған және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң бекiткен Ережеге сәйкес iс-әрекет жасайтын уәкiлеттi мемлекеттiк орган жүзеге асырады.
Уәкiлеттi мемлекеттiк органның негiзгi мiндеттерi:
Қазақстан Республикасының көлiк саласындағы экономикалық мүдделi қорғау;
көлiк саласында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асыру;
Қазақстан Республикасындағы көлiк қызметiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеу және мемлекеттiк стандарттарды әзiрлеуге қатысу;
көлiктiң барлық түрлерiн дамытудың бағдарламалары мен тұжырымдамаларын әзiрлеу, инвестициялық, ғылыми-техникалық және әлеуметтiк саясатты қалыптастыру және жүргiзу;
республика экономикасы мен халқының тасымалдауға және соларға байланысты қызметтерге деген қажеттерiн қамтамасыз ету үшiн жағдайлар жасау;
көлiк қызметiн пайдаланушылар құқықтарының сақталуын бақылау және қадағалау;
мемлекеттiң және халықтың тасымалдау қажеттерiне болжамдар әзiрлеу;
Қазақстан Республикасы көлiк кешенi қызметiнiң жұмысын үйлестiру және мемлекеттiк реттеу iсiн жүзеге асыру болып табылады.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 7-бап жаңа редакцияда
7-бап. Көлiк қызметiн лицензиялау
Көлiктегi лицензиялануға тиiс қызмет түрлерiнiң тiзбесi заң актiлерiмен белгiленедi.
Екi және одан көп көлiк құралының иелерi - жеке және заңды тұлғаларға лицензия беру кезiнде әрбiр жеке көлiкке лицензияның бар екенiн растайтын құжат ресiмделедi.
28.12.98 ж. № 338-1; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 8-бап өзгертілдi
8-бап. Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың көлiк саласындағы өкiлеттiгi
Жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың көлiк саласындағы өкiлеттiгi «Қазақстан Республикасында жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және басқа да Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiне сәйкес жүзеге асырылады.
Қалалық жолаушылар таситын көлiктiң тұрақты маршруттарында жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушылар жергiлiктi атқарушы органдармен немесе олар осы маршруттарға қызмет көрсетуге уәкiлеттiк берген органдармен шарт жасасуға тиiс.
3 бөлiм. Көлiк қызметiнiң негiзгi ережелерi
28.12.98 ж. № 338-1; 15.12.01 ж. № 272-II; 24.12.01 ж. № 276-II; 09.07.04 ж. № 596-II (бұр. ред. қара); 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 9-бап өзгертілдi
9-бап. Экономикалық және шаруашылық қызмет негiздерi
Көлiкте экономикалық және шаруашылық қатынастардың негiзiн көлiк қызметтерiнiң сұраныс және ұсыныстар нарқы қалыптастырады.
Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар өз қызметiн коммерциялық негiзде жүзеге асырады.
Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар жоспарды дербес әзiрлейдi, клиент қажеттерiне сәйкес жұмыстар мен қызметтердi орындауға шарттар жасасады.
Рентабельдiлiгi қолданылып жүрген реттелетiн тарифтермен қамтамасыз етiлмейтiн жолаушылар тасымалын ұйымдастыру жөнiнде шешiмдер қабылдаған мемлекеттік органдар тасымалдаушылар залалдарын субсидиялауды бюджет қаражаты есебінен:
қала iшiндегi, аудандық маршруттар кезiнде - қалалық, аудандық бюджеттерден;
ауданаралық қатынас кезiнде - облыстық бюджеттен субсидия берудi қамтамасыз етедi.
Кеме жолдарын, шлюздердi, кеме қатынасының қауiпсiздiгiн қадағалайтын инспекцияларды ұстау бюджет қаражаттары есебiнен жүргiзiледi.
Қазақстан Республикасының мемлекет кемежайларын, магистралдық темiр жол желiсiн пайдаланғаны үшiн, әуе кеңiстiгінде ұшуды басқару мен аэронавигациялық қызмет көрсетiлгенi үшiн заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде шетелдердiң заңды және жеке тұлғалары Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiп пен мөлшерде төлемдер төлейдi.
Қазақстан Республикасының кеме жүретiн су жолдарын пайдалану ақылы түрде жүзеге асырылады.
Кеме жүретiн су жолдарын пайдаланғаны үшiн ақының ставкалары, бюджетке есептеу және төлеу тәртiбi Қазақстан Республикасының Салық кодексiне сәйкес белгiленедi.
Кеме жүретiн су жолдарын пайдалану құқығы уәкiлеттi мемлекеттік орган әр күнтiзбелiк жылға беретiн рұқсаттық құжатпен берiледi.
Кеме иеленушi техникалық ақаулық себептермен немесе өзгедей себептермен кеменi пайдаланбаған жағдайда, ол мұндай фактiлердi растау үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк органға бұл туралы хабарлайды. Бұл ретте уәкiлеттi мемлекеттiк орган мұндай фактiлердi тексергеннен және анықтағаннан кейiн рұқсаттық құжатқа тиiстi өзгерiстер енгiзедi.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 10-бап өзгертілдi
10-бап. Тарифтер
Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктердi тасымалдауға және тасымалдауларға байланысты қызметтерге көлiк қызметiмен айналысатын шаруашылық жүргiзушi субъектiлерi қызметiн қамтамасыз ететiн ерiктi (шарттық) тарифтер (осы Заңның 9-бабының 4-бөлiгiнде көзделгеннен басқа реттерде) белгiленедi.
Көлiк қызметтерiнiң жеке түрлерi бойынша мемлекеттiң әлеуметтiк саясатын жүргiзу құралы немесе көлiк саласындағы монополистiк қызметтi жою құралы ретiнде Қазақстан Республикасы заңдары анықтайтын тәртiпте реттелiп отыратын (мемлекет шегiнде бiрыңғай) тарифтер белгiленуi мүмкiн.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен; ҚР 08.05.03 ж. № 414-II Заңымен; 2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 11-бап өзгертілдi
11-бап. Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау, көлiктiк-экспедициялық қызметтердi жүзеге асыру
Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау кезiнде және көлiктiк-экспедициялық қызметтердi жүзеге асыру кезiнде тасымалдаушы:
- тасымалдау құқығын қамтамасыз ететiн лицензия алуға;
- клиентпен белгiленген нысанда шарт (келiсiм-шарт) жасасуға;
- сәйкестікті растау саласындағы құжаттары бар көлiк құралдарын беруге;
- клиентке және үшiншi тұлғаға келтiрген зияндарды, оның iшiнде зая жiберген уақытты ақшалай тепе-тең өтеуге;
- жолаушы қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, оған қажеттi қолайлы және қызмет көрсету жағдайларын жасауға, ал жолаушы теңдеме жүгiн өткiзген ретте, оның теңдеме жүгiнiң дер кезiнде тасымалдануы мен сақталуын қамтамасыз етуге;
- қозғалыс қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге;
- көлiк қызметтерi нарығында клиентке таңдау еркiндiгiн қамтамасыз етуге;
- жөнелтiлетiн жүктiң өз сертификатына сәйкес келуiн растайтын құжаттарды алуға;
- мемлекеттiк және жергiлiктi өкiлдi әрi атқарушы органдардың әлеуметтiк маңызды және қорғаныс тасымалдарын жүзеге асыру жөнiндегi талаптарын орындауға (егер бұл тасымалдар бағасы көлiк шығындарын өтемеген жағдайларда, тиiстi өтем дотациясы берiлуге тиiс); - Қазақстан Республикасының міндетті сақтандыру туралы заң актілерінде белгіленген тәртіппен өзінің жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыруға міндетті.
Тасымалдаушының, реттелетiн тасымалдарды қоспағанда, баға белгiлеу ережелерiне сәйкес тасымалдау бағасын еркiн белгiлеу құқығы бар.
Тасымалдаушы, Қазақстан Республикасының көлiк туралы заң актiлерiнде көзделгендерден өзге реттерде, заңды және жеке тұлғаларға тасымалдаудан бас тартуға құқылы емес.
Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау кезiнде және көлiк-экспедиция қызметтерiн жүзеге асыру кезiнде клиенттiң:
- өзi мен тасымалдаушы арасында жасалған шарттың орындалуын талап етуге;
- тасымалдау сапасы деңгейi оның сертификатына сай келуiне белгiленген тәртiппен дауласуға;
- келтiрiлген зиянның, соның iшiнде босқа кеткен уақыттың ақшалай өтелуiн талап етуге құқығы бар.
Клиент:
- тасымалдаушымен жасалған шарттың ережелерiн сақтауға;
- жүктiң өз сертификатына сай келуiн растайтын құжатты тасымалдаушыға беруге;
- тасымалдау ережелерiн орындауға;
- жүк пен теңдеме жүктi тасымалдауға дайын күйiнде табыс етуге мiндеттi.
Клиент пен тасымалдаушының жекелеген құқықтары мен мiндеттерi тараптардың келiсiмiмен тасымалдау шартында белгiленедi.
Жүктердi, жолаушыларды, теңдеме жүктi, почта жөнелтiлiмдерiн тасымалдау, көлiк-экспедициялық операцияларды жүзеге асыру шарттары, тараптардың тасымалдау және көлiк-экспедициялық операциялар жөнiндегi жауапкершiлiгi нормативтiк құқықтық актiлерiмен, сондай-ақ тасымалдау шарттарымен белгiленедi.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 12-бап өзгертілдi
12-бап. Көлiктiң алуан түрi қатысатын тiкелей аралас қатынас
Темiржол, теңiз, iшкi су, әуе және автомобиль көлiктерi тiкелей аралас қатынастар жүйесiн ұйымдастырады.
Тiкелей аралас қатынас кезiндегi көлiк ұйымдарының өзара қатынастары, сондай-ақ осы тасымалдауды ұйымдастырудың тәртiбi тиiстi көлiк түрлерiнiң ұйымдары арасындағы тiкелей аралас тасымалдау туралы уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн ережелерге сәйкес жасалатын келiсiмдерде белгiленедi.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 13-бап өзгертілдi және толықтырылды; ҚР 2005.29.09 № 77-III Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.15.07. № 340-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 13-бап өзгертілдi
13-бап. Жолаушылар құқықтары. Жолаушылардың жекелеген санаттарының жолақысын төлеу жөнiндегi жеңiлдiктер
Жолаушының мынадай құқықтары бар:
- кез келген көлiк түрiне және жолаушылар тасымалы үшiн ашық кез келген бағытына билет сатып алуға;
- сатып алған билетiне сәйкес орын алуға;
- әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде, өзiмен бiрге 7 жасқа дейiнгi, ал халықаралық тасымалда 5 жасқа дейiнгi бiр баланы темiр жол, теңiз және iшкi су жолы көлiктерiнде, қалааралық автобустарда, сондай-ақ таксиден басқа, қалалық және қала маңындағы көлiкте балаға жеке орын берiлмей тегiн алып жүруге;
- әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде, билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, халықаралық тасымалда 5 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға;
- Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын тасымалдау кезiнде, әуе көлігінен басқа көліктің барлық түрлерінде, билеттiң толық құнының 50 процентiн төлей отырып, 7 жастан 12 жасқа дейiнгi балаларға билеттер сатып алуға;
- өзімен бірге 2 жасқа дейінгі бір баланы әуе көлігінде, оған жеке орын бермей тегін алып жүруге;
- халықаралық тасымалдарды қоспағанда, әуе көлігінде 2 жастан 15 жасқа дейінгі балаларға билетті оның толық құнының 50 процентін төлей отырып, сатып алуға;
- Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы жүзеге асыратын халықаралық тасымалдауларда әуе көлігінде 2 жастан 12 жасқа дейінгі балаларға билетті оның толық құнының 50 процентін төлей отырып, сатып алуға.
Егер тасымалдауды Қазақстан Республикасы тасымалдаушысының қатысуымен әртүрлi мемлекеттердiң бiрнеше тасымалдаушысы жүзеге асыратын болса, бұл құқық жолаушыларға оларды Қазақстан Республикасының тасымалдаушысы тасымалдаған кезде берiледi:
- жолда аялдаған кезде қалалық және қала маңындағы көлiктен басқа, барлық көлiк түрiне билеттiң күшiн 10 тәулiктен аспайтын мерзiмге ұзартуға құқылы. Тасымалдаушы жолда аялдаған кезде билеттiң қолданылу мерзiмiн ұлғайтуға құқылы;
- көлiк қызметiн көрсететiн кез келген тасымалдаушы мекемеге билеттi тасымалдау басталғанға дейiн өткiзуге және тасымалдау үшiн төленген соманы қайтарып алуға құқығы бар. Қайтару тәртiбiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган белгiлейдi.
Әуе көлiгiндегi, қала және қала маңындағы автобус тасымалдарында тегiн алып жүретiн қол жүгi мен теңдеме жүктiң салмағы 20 килограмнан аспайтын болып белгiленедi. Әуе кемесінің салонына кіргізілетін қол жүгінің жалпы салмағын және оның шекті көлемін тасымалдаушы белгілейді.
Темiр жол, теңiз, iшкi су жолы көлiктерiнде, сондай-ақ қалааралық автобустарда тегiн алып жүретiн қол жүгi мен теңдеме жүк салмағы 35 килограмнан аспайтын болып белгiленедi.
Тасымалдаушылар көлiктiң барлық түрiнде тегiн тасымалданатын теңдеме жүктiң салмағын арттыруға және басқа жеңiлдiктер белгiлеуге.
Тасымалдау жұмысын жалғастырудан бас тартқан тасымалдаушы жолаушыны межелi жерiне дейiн өз есебiнен жеткiзiп салуға немесе тасымалдау шартының бұзылуы салдарынан жолаушыға келтiрiлген залалды түгелдей өтеуге мiндеттi.
Қазақстан Республикасы заңдарымен, Қазақстан Республикасы Үкiмет қаулыларымен, жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдардың шешiмдерiмен жеңiлдiктер белгiленген жағдайда тасымалдаушылар жолаушылардың жекелеген санаттарын тегiн тасымалдауға немесе оларға жолақысын төлеу жөнiнде өзге де жеңiлдiктер беруге мiндеттi.
Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi, Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетi, сондай-ақ жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар адамдардың жекелеген санаттарына көлiк қызметiне, тегiн жол жүру құқығын қоса алғанда, жеңiлдiктер белгiлеген кезде қаржыландыру көзiн белгiлейдi және бұл орайда атқарушы органдар тасымалдаушымен шарт жасасады.
14-бап. Жолаушылар мен жүктердi транзиттiк тасымалдау
Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жолаушылар мен жүктердi транзиттiк тасымалдау:
Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына, халықаралық келiсiмдер мен шарттарға сәйкес темiржол, әуе, автомобиль, теңiз және iшкi су көлiктерiмен мемлекетаралық қатынастар үшiн ашылған жол трассалар мен су жолдары арқылы жүзеге асырылады.
«Қазақстан Республикасы Конституциясының 26-бабының 3-тармағын ресми түсiндiру туралы» ҚР Конституциялық Кеңесінің 2005 жылғы 1 шілдедегі № 4 Қаулысын қара
4 бөлiм. Көлiктегi қауiпсiздiк және жауапкершiлiк
ҚР 24.12.01 ж. № 276-II Заңымен 15-бап өзгертілді; 2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) 15-бап жаңа редакцияда
15-бап. Көлік құралдарына қойылатын талаптар
Көлік құралдары көлік саласындағы техникалық регламенттерде белгіленген адам өмірі мен денсаулығының, қоршаған ортаның қауіпсіздігі жөніндегі талаптарға сәйкес келуге, сәйкестікті растау саласындағы құжаты болуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен тіркелуге тиіс.
Көлік құралдарының сәйкестігін растау тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындалады.
Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес белгіленген қауіпсіздік талаптарына сәйкес келмейтін көлік құралдары әкелінбеуге, сатылмауға және пайдаланылмауға тиіс.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 16-бап өзгертілдi
16-бап. Көлiк құралдарын басқару құқығы
Көлiк құралдарын басқару құқығы тиiстi бiлiктiлiгi бар және денсаулығы туралы медициналық куәландырудан өтiп, белгiленген үлгiдегi құжаттар тапсырылған адамға берiледi.
Көлiк құралдарын басқару жөнiндегi бiлiктiлiк талаптары және олардың басқаруға денсаулық жағдайының жарамдылығын бағалау өлшемдерi Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiнде белгiленген тәртiппен анықталады.
Көлiк құралдарын басқаруға денсаулық жағдайының жарамдылығын бағалау өлшемiн Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлiгi белгiлеген тәртiпте медицина қызметкерлерi жүзеге асырады.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 17-бап өзгертілдi және толықтырылды
17-бап. Тасымалдаушының жауапкершiлiгi
Тасымалдаушының жолаушылармен және жүк иелерiмен жауапкершiлiктi шектеу немесе жою туралы жасасқан келiсiмдерiнiң күшi болмайды, бұған жүк тасымалы кезiнде осындай келiсiмдер мүмкiндiгi заң актiлерiнде көзделген реттер жатпайды.
Тасымалдаушы жүктердiң, теңдеме жүктiң және почта жөнелтiлiмдерiнiң тасымалдауға қабылданған сәтiнен бастап алушыға берiлгенге дейiн сақталуын қамтамасыз етедi.
Егер тасымалдаушы жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалуы, жетiспеуi немесе бүлiнуi өз кiнәсiнен болмағанын дәлелдей алмаса, ол жүктiң немесе теңдеме жүктiң жоғалғаны, жетiспегенi немесе бүлiнгенi үшiн жауап бередi.
Тасымалдаушы жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдау кезiнде келтiрiлген нұқсанды:
- жүк немесе теңдеме жүк жоғалған немесе жетiспеген жағдайда жоғалған немесе жетiспеген жүктiң немесе теңдеме жүктiң құны мөлшерiнде;
- жүк немесе теңдеме жүк зақымданған (бүлiнген) жағдайда - оның құны төмендеген сома мөлшерiнде, ал зақымданған жүктi немесе теңдеме жүктi қалпына келтiру мүмкiн болмаған жағдайда - оның құны мөлшерiнде;
- құндылығы жарияланып, тасымалдауға тапсырылған жүк немесе теңдеме жүк жоғалған жағдайда - жүктiң немесе теңдеме жүктiң жарияланған құны мөлшерiнде өтейдi.
Жүктiң немесе теңдеме жүктiң құны уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн ережелер (әдiстеме) бойынша тасымалдау және көлiк түрлерiне байланысты немесе Қазақстан Республикасы қосылған тиiстi халықаралық конвенциялардың принциптерi негiзiнде белгiленетiн бағасы негiзге алына отырып айқындалады.
Жүктiң немесе теңдеме жүктiң (коммерциялық акт, жалпы нысандағы акт және с.с.) сақталмауының себептерi туралы тасымалдаушы бiржақты тәртiппен жасаған құжаттарды, дау туған жағдайда, жүк немесе теңдеме жүк тасымалдаушының, жөнелтушiнiң не алушының жауапкершiлiгiне негiз болуы мүмкiн мән-жайларды куәландыратын басқа құжаттармен бiрге сот бағалауға тиiс.
Егер тасымалдаушы жауап беретiн бүлiну салдарынан жүктiң немесе теңдеме жүктiң сапасы мүлдем өзгерiп, ол тiкелей мақсатына пайдаланылмайтындай болып қалса, жүктi немесе теңдеме жүктi алушы одан бас тартуға және оны жоғалтқаны үшiн өтем талап етуге құқылы.
Жүк немесе теңдеме жүк жоғалған не жеткiзiп берiлмеген жағдайда тасымалдаушы өтем төлей отырып, жоғалған жүктi немесе теңдеме жүктi тасымалдағаны үшiн ақыны қайтарып бередi.
Егер тiркелген теңдеме жүктi немесе жүктi тасымалдаушы жоғалды деп мойындаса немесе осы теңдеме жүк не жүк жеткiзу мерзiмi өткеннен кейiн 7 күн iшiнде тиiстi жерiне келiп жетпесе, олар жоғалды деп есептеледi.
Алайда, егер жүк көрсетiлген мерзiм өткеннен кейiн келiп жеткен болса, жүк алушы жүктi қабылдауға және теңдеме жүктi не жүктi жоғалтқаны үшiн тасымалдаушы төлеген соманы қайтарып беруге құқылы.
Заң құжаттарымен жауапкершiлiктiң өзге де түрлерi көзделуi мүмкiн.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 17-1-баппен толықтырылды; ҚР 06.12.01 ж. № 260-II Заңымен 17-1-бап өзгертілді
17-1-бап. Жүктердi және жолаушыларды тасымалдау бойынша талап қою мен талап-арыз беру
Тасымалдаушыға тасымалға байланысты дау жөнiнде талап-арыз бергенге дейiн оған мiндеттi түрде талап қойылады.
Талап үш айдың iшiнде, ал айыппұлдар мен өсiм төлеу туралы талап бiр айдың iшiнде қойылуы мүмкiн.
Егер қойылған талап қабылданбаса немесе жауап осы бапта белгiленген мерзiмде алынбаса, мәлiмдеушiнiң талап-арыз беру құқығы пайда болады.
Жүктi және (немесе) жолаушыларды тасымалдаудан туындайтын талаптар бойынша талап-арыз беру мерзiмi заңдарда белгiленген тәртiппен реттеледi.
Халықаралық тасымалдауға байланысты даулар бойынша талап-арыз беру мерзiмi және талап-арыз беру тәртiбi халықаралық шарттарда, келiсiмдерде немесе конвенцияларда белгiленедi.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 18-бап өзгертілдi
18-бап. Жолаушыны, жүк пен теңдеме жүктi жеткiзу мерзiмi және мерзiмiн өткiзгенi үшiн жауапкершiлiк
Тасымалдаушы жүктi немесе теңдеме жүктi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн Жүк және теңдеме жүк тасымалдау ережелерiмен анықталған мерзiмде тиiстi жерiне жеткiзуге мiндеттi. Егер жеткiзу мерзiмi белгiленген тәртiпте анықталмаған болса, тараптар бұл мерзiмдi шартта белгiлеуге құқылы.
Тасымалдаушының кiнәсiнен жолаушы тасымалы кiдiрген жағдайда тасымалдаушы, егер зиян келтiрiлген болса, жолаушыға оны өтеумен бiрге, кiдiрстiң әрбiр сағаты үшiн билет құнының 3 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi.
Жолаушы өндiрiп алған айыппұлдың сомасы сатып алынған билеттiң құнынан аспауға тиiс.
Теңдеме жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы теңдеме жүктi алушыға кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымал үшiн төленген ақының 10 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленетiн ақының 50 процентiнен аспауға тиiс.
Жүктi жеткiзiп берудi кешiктiргенi үшiн тасымалдаушы жүктi алушыға кешiктiрген мерзiмнiң әрбiр тәулiгiне тасымал үшiн төленген ақының 5 процентi мөлшерiнде айыппұл төлейдi, бiрақ ол тасымалдау үшiн төленетiн ақының 50 процентiнен аспауға тиiс.
Егер жүктi немесе теңдеме жүктi жеткiзiп берудiң кешiктiрiлуi тасымалдаушының кiнәсiнен болмаса, ол кешiктiру жауапкершiлiгiнен босатылады.
Тасымалдаудың кiдiруiне байланысты, егер мұндай жағдай орын алған болса, теңдеме жүктi немесе жүктi жөнелтушi немесе алушы шеккен зиян үшiн тасымалдаушы жауапты болады.
Рейстер 10 сағатқа және одан да көп уақытқа кiдiрген жағдайда тасымалдаушы жолаушыларға өз есебiнен мейманханадан орын алып берiп тамақтандыруға мiндеттi.
Жолаушының өтiнiшi бойынша оған тасымалдың кiдiру себебi туралы ресми құжат берiледi немесе билетiне белгi соғылады.
Осы бапта көзделген зияндардың мөлшерi және оларды анықтау тәртiбi уәкiлеттi мемлекеттiк орган бекiтетiн Жүк және теңдеме жүк тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.
19-бап. Жолаушының, жүк немесе теңдеме жүк жөнелтушi мен алушының жауапкершiлiгi
Жолаушылар, жүк немесе теңдеме жүк жөнелтушi мен алушы өздерiнiң кiнәсiнен басқа адамдарға, тасымалдаушының мүлкiне және тасымалдаушы жауап беретiн басқа адамдардың мүлкiне келтiрген зияны үшiн жауапты болады.
Жүк жөнелтушi көлiк құжаттарында көрсетiлген мағлұматтардың дұрыс болмауына, дәл болмауына немесе толық болмауына байланысты тасымалдаушыға немесе тасымалдаушы жауап беретiн басқа адамға келтiрген зияны үшiн жауапты болады.
Жүк жөнелтушi көлiк құжаттарында көрсетiлген мағлұматтардың дәл болмауына, толық болмауына немесе дұрыс болмауына байланысты барлық зиян үшiн тасымалдаушының алдында жауапты болады.
2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) 20-бап өзгертілдi (бұр. ред. қара)
20-бап. Тасымалдаушының жолаушыны өлiмге ұшыратқаны немесе оның денсаулығын зақымдағаны үшiн жауапкершiлiгi
Тасымалдау кезiнде жолаушыны өлiмге ұшыратуы немесе денсаулығының зақымдануы салдарынан болған зиян үшiн, егер бұл зиян зардап шегушiнiң терiс ниетi немесе дүлей күш салдарынан болғанын дәлелдей алмаса, тасымалдаушыға мүлiктiк жауапкершiлiк жүктеледi.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 21-бап өзгертілдi
21-бап. Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзету
Көлiк жүктерi мен объектiлерiн күзетудi, сондай-ақ темiр жол, әуе көлiгiнде өртке қарсы алдын алу жұмыстарын жүргiзудi және өрт зардаптарын жоюды Қазақстан Республикасы Үкiметi белгiлеген тәртiппен әскерилендiрiлген күзет қызметтерi мен өртке қарсы қызмет бөлiмшелерi жүзеге асырады.
Әскерилендiрiлген күзет қызметiнiң бөлiмдерi атыс қаруымен және арнайы құралдармен қамтамасыз етiледi.
Қару мен арнайы құралдарды қолдану тәртiбi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүргiзiледi.
Көлiктiң неғұрлым маңызды объектiлерi мен арнайы жүктердi күзетудi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң iшкi әскерлер бөлiмдерi, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлiгi мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң арнайы бөлiмдерi, сондай-ақ әскерилендiрiлген күзеттiң арнайы қызметтерi жүзеге асырады.
ҚР 28.12.98 ж. № 338-1 Заңымен 22-бап өзгертілдi
22-бап. Төтенше жағдайлар кезiнде көлiк жұмысын ұйымдастыру
Төтенше жағдайлар (жер сiлкiнiстерi, су басу, өрт, қар көшкiнi, мiндеттер және басқа дүлей апаттар) туындаған кезде апаттарды және олардың зардаптарын жою жөнiнде шаралар қолдану үшiн көлiк кәсiпорындарының шарттық қатынастары Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, жергiлiктi атқарушы органдардың шешiмiмен осы кезеңге тоқтатылуы мүмкiн.
Төтенше жағдайлар кезiнде көлiк кәсiпорындарының республикада жұмылдыру әзiрлiгiн қамтамасыз етуге байланысты тасымалдарды, азаматтың қорғаныс және авариялық-құтқару жұмыстары жөнiндегi шараларын жүзеге асыру жөнiндегi шығындары бюджеттен өтеледi.
Көлiк кәсiпорындары дүлей апаттар мен авариялардың, сондай-ақ төтенше санаттағы өзге де жағдайлардың зардаптарын жою жөнiнде дереу шаралар пайдалануға мiндеттi.
28.12.98 ж. № 338-1 ҚР Заңымен; 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен (орыс тіліндегі өзгерістерді қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара); 2006.29.12 № 209-III ҚР Заңымен (бұр. ред.қара) Заңдарымен 23-бап өзгертілдi
23-бап. Көлiкте қауiпсiздiктi және экологиялық талаптарды қамтамасыз ету
Тасымалдаушылар азаматтардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн, көлiк құралдары қозғалысының, кеме қатынасы мен ұшу қауiпсiздiгiн, сондай-ақ айналадағы ортаны қорғауды қамтамасыз етуге мiндеттi.
Көлiк құралдары қозғалысы және жүк тиеу-түсiру жұмыстары жүзеге асырылатын стансалардың, кемежайлардың, айлақтардың, әуежайлардың, автокөлiк кәсiпорындары мен темiржол тораптарының аумақтары, сондай-ақ су жолдары аса қауiптi аймақтар болып табылады. Аса қауiптi аймақта болу және онда жұмыстар жүргiзу ережелерiн Қазақстан Республикасының Үкiметi белгiлейдi. Аталған ережелердiң бұзылуы Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жауапкершiлiкке әкеп соқтырады.
Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiткен тiзбе бойынша қауiптi жүктердi күзету мен алып жүрудi бүкiл жол бойында жүктi жөнелтушiлер немесе алушылар қамтамасыз етедi.
Жарылғыш, тез тұтанғыш, радиоактивтi, улы және басқа қауiптi жүктердi жөнелтушi және алушы клиенттер оларды тасымалдау қауiпсiздiгiне кепiлдiк беруге, жүктердi тасымалдау кезiнде апат жағдайларынан алдын-ала сақтандыруға, сондай-ақ авариялар зардаптарын жоюға қажеттi құралдар мен жедел қимылдайтын бөлiмдердi ұстауға мiндеттi.
Көлiк, оның iшiнде Қазақстан аумағында орналасқан немесе оны кесiп өтетiн шетел көлiктерi мен көлiк құралдары қызметi процесiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген адам өмірі мен денсаулығы, қоршаған орта үшін қауіпсіздікті қамтамасыз ететін талаптар сақталуға тиiс.
Пайдалы қазбалар қабаттары алаңдарында көлiк кәсiпорындарын жобалау мен салуға, олар жатқан жерлерде жерасты құрылыстарын орналастыруға тыйым салынады. Айрықша жағдайларда бұларға геология мен жер қойнауын қорғаудың уәкiлеттi мемлекеттiк органының рұқсаты бойынша жол берiледi.
Көлiк кәсiпорындары мен тасымалдаушылар табиғат қорғау шараларын жоспарлауға, ұйымдастыруға және қаржыландыруға, айналадағы табиғи орта мен жер қойнауын қорғау саласында өндiрiстiк және ведомстволық бақылау жасауға мiндеттi.
Тасымалдаушылар айналадағы ортаны, әуе бассейнiн, су қоймаларын, жердi қорғау және табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану жөнінде белгіленген нормалардың сақталуын қамтамасыз етуге міндетті. Айналадағы ортаға келтiрiлген зиян үшiн тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiпте жауапты болады.
ҚР Президентінің 27.01.96 ж. № 2832 Жарлығымен 24-бап жаңа редакцияда; ҚР 08.05.03 ж. № 414-II Заңымен 24-бап жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)
24-бап. 2004.20.12. № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара)
5 бөлiм. Қорытынды ережелер
24.12.01 ж. № 276-II; 2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 25-бап өзгертілдi; 2006.31.01. № 125-III (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 25-бап жаңа редакцияда; 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 379-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 25-бап өзгертілдi
25-бап. Көліктік бақылау және қадағалау
Көлік құралдарын пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының көлік туралы заңнамасының, қозғалыс қауіпсіздігі мен экология жөніндегі талаптардың сақталуына көліктік бақылауды және қадағалауды уәкілетті мемлекеттік орган және өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өз құзыреті шегінде жүзеге асырады.
Уәкілетті мемлекеттік орган жүзеге асыратын көліктік бақылау:
1) жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау ережелерінің сақталуын бақылауды;
2) темір жол көлігіндегі, оның ішінде магистральдық, стансалық және кіре беріс темір жолдарындағы қозғалыс қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды;
3) темір жол қозғалыс құрамының мемлекеттік тіркелуін бақылауды;
4) кеме қатынасы және теңізде жүзу қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін бақылауды және қадағалауды;
5) халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезінде рұқсат беру жүйесі талаптарының сақталуын бақылауды;
6) көліктік қызмет көрсету саласында лицензиялық ережелер мен нормалардың сақталуын бақылауды;
7) сауда мақсатында теңізде жүзу үшін пайдаланылатын кемелердің мемлекеттік тіркелуін бақылауды;
8) теңіз кемелері мен олардың сыныптамасына техникалық бақылауды қадағалауды;
9) лоцмандық қызметтің және ішкі су көлігіндегі өзге де қызметтердің ішкі су жолдарында жүзу ережелерін сақтауын бақылауды және қадағалауды;
10) техникалық пайдалану ережелері мен кемелердегі қызмет жарғысының сақталуын бақылауды және қадағалауды;
11) теңіз жолдарының, лоцмандық қызметтің және өзге де теңіз қызметтерінің жай-күйін бақылауды және қадағалауды;
12) тасымалдаушының жолаушылар алдындағы азаматтық-құқықтық жауапкершілігін міндетті сақтандыру шартын жасасуын бақылауды және қадағалауды;
13) Қазақстан Республикасының кеме қатынасы су жолдарын жеке және заңды тұлғалардың пайдалану мерзімін бақылауды және қадағалауды;
14) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлік құралдарының өтуін бақылауды;
15) автокөлік құралдарын жүргізушілердің жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдауды жүзеге асыру кезінде белгіленген еңбек және демалыс режимін сақтауын бақылауды;
16) автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының автомобиль жолдарымен жүруге арналып рұқсат етілген параметрлерінің сақталуын бақылауды;
17) жолаушылар мен жүктерді, оның ішінде қауіпті жүктерді тасымалдау саласында автокөлік құралдарын пайдалану кезінде шығарындыдағы ластаушы заттар құрамы нормативтерінің сақталуын бақылауды қамтиды.
Уәкілетті органның лауазымды адамдары көліктік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру кезінде нысанды киім (погонсыз) киіп, талап ету бойынша қызметтік куәлігін көрсетуге тиіс.
Нысанды киім (погонсыз) үлгілерін және оны киіп жүру тәртібін уәкілетті мемлекеттік орган бекітеді.
Нысанды киіммен (погонсыз) қамтамасыз етудің заттай нормаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
Уәкілетті мемлекеттік орган орталық және жергілікті атқарушы органдармен өзара іс-қимыл жасайды, бірлескен бақылау және қадағалау шараларын қабылдайды, өзара ақпарат алмасуды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органдар уәкілетті мемлекеттік органға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлік саласындағы қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуіне көліктік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі міндеттерді орындауда жәрдем көрсетуге міндетті;
18) Қазақстан Республикасының әуе кеңістігінде ұшудың негізгі ережелеріне сәйкес азаматтық авиация саласына жататын жеке және заңды тұлғалардың әуе кемелерімен ұшуларды орындауын бақылауды және қадағалауды;
19) азаматтық авиация ұйымдарының авиация қызметкерлерінің кәсіби дайындығы және денсаулық жағдайы мәселелері бойынша белгіленген талаптар мен нормаларды қамтамасыз етуін бақылауды және қадағалауды;
20) азаматтық авиация ұйымдарының азаматтық әуе кемелерінің ұшу жарамдығы нормаларын қадағалап отыруын бақылауды және қадағалауды;
21) авиациялық техниканың және оған жерде қызмет көрсететін құралдардың ұшу және техникалық пайдалану талаптарына сәйкес болуын бақылауды және қадағалауды;
22) аэродромдар (вертодромдар) объектілерінің және ұшу-қону алаңдарының күтіп ұсталуын бақылауды;
23) азаматтық авиация аэродромы ауданында объектілерді таңбалаудың жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды;
24) халықаралық әуе тасымалының жүзеге асырылуын бақылауды және қадағалауды;
25) авиациялық қауіпсіздіктің қамтамасыз етілуін бақылауды және қадағалауды;
26) тасымалдаушылардың магистральды теміржол желісінің қызмет көрсетулеріне кемсітілмеген қол жетімділігін қамтамасыз етуге бақылауды;
27) тасымалдаушылардың, жүк жөнелтушілердің, контрагенттердің және басқа да тұлғалардың бәсеке кірме жолдары жоқ кірме жолдардың қызмет көрсетулеріне кемсітілмеген қол жетімділігін қамтамасыз етуге бақылауды;
28) жеке және заңды тұлғалардың теміржол көлігінің жұмыс істеу тәртібін айқындайтын нормативтік құқықтық актілерді, Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын сақтауын, оларды бұзушылықтарды анықтау және жолын кесу жөнінде шаралар қолданылуын бақылауды қамтиды.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 25-1-баппен толықтырылды; 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен 25-1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 25-1-бап өзгертілдi (бұр.ред.қара)
25-1-бап. Көлік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау
1. Көлік саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
2. Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады. Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады.
2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен 25-2-баппен толықтырылды
25-2-бап. 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2004.20.12. № 13-III (2005.01.01. бастап қолданысқа енгiзiлдi) (бұр. ред. қара) ҚР Заңымен 26-бап өзгертілдi
26-бап. Көлiк саласындағы халықаралық қатынастар
Уәкiлеттi мемлекеттiк орган көлiк саласындағы мемлекетаралық қатынастарда келiсiмдер мен шарттар жасау құқығына ие бола отырып, Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен республиканың мүддесiн бiлдiредi.
Тасымалдаушылар Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес басқа мемлекеттердiң заңды және жеке тұлғаларымен сыртқы экономиканы және ынтымақтастықты дамыта отырып, өнiмдер (жұмыстар, қызметтер, экспортын (импортын) жүзеге асыра алады.
Қазақстан Республикасының
Достарыңызбен бөлісу: |